Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 962 "Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата летной годности гражданского воздушного судна Республики Казахстан" и от 13 сентября 2012 года № 1195 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере гражданской авиации и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, ока

Қаулы · № 1392 · қабылданған 24.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2011-no-962-13-2012-no-1195-20-2010-no-745/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 962 "Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата летной годности гражданского воздушного судна Республики Казахстан" и от 13 сентября 2012 года № 1195 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере гражданской авиации и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, ока Күшін жойған Қаулы ·№ 1392 ·24.12.2013
25.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 962 "Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата летной годности гражданского воздушного судна Республики Казахстан" и от 13 сентября 2012 года № 1195 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере гражданской авиации и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, ока

Күшін жойған Қаулы ·№ 1392 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 962 "Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата летной годности гражданского воздушного судна Республики Казахстан" и от 13 сентября 2012 года № 1195 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере гражданской авиации и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 "Об утверждении реестра государственных услуг, ока
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1392
Қабылданған күні
24.12.2013
Көрсетілген редакция
25.12.2015 AI76136_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001392
ЭКБ идентификаторы
76136
Редакция идентификаторы
AI76136_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:23

0

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» ҚазақстанP131392_.htm Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 728-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерінің пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізуі және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасауы;».

8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8 «8. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім ресімделеді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;

2 2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;

3 3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4 4) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, үлгі сертификатының көшірмесі немесе конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын барабар құжат;

5 5) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);

6 6) әуе кемесінің қайта жабдықталғаны жөніндегі ақпарат (қайта жабдықталған жағдайда);

7 7) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын әзірлеуші зауыттың сертификаты;

8 8) алдыңғы пайдаланушының техникалық қызмет көрсету бағдарламасынан (регламентінен) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшу жөніндегі қосымша жұмыстар көлемі туралы деректер;

9 9) орталық және жүктеме деректерді көрсете отырып, қолданыстағы құрастырудағы әуе кемесінің салмағын өлшеу жөніндегі деректер;

10 10) үлгілік конструкцияға жауап беретін ұйым құрастырған ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі бар болған жағдайда пайдаланушы құрастырған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі;

11 11) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;

12 12) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;

13 13) орындалған түрлендірулердің мәртебесі;

Осы тармақтың 1), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда тіркелген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынуы тиіс.
Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

8-1

«8-1. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы берген ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау кезінде өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді ресімдейді. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;

2 2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;

3 3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4 4) ұшуға жарамдылық директиваларының мәртебесі;

5 5) ресурстары шектеулі агрегаттардың мәртебесі;

6 6) орындалған түрлендірулердің мәртебесі.

Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.

8-2 8-2. Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификат беру өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және оның ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;

2 2) егер әуе кемесі жалға алынатын болса, жалға беру шарты мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелері;

3 3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттағаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4 4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі;

5 5) қолданылатын түрлендірулерді көрсете отырып, дана сертификатының көшірмесі;

6 6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) (алғашқы беру кезінде);

7 7) Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес негізгі орналасқан жеріне дейін ұшуға рұқсат етілген ең төменгі жабдықтың негізгі тізбесі немесе ақаулар мен істен шыққан жерлердің тізбесі болған жағдайда, пайдаланушы жасаған ең төменгі жабдықтың бекітілген тізбесі (алғашқы беру кезінде).

Құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

10 «10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау үшін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ұшуға жарамдылыққа сертификаттаудың үлгілік бағдарламасына сәйкес әзірленген әуе кемесінің нақты түріне арналған ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасын қолданады.

Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық байқап тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен сертификаттық байқап тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторларына арналған нұсқау материалын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

11 11. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторларының сертификатталатын әуе кемесіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланушы құжаттамасын көрсетеді.

12

12. Пайдаланушы құжаттамасын сараптау және әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасайды.
Сертификаттық байқап тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін күні мен ескертулерді жою жөніндегі жауапты адамдарды көрсете отырып, түзету іс-қимылдарының жоспарын жасайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіткен сәттен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұшуға жарамдылық сертификаты осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде беріледі. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

13-1

«13-1. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

2-1 «2-1. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын тоқтата тұру және кері қайтарып алу

13-2 13-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:

1 1) әуе кемесі ұшуға жарамды күйде ұсталмайды;

2 2) авариялық-құтқару жабдығында ақау бар;

3 3) ұшуға жарамдылық сертификатының қолданыс мерзімі өтіп кеткен;

4 4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) сәйкес орындалмайды.

13-3 13-3. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуға жарамдылық сертификаты қолданысының тоқтатыла тұру себебін көрсетеді.

Ұшуға жарамдылық сертификаты тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда, ол кері қайтарып алынады.

13-4

13-4. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оны қалпына келтіруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган анықталған сәйкессіздіктерді пайдаланушы жойғаннан және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жойылған сәйкессіздіктер бойынша қосымша тексеру жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.

13-5 13-5. Ұшуға жарамдылық сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе ол кері қайтарып алынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.

13-6 13-6. Ұшуға жарамдылық сертификаты кері қайтарып алынған жағдайда, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттың түпнұсқасын дереу қайтарады.»;

осы Қағидаға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші, жиырма сегізінші, отыз алтыншы, елу бірінші, елу екінші абзацтарын және 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, он үшінші, жиырма тоғызыншы, отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
1-қосымша
ӨТІНІШ

1 1. Мемлекеттік тізілімге ______ ж. «___» ________ № _____ болып

енгізілген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудан өткізуді
және сертификат беруді сұраймын.
Үлгісі ______________________________________________________________
Әуе кемесінің мақсаты _______________________________________________
Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі ____________________________
Әуе кемесінің жасалған күні _________________________________________
Дайындаушының атауы _________________________________________________
Дайындаушы мемлекет _________________________________________________
Үлгі сертификаты (немесе балама құжат): ___ № __ берілген күні ______
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон: __________________ Факс: ___________________________________
Электрондық поштаның мекен жайы (бар болса) _________________________
Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы _________________________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________
Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты,
әкесінің аты, телефоны ______________________________________________

