Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития"

Қаулы · № 423 · қабылданған 06.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2009-no-1251-ekb-64479/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития" Күшін жойған Қаулы ·№ 423 ·06.04.2012
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития"

Күшін жойған Қаулы ·№ 423 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития"
Атауы (қаз.)
"Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
423
Қабылданған күні
06.04.2012
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI64479_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000423
ЭКБ идентификаторы
64479
Редакция идентификаторы
AI64479_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:37

0 "Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 423 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
№ 1251 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі — Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті денгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін, оны әзірлеу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайды.

2

2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзірленеді.

3 3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

4 4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы - мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.

5 5. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

6 6. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

7 7. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

2 2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрылымы

8 8. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай бөлімдерден тұрады:

1 1) экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары;

2 2) экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясаттың орта мерзімді кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері;

3 3) экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының бес жылға арналған негізгі бағыттары мен шаралары;

4 4) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы (қосымша түрінде);

5 5) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттер түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы (қосымша түрінде);

6 6) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары;

7 7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде).

9 9. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесі осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

10 10. Басым бюджеттік инвестициялар тізбесі осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.

11

11. Республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысаны мен тізбесі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарға байланысты айқындалады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

12 12. Шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұсыну нысаны мен тәртібі және олар бойынша қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

13 13. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:

1 1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, үрдістері, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері;

2 2) үш жылға арналған бюджет параметрлері, ол:

тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерін (қосымша түрінде);
өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін (қосымша түрінде) қамтуы тиіс.

14

14. Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджет параметрлерінің болжамы индикативті сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзгерістерін, бюджет мониторингі мен нәтижелерді бағалауды, басқа да ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, бюджет параметрлерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған болжамын әзірлеу кезінде нақтылануы мүмкін.

3 3. Мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі

15 15. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын, әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын әзірлеу және басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:

1

1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсеткіштер болжамын және республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдеріне, бөлім құрылымына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес ұсыныстар, сондай-ақ, шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар береді;

2

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 5 наурызынан кешіктірмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын әзірлейді және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды;

3

3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамы негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 12 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерге кірістердің, бюджеттік кредиттерді өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, Ұлттық қорға түсетін түсімдердің сценарийлік болжамын жолдайды;

4

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - РБК) қарауына енгізеді;

5

5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган РБК мақұлдағаннан кейін екі күн мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамын және бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарын жолдайды;

6

6) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасына қосу үшін басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың нысаналы даму трансферттері бойынша ұсыныстар береді;

7 7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтары негізінде және орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты қарау нәтижесі бойынша:

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қорытынды қалыптастырады және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға жолдайды;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы бар (кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды қоспағанда), үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын қалыптастырады және жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей кейіннен РБК-да қарау үшін оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
Екінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау жүзеге асырылады:

1

1) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың маусым айында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

2

2) орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 маусымынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған көрсеткіштер болжамы мен болжамының бөлімдеріне ақпаратты ұсынады;

3 3) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі;

4 4) басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.

4 4. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі

16 16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, басымдықтарының болжамын әзірлеу және басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:

1

1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен РБК мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі, бюджеттік және бюджеттік инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтары негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын және басымдықтарын әзірлейді және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;

2

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесі бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 маусымынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау жүзеге асырылады:

1

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың қыркүйегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарының қатысуымен екінші кезеңде мақұлданған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

2

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесіне сәйкес жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдері мен көрсеткіштеріне ұсыныстар береді;

3

3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдарынан алынған ақпараттың негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;

4 4) басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі мақұлдайды;

5

5) басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көшірмесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының стратегиялық жоспарларының жобасын немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасын келісу кезінде жұмыста пайдалану үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады;

6 6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын келісу нәтижелері бойынша орталық атқарушы органдармен жергілікті бюджеттің болжамдарын пысықтауды жүзеге асырады.

17 17. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын, басымдықтарын әзірлеу және басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:

1

1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 сәуіріне дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы, көрсеткіштерінің нысандары мен тізбесі негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын әзірлейді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;

2

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесі бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Екінші кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау жүзеге асырылады:

1

1) жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың қазанында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылауды жүргізеді;

2

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 25 қазанынан кешіктірмей оны жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;

3

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергілікті бюджеттік инвестицияларының тізбесін қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі мақұлдайды.

5 5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету

18 18. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

19

19. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жұмысына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

20 20. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу бойынша әдіснамалық ұсынымдарды әзірлейді.

