О внесении изменений в решение Каратобинского районного маслихата от 27 марта 2018 года № 17-7 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Каратобинского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Каратобинского районного маслихата от 27 марта 2018 года № 17-7 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Каратобинского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 ««Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-11
- Қабылданған күні
- 27.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2024 167111_704145.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ZI01611M
- ЭКБ идентификаторы
- 167111
- Редакция идентификаторы
- 167111_704145
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:15
0 Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 ««Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 ««Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген «Қаратөбе аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы әдістеменің 39-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
41-тармақ алынып тасталсын.