О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 53 «Об утверждении условий и минимальных требований к порядку предоставления информации поставщиками информации в кредитные бюро, Правил оформления согласия субъектов кредитных историй на предоставление информации о них в кредитные бюро (за исключением кредитного бюро с государственным участием), оформления согласия на выдачу кредитного отчета из кредитного бюро, а также Правил и услов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 53 «Об утверждении условий и минимальных требований к порядку предоставления информации поставщиками информации в кредитные бюро, Правил оформления согласия субъектов кредитных историй на предоставление информации о них в кредитные бюро (за исключением кредитного бюро с государственным участием), оформления согласия на выдачу кредитного отчета из кредитного бюро, а также Правил и услов
- Атауы (қаз.)
- «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгерісте
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 31.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2019 138113_437962.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019855
- ЭКБ идентификаторы
- 138113
- Редакция идентификаторы
- 138113_437962
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:41
0
«Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын,
сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген қаулымен бекітілген кредиттiк есептi беру қағидаларында және талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылатын кредиттiк есепті кредиттік бюро Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша оны алуға құқығы бар алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келісімі болғанда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді.».
2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы ___ ___________
№ ____ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
2-қосымша
Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк
бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда)
беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан
кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кредиттік тарих субъектiлерiнiң өздері туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) және кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмдерiн ресімдеу тәртібін айқындайды.
2 2. Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.
3
3. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келiсiмдерiн ақпаратты берушілер және алушылар Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына және құжаттарды сақтау тәртібін айқындайтын iшкi құжаттарға сәйкес сақтауға тиіс.
2 2-тарау. Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу тәртібі
4 4. Ақпарат берушi мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасау кезінде Заңның 18-бабының
1-тармағында көрсетілген ақпарат берушi кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн (бұдан әрі – ақпарат беруге келісім) алады.
5 5. Ақпарат беруге келісім еркін жазбаша нысанда қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1 1) ақпарат беруге келісімді ресімдеу күні;
2 2) кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер:
жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер;
заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат;
3 3) ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроға өзі туралы ақпаратты беруге келіскені туралы белгі;
4
4) ақпаратты беруге келісім қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда - жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың көшірмесі қоса беріліп, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі ақпаратты беру келісіміне қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;
5 5) ақпаратты беру қағаз тасымалдағышта ресімделген жағдайда –ақпаратты беруге келісім алған ақпарат берушінің атауы, ақпаратты беруге келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.
Ақпаратты беруге келісім электрондық нысанда ұсынылған жағдайда осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген қолтаңбалардың болуы талап етілмейді.
6 6. Ақпаратты беруге электрондық нысандағы келісім мына тәсілдердің біреуі:
1 1) кредиттік тарих субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы;
2 2) ақпарат беруші жасайтын және жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісіне ақпарат берушінің ішкі құжаттарында белгіленген, мыналарды қамтитын:
біржолғы кодты берудің пайдаланылатын арнасы үшінші тұлғалардың ақпаратты ұстап қалуынан қорғауды қамтамасыз ететін;
кодтарды генерациялау алгоритмі үшінші тұлғаларға арналған әрбір жаңа кодтың болжауға келмейтіндігін қамтамасыз ететін;
код бір реттен артық пайдаланылмайтын;
рұқсаттың әрбір сұратуы мен жауап нәтижесі туралы тұтастықты бақылаумен ақпараттың сақталуы қамтамасыз етілетін (сұратудың нақты уақыты, сұратудағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, сұратуда берілген код, кредиттік тарих субъектісінен алынатын жауаптың дәл уақыты, жауаптағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, кредиттік тарих субъектісі қайтарған код, кредиттік тарих субъектісі туралы деректерді ұсыну және (немесе) алу туралы ақпараттың кредиттік тарих субъектісінен рұқсат сұрату және алынған жауап туралы ақпаратпен дәлме-дәл сәйкес келуі) қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жіберілетін біржолғы кодты қолдана отырып, екі факторлық бірдейлендіру арқылы расталады.
Ақпаратты жеткізушінің қауіпсіздік рәсімдеріне ақпаратты жеткізушінің ішкі қағидаларында белгіленген қосымша талаптарды енгізуіне жол беріледі.
3 3-тарау. Кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресімдеу тәртібі
7
7. Ақпарат берушi мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасауға өтінішті қарау кезінде Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушi кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн (бұдан әрі – кредиттiк есептi беруге келісім) алады.
8 8. Кредиттiк есептi беруге келiсiм еркін жазбаша нысанда қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1 1) кредиттiк есептi беруге келісімді ресімдеу күні;
2 2) кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер:
жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер;
заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат;
3 3) болашақта түсетін деректерді қоса алғанда, кредиттiк есептi беруге келіскені туралы белгі;
4
4) кредиттiк есептi беруге келісім қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда - жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың көшірмесі қоса беріліп, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі кредиттiк есептi беру келісіміне қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;
5 5) кредиттiк есептi беруге келісім қағаз тасымалдағышта қабылданған жағдайда – кредиттiк есептi беруге келісім алған ақпарат алушының атауы, кредиттiк есептi беруге келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.
Кредиттiк есептi беруге келісім электрондық нысанда ұсынылған жағдайда осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген қолтаңбалардың болуы талап етілмейді.
9 9. Кредиттiк есептi беруге электрондық нысандағы келісім мына тәсілдердің біреуі:
1 1) кредиттік тарих субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы;
2 2) ақпарат беруші жасайтын және жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісіне ақпарат берушінің ішкі құжаттарында белгіленген, мыналарды қамтитын:
біржолғы кодты берудің пайдаланылатын арнасы үшінші тұлғалардың ақпаратты ұстап қалуынан қорғауды қамтамасыз ететін;
кодтарды генерациялау алгоритмі үшінші тұлғаларға арналған әрбір жаңа кодтың болжауға келмейтіндігін қамтамасыз ететін;
код бір реттен артық пайдаланылмайтын;
рұқсаттың әрбір сұратуы мен жауап нәтижесі туралы тұтастықты бақылаумен ақпараттың сақталуы қамтамасыз етілетін (сұратудың нақты уақыты, сұратудағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, сұратуда берілген код, кредиттік тарих субъектісінен алынатын жауаптың дәл уақыты, жауаптағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, кредиттік тарих субъектісі қайтарған код, кредиттік тарих субъектісі туралы деректерді ұсыну және (немесе) алу туралы ақпараттың рұқсат сұрату және кредиттік тарих субъектісінен алынған жауап туралы ақпаратпен дәлме-дәл сәйкес келуі) қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жіберілетін біржолғы кодты қолдана отырып, екі факторлық бірдейлендіру арқылы расталады.
Ақпаратты жеткізушінің қауіпсіздік рәсімдеріне ақпаратты жеткізушінің ішкі қағидаларында белгіленген қосымша талаптарды енгізуіне жол беріледі.