3 3. ӘК данасының орналасқан жері _______________________________

4 4. ӘК данасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізген

техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ұйымының атауы, мекен жайы
_____________________________________________________________________

5 5. Әуе кемесінің ұшуы _________________________________________

- пайдалану басталғаннан бастап: ______ сағ. ______ қонуы _______ жыл
- соңғы жөндеуден кейін: __________ сағ. ________ қонуы _________ жыл

6 6. Жөндеуге дейін ресурстың қалдығы: ___ сағат __ соңғы ___ жыл

7 7. Салмағы, кг _______________. Орталықтау, % САХ _____________

8 8. Әуе кемесіне түзету, өзгерту жұмыстарын жүргізген ұйым _____

9 9. Пайдаланудың техникалық деректеріне енгізілген, жүргізілген

жетілдірудің нәтижесі болған өзгерістер көрсетілсін (егер орын алса):
ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқау: ___________________________________
техникалық пайдалану жөніндегі нұсқау: ______________________________
техникалық қызмет көрсету регламенті: _______________________________

10 10. RVSM бойынша әуе кемесінің ұшуға жіберу туралы ақпарат: ___

11 11. Әуе кемесі ИКАО _____ санаты бойынша ұшуға рұқсат берілген.

12 12. Әуе кемесінде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша

деректері.

13 13. Әуе кемесінің ұйымдастырылған тректер жүйесіндегі (OTS)

рұқсаты бойынша деректер

2 Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау АКТІСІ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
2-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Пайдаланушының бірінші басшысы
______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ ж. «___» ________________
Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау АКТІСІ
Мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға ______________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
200__ ж. «___» __________________________ техникалық тексеру жүргізді
(әуе кемесінің үлгісі және мақсаты)
мемлекеттік және тіркеу белгілері _______________ сериялық (зауыттық)
нөмірі ______________________________________________________________

1 1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:

ӘК-нің за­уыт­тан шы­ға­ры­л­ған кү­ні
Бел­гі­лен­ген ре­сурс
_____ сағ ____ қо­нуы ____ жыл
Пай­да­ла­ну ба­стал­ған­нан бе­рі ұшуы
_____ сағ ____ қо­нуы ____ жыл
Жөн­деу са­ны
_____ сағ ____ қо­нуы ____ жыл
Соң­ғы жөн­деу жүр­гі­зі­л­ген күн мен орын, АЖЗ
_____ сағ ____ қо­нуы ____ жыл
Соң­ғы жөн­де­уден кей­ін­гі ұшуы
_____ сағ ____ қо­нуы ____ жыл
Жөн­де­у­ге дей­ін­гі ре­сурс қал­ды­ғы
_____ сағ ____ қо­нуы ____ жыл
Жөн­де­уа­ра­лық ре­сурс
_____ сағ ____ қо­нуы ____ жыл

2 2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшін негіз _________________________

3 3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшін негіз ______________________

4 4. Қозғалтқыштар мен әуе винттері туралы мәліметтер: __________

Қоз­ғалт­қыш/әуе вин­ті
Үл­гі­сі
1-ші      2-ші       3-ші      4-ші      ККО
За­уыт­тық нө­мі­рі
Пай­да­ла­ну­дан бе­рі жұ­мысы (са­ғат)
Соң­ғы жөн­деу кү­ні
Соң­ғы жөн­де­уден кей­ін­гі жұ­мысы
Жөн­де­у­ге дей­ін­гі ре­сурс қал­ды­ғы (са­ғат)
Жөн­де­улер са­ны

5 5. Әуе кемесі _____________________________ көлемінде қаралған,

(ТҚ немесе жөндеу кезеңділігінің нысаны)
ол туралы __________ формулярына жазу енгізілген ____________________
(күні)

6 6. Әуе кемесінің жасақталуы ___________________________________

7 7. Әуеде соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесінің болуы ____

8 8. Осы акті жасалған күні орындауға міндетті осы үлгідегі әуе

кемесінің барлық пысықтаулары орындалды;
бекітілген құжаттамада көзделмеген үлгілік конструкцияның өзгерістері
жоқ.

9 9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген күні ____________

10 10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі, ұшуға

жарамдылығы және Ұшуға жарамдылық сертификатын (қолданыс мерзімін

ұзарту ұзарту) беру мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы _________________

Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
М.О.

11 11. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі басшысының

азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның
ішінде қажетті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар
бойынша ұшуға)
Қорытынды: «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы жоқ және ол
пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақтың (тікұшақтың) техникалық ақауы
бар және ол пайдалануға жарамсыз».
Төраға: _______________________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, күні, Т.А.Ә.)
М.О.

3 Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудың ҮЛГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
3-қосымша
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттаудың ҮЛГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

1 1. Жалпы мәліметтер

Әуе кемесі: борттық № ___________________ сериялық нөмірі ___________
Ұшуға жарамдылық сертификаты ________________________________________
(кім берген, қолданылу мерзімі)
ӘК пайдаланушы/өтініш беруші ________________________________________
ұйым атауы
ӘК-ті білдіретін тұлға ______________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Тексеру күні (к/а/ж) ________________________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы, тексеру үшін негіздеме: ___________
_____________________________________________________________________
Тексеру орны ________________________________________________________

2 2. Планер

Ресурстар және қызмет ету мерзімдері
Қыз­мет­тің бел­гі­лен­ген мер­зі­мі:
жыл
қыз­мет­тің жөн­де­уа­ра­лық мер­зі­мі (бі­рін­ші жөн­де­у­ге дей­ін):
жыл
Бел­гі­лен­ген ре­сурс:
ұшу са­ғат­та­ры
жөн­де­уа­ра­лық мер­зі­мі (бі­рін­ші жөн­де­у­ге дей­ін):
ұшу са­ғат­та­ры
қо­ну
қо­ну
ӘК шы­ға­ры­л­ған/пай­да­ла­ны­ла ба­стал­ған кү­ні (с/а/ж)
соң­ғы жөн­деу мер­зі­мі (с/а/ж)
күр­де­лі жөн­де­улер са­ны:
Ат­қа­ры­л­ған жұ­мысы
ПББ _________ ұшу са­ғат­та­ры
қо­ну­лар
СЖК _________ ұшу са­ғат­та­ры
қо­ну­лар
Соң­ғы мер­зім­ді ТҚ кү­ні (с/а/ж)
ТҚ тү­рі:
кім орын­да­ды:
соң­ғы ұшу мер­зі­мі (с/а/ж)
мер­зім­ді ТҚ соң­ғы тү­рі­нен кей­ін­гі ат­қа­рым:
ұшу са­ғат­та­ры қо­ну­лар