1 Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесі

Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын
әзірлеу ережесіне
1-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің тізбесі

1 1. Бес жылдық кезеңге арналған

Р/с №
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
1-ші жос­пар­ла­на­тын жыл­дың ал­дын­да­ғы жыл­ды ба­ға­лау
бо­лжам
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 1-ші жы­лы
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 2-ші жы­лы
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 3-ші жы­лы
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 4-ші жы­лы
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 5-ші жы­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
1
ЖІӨ, млрд. тең­ге
2
ЖІӨ-нің нақ­ты өзге­руі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
3
ЖІӨ, ре­сми ба­ғам бой­ын­ша млрд. АҚШ долл.
4
Ха­лық­тың жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы ЖІӨ ре­сми ба­ғам бой­ын­ша, АҚШ долл.
Эко­но­ми­ка са­ла­ла­ры­ның ЖҚҚ
5
Ауыл, ор­ман және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
6
Өнер­к­ә­сіп, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
7
Тау-кен өн­ді­ру өнер­к­ә­сі­бі­нің ка­рьер­ле­рін әзір­леу, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
8
Мұ­най және газ кон­ден­са­тын өн­ді­ру кө­ле­мі, млн. тон­на
9
Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
10
Электр­мен жаб­дық­тау, газ, бу бе­ру және ауа бап­тау, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
11
Мұ­най­дың әлем­дік ба­ға­сы (Brent қо­спа­сы), жы­лы­на ор­та­ша есеп­пен бір бар­ре­лі АҚШ долл.
12
Құ­ры­лыс, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
13
Кө­лік және қой­ма­ға жи­нақ­тау, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
14
Ақ­па­рат және бай­ла­ныс, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
15
Са­уда, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
Ақ­ша-кре­дит са­я­са­ты­ның көр­сет­кіш­те­рі
16
Эко­но­ми­ка­ға ЕДБ кре­дит­те­рі, млрд. тең­ге, ке­зең­нің со­ңы­на
17
Ре­зи­дент­тер­дің де­по­зит­те­рі, млрд. тең­ге, ке­зең­нің со­ңы­на
18
Ақ­ша мас­са­сы, млрд. тең­ге, ке­зең со­ңы­на
19
Ин­фля­ция ке­зең со­ңы­на, %
20
Эко­но­ми­ка­ны мо­не­ти­за­ци­я­лау дең­гейі, %
21
Ұлт­тық Банк­тің қай­та қар­жы­лан­ды­руы­ның ре­сми став­ка­сы, % (ке­зең со­ңы­на)
Тө­лем тең­ге­рі­мі­нің көр­сет­кіш­те­рі
22
Та­у­ар­лар экс­пор­ты, млн. АҚШ долл.
23
Та­у­ар­лар им­пор­ты, млн. АҚШ долл.
24
Са­уда тең­ге­рі­мі, млн. АҚШ долл.
25
Ағым­да­ғы шот, млн. АҚШ долл.
26
Ағым­да­ғы шот­тың саль­до­сы, ЖІӨ-ге шақ­қан­да­ғы %
Әле­умет­тік са­ла­ның көр­сет­кіш­те­рі
27
Эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ді ха­лық са­ны, мың адам
28
Жұ­мыспен қам­ты­л­ған­дар са­ны, мың адам
29
оның ішін­де жал­да­ма­лы қыз­мет­кер­лер, мың адам
30
Жұ­мыс­сыздар са­ны, мың адам
31
Жұ­мыс­сыздық дең­гейі, эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ді ха­лық­қа шақ­қан­да, %
32
Кадр­лар­ға қа­жет­ті­лі­гі, бар­лы­ғы мың адам
33
оның ішін­де ҮИ­ИДМБ шең­бе­рін­де­гі қа­жет­ті­лік, мың адам
34
Ең тө­мен­гі жа­ла­қы мөл­ше­рі, тең­ге
35
Ор­та­ша ай­лық но­ми­нал­ды жа­ла­қы, тең­ге
36
Нақ­ты жа­ла­қы ин­дек­сі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да %
37
Ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш, тең­ге
38
Зей­нет­кер­лер­дің са­ны, мың адам.
39
Ба­за­лық зей­не­та­қы тө­ле­мі­нің мөл­ше­рі, тең­ге
40
Ең тө­мен­гі зей­не­та­қы мөл­ше­рі, тең­ге
41
Ең тө­мен­гі күн­кө­ріс дең­гейі, тең­ге
42
Та­бысы ең тө­мен­гі күн кө­ріс дең­гей­і­нен тө­мен ха­лық­тың үле­сі, %
43
Ор­та тех­ни­ка­лық бі­лі­мі бар кадр­лар да­яр­лап шы­ға­ру, адам
44
Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лі­мі бар кадр­лар да­яр­лап шы­ға­ру, адам

