О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 августа 2025 года № 52 «Об установлении макропруденциальных нормативов и лимитов, их нормативных значений и методики расчетов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 августа 2025 года № 52 «Об установлении макропруденциальных нормативов и лимитов, их нормативных значений и методики расчетов»
- Атауы (қаз.)
- «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228452_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039477
- ЭКБ идентификаторы
- 228452
- Редакция идентификаторы
- I228452_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 08.08.2026 03:30
0 «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерде, олардың нормативтік мәндерінде және есептеу әдістемесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Нормативтерде Банктер туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кредиттік желі – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі айқындауға мүмкіндік беретін талаптарда, бірақ банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының осындай кредит беру нысанына арналған кредиттік саясатында және банктік қарыз шартында айқындалған сома мен уақыт шегінде қарыз алушыға кредит беру міндеттемесі;
2) кредиттік лимит (оның ішінде кредиттік карточка бойынша) – кредиттік желінің шекті сомасы;
3) қарыз алушы – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін:
талаптарында қарыз алушыға кредиттік лимит шеңберінде кредит беру көзделген кредиттік карточканың кредиттік лимиті шеңберінде қарыз (қарыздың бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру, оның ішінде ашық кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бөлігін) беру;
қарыз алушыға кредит желісін ашу (кредиттік лимитті белгілеу);
қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;
қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін қарыз алушының ашық кредит желісінің және (немесе) қарызының талаптарын өзгерту туралы шешімдерді қабылдағанға дейін есептеуді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген қарыздарға, сондай-ақ қарыз алушының кәсіпкерлік қызметін растайтын құжаттарды және (немесе) өзге де мәліметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, мұндай құжаттар мен мәліметтерді банктің қарыз алушысының бағдарламалық қамтылымында және (немесе) кредиттік досьесінде сақтай отырып, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты мақсаттарға берілген қарыздарға қолданылады.
Қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең жоғарғы деңгейін сақтау жөніндегі талап:
Ұлттық Банктің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарын) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде берілетін қарыздарға;
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарға;
міндеттемелері мұрагерлік тәртібімен мұрагерге өткен қарыздарға қолданылмайды.
Қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау талабы қарыз 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсан аралығын қоса алғандағы кезеңде:
пайдалануда болмаған және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін және қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаты үшін;
пайдалануда болған және осы автокөлік құралы құнының 50 (елу) пайызынан кем емес бастапқы жарнасы бар қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаты үшін;
3 (үш) жылға дейін пайдалануда болған және осы автокөлік құралы құнының 30 (отыз) пайызынан кем емес бастапқы жарнасы бар қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаты үшін;
тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде берілген кезде қолданылмайды.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген қарыздар бойынша қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін кредиттік тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында есептеуді жүзеге асырады.»;
22-тармақта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарыз алушының кірісі мынадай бір немесе бірнеше өлшемшарттар:»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарыз алушы осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты тиісті құжаттарды ұсына отырып растайды және (немесе) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының цифрлық жүйесінде тексеріледі және (немесе) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қарыз алушының жазбаша нысанда не қарыз алушының сәйкестендіру құралы арқылы берілген келісімі негізінде сұратады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтердің мақсаты үшін ойын бизнесіне белсенді қатысқан адамның белгісі бар қарыз алушы деп соңғы аяқталған 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жалпы сомада 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам 6 (алты) және одан көп төлем жасаған жеке тұлға түсініледі.»;
24-тармақта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтелмеген қарыз бойынша айлық көрсеткішке келтірілген мерзімді төлем қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген қарыз бойынша мерзімді төлемнің жылдық мәнде өтелмеген қарыз бойынша мерзімді төлемдер санының 12 (он екі) айға қатынасының көбейтіндісі ретінде есептеледі:»;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылдық мәнде өтелмеген қарыз бойынша мерзімді төлемдердің саны өтеу кестесіне сәйкес 360-тың (үш жүз алпыстың) қарыз бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезеңділігін сипаттайтын күн санына қатынасы ретінде есептеледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігін есептеу мақсаты үшін бір айдағы күн саны 30-ға (отызға) тең болып алынады.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін бағалау кредиттік бюроның, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының цифрлық жүйелерінің деректері негізінде айқындалады немесе кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі мөлшерінің шартта айқындалған, айлармен көрсетілген осы лимиттің қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Талаптарында қарыз алушыға кредиттік лимит шеңберінде кредиттеу көзделген кредиттік карточка бойынша ай сайынғы төлем осындай карточка бойынша пайдаланылған кредиттік лимиттің 10 (он) пайызға көбейтіндісі ретінде есептеледі.»;
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарызды өтеу кестесіне сәйкес мерзімді төлем, негізгі борыш қалдығы, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығы, кредиттік лимит, кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі, қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлем сомасы туралы ақпаратты банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген) бекітілген Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарына (бұдан әрі – Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары) сәйкес кредиттік бюродан сұратып алады.»;
он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарыз алушының өтелмеген қарыздарына Нормативтердің 20-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қарыздар, сондай-ақ Нормативтердің 20-тармағының екінші бөлігінде көрсетілмеген қарыз алушының өтелмеген банктік қарыздары, микрокредиттері кіреді.»;
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтеу кестесіне сәйкес есептелген негізгі борыш бойынша төлемдері мен сыйақысының, сондай-ақ «Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 44 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38333 болып тіркелген) бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларының 14-тармағында көрсетілген қарызды берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты өзге де төлемдерінің сомасы осы қарыздың айлармен көрсетілген мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісі Нормативтердің 22-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттар негізінде айқындалған қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан 6 (алты) айдағы кірісі мөлшерінің 6-ға (алтыға) қатынасы ретінде есептеледі.
