О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 156 «Об утверждении Правил отбора кандидатов, принимаемых на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан и их предварительного изучения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 156 «Об утверждении Правил отбора кандидатов, принимаемых на службу в органы прокуратуры Республики Казахстан и их предварительного изучения»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 65
- Қабылданған күні
- 20.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2023 143141_618717.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020707
- ЭКБ идентификаторы
- 143141
- Редакция идентификаторы
- 143141_618717
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:27
0 «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12782 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) «2. Іріктеу және алдын ала зерделеу тәртібі» деген тарауда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аға басшы құрам лауазымдарына жүзеге асырылады және бірқатар дәйекті кезеңдерді өтуді қамтиды:
1) кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестік деңгейін анықтау;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу);
3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және прокуратура органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу;
4) міндетті арнайы тексеріс.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Кадр қызметі тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен емес баға алған кандидаттарға үш жұмыс күні ішінде қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтуге жолдама береді (лауазымға және мамандығына сәйкес).
Кандидат науқастанған, жақын туысы қайтыс болған, дүлей апаттар кезіндегі, төтенше жағдай енгізілген жағдайларды қоспағанда, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан уақтылы өтпеген жағдайда кандидатқа қайтадан жолдама берілмейді.
Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған кандидат полиграфологиялық зерттеуден өтеді.».