2 2. Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлер болжамы

млрд. теңге
Бюд­жет көр­сет­кіш­те­рі
Р/с №
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
1-ші жос­пар­лы жыл­дың ал­дын­да­ғы ағым­да­ғы жы­л­ғы ба­ға­лау
Бо­лжам
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 1-ші жы­лы
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 2-ші жы­лы
Бо­лжа­на­тын ке­зең­нің 3-ші жы­лы
1
2
3
4
5
6
Мем­ле­кет­тік бюд­жет
1
Тү­сім­дер
2
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
3
Кі­рі­стер (транс­ферт­тер­ді есеп­те­ме­ген­де)
4
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
5
Са­лық­тық тү­сім­дер
6
Са­лық­тық емес тү­сім­дер
7
Негіз­гі ка­пи­тал­ды са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
8
Транс­ферт­тер тү­сім­де­рі
9
Ұлт­тық қор­дан ке­піл­ден­ді­рі­л­ген транс­ферт
10
Бюд­жет кре­дит­те­рін өтеу
11
Мем­ле­кет­тің қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
12
Шы­ғы­стар
13
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
14
Ал­дың­ғы жы­л­ға қа­ра­ған­да %
15
Тап­шы­лық
16
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
17
Мұ­най емес, тап­шы­лық
18
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
19
Тү­сім­дер
20
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
21
Кі­рі­стер (транс­ферт­тер­ді есеп­те­ме­ген­де)
22
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
23
Са­лық­тық тү­сім­дер
24
Са­лық­тық емес тү­сім­дер
25
Негіз­гі ка­пи­тал­ды са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
26
Транс­ферт­тер тү­сім­де­рі
27
Ұлт­тық қор­дан ке­піл­ден­ді­рі­л­ген транс­ферт
28
ке­рі транс­ферт
29
бюд­жет­тік алып қо­ю­лар
30
Бюд­жет кре­дит­те­рін өтеу
31
Мем­ле­кет­тің қар­жы ак­тив­те­рін са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер
32
Шы­ғы­стар
33
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
34
Ал­дың­ғы жы­л­ға қа­ра­ған­да %
35
Тап­шы­лық
36
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
37
Мұ­най емес, тап­шы­лық
38
ЖІӨ-ге қа­ра­ған­да %
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖІӨ — жалпы ішкі өнім
ЖҚҚ - жалпы қосылған құн
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер
ҮИИДМБ - Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

2 Басым бағыттар бөлінісіндегі үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі

Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын
әзірлеу ережесіне
2-қосымша
Басым бағыттар бөлінісіндегі үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі
Ба­ғыт­тың ата­уы
Іс­ке асы­ру ке­зе­ңі
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі*
Жал­пы құ­ны (мың тең­ге)
Жос­пар­ла­на­тын жы­л­ға дей­ін бар­лы­ғы (мың тең­ге)
Жос­пар (мың тең­ге)
3-ші жос­пар­ла­на­тын жыл­дан кей­ін (мың тең­ге)
1-ші есеп­ті жы­л­ға дей­ін
1-ші есеп­ті жыл
2-ші жыл (ағым­да­ғы жыл­дың жос­па­ры)
1-ші жос­пар­ла­на­тын жыл
2-ші жос­пар­ла­на­тын жыл
3-ші жос­пар­ла­на­тын жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бар­лы­ғы:
* - жобаны қаржыландыру көздерін (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер) көрсете отырып
Мемлекеттік бағдарламалар бөлінісіндегі үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі
Ата­уы
ББӘ ата­уы
Іс­ке асы­ру ке­зе­ңі
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі*
Жал­пы құ­ны (мың тең­ге)
Жос­пар­ла­на­тын жы­л­ға дей­ін бар­лы­ғы (мың тең­ге)
Жос­пар (мың тең­ге)
3-ші жос­пар­ла­на­тын жыл­дан кей­ін (мың тең­ге)
1-ші есеп­ті жы­л­ға дей­ін
1-ші есеп­ті жыл
2-ші жыл (ағым­да­ғы жыл­дың жос­па­ры)
1-ші жос­пар­ла­на­тын жыл
2-ші жос­пар­ла­на­тын жыл
3-ші жос­пар­ла­на­тын жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Бар­лы­ғы:
1. Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар
Жиы­ны:
2. Жар­ғы­лық ка­пи­тал­ды ұл­ғай­ту ар­қы­лы жос­пар­ла­на­тын бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар
Жиы­ны:
3. Ны­са­на­лы да­му транс­ферт­те­рі
Жиы­ны:
4. Кре­дит бе­ру
Жиы­ны:
* - жобаны қаржыландыру көздерін (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер) көрсете отырып

Қолданыстағы