Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» және 21 маусым 2008 жылғы аудан әкімдігінің №254 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 26.06.2008 г. № 9/53 (Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы № 4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-54 тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтарда Алғабас газетінің №3 санында жарияланған) №4/15 шешімі, 2008 жылғы 7 ақпандағы “Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Бәйдібек аудандық мәслихаттың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-5-56 тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпан Алғабас газетінің №8 санында жарияланған) №6/36 шешімі, 2008 жылғы 21 сәуірдегі «Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 желтоқсан 2007 жылғы №4/15 «2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне ѳзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-60 тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырдағы Шаян газетінің №14-15 санында жарияланған) №8/50 шешіміне мынадай ѳзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Кірістер» деген қатардағы «2891215» саны «3468781» санымен;
Трансферттер түсімі деген қатардағы «2726695» саны «3304261» деген санымен;
Шығындар деген қатардағы «2897903» саны «3475469» санымен;
4-ші тармағындағы «6644» саны «8044» санымен; «3912» саны «4912»
санымен; «2232» саны «2532» санымен; «500» саны «600» санымен ауыстырылсын.
2. Аталған шешімнің №1, 2 қосымшалары осы шешімнің №1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.