Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 81 «Об утверждении Правил взаимодействия Единого контакт-центра с центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также услугодателями»

Бұйрық · № 85/НҚ · қабылданған 05.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2016-no-81/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 81 «Об утверждении Правил взаимодействия Единого контакт-центра с центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также услугодателями» Күшін жойған 04.10.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 81 «Об утверждении Правил взаимодействия Единого контакт-центра с центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также услугодателями»

Күшін жойған Бұйрық № 85/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 81 «Об утверждении Правил взаимодействия Единого контакт-центра с центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также услугодателями»
Атауы (қаз.)
«Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңта
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
85/НҚ
Қабылданған күні
05.03.2020
Көрсетілген редакция
04.10.2022 140152_596468.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020109
ЭКБ идентификаторы
140152
Редакция идентификаторы
140152_596468
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік

органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13339 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларында»:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталық мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат беруге жауапты тұлғаны тағайындайды және осы Қағидалардың  1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Оқыту аяқталғаннан кейін Бірыңғай байланыс орталығының және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік органдардың немесе қызмет берушінің уәкілетті өкілдері қол қоятын Бірыңғай байланыс орталығымен консультация беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті қабылдау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жауапты тұлға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен берілген ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік орган және қызметті беруші жауапты тұлғаларды ауыстырған жағдайда бес жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына ерікті нысанда тиісті ескерту жібереді және жауапты тұлғалар туралы жаңа мәліметтерді ұсынады.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түралы ақпарат

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 5 наурызы
№ 85/НҚ бұйрығына
1-қосымша
Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларына
1-қосымша
Форма
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түралы ақпарат
№ р/с
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ті­зі­лім­де­гі №
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер (оның де­ректе­ме­ле­рін көр­се­те оты­рып)
Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің өзге­рі­сте­рі ту­ра­лы мә­лі­мет
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ту­ра­лы ақ­па­рат ор­на­лас­қан ин­тер­нет-ре­сурс
Жа­у­ап­ты тұл­ға­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ла­у­а­зы­мы
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның жа­у­ап­ты тұл­ға­сы­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
Жауапты орындаушының Т.А.Ә.
Күні: 20__жылғы « __»________

2 Есеп

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 5 наурызы
№ 85/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларына
2-қосымша
Форма
Есеп
№ р/с
Ша­ғым­ның және өті­ніш­тің ке­ліп түс­кен кү­ні мен уа­қы­ты
Фо­рум­ға жа­у­ап­ты тұл­ға­ның Т.А.Ә.
Өңір
Өті­ніш бе­ру­ші­нің Т.А.Ә.
Өті­ніш си­па­ты
Ша­ғым­ның және өті­ніш­тің маз­мұ­ны
Қол­дан­ған ша­ра­лар, сұ­ра­ным №
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің бұ­зы­луы
Қыз­мет­кер­лер­дің іс-әре­ке­ті (әре­кет­сіз­ді­гі)
1
2
3
4
5
6
7
8
9