3 3. Күш құрылғысы

Жалпы мәліметтер
Ресурстар және қызмет ету мерзімдері
Қоз­ғалт­қы­штар
1-қоз­ғалт­қыш
2-қоз­ғалт­қыш
3-қоз­ғалт­қыш
4-қоз­ғалт­қыш
ҚКҚ
Де­ректер
Се­ри­я­лық нө­мі­рі
Пай­да­ла­ну ба­стал­ған күн
Соң­ғы жөн­деу кү­ні
Жөн­деу са­ны
Бел­гі­лен­ген ре­сурс с/а
са­ғат/ірік­теу/іс­ке қо­су
Жөн­де­уа­ра­лық ре­сурс с/а (1-ші жөн­де­у­ге дей­ін)
са­ғат/ірік­теу/іс-ке қо­су
ПББ ат­қа­ры­л­ған жұ­мысы с/а
СЖК ат­қа­ры­л­ған жұ­мысы с/а
Соң­ғы ке­зең­ді ТҚК кү­ні, тү­рі
Ди­рек­ти­ва­лар­ды және ұшу­ға жа­рам­ды­лық­та ұстау жө­нін­де­гі бас­қа да мін­дет­ті жұ­мыстар­ды орын­дау (жөн­деу, бюл­ле­тень­дер­ді, бір рет­тік және әуе ке­ме­сін­де өнер­к­ә­сіп­тің жа­са­ған жөн­де­уле­рі)

4 4. Агрегаттар

Ресурстар және қызмет ету мерзімдері (Әуе бұрандалары, Бас редуктор.
Аралық редуктор. Артқы редуктор. Салмақ түсетін бұранданың төлкесі,
қиғаштық автоматы)
Аг­ре­гат­тар
Де­ректер
Се­ри­я­лық нө­мі­рі
Пай­да­ла­ну ба­стал­ған күн
Жөн­де­улер са­ны
Соң­ғы жөн­деу мер­зі­мі
Бел­гі­лен­ген ре­сурс с/а
Жөн­де­уа­ра­лық ре­сурс (1-ші жөн­де­у­ге дей­ін)
ПББ ат­қа­ры­л­ған жұ­мысы с/а
СЖК ат­қа­ры­л­ған жұ­мысы с/а
Соң­ғы ке­зең­ді ТҚК кү­ні, тү­рі

