Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 27 марта 2018 года № 56 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Атырауской области»

Қаулы · № 22 · қабылданған 10.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2018-no-56/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 27 марта 2018 года № 56 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Атырауской области» Күшін жойған 25.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 27 марта 2018 года № 56 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Атырауской области»

Күшін жойған Қаулы № 22 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 27 марта 2018 года № 56 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Атырауской области»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 56 «Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
10.02.2022
Көрсетілген редакция
25.04.2023 164467_627414.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22T000022A
ЭКБ идентификаторы
164467
Редакция идентификаторы
164467_627414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:31
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 56 «Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 56 «Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
1) 5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
2) 41-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
3) 42-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ә.Исақовқа жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.