Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"

Қаулы · № 46 · қабылданған 29.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-66-ekb-59358/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 46 ·29.04.2011
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 46 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46
Қабылданған күні
29.04.2011
Көрсетілген редакция
30.05.2016 AI59358_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007010
ЭКБ идентификаторы
59358
Редакция идентификаторы
AI59358_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:27

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі№ 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Бас ұйым - еншілес ұйымдар акцияларының бақылау пакетіне ие компания.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Активтерді сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беру қажеттілігі туралы шешімді уәкілетті бөлімшенің ұсынысы бойынша не Төрағаның немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік жасайтын Орынбасарының тапсырмасына сәйкес Өкілетті өкіл немесе Төраға немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Орынбасары қабылдайды.»;
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің халықаралық Интернет желісіндегі интернет-ресурсында сыртқы басқарушыны таңдау бойынша алда болатын тендер туралы ақпарат жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, осы ақпаратты әлеуетті сыртқы басқарушыларға жібереді. Алда болатын тендер туралы ақпаратта мыналар болады:»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Әлеуетті сыртқы басқарушылар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес сұратылатын ақпаратқа жауаптарды электрондық түрде және/немесе қағазға басып ұсынады.»;
19-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Бір сыртқы басқарушыға берілетін активтердің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер:»;
19-2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«19-2. Бір сыртқы басқарушыға берілетін активтердің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) басқарудағы активтердің мөлшері: клиенттердің басқарудағы жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары болуы тиіс балама құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 3 (үш) миллиард АҚШ долларына балама жиынтық активтері болуы тиіс;»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Уәкілетті бөлімше дайындаған, сыртқы басқару жөніндегі ұсыныстарды салыстырмалы талдаудан және сыртқы басқарушыны таңдау жөніндегі ұсынымдардан тұратын қорытынды қарау нәтижесі бойынша сыртқы басқарушылардың неғұрлым тиімді ұсыныстарын (қысқа тізім - short list) бекітетін Өкілетті өкілдің қарауына беріледі. Уәкілетті бөлімше қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен ұсыныстардың талаптарын жақсарту мақсатында келіссөздер жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Әрбір сыртқы басқарушы Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен не Өкілетті өкілдің Ұлттық Банк пен тиісті сыртқы басқарушы арасында активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісім жасауды көздейтін шешімімен бекітіледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл сыртқы басқарушыны бекіткеннен кейін уәкілетті бөлімше тендердің әрбір қатысушысына тендердің қорытындысы туралы хабарлама ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдау тендер өткізілместен жүзеге асырылады. Сыртқы транзиттік басқарушыны Өкілетті өкіл бекітеді.»;
26-тармақта:
бірінші бөлікте:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сыртқы басқарушы тарапынан болған ұқыпсыз қарау, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық салдарынан Қорға келтірілуі мүмкін шығындар үшін жауапкершілік туралы;»;
11) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мандаттың активтік түрі үшін әртүрлі факторлардың портфельдің кірістілігіне (performance attribution report) әрбір тоқсанның және жылдың соңына кезеңділікпен салымы;»;
14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы басқарушының ұсынысын қараудың міндетті талабы оның осы тармақтың талаптарын сыртқы басқару бойынша келісімге қосу жөніндегі растауы болып табылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Активтерді сыртқы басқаруға беру кезінде активтерді бір түрден басқасына аудару бойынша өтпелі кезең (transition period) ескерілуі мүмкін. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
«37. Сыртқы басқарушымен келісім:
1) сыртқы басқарушы сыртқы басқарудағы портфельді басқару бойынша эталондық портфельмен салыстырғанда үстеме кірістілікке қол жеткізбеген жағдайда;
2) келісім талаптары бұзылған жағдайда;
3) Қордың инвестициялау стратегиясы өзгерген жағдайда;
4) Өкілетті өкілдің, Ұлттық Банк Басқармасының, Төрағасының немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін Орынбасарының шешімі бойынша бұзылады.»;
1-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Инвестициялық үдерістің, портфельді басқару әдістерінің, нарықты зерттеудің толық сипаты, қаржылық ақпараттың пайдаланылатын көздері немесе қаржы құралдарын бағалаудың модельдері.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тәуекелдерді бақылау және басқару бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.»;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бухгалтерлік және талдау есептіліктерінде қолданылатын кірістілікті, тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаты.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Клиенттер үшін ұсынылатын тренингтің талаптары.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Басқару үшін комиссияның болжамды деңгейі туралы ақпарат.»;
18-тармақ алып тасталсын;
2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшада:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бас ұйымның және/немесе сыртқы басқарушының кредиттік рейтингісін бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:
Кре­дит­тік рей­тинг (S&P)
Көр­сет­кіш
AAA
1
АА+
0,8
АА
0,7
АА-
0,6
А+
0,5
A
0,4
А-
0,3
ВВВ+
0,2
ВВВ
0,1
ВВВ тө­мен
0
»;
5-тармақ алып тасталсын;
4-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр ____ Б.Жәмішев
2011 жылғы 23 мамыр