5 5. Әуе кемесін қарап шығу және құжаттарды тексеру

Р/с

Тек­се­ру бағ­дар­ла­ма­сы және тек­се­рі­ле­тін эле­мент­тер
Сәй­кест­ікті ба­ға­лау
(+/-)
Сәй­кес­сіз­дік по­зи­ци­я­сы­ның нө­мі­рі
Тек­се­ріс кү­ні
ӘК тү­рі
Пай­да­ла­ну­шы
ӘК с/н
1. Пай­да­ла­ну­шы ба­за­сын­да­ғы ӘК құ­жат­та­ма­сын ұшу­ға жа­рам­ды­лық сер­ти­фи­ка­тын ұзар­ту тұр­ғы­сы­нан тек­се­ру
2)
Фор­му­ляр­лар­дың (пас­порт­тар­дың) жай-күйі және жүр­гі­зі­луі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі­нің Аза­мат­тық авиа­ция ко­ми­те­ті бе­кіт­кен ТҚК бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес ТҚК орын­да­луы­ның то­лық­тығы және уақ­ты­лы­лы­ғы. Орын­дал­ған ТҚК құ­жат­та­ры­ның жай-күйі және жүр­гі­зі­луі
3)
бір мәр­те­лік тек­се­ру­лер, ADs және ти­іс­ті жа­з­ба­лар­ды орын­дау
4)
ре­сур­стық жиын­тық бөл­шек­те­рі­нің жұ­мыс іс­те­ген уа­қы­тын есеп­ке алу, се­ри­я­лық нө­мір­лер­ді са­лы­сты­рып шы­ғу (іші­на­ра)
5)
ӘК түр­лен­ді­ру­ле­рі және жөн­де­уле­рі бой­ын­ша құ­жат­та­ма
2. ӘК қа­рап шы­ғу және әуе ке­ме­сі­нің құ­жат­та­ма­сын тек­се­ру
2. Ұш­қы­штар ка­би­на­сы
Ке­ме құ­жат­та­ма­сы­ның тіз­бе­сі:
әуе ке­ме­сі­нің мем­ле­кет­тік тір­ке­луі ту­ра­лы ку­ә­лік;
ұшу­ға жа­рам­ды­лық сер­ти­фи­ка­ты;
әуе ке­ме­сі­нің шу жө­нін­де­гі сер­ти­фи­ка­ты әуе ке­ме­сі­нің ра­дио­стан­ци­я­ла­ры­на ли­цен­зия;
пай­да­ла­ну­шы сер­ти­фи­ка­ты­ның ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі, авиа­ци­я­лық жұ­мыстар жүр­гізу­ге ку­ә­лік неме­се ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (бар­лық қо­сым­ша­лар­мен);
ұшу­да пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қау;
ұшу­ды орын­дау жө­нін­де­гі нұс­қау (4 бө­лім);
ең тө­мен­гі жаб­дық­тың тіз­бе­сі;
борт жур­на­лы;
сал­ма­ғын өл­шеу мен ор­та­лық­тан­ды­ру жө­нін­де­гі де­ректер;
қап­та­ма­ның мүм­кін бо­ла­тын май­ы­суы мен за­қым­да­нуы жө­нін­де­гі де­ректер;
кей­ін­ге қал­ды­ры­л­ған ақа­у­лар ті­зі­мі;
ко­ман­дир ха­бар­ла­ры­ның түр­ле­рі;
пай­да­ла­ну­ға жі­бе­ру сер­ти­фи­ка­ты (Certificate of Release to Service)
1)
ұш­қы­штар ка­би­на­сын­да­ғы шы­ны­лан­ған фо­нарь­дың та­за­лы­ғы­на және за­қам­да­ну жоқ еке­ніне көз жет­кі­зі­ңіз, жел­дет­кіш­тер­дің (бли­стер­лер­дің) оңай ашы­ла­ты­ны­нын тек­се­рі­ңіз
2)
ас­пап­тар­дың сырт­қы жай-күй­і­нің та­за­лы­ғын және за­қым­да­ну­дың жоқ еке­нін қа­рап шы­ғы­ңыз. ЖҚС па­нель­де­рі­нің таң­ба­ла­нуын қа­рап шы­ғы­ңыз
3)
ұш­қы­штар ка­би­на­сын­да­ғы есік­тер мен бе­кі­те­тін құ­ры­л­ғы­лар­дың жай-күй­ін, жа­рам­ды­лы­ғын қа­ра­ңыз. Қор­ға­ны­штың бо­луы
4)
ұш­қы­штар крес­ло­ла­ры­ның сырт­қы жай-күй­ін қа­рап шы­ғы­ңыз, жағ­дай­ды рет­теу те­тікте­рі­нің жа­рам­ды­лы­ғын, иық және бел қа­уіп­сіз­дік бел­бе­уле­рі­нің бар бо­луы мен жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­рі­ңіз
5)
бас­қа­ру ор­ган­да­ры­ның жал­пы жай-күй­ін тек­се­рі­ңіз
6)
ава­ри­я­лық жаб­дық­тың – тү­тін­ге қар­сы және от­те­гі мас­ка­ла­ры­ның, ава­ри­я­лық бал­та­ның бо­луын тек­се­рі­ңіз
7)
тү­тін­ге қар­сы қап­тың өз ор­нын­да еке­нін тек­се­рі­ңіз
8)
ме­ди­ци­на­лық қоб­ди­ша­ның бо­луын, оның плом­ба­ла­нуы мен жа­рам­ды­лық мер­зі­мін тек­се­рі­ңіз
9)
әр пи­лот­тың жұ­мыс ор­ны­нан эки­паж ка­би­на­сы­на кі­ру есі­гі­нің құл­пын қа­шық­тық­тан бас­қа­ру­дың бо­луын және жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гін (екі пи­лот­ты эки­па­жы бар ӘК үшін) тек­се­рі­ңіз
10)
Мы­на­лар­дың бо­луын тек­се­рі­ңіз:
жа­һандық по­зи­ци­я­лау жүй­е­сі (GPS/FMS) мен де­рекқор­дың жа­ңар­ты­луы (қол­да­ны­ла­тын жер­лер­де);
ар­найы ай­мақ­тар­да (MNPS\RVSM\PBN) ұшу­лар­ды орын­да­у­ға на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық (қол­да­ны­ла­тын жер­лер­де);
ИКАО 2-3-са­нат­та­ры­ның ме­тео­ми­ни­мум бой­ын­ша ұшу­лар­ды орын­дау үшін ұшу-на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­тың екі жиын­тығы (қол­да­ны­ла­тын жер­лер­де);
жер­ге қа­уіп­ті жа­қын­да­уды ер­те құ­лақ­тан­ды­ру жүй­е­сі­нің (ЕGPWS (GPWS)/CPП­ПЗ) жабды­ғы (сер­ти­фи­кат­тал­ған ең көп ұшу сал­ма­ғы 15 т мен 30 жо­ла­у­шы­дан ар­тық ӘК үшін);
апат­ты ра­дио­ма­як (ELT) 406 MHz, 121,5 MHz (са­ны, жи­і­лі­гі 6 бұй­рық, 1 б, 6.17 т. және 10 бұй­рық, 3 б, 5.1 т. сәй­кес);
бай­ла­ны­стың ти­іс­ті тү­рі (RCP) ор­на­ты­л­ған аудан­дар­да неме­се ба­ғыт­тар бой­ын­ша ұшу жабды­ғы (қол­да­ны­ла­тын жер­лер­де)
11)
же­ке құт­қа­ру ке­уде­ше­ле­рі­нің бо­луы мен жа­рам­ды­лық мер­зі­мін тек­се­рі­ңіз (қа­жет болған жағ­дай­да)
12)
ұш­қы­штар эки­па­жы мү­ше­ле­рі­нің орын­да­рын­да қал­та шам­да­ры­ның бо­луын тек­се­рі­ңіз
