Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 197 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники гражданской авиации»

Бұйрық · № 524 · қабылданған 22.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2015-no-197-ekb-172026/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 197 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники гражданской авиации» Қолданыста Бұйрық ·№ 524 ·22.09.2022
22.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 197 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники гражданской авиации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 524 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 197 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники гражданской авиации»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
524
Қабылданған күні
22.09.2022
Көрсетілген редакция
22.09.2022 172026_593482.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029792
ЭКБ идентификаторы
172026
Редакция идентификаторы
172026_593482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:52

0

«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі – сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жылға беріледі.
Сертификаттың қолданылу саласы өзгерген кезде сертификат бұрын берілген (ағымдағы) сертификаттың қолданылу мерзіміне беріледі.
Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып саналады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық техника – әуе кемесі, әуе кемесінің қозғалтқышы, әуе кемесінің әуе винті немесе оларға компонент орнатуға арналған;
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі басшылық – техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен және техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның құрылымы және оның басшылығының міндеттері, орындалатын жұмыстар саласы, өндірістік база, техникалық қызмет көрсету рәсімдері және сапаны қамтамасыз ету немесе инспекциялық тексерулер жүйелері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын құжат;
3) жөндеу – авиациялық техниканың ұшу жарамдылығының тиісті нормаларына сәйкес бұзылғаннан немесе тозғаннан кейін оларды қалпына келтіру.
4) сапа жүйесі – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасына әкімшілік басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылымның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;
5) техникалық қызмет көрсету – әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе винтінің немесе тиісті бөлігінің ұшу жарамдылығын қолдау үшін қажетті авиациялық техникада бақылау қалпына келтіру жұмыстарын, тексерулерді, алмастыруларды қоса алғанда, жеке де, үйлесімде де орындалатын ақауларды жою жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ модификациялауды немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
6) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі – қажетті ұйымдық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, басшылық қағидаттары мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі көзқарас.»;
27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Сертификатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайда;
2) сертификаттың қолданылу саласын өзгерту.
28. Сертификатқа өзгерістер енгізу мерзімі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайларда – бес жұмыс күні;
2) сертификаттың қолданылу саласы өзгерген жағдайда – жиырма екі жұмыс күні.
29. Сертификаттың қолданылу саласы өзгерген кезде өтініш беруші Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды уәкілетті ұйымға жібереді.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Ұсынылған құжаттарды қарау процесінде уәкілетті ұйым осы ұйымды сертификаттауды жүзеге асырған шет мемлекеттің авиациялық әкімшілігі берген шетелдік ұйым сертификатының жарамдылығына куәландырылады, сондай-ақ шетелдік ұйымның уәкілетті ұйымының авиациялық инспекторы (-лері) сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан көшпелі тексеру жүргізеді.
Шетелдік ұйымдарды көшпелі тексеру мынадай жағдайларда талап етілмейді:
1) қозғалтқыштарды, әуе кемелерінің қосалқы күш қондырғыларын модификациялау және жөндеу кезінде;
2) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде;
3) Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) немесе EASA-ға қатысушы елдердің және Ұлыбританияның авиациялық билігі сертификаттаған ұйымдарда мерзімді техникалық қызмет көрсетуді орындау кезінде.»;
3-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасының

Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 524 Бұйрығына
қосымша
Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
3-1-қосымша
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­тал
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1. Аза­мат­тық авиа­ци­я­ның авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның сер­ти­фи­ка­тын бе­ру мер­зі­мі – 22 (жиыр­ма екі) жұ­мыс кү­ні.
Авиа­ци­я­лық ин­спек­тор­лар­дың қо­сым­ша зер­де­леу неме­се тек­се­ру жүр­гі­зу жағ­дай­ла­рын­да қа­рау мер­зі­мі 22 (жиыр­ма екі) жұ­мыс кү­ніне дей­ін ұзар­ты­луы мүм­кін, бұл ту­ра­лы қа­рау мер­зі­мін ұзар­ту ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған сәт­тен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де өті­ніш бе­ру­ші­ге ха­бар­ла­на­ды.
2. Аза­мат­тық авиа­ци­я­ның авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның сер­ти­фи­ка­ты­на өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу мер­зі­мі:
1) ұй­ым­ның ата­уы, ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны неме­се заң­ды және нақ­ты ме­кен­жайы өзгер­ген жағ­дай­да – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
2) сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ны­лу са­ла­сы өзгер­ген жағ­дай­да – 22 (жиыр­ма екі) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның сер­ти­фи­ка­тын бе­ру, авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның сер­ти­фи­ка­ты­на өзге­рі­стер ен­гі­зу неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: Элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Алым тө­ле­мі «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сі (Са­лық ко­дек­сі) 554-ба­бы­ның 7-тар­ма­ғы­ның 5) тар­мақ­ша­сы­мен ай­қын­да­ла­тын тәр­тіп­пен және мөл­шер­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Аза­мат­тық авиа­ци­я­ның авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ды сер­ти­фи­кат­тау үшін алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі штат са­ны­на бай­ла­ны­сты мы­на­лар­ды құ­рай­ды: әуе ке­ме­ле­ріне же­дел тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де: штат са­ны ке­зін­де: 10 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 346 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 11 адам­нан 40 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 364 ай­лық көр­сет­кіш; 41 адам­нан 70 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 382 ай­лық көр­сет­кіш; 71 адам­нан 100 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 400 ай­лық көр­сет­кіш; 101 адам­нан 150 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 419 ай­лық көр­сет­кіш; 151 адам­нан 200 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 437 ай­лық көр­сет­кіш; 201 адам­нан астам - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 455 ай­лық көр­сет­кіш; әуе ке­ме­ле­ріне мер­зім­дік тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де: штат са­ны ке­зін­де: 10 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні 418 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 11 адам­нан 40 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 436 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 41 адам­нан 70 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 454 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 71 адам­нан 100 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 472 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 101 адам­нан 150 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 491 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 151 адам­нан 200 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 509 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 201 адам­нан астам - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 527 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; же­ңіл және аса же­ңіл авиа­ци­я­ның әуе ке­ме­ле­рін қо­с­па­ған­да, бөл­шек­тел­ген ком­по­нент­тер­ге тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 218 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; әуе ке­ме­ле­рі мен олар­дың аг­ре­гат­та­ры­ның және жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­да­ры­ның жай-күй­ін бұз­бай ба­қы­лау әді­сін қол­да­ну ке­зін­де - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 145 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; күр­де­лі жөн­де­у­сіз пай­да­ла­ны­ла­тын әуе ке­ме­сі­нің пла­не­ріне, авиа­қоз­ғалт­қы­шта­ры мен авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­ның жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­да­ры­на ба­қы­лау-қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­ры ке­зін­де (жөн­деу-қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­ры): штат са­ны ке­зін­де: 10 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 47 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 11 адам­нан 40 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 69 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 41 адам­нан 70 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 272 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 71 адам­нан 100 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 290 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 101 адам­нан 150 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 309 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 151 адам­нан 200 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 327 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 201 адам­нан астам - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 345 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; әуе ке­ме­сі­нің ин­те­рье­рін жа­ңар­ту ке­зін­де (қай­та жаб­дық­тау) - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 145 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; әуе ке­ме­сін жаң­ғыр­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды және авиа­ци­я­лық тех­ни­ка әзір­ле­у­ші­сі­нің бюл­ле­тень­де­рі мен құ­жат­та­ры бой­ын­ша пы­сық­та­уды орын­дау ке­зін­де - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 218 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; әуе ке­ме­ле­рін, авиа­қоз­ғалт­қы­штар­ды және жиын­тық­та­у­шы бұй­ым­дар­ды (аг­ре­гат­тар­ды), олар­ға жа­ңа ре­сур­стар (қыз­мет мер­зім­де­рі) ор­на­тып күр­де­лі жөн­деу ке­зін­де: штат са­ны ке­зін­де: 10 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 528 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 11 адам­нан 40 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 546 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 41 адам­нан 70 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 564 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 71 адам­нан 100 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 582 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 101 адам­нан 150 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 601 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 151 адам­нан 200 адам­ға дей­ін - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 619 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш; 201 адам­нан астам - алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 637 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш. Алым­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да, сон­дай-ақ «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00- ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00- ден 18.30-ға дей­ін
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Аза­мат­тық авиа­ци­я­ның авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның сер­ти­фи­ка­тын алу үшін:
1) аза­мат­тық авиа­ци­я­ның авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның сер­ти­фи­ка­тын алу­ға/та­ну­ға өті­нім:
авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның рә­сім­де­рі жө­нін­де­гі нұс­қа­удың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның бас­шы құ­ра­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
2) аза­мат­тық авиа­ци­я­ның авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның сер­ти­фи­ка­ты­на өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу үшін:
ер­кін ны­сан­да­ғы өті­нім;
ақ­па­рат­тық жүй­е­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да, аза­мат­тық авиа­ци­я­ның авиа­ци­я­лық тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және оны жөн­деу жө­нін­де­гі ұй­ым­ның бұ­рын бе­рі­л­ген сер­ти­фи­ка­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Заң­ның және ИКАО авиа­ци­я­лық та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ин­тер­нет-ре­сур­ста ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­не­рік қо­ға­мы www.​caakz.​com
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның алу мүм­кін­ді­гі бар:
ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту;
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8 800 080 7777.

Қолданыстағы