Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 1100 «Об утверждении Правил сдачи экзаменов руководителями юридических лиц, декларирующих промышленную безопасность, а также членами постоянно действующих экзаменационных комиссий указанных юридических лиц»

Бұйрық · № 196 · қабылданған 10.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2015-no-1100-ekb-141857/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 1100 «Об утверждении Правил сдачи экзаменов руководителями юридических лиц, декларирующих промышленную безопасность, а также членами постоянно действующих экзаменационных комиссий указанных юридических лиц» Қолданыста Бұйрық ·№ 196 ·10.04.2020
10.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 1100 «Об утверждении Правил сдачи экзаменов руководителями юридических лиц, декларирующих промышленную безопасность, а также членами постоянно действующих экзаменационных комиссий указанных юридических лиц»

Қолданыста Бұйрық ·№ 196 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 1100 «Об утверждении Правил сдачи экзаменов руководителями юридических лиц, декларирующих промышленную безопасность, а также членами постоянно действующих экзаменационных комиссий указанных юридических лиц»
Атауы (қаз.)
«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
196
Қабылданған күні
10.04.2020
Көрсетілген редакция
10.04.2020 141857_456630.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020418
ЭКБ идентификаторы
141857
Редакция идентификаторы
141857_456630
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:04

0

«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 10 сәуірі
№ 196 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
20___ жылғы «___» __________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 8-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру (бұдан әрі – ТЖЕК) тәртібін айқындайды.

2 2. Емтихан тапсыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін бағалау үшін жүргізіледі.

3 3. Емтихан тапсыратын адамның таңдауы бойынша емтихан тапсыру үш жылда бір рет мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тестілеу нысанында жүзеге асырылады.

4 4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) емтихан комиссиясы – емтихан тапсырушы адамдардан емтихан қабылдау үшін уәкілетті орган құрған комиссия;

2 2) емтихан тапсырушы адам – заңды тұлғаның басшысы немесе ТЖЕК мүшелері;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер;

4

4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғаның басшысы (бұдан әрі – заңды тұлғаның басшысы) – бірінші басшы (басқарма төрағасы, Бас директор, директор); ұйымның бас инженері (басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары), өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауапты құрылым басшысы;

5 5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылықты және салааралық үйлестіруді, оны әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6 6) ТЖЕК мүшелері – заңды тұлға ТЖЕК құрамына енгізген адам.

5

5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметін болып табылады (бұдан – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Идустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

6

6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) емтиханды тапсыру үшін «электрондық үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жібереді.

7

7. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және қызмет көрсету нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттен қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметінде жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Өтініш заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындалғаннан немесе ТЖЕК құрамына енгізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей және кезекті емтихан тапсыруды өткізу күніне дейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырылады.
Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бөлімше басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

9

9. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде онда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық көрсетпеген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орнын ауыстырған адамның ЭЦҚ-сын куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген толық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға емтиханды қабылдауды жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер тізімімен емтихандарды тапсыру күні туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орнын ауыстырған адамның ЭЦҚ қойылған хабарламаны көрсетілетін қызмет алушының жеке кабинетіне жібереді.

10 10. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Тест сұрақтарының саны жүз сұрақты құрайды. Бір тест сұрағына жауап нұсқаларының саны төртеу болады, оның біреуі дұрыс жауап. Тестілеу уақыты жүз жиырма минуттан аспайды.

11 11. Тестілеу уақытында емтихан тапсырушы адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштағы ақпараттарды пайдалануға, байланыс құралдарын пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды.

12 12. Тест құрамының 70 (жетпіс) пайызына және одан көп бөлігіне дұрыс жауап болғанда емтихан тапсырылған деп есептеледі. Егер емтиханның нәтижесі белгіленген шекті деңгейінен кем болған жағдайда, емтихан тапсырылмады деп есептеледі.

13 13. Тест қорытындылары емтихан тапсырушы адамға тест тапсырған күні сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар санын және әр сұрақ бойынша жауаптардың нақты нәтижелерін көрсете отырып беріледі.

14 14. Емтихан қорытындылары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатпен ресімделеді және тестілеуден өту күні емтихан комиссиясымен қол қойылады.

15 15. Сертификат кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады.

16 16. Емтиханды тапсыра алмаған адамдар қайтадан емтихан тапсырады. Емтиханды қайтадан тапсыру бір рет және бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.

17 17. Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымынан шеттетіледі.

Ұйым басшысына емтиханнан өту нәтижелері қоса берілген хабарлама жіберіледі.

18 18. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

19

19. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), мемлекеттік қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

20 20. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

21 21. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымын қарау мерзімі:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

22 22. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына

1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Индустриялық
даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә. )
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы
Заңының 79–бабы, 8–тармағының талаптарына сәйкес, тұрақты жұмыс істейтін
емтихан комиссиясының басшысы мен мүшелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесі
бойынша емтихан қабылдауды сұраймын
_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, өнеркәсіптік саласы, қызмет саласы)

1 1. _____________________________________________________________________________

2 2. ______________________________________________________________________________

3 3. _____________________________________________________________________________

4 4. ________________________________________________________________________

(емтихан тапсырушының Т.А.Ә., ЖСН, емтихан тапсырушы адамның лауазымы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы
хабардармын.
______________________________ ____________________________
(ұйым басшысының лауазымы) (Т.А.Ә.)

2 Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына

2-қосымша
Нысан
«Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік­ті де­кла­ра­ци­я­лай­тын заң­ды тұ­лға­лар­дың бас­шы­ла­ры, сон­дай-ақ атал­ған заң­ды тұ­лға­лар­дың тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ем­ти­хан ко­мис­си­я­ла­ры мү­ше­ле­рі­нің бі­лі­мін тек­се­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­ду­стри­я­лық да­му және өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сі­лі
«элек­трон­дық үкі­мет­тін» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
15 (он бес) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны
Элек­трон­дық түр­де (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Сер­ти­фи­кат неме­се Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­ның неме­се оның ор­нын ауы­сты­ра­тын адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрi - ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) Пор­тал­дың жұ­мыс кесте­сі - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме
1) осы «Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік­ті де­кла­ра­ци­я­лай­тын заң­ды тұ­лға­лар­дың бас­шы­ла­ры, сон­дай-ақ атал­ған заң­ды тұ­лға­лар­дың тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ем­ти­хан ко­мис­си­я­ла­ры мү­ше­ле­рі­нің бі­лі­мін тек­се­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 8 жо­лын­да көр­се­ті­л­ген өті­ніш­те­гі мә­лі­мет­тер­ді то­лық көр­сет­пеу;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі.
10
Элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
ЭЦҚ болған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бiрың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның «1414», 8-800-080-7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін орын­дар­дың ме­кен­жай­ла­ры мы­на­дай ин­тер­нет-ре­сур­стар­да:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​comprom.mі­іd.gov.​kz «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған;
пор­тал - www.​egov.​kz

3 Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына

3-қосымша
Нысан

4 Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына

4-қосымша
Нысан
20__ жылғы «____» _________________
Комиссия құрамы:
Төраға: ___________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
Комиссия мүшелері: ________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен
белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде білімне тексеру жүргізді:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
р/с

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ла­у­а­зы­мы
Бі­лі­мі
Ко­мис­сия қо­ры­тындысы (тап­сыр­ды, тап­сыр­ма­ды)
1.
2.
3.
Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә.

Қолданыстағы