3. Са­лон
1)
әжет­ха­на есі­гі­нің сырт­қы жа­ғын­да күл­сал­ғы­штың бар еке­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
2)
әжет­ха­на есі­гі­нің сырт­қы және іш­кі жа­ғын­да «Те­ме­кі ше­гу­ге бол­май­ды» де­ген тақ­тай­ша­ның бо­луы­на көз жет­кі­зі­ңіз
3)
әжет­ха­на­ға оты­ра­тын жер­де «Қо­қыс та­ста­у­ға бол­май­ды» бел­гі­сі­нің бо­луы­на көз жет­кі­зі­ңіз
4)
тү­тін де­тек­то­ры­ның ор­на­ты­л­ға­ны­на көз жет­кі­зі­ңіз
5)
қо­қыс ба­гы­ның үст­ін­де ав­то­мат­ты өрт сөн­дір­гіш­тің бар еке­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
7)
бар­лық қо­қыс бак­та­ры­ның та­за еке­ніне және он­да жан­бай­тын ма­те­ри­ал­дан жа­сал­ған па­кет­тер ор­на­ты­л­ға­ны­на көз жет­кі­зі­ңіз
8)
ұшақ­тың са­ло­ны­на кі­рер кез­де ӘК де­ректе­рі­нің жан­бай­тын тақ­тай­ша­сы­ның бо­луы
4. Ас үй
1)
бу­фет­тік-ас үй жабды­ғын қа­ра­ңыз және электр жабды­ғы­ның, даб­ыл бе­ру жүй­е­сі­нің, борт­та­ғы та­ғам­ды жы­лы­та­тын жер­дің жа­рам­ды­лы­ғы­на көз жет­кі­зі­ңіз
2)
ас үй есік­те­рін­де апат­ты на­уа­сы бар кон­тей­нер­лер­дің бо­луын тек­се­рі­ңіз және олар­ға ер­кін қол жет­кі­зу мүм­кін­ді­гіне көз жет­кі­зі­ңіз
3)
ас үй есі­гін­де олар­ды ашу тәр­ті­бі ту­ра­лы тра­фа­рет­тер­дің бар-жо­ғын тек­се­рі­ңіз
4)
бар­лық азық-тү­лік­ті сақ­тау кон­тей­нер­ле­рін­де сал­ма­ғы бой­ын­ша шек­те­улер ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бар-жо­ғы­на көз жет­кі­зі­ңіз
5)
бар­лық кон­тей­нер­лер мен ко­фе-ма­ши­на­лар­да бе­кі­ту­ші құлып­тар­дың бар-жо­ғы­на көз жет­кі­зі­ңіз
6)
бар­лық тақ­тай­ша­лар оқы­ла­тынды­ғы­на және олар өз орын­да­рын­да ор­на­ласқанды­ғы­на көз жет­кі­зі­ңіз
5. Жо­ла­у­шы­лар са­ло­ны
1)
жо­ла­у­шы­лар са­ло­ны ин­те­рье­рі­нің та­за­лы­ғын және за­қым­да­ну­дың жоқ еке­нін қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
жо­ла­у­шы­лар­ға ар­нал­ған ақ­па­рат­тық таб­ло­лар­дың жо­ла­у­шы­лар­дың көз ал­дын­да екен­ді­гін тек­се­рі­ңіз. Кө­мес­кі жа­рық бе­ру жұ­мыс жағ­дай­ын­да еке­нін қа­ра­ңыз
3)
ава­ри­я­лық шы­ға­тын жер­лер­дің таб­ло­ла­ры өз ор­нын­да тұр­ған-тұр­ма­ға­нын, олар­дың кө­мес­кі жа­рық бе­ру жүй­е­сі­нің жұ­мыс іс­тей­тін-іс­те­мейт­ті­нін тек­се­рі­ңіз
4)
ӘК ава­ри­я­лық шы­ғу жүй­е­сі­нің жұ­мыс іс­тей­тін күй­де бо­лу-бол­мауын тек­се­рі­ңіз
5)
есік­тер­де ор­на­лас­қан ава­ри­я­лық на­у­а­ла­ры бар кон­тей­нер­лер­ге ер­кін қол жет­кі­зу мүм­кін­ді­гі­нің бар еке­нін тек­се­рі­ңіз
6)
есік­тер­ді ашу жө­нін­де­гі бар­лық нұс­қа­улық­тар­дың ор­нын­да тұр­ған-тұр­ма­ға­нын және дұ­рыс таң­ба­лан­ға­нын тек­се­рі­ңіз
7)
жо­ла­у­шы­лар орын­дық­та­ры­ның еден­ге бе­кі­ті­лу құлып­та­ры­ның жа­бы­л­ған­нын тек­се­рі­ңіз
8)
жо­ла­у­шы­лар орын­дық­та­рын­да­ғы қа­уіп­сіз­дік бел­бе­уле­рі­нің жиын­тық­та бо­луын, та­за­лы­ғын және жа­рам­ды­лы­ғын, таң­ба­ла­нуын қа­рап шы­ғы­ңыз
9)
ава­ри­я­лық шы­ға­тын жер­лер­де­гі орын­дық­тар­дың ор­на­ла­су дұ­ры­стығ­ын тек­се­рі­ңіз
10)
қа­нат үст­ін­де­гі ава­ри­я­лық шы­ға­тын жер­дің ал­дын­да қоз­ға­лыс ба­ғы­ты көр­се­ті­л­ген (егер көз­дел­ген бол­са) тай­ға­на­май­тын бө­лі­гі бар еке­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
11)
борт­се­рік­тің әр­бір жұ­мыс ор­ны бел және иық­қа та­ғы­ла­тын ақа­у­сыз қа­уіп­сіз­дік бел­бе­уле­рі­мен жаб­дық­тал­ға­ны­на көз жет­кі­зі­ңіз
12)
борт­се­рік­тің әр­бір орынды­ғы­ның қа­сын­да ава­ри­я­лық қал­та ша­мы­ның (егер өн­ді­ру­ші көз­де­ген бол­са) бар еке­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
13)
та­сы­мал­да­на­тын от­те­гі бал­лон­да­ры бел­гі­лен­ген орын­дар­да ор­на­лас­қа­ны­на және бе­кі­ті­л­ге­ніне, сақ­тау орын­да­ры таң­ба­лан­ға­ны­на көз жет­кі­зі­ңіз. Бал­лон­дар­дың за­ряд­тал­ға­ны­на, таң­ба­лан­ға­ны­на, тек­се­рі­л­ге­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
14)
ти­іс­ті кө­лем­де­гі және үл­гі­де­гі өрт сөн­дір­гіш­тер өз орын­да­рын­да еке­ніне және бе­кі­ті­л­ге­ніне көз жет­кі­зі­ңіз. Бал­лон­дар­дың за­ряд­тал­ға­ны­на, таң­ба­лан­ға­ны­на, тек­се­рі­л­ге­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
15)
ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту қоб­ди­ша­сы бел­гі­лен­ген, таң­ба­лан­ған жер­де ор­на­лас­қа­ны­на көз жет­кі­зі­ңіз. Қоб­ди­ша плом­ба­лан­ған және жа­рам­ды­лық мер­зі­мі бар
16)
ава­ри­я­лық бал­та­ның өз ор­нын­да еке­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
17)
шас­си­ді тек­се­ріп қа­рау те­ре­зе­сіне апа­ра­тын есік­тің (люк­тің) таң­ба­лан­ға­ны­на және жа­рам­ды жай-күй­де еке­ніне көз жет­кі­зі­ңіз
18)
же­ке құт­қа­ру ке­уде­ше­ле­рі­нің бо­луын және олар­дың жа­рам­ды­лық мер­зі­мін (қа­жет бол­са) тек­се­рі­ңіз
19)
жо­ла­у­шы­лар жады­на­ма­сы­ның бар-жо­ғын тек­се­рі­ңіз
20)
крес­ло­лар ара­сын­да­ғы жол­дар­да еден­де «жү­гірт­пе жол» ава­ри­я­лық шам­да­ры­ның бо­луын және жұ­мыс іс­те­уін тек­се­рі­ңіз
6. Пла­нер
1)
фю­зе­ляждің лак-бо­яу жа­бы­ны­ның жай-күй­ін қа­рап шы­ғы­ңыз. Ай­қын жөн­де­уді қа­жет ете­тін жер­лер­ге на­зар ауда­ры­ңыз және жөн­де­у­ге ар­нал­ған құ­жат­та­ма­ны тек­се­рі­ңіз
2)
фю­зе­ляж­да­ғы апат­ты ашу орын­да­рын­да ти­іс­ті таң­ба­ла­удың тү­сі­рі­лу­ін қа­рап шы­ғы­ңыз
3)
кок­та ЛБЖ жа­рық­та­ры мен за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
4)
жо­ла­у­шы­лар са­ло­нын­да­ғы (жүк бө­лі­гін­де­гі, ас үй­де­гі) ил­лю­ми­на­тор­лар­дың шы­ны­ла­нуын қа­рап шы­ғы­ңыз
5)
ста­ти­ка­лық және ди­на­ми­ка­лық қы­сым қа­был­да­ғы­штар­да, ан­тен­на­лар­да за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын, олар­дың таң­ба­ла­нуын қа­рап шы­ғы­ңыз
6)
тех­но­ло­ги­я­лық тығ­ын­дар­дың, «вым­пел­дер­дің» бо­луын және жай-күй­ін тек­се­рі­ңіз
7)
тех­но­ло­ги­я­лық па­нель­дер­дің (люк­тер­дің) жа­бық еке­нін, таң­ба­ла­ну­дың бо­луын тек­се­рі­ңіз
8)
қо­сым­ша есік­тер­де ти­іс­ті таң­ба­ла­ну­дың бо­луын қа­рап шы­ғы­ңыз
9)
жа­рық тү­сір­гіш (им­пу­льстік) ма­як­тар­да, АНО мен шам­дар­да за­қым­да­ну­дың бол­мауы тұр­ғы­сы­нан олар­дың сырт­қы жай-күй­ін қа­рап шы­ғы­ңыз
7. Тік және көл­де­нең қа­нат­та­ну
1)
киль мен ста­би­ли­за­тор­дың, ба­ғыт пен би­ік­тік ру­лі­нің, арт­қы об­те­ка­те­лі­нің сырт­қы жай-күй­ін за­қым­да­ну­лар­дың бол­мауы­на қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
ста­ти­сти­ка­лық электр то­гын ажы­ра­ту­шы­лар­ды за­қым­да­ну­дың бол­мауы тұр­ғы­сы­нан қа­рап шы­ғы­ңыз
3)
ста­би­ли­за­тор­ды ор­на­ту бұ­ры­шта­ры­ның лим­б­та­рын (бел­гі­ле­рін) қа­рап шы­ғы­ңыз
8. Пи­лон­дар
1)
пи­лон­дар­да за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
тех­но­ло­ги­я­лық па­нель­дер­дің (люк­тер­дің) жа­бық еке­нін, таң­ба­ла­ну­дың бо­луын тек­се­рі­ңіз
9. Қа­нат
1)
қа­нат­тың ал­дың­ғы жи­ек­те­рін­де, бе­т­ін­де және ме­ха­ни­за­ци­я­сын­да за­қым­да­ну­дың бол­мауын қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
қа­нат­та ЖЖМ ағып ке­ту із­де­рі­нің бол­мауын қа­рап шы­ғы­ңыз
3)
тех­но­ло­ги­я­лық люк­тер­дің жа­бы­луы мен олар­дың таң­ба­ла­нуын қа­рап шы­ғы­ңыз
4)
ста­ти­сти­ка­лық электр то­гын ажы­ра­ту­шы­лар­да за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
10. Жүк бө­лік­те­рі
1)
жүк бө­лі­гін­де за­қым­да­ну­дың бол­мауын, та­за­лы­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
тү­тін сиг­на­ли­за­тор­ла­ры­ның (тұ­та­ну­ды анық­тау жүй­е­сі­нің) бо­луын тек­се­рі­ңіз
3)
өрт­ке қар­сы жүй­е­нің бо­луын тек­се­рі­ңіз
4)
люк­тер­де (жүк есік­те­рін­де) за­қым­да­ну­дың бол­мауын, бе­кі­ту те­тікте­рі­нің жа­рам­ды­лы­ғын және ти­іс­ті таң­ба­ла­ну­дың бо­луын қа­рап шы­ғы­ңыз
5)
тоқ­та­ту (бе­кі­ту) және жүк­тер­ді жы­л­жы­ту құ­ры­л­ғы­ла­рын, сақ­тан­дыр­ғыш тор­лар­ды ақа­у­сыздық мен жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі тұр­ғы­сы­нан қа­рап шы­ғы­ңыз
6)
та­ке­ла­ждық жаб­дық­тың жа­рам­ды­лы­ғын, олар­да за­қым­да­ну­дың бол­мауын қа­рап шы­ғы­ңыз
7)
еден асты ке­ңі­стікте кор­ро­зи­я­лар­дың бар-жо­ғын, жал­пы жай-күй­ін қа­рап шы­ғы­ңыз
11. Шас­си
1)
шас­си­дің ал­дың­ғы және негіз­гі ті­рек пнев­ма­тикте­рі­нің жай-күй­ін және то­зуын қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
те­же­гіш дис­кі­ле­рі­нің то­зу ин­ди­ка­тор­ла­ры­ның жай-күй­ін тек­се­рі­ңіз
3)
амор­ти­за­ци­я­лық ті­ре­улер­де­гі шток ай­на­сы­ның сығ­ым­да­луы мен та­за­лы­ғын тек­се­рі­ңіз
4)
шас­си аг­ре­гат­та­рын­да, шас­си­дің негіз­гі және ал­дың­ғы ті­реу қуы­ста­рын­да за­уыт­тық тра­фа­рет­тер мен жа­з­ба­лар­дың бо­луын және сәй­кест­і­гін тек­се­рі­ңіз
5)
шас­си­дің бас­қа­ру жүй­е­сі­нің кө­рі­не­тін бө­лі­гін­де за­қым­да­ну­лар­дың, кө­рі­ніп тұ­ра­тын ақа­у­лар­дың бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
6)
шас­си­дің ал­дың­ғы және негіз­гі ті­ре­уле­рі­нің ар­ба­ша­ла­ры мен дөң­ге­лек­те­рін­де за­қым­да­ну­лар­дың бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
7)
құ­быр­лар­да және олар­дың бе­кі­ту­ле­рін­де бү­лі­ну­лер мен гид­ро­сұй­ық­тық­тар ағуы­ның бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
8)
сақ­тан­дыр­ғыш қа­уіп­сіз­дік құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның (вым­пел­дің) бо­луын, ор­на­ты­луын тек­се­рі­ңіз
12. Қоз­ғалт­қы­штар, қо­сал­қы күш қон­дыр­ғы­сы
1)
кі­ру және шы­ға­ру құ­ры­л­ғы­ла­рын­да­ғы бі­те­уіш­тер­дің жай-күй­ін, за­қым­да­ну­дың бол­мауын және олар­дың таң­ба­ла­нуын қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
ка­пот­тар­да за­қым­да­ну­дың бол­мауын, құлып­тар­дың жа­бы­луын, ЖЖМ із­де­рі­нің бол­мауын қа­рап шы­ғы­ңыз
3)
қоз­ғалт­қы­штар­дың ка­пот­та­рын, ҚКҚ ашы­ңыз және ка­пот асты ке­ңі­стікте ЖЖМ із­де­рі­нің, бөгде заттар­дың бол­мауын қа­рап шы­ғы­ңыз
4)
құ­быр жол­да­ры­ның бе­кі­ті­лу­ін, қоз­ғалт­қы­штың ком­му­ни­ка­ция жүй­е­ле­рі­нің, ҚКҚ жай-күй­ін за­қым­да­ну­лар­дың, отын, май ағуы­ның бол­мауы­на қа­рап шы­ғы­ңыз
5)
тү­тін шы­ға­ру құ­ры­л­ғы­сын­да бөгде заттар­дың, за­қым­да­ну­лар мен жа­рық­шақ­тар­дың, ЖЖМ із­де­рі­нің бол­мауын қа­рап шы­ғы­ңыз
6)
ре­вер­сив­тік құ­ры­л­ғы­лар­да за­қым­да­ну­дың бол­мауын қа­рап шы­ғы­ңыз
13. Ті­кұ­шақ­тың құй­рық және шет­кі ар­қа­лық­та­ры
1)
құй­рық және шет­кі ар­қа­лық­та­ры­ның сырт­қы жай-күй­ін, за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын және жөн­дей­тін жер­лер­дің бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
құй­рық және шет­кі ар­қа­лық­тар­дың лак-бо­яу жа­бы­ны­ның жал­пы жай-күй­ін қа­рап шы­ғы­ңыз
3)
ста­би­ли­за­тор­дың (бар бол­са) жай-күй­ін за­қым­да­ну тұр­ғы­сы­нан қа­рап шы­ғы­ңыз
14. Ті­кұ­шақ. Ті­рек бұ­ран­да­ның қа­лақ­ша­ла­ры
1)
ті­рек бұ­ран­да қа­лақ­ша­ла­ры­ның ал­дың­ғы жи­ек­те­рін­де за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз. Ті­рек бұ­ран­да қа­лақ­ша­ла­ры­ның қы­здыр­ғыш эле­мент­те­рін қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
ті­рек бұ­ран­да қа­лақ­ша­ла­ры­ның жи­ек­те­рін­де за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын, аэро­на­ви­га­ци­я­лық шам­дар­дың жа­рам­ды­лы­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
3)
ті­рек бұ­ран­да қа­лақ­ша­ла­рын­да трим­мер­лер­дің (бар бол­са) жай-күй­ін қа­рап шы­ғы­ңыз
4)
ті­рек бұ­ран­да қа­лақ­ша­ла­рын­да от­сек­тер­дің, олар­дың қо­сы­лу орын­да­ры­ның жай-күй­ін, сон­дай-ақ қа­лақ­ша­лар­дың қы­сым жө­нін­де даб­ыл бе­ру жүй­е­сін (бар бол­са) қа­рап шы­ғы­ңыз
15. Бас ре­дук­тор. Құй­рық және ара­лық ре­дук­тор­лар
1)
бас ре­дук­тор­да, құй­рық және ара­лық ре­дук­тор­лар­да за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын, олар­дың бе­кі­ті­лу жай-күй­ін қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
бас ре­дук­тор­дың гид­ро­от­се­гін­де за­қым­да­ну­дың, гид­ро­сұй­ық­тық­тар­дың ақ­қан ізі­нің бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
16. Қи­саю ав­то­ма­ты, ұстап тұ­ра­тын бұ­ран­да төл­ке­сі
1)
қи­саю ав­то­ма­ты­ның жай-күй­ін, за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғын қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
ті­рек бұ­ран­да төл­ке­сін, көл­де­нең және тік шар­нир­лер­дің жай-күй­ін за­қым­да­ну­лар­дың және гид­ро­сұй­ық­тық­тар­дың ақ­қан ізі­нің бар-жо­ғы тұр­ғы­сы­нан қа­рап шы­ғы­ңыз
17. Руль­дік бұ­ран­да
1)
руль­дік бұ­ран­да­ның жай-күй­ін, қа­лақ­тар­да және төл­ке­де за­қым­да­ну­дың бар-жо­ғы тұр­ғы­сы­нан қа­рап шы­ғы­ңыз
2)
вер­ти­каль жа­зық­тық­та­ғы руль­дік бұ­ран­да қа­лақ­та­рын­да­ғы ауыт­қу­лар­дың қа­лып­ты­лы­ғын тек­се­рі­ңіз
ЕСКЕРТПЕ:
(*) осы әуе кемесі үшін міндетті емес;
(-1) ұшуға жарамдылық сертификатын беруге кедергі келтіретін
сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жойылған немесе шектеулер енгізілген
жағдайда, ұшуға жарамдылығық сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
сәйкессіздіктер;
(-3) ұшуға жарамдылық сертификатын беруге кедергі келтірмейтін
және сертификаттау процесінде жойылуға жататын сәйкессіздіктер.
ҚОСЫМША: сәйкессіздіктер тізбесі ________ парақта (парақтарда).
Комиссия төрағасы: ____________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ____________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
ТАНЫСТЫМ: Пайдаланушының басшысы: __________ _______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұшуға жарамдылығын
сертификаттау жүргізілген күні: 20__ жылғы ____ _______________
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау бағдарламасына
сәйкессіздіктер тізбесі, үлгісі, №
ӘК ұшу­ға жа­рам­ды­лы­ғын сер­ти­фи­кат­тау бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес­сіз­дік по­зи­ци­я­сы­ның №
Сәй­кес­сіз­дік си­па­ты
Ес­керт­пе
Тексерушілер: _______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым: ___________________________________________________________
(пайдаланушының басшысы, қолы, Т.А.Ә.)
Ұшуға жарамдылығын
сертификаттау жүргізілген күні: 20__ жылғы ________ _________________

