Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 575 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 351 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере реализации ювелирных и других изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней»

Бұйрық · № 829 · қабылданған 29.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2016-no-575-29-2016-no-351-ekb-126796/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 575 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 351 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере реализации ювелирных и других изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней» Қолданыста Бұйрық ·№ 829 ·29.11.2018
29.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 575 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 351 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере реализации ювелирных и других изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней»

Қолданыста Бұйрық ·№ 829 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 575 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2016 года № 351 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа в сфере реализации ювелирных и других изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней»
Атауы (қаз.)
«Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
829
Қабылданған күні
29.11.2018
Көрсетілген редакция
29.11.2018 126796_377848.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017830
ЭКБ идентификаторы
126796
Редакция идентификаторы
126796_377848
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:21

0 «Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік

және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1.«Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 351 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14163 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
2018 жылғы «__»__________

1 Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы № 829
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы № 88
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 25 шілдедегі № 575 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 29 шілдедегі № 351
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі –Өлшемшарттар) 2018 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не оларсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

2 2) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы болмашы бұзушылықтар – бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарламалардың болуы;

3

3) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы елеулі бұзушылықтар – қымбат бағалы емес тасты зергерлік және басқа да бұйымдарда көз ретінде пайдалану туралы затзатбелгідегі ақпаратсыз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу түріндегі талаптарды бұзу, атаулы таңбаның уәкілетті ұйымда тіркеуінің болмауы, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында расталған бір шағымның немесе өтініштің болуы;

4

4) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы өрескел бұзушылықтар – Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде тауардың әрбір партиясына берілген сараптамалық қорытындысынсыз, мемлекеттік бақылау актісінсіз, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі қоятын сынамалау таңбасының, атаулы таңба бедерінің болуынсыз зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу бөлігінде талаптарды бұзу, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы;

5

5) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекел – бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

6 6) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тексерілетін субъектілер (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) – Қазақстан Республикасының аумағында зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;

7

7) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) - белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке тексерілетін бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;

8

8) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

9 9) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

3 3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2 2- тарау. Объективті өлшемшарттар

4 4. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жоғары тәуекел дәрежесіне мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын субъектілер (объектілер) жатады:

1 1) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;

2 2) Қазақстан Республикасының отандық өндірушісінің өнімдерін қоспағанда, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу.

5

5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге бағалы металдар мен асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізіліміне сәйкес зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектілер жатады.

6 6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер және субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау жүргізіледі.

3 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

7 7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерде қолдана отырып жүзеге асырылады:

1 1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

2 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

8 8. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

2 2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі, аталған талаптарды сақтамаған кезде белгіленеді);

3 3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

4 4) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, бар болған жағдайда бұзушылар рейтингтерін, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізбесін талдау;

5 5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

9 9. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері берілетін бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында субъективті өлшемшарттар қалыптастырылады.

10 10. Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

11 11. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бұзушылықтың 3 дәрежесіне болып бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

12 12. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣР3 = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7
мұнда:
ΣР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ΣР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР2 х100/ΣР1)х0,3
мұнда:
ΣРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ΣР2 – анықталған елеулсіз бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (
ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
ΣР = ΣР3 + ΣРн
мұнда:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

13 13. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъекті (объекті) мыналарға жатады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 61-ден 100-ге дейін қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға 0 – ден 60-қа дейін қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

4 4 - тарау. Қорытынды ережелер

14 14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі жүргізілетін талдау және тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша айқындалады, жылына бір рет.