Нормативтердің 22-тармағының екінші бөлігі 1) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген өлшемшарт негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісі қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы 6 ай ішінде Салық кодексінінің 727-бабына сәйкес салық органдарына берілген салық есептілігінде көрсетілген кіріс мөлшерінің 6-ға (алтыға) қатынасы ретінде есептеледі.
Нормативтердің 22-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы:
қарыз алушы кірісінің екі және одан да көп өлшемшарттарында кірістің бір ғана көзін қайталау;
қарыз алушының дебеттік карточкасын, ағымдағы шоттарын, депозиттерін бір қарыз алушының меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен шоттар арасындағы транзакциялардан толықтыру есебінен артқан кірістің болмауы тұрғысынан қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын кірістің валидациясын жүргізеді.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісін есептеуге қабылдайтын кіріс түрлері Нормативтердің 22-тармағының екінші бөлігі 1) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген өлшемшарт негізінде айқындалған кірісті қоспағанда, қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішінде кемінде кез келген екі айда алынуға тиіс.
Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдары Нормативтердің 22-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушының ресми кірісінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек алушы қарыз алушының және (немесе) ойын бизнесіне белсенді қатысқан адамның белгілері бар қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.
Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдары Нормативтердің 22-тармағы екінші бөлігінің 1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қарыз алушының кірісі негізінде жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.»;
28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы мына:»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы:
қарыз алушыға ашылған кредит желісі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;
қарыз алушыға кредит желісін ашу (кредиттік лимитті белгілеу);
қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;
қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша берешек сомасының ұлғаюына алып келетін қарыз алушының ашық кредиттік желісі және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдерді қабылдағанға дейін қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген қарыздарға, сондай-ақ қарыз алушының кәсіпкерлік қызметін растайтын құжаттарды және (немесе) өзге де мәліметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, мұндай құжаттар мен мәліметтерді банктің қарыз алушысының бағдарламалық қамтылымында және (немесе) кредиттік досьесінде сақтай отырып, дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты мақсаттарға берілген қарыздарға қолданылады.
Қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау талабы:
Ұлттық Банктің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарын) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде берілетін қарыздарға;
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарға;
міндеттемелері мұрагерлік тәртібімен мұрагерге өткен қарыздарға қолданылмайды.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы кредиттік тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген қарыздар бойынша қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 30-1 және 30-2-тармақтармен толықтырылсын:
«30-1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін мынадай үш кезеңмен есептейді:
бірінші кезең – қарыз алушының Нормативтердің 22-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын төлем қабілеттілігі бағаланады;
екінші кезең – қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін есептеу қарыздың:
кепілсіз тұтынушылық қарыз және қарыз алушының кредит желісін ашу (кредиттік лимитті белгілеу) (бұдан әрі – кепілсіз тұтынушылық қарыз);
ипотекалық тұрғын үй қарызы;
сатып алынатын автокөлік құралымен қамтамасыз етілетін және (немесе) өзгеше қамтамасыз етілетін түрлерінің әрқайсысы бойынша өтінім берілген тиісті қарыз түрі бойынша жеке-жеке қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін жүзеге асырылады.
Екінші кезеңде тек қарыз алушы өтінім берген қарыздың түрі бойынша ғана есептеу жүзеге асырылады;
үшінші кезең – қарыз алушының жиынтық берешегі бойынша қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті есептеледі.