4 Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау АКТІСІ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
4-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның лауазымды адамы
__________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ ж. «___» ____________________
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау АКТІСІ
_____________________________________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе әуе кемелерін
пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым)
20__ жылғы «___» ________ № ________________________ бұйрығына сәйкес
мынадай құрамдағы ұшуға жарамдылық басқармасының мемлекеттік авиация
инспекторы:
Мемлекеттік авиация инспекторы: _____________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Ұшуға жарамдылықты сертификаттау бағдарламасы бойынша бағалау
жүргізді ____________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау
актісінің мәтіні
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамаларының, оның
ішінде азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің
техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті) талаптарына,
сонымен бірге әуе кемесінің және оның құрал-жабдықтарының көрсетілген
ұшу түрлеріне (халықаралық, ішкі), әуе тасымалдау түрлеріне
және/немесе авиациялық жұмыстарға сәйкестігі (сәйкессіздігі)
көрсетіледі.
Төраға: _______________________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ____________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
____________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйымның басшысы ____________________________ _____________________
(Т.А.Ә.) (қолы)

5 ҰШУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫ CERTIFICATE OF AIRWORTHINESS

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесінің
ұшуға жарамдылығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы
5-қосымша
Нысан
ҰШУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫ CERTIFICATE OF AIRWORTHINESS

ҚА­ЗАҚ­СТАН
РЕС­ПУБ­ЛИ­КА­СЫ
КӨЛIК ЖӘНЕ
КОМ­МУ­НИ­КА­ЦИЯ
МИ­НИ­СТР­ЛI­ГI
АЗА­МАТ­ТЫҚ АВИА­ЦИЯ
КО­МИ­ТЕТI
REPUBLIC OF
KAZAKHSTAN
MINISTRY OF TRANSPORT
AND COMMUNICATION
CIVIL AVIATION
COMMITTEE
1. Ұлт­тық және тiр­кеу бел­гiлерi
Nationality and registration marks
2. Дай­ын­да­у­шы және әуе ке­месiн дай­ын­да­у­шы­ның бел­гiле­уi
Manufacturer and manufacturer’s designation of aircraft
3. Се­ри­я­лық (за­уыт­тық) нө­мiрi
Aircraft serial number

4 4. Әуе кемесiнiң санаты: ______________________________________

Aircraft category

5 5. Әуе кемесi Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерiнiң

мемлекеттiк тiзiлiмiне № ____ 20__ ж. _____ болып енгiзiлдi.
The aircraft is included into State Register of Civil
Aircrafts of the Republic of Kazakhstan under No. ____ dated
____________________________________________________________

6 6. Әуе кемесiне Солтүстiк Атлантика тректерiнiң ұйымдасқан

жүйесiнде (OTS) ---------------- бастап ұшуға рұқсат етiлдi.
Aircrafts has been permitted to --- flights within organized
track system (OTS) of North Atlantic.

7 7. Әуе кемесi ___ ұшуға ИКАО-ның ____ санаты бойынша жiберiлдi.

Aircraft has been permitted to the flight according to the
ICAO _____________________________________________ category.

8 8. Әуе кемесi ___________________ RVSM бойынша ұшуға жiберiлдi.

Aircraft has been permitted to the flight according RVSM.

9 9. Осы сертификат жоғарыда аталған әуе кемесiне Қазақстан

Республикасының заңнамасына және 07.12.1944 ж. Халықаралық
азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес берiлдi, осы әуе
кемесi белгiленген пайдалану шектеулерiне сәйкес ұсталса
және пайдаланылса, ұшуға жарамды деп есептеледi.
This certificate has been issued for the above-mentioned
aircraft in accordance with the Legislation of the Republic
of Kazakhstan and the Convention on International Civil
Aviation of 07.12.1944 and airworthiness code ______________
in respect of the above-mentioned aircraft which is
considered to be airworthy when maintained and operated in
accordance with the foregoing and the pertinent operating
limitations.

10 10. Сертификаттың қолданылу мерзiмi: ____________________ дейiн

The certificate is valid till:
Азаматтық авиация
саласындағы уәкiлеттi органның
лауазымды адамы                 _____________________________________
М.П.                                      (қолы /signature)
Official body
Stamp
Of the Competent Authority
In Civil Aviation
Берiлген күнi:
Date of issue:
_____________________________________________________________________

6 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
6-қосымша

7 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
7-қосымша

8 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
8-қосымша

9 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1392 қаулысына
9-қосымша

Қолданыстағы