3 Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 46 қаулысына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
ережесіне
2-қосымша
Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін бағалау критерийлері
Кри­те­рий
Кри­те­рий­дің ма­ңы­зды­лы­ғы (пай­ы­з­бен)
1.
Порт­фель­ді бас­қа­ру­дың та­ри­хи нәти­же­ле­рі
35
осы ман­дат­тың тү­рі бой­ын­ша соң­ғы 5 (бес) жыл­да­ғы үсте­ме кі­рі­сті­лік­тің ор­та­ша дең­гейі
40
ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент
60
2.
Ак­тив­тер
10
ман­дат­тың осы тү­рі бой­ын­ша ак­тив­тер кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге қа­ты­сты пай­ы­зы
65
ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ин­ве­стор­лар­дың ак­тив­те­рі кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге қа­ты­сты пай­ы­зы
35
3.
Ко­ман­да
15
порт­фель­дік ме­не­джер­лер мен тал­да­у­шы­лар­дың ор­та­ша жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
50
кадр­лар тұ­рақ­та­мауы­ның тө­мен бо­луы
50
4.
Кре­дит­тік мәр­те­бе
5
- егер бас ұй­ым­ның ке­піл­ді­гі болған не ке­лі­сім­ге бас ұй­ым қол қой­ған жағ­дай­да, бас ұй­ым­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі (S&P неме­се Moody's), олай бол­ма­ған жағ­дай­да ком­па­ни­я­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі
5.
Бас­қа­ру үшін ко­мис­си­я­ның дең­гейі
20
Ба­за­лық ко­мис­си­я­ның дең­гейі
90
Net new high basis since inception қа­ғи­да­тын қа­был­дау
10
6.
Сер­вис
10
Ұлт­тық Банк­тің ма­ман­да­рын оқы­ту
70
күн­де­лік­ті есеп­ті­лік
30
7.
Тәу­е­кел­дер­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің бо­луы
2
8.
Сырт­қы бас­қа­ру жө­нін­де­гі ке­лі­сім та­лап­та­ры бұ­зы­л­ған жағ­дай­да Ұлт­тық Банк ал­дын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қа­был­дау
3

4 Сыртқы басқарушының жұмыс тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 46 қаулысына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды таңдау
ережесіне
4-қосымша
Сыртқы басқарушының жұмыс тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Сыртқы басқарушының жұмысын бағалау кезінде субъективтілікті болдырмау үшін сыртқы басқарушыларға сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес бағалау және балл қою негізгі мақсат болып табылады.
Сандық көрсеткіштер:
Ақпараттық коэффициент (Information ration).
Пай­ы­здар
Ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент (Information ration)
>1
3 балл
0,5-1
2 балл
0-0,5
1 балл
0
0 балл
(-) 0,5-0
(-) 1 балл
(-) 1 - (-) 0,5
(-) 2 балл
<(-)1
(-) 3 балл
Сапалық көрсеткіштер
1) Қызметкерлерді жылжыту (Staff turnover);
Пай­ы­здар
Қыз­мет­кер­лер­ді жы­л­жы­ту (Staff turnover)
>30
(-) 0,5 балл
5-30
(-) 0,25 балл
0-5
0 балл
2) Операциялық тәуекел (Operational risk).
Операциялық қате салдарынан инвестициялық шектеулерді бұзудың әрбір фактісі үшін бағадан 0,2 балл алынады;
3) Іскерлік этиканы сақтау (compliance with a Code of Business Ethics). Сыртқы басқарушының іскерлік этиканы бұзуының әрбір фактісі үшін бағадан 0,5 балл алынады.».

Қолданыстағы