30-2. Қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті Нормативтердің 30-1-тармағында санамаланған әрбір қарыз бойынша жеке-жеке есептеледі:
мұнда:
КБКі – қарыз алушының і қарызы бойынша кірісіне қатысты борыш коэффициенті, мұндағы і:
кепілсіз тұтынушылық қарыз,
ипотекалық тұрғын үй қарызы,
сатып алынатын автокөлік құралымен қамтамасыз етілетін және (немесе) өзгеше қамтамасыз етілетін қарыз түрлерінің бірін білдіреді;
ӨҚБСі – көрсетілген қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдер сомаларымен бірге микроқаржы ұйымдары берген і түрінің микрокредиттерін қоса алғанда, і түрінің қарызы бойынша берешектің жиынтық сомасы ретінде есептелетін і түрінің барлық өтелмеген қарызы бойынша берешек сомасы;
Өтелмеген кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек сомасы қарыз алушы ашық кредиттік желі шеңберінде алған қарыз (транш) бойынша борыштың қалдығын, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік карточка бойынша пайдаланылған кредиттік лимитті қамтиды.
ЖБСі – Нормативтердің 31-тармағында көзделген жағдайларда туындайтын і түрінің қарызы бойынша қарыз алушының жаңа берешегінің сомасы;
ҚЖЖК – Нормативтердің 26-тармағына сәйкес 12-ге (он екіге) көбейтіліп есептелетін, қарыз алушының орташа айлық кірісі ретінде есептелетін қарыз алушының жиынтық жылдық кірісі.»;
31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қарыз алушының жиынтық берешегі бойынша қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті мынадай түрде есептеледі:
мұнда:
КБК – қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті;
ӨҚБС – қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешек сомасы, ол барлық өтелмеген қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомаларын, қарыз алушы ашық кредиттік желі шеңберінде алған қарыз (транш) бойынша борыш қалдығын, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік карточка бойынша пайдаланылған кредиттік лимитті қоса алғанда, қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешектің жиынтық сомасы ретінде есептеледі;
ЖБС – Нормативтердің 30-тармағында көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешек сомасы;
ҚЖЖК – Нормативтердің 26-тармағына сәйкес 12-ге (он екіге) көбейтіліп есептелетін, қарыз алушының орташа айлық кірісі ретінде есептелетін қарыз алушының жиынтық жылдық кірісі.»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен негізгі борыштың, мерзімі өткен сыйақының сомасы және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржы ұйымының, сондай-ақ ақпарат берушілердің балансы үшін есептен шығарылған берешек сомасы кіреді.
Бұрын жасалған банктік қарыз шартын (шарттарын) қайта қаржыландыру және (немесе) микрокредит беру мақсатында қарыз алушыға банктік қарыз беру жүзеге асырылған жағдайда, қайта қаржыландыруға тиіс өтелмеген қарыз және (немесе) микрокредит бойынша берешек сомасы қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешек сомасының есебінде есепке алынбайды.
Қарызды өтеу кестесіне (кестелеріне) сәйкес осы қарыз бойынша мерзімдік төлемдер мөлшерін ұлғайтуға алып келетін және ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін және (немесе) банктік қарыз мөлшерін ұлғайтуды көздемейтін бұрын жасалған банктік қарыз шартын (шарттарын) қайта құрылымдау мақсатында қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) банктік қарызының талаптары өзгерген жағдайда, қайта құрылымдалатын өтелмеген кредиттік желі және (немесе) қарыз алушы қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы 0-ге (нөлге) тең болып қабылданады.
Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қарыз алушының қарызы, негізгі борышының қалдығы, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығы, кредиттік лимиті, кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі, өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомалары туралы ақпаратты Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарына сәйкес кредиттік бюродан сұратып алады.
Қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешек сомасын, негізгі борыш қалдығын, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығын, қарыз алушы ашық кредиттік желі шеңберінде алған қарыз (транш) бойынша борыш қалдығын, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік карточка бойынша пайдаланылған кредиттік лимитті және қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын есептеуге барлық ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтері қамтылады.
Қарыз алушының өтелмеген қарыздары Нормативтердің 30-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қарыздарды, сондай-ақ Нормативтердің 30-тармағының екінші бөлігінде көрсетілмеген қарыз алушының өтелмеген банктік қарыздарын, микрокредиттерін қамтиды.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы кредиттік тәуекелдерге мониторинг жүргізу мақсатында қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Нормативтердің 30-2 және 31-тармақтарына сәйкес:
қарыз алушының жиынтық берешегі;
кепілсіз тұтынушылық қарыз;
ипотекалық тұрғын үй қарызы;
сатып алынатын автокөлік құралымен қамтамасыз етілетін және (немесе) өзгеше қамтамасыз етілетін қарыз бойынша есептеуді жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы Нормативтердің 30, 30-1, 30-2, 31, 31-1 және 32-тармақтарының талаптарына сәйкес қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін өз бетінше айқындайды.».