15 15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодексінің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

16 16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімі субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

1-1 Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы субъективті өлшемшарттар

Бағалы металдар мен асыл тастардан
жасалған зергерлік және басқа да
бұйымдарды өткізу саласындағы
бақылау субъектілерін (объектілерін)
іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және
басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы субъективті өлшемшарттар
р/с

Өл­шем­шар­ттар
Бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі
1. ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың нәти­же­ле­рі;
1
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бел­гі­лен­ген мер­зім­де орын­да­мау
өрес­кел
2. Ал­дың­ғы тек­се­ру­лер және ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­ріне (объ­ек­ті­ле­ріне) ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­удың нәти­же­ле­рі (бұ­зу­шы­лық­тар­дың ауыр­лық дә­ре­же­сі, атал­ған та­лап­тар­ды сақ­та­ма­ған кез­де бел­гі­ле­не­ді)
2.
Сы­на­ма таң­ба­ның бо­луы
өрес­кел
3.
Зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ды өн­ді­ру субъ­ек­ті­сі бар­лық мен­шік­ті зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ға қо­я­тын ата­у­лы таң­ба бе­де­рі­нің бо­луы
өрес­кел
4.
Зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ға көз ре­т­ін­де асыл емес та­сты пай­да­ла­ну ту­ра­лы затбел­гі­де ақ­па­рат­тың бо­луы
еле­улі
5.
Ата­у­лы таң­ба­ның уәкі­лет­ті ұй­ым­да тір­ке­уі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
өрес­кел
6.
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның са­рап­та­ма­лық қо­ры­тындыс­ы­ның жоқ­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
өрес­кел
7.
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа кір­мей­тін ел­дер­ден Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу ке­зін­де та­у­ар­дың әр­бір пар­ти­я­сы­на бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ак­ті­сі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
өрес­кел
3. Рас­тал­ған ша­ғым­дар мен өті­ніш­тер­дің бо­луы және са­ны
8.
Зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ды өт­кі­зу са­ла­сын­да­ғы рас­тал­ған бір ша­ғым­ның неме­се өті­ніш­тің бо­луы
еле­улі
9.
Зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ды өт­кі­зу са­ла­сын­да екі неме­се одан да көп рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың неме­се өті­ніш­тер­дің бо­луы
өрес­кел
4. Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын, бар болған жағ­дай­да «бұ­зу­шы­лар» рей­тинг­те­рін, зерт­ха­на­лық зерт­те­улер нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар тіз­бе­сін тал­дау;
10.
Зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ды өт­кі­зу са­ла­сын­да­ғы бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да, бар болған жағ­дай­да «бұ­зу­шы­лар» рей­тинг­те­рін­де, зерт­ха­на­лық зерт­те­улер нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар тіз­бе­сін­де ре­сми ха­бар­ла­ма­лар­дың бо­луы
бол­ма­шы
5. Уәкі­лет­ті ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсын­ған мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
11.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ба­ға­лы ме­тал­дар мен асыл та­стар ту­ра­лы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­рын бұ­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
өрес­кел

2 Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы № 829
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы № 88
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 25 шілдедегі № 575 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 29 шілдедегі № 351
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және
басқа да бұйымдарды өткізу саласында тексеру парағы
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды
өткізуді жүзеге асыратын субъектіге (объектіге) қатысты
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_______________________________________
____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды
тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі) бақылау субъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Орналасқан жерінің мекенжайы:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Сы­на­ма таң­ба­ның бо­луы
2
Зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ды өн­ді­ру субъ­ек­ті­сі бар­лық мен­шік­ті зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ға қо­я­тын ата­у­лы таң­ба бе­де­рі­нің бо­луы
3
Зер­гер­лік және бас­қа да бұй­ым­дар­ға көз ре­т­ін­де асыл емес та­сты пай­да­ла­ну ту­ра­лы затбел­гі­де ақ­па­рат­тың бо­луы
4
Ата­у­лы таң­ба­ның уәкі­лет­ті ұй­ым­да тір­ке­уі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
5
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның са­рап­та­ма­лық қо­ры­тындыс­ы­ның жоқ­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
6
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа кір­мей­тін ел­дер­ден Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу ке­зін­де та­у­ар­дың әр­бір пар­ти­я­сы­на бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ак­ті­сі­нің жоқ­тығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
Лауазымды тұлға (тұлғалар)_____________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_______________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы _______________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы