Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел от 27 марта 2020 года № 256 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в пределах специального государственного архива Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальных подразделений»

Бұйрық · № 402 · қабылданған 30.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2020-no-256-ekb-168304/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел от 27 марта 2020 года № 256 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в пределах специального государственного архива Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальных подразделений» Қолданыста Бұйрық ·№ 402 ·30.05.2022
30.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел от 27 марта 2020 года № 256 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в пределах специального государственного архива Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальных подразделений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 402 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел от 27 марта 2020 года № 256 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в пределах специального государственного архива Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальных подразделений»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
402
Қабылданған күні
30.05.2022
Көрсетілген редакция
30.05.2022 168304_577144.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028274
ЭКБ идентификаторы
168304
Редакция идентификаторы
168304_577144
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:39

0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің
шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20270 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидаларында:
6 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратылған ақпаратты архивтік қорлар (қағаз түрінде) бойынша іздеуді 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші сұратылған мәліметтер анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышта архивтік анықтаманы және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін дайындайды, оған басшы қол қояды, кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, немесе почталық байланыс арқылы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.
Мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қанағаттанарлық нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мекенжайына келіп түскен шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жолданады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидаларының 3-қосымшасында:
Реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
Ар­хив­тік анық­та­ма және/неме­се ар­хив­тік құ­жат­тың кө­шір­ме­сі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: қа­ғаз жү­зін­де.
»;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) құ­жат­тар­дың дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау.
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рін жой­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін қай­та жү­гіне ала­ды.
»;
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
2022 жылғы «____» _________

1 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 402
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы «27» наурыздағы
№ 256 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.

2

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ішкі істер министрлігі, Министрліктің аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) арнаулы мемлекеттік архив – «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;

2 2) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;

3 3) архивтік көшірме – архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;

4 4) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;

5 5) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;

6 6) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;

7 7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

8 8) апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

4

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті береді.

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында жазылған.

6 6. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы нөмірі мен мерзімін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімін көрсете отырып, қолхат береді.

Мемлекеттік корпорацияға құжат қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорация, немесе портал арқылы түскен өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға береді (17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

7 7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салуды қарау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен күні қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қарауға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

9

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінгенде осы Қағидаларға сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің болмауы жағдайында, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестікке келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын талаптарға сәйкестікке келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

10

10. Көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, апостиль мөртабанын қояды, апостиль мөртабанына елтаңбалық мөр басып, Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабын толтырады. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, немесе почталық байланыс арқылы, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.
Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

11

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.

12 12. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.

13 13. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері қолхат негізінде және жеке басын куәландыратын құжатты, немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты, және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

14

14. Мемлекеттік корпорация нәтижені 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

15 15. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мекенжайына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жолданады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1.1 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

«Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, аумақ­тық бө­лі­ні­сте­рі, оқу орын­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» Ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция)
3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі - 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні.
Құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
Құ­жат­тар­ды алу үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі өт­кен­ге дей­ін бір тәу­лік­тен ке­шік­тір­мей Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) неме­се қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
Апо­стиль қой­ы­л­ған ар­хив­тік анық­та­ма­лар, ар­хив­тік құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: қа­ғаз жү­зін­де.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу әді­сте­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін мем­ле­кет­тік баж 2017 жы­л­ғы 25 жел­тоқ­сан­да­ғы «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» (Са­лық ко­дек­сі) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ко­дек­сі­нің 615-ба­бы­на сәй­кес алы­на­ды, ол мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ген кү­ні бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­ше­рі­нен 50 пай­ы­зын құ­рай­ды.
Мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз, ке­зек тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды;
3) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш біл­дір­ген кез­де, 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің – www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның – www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
3) www.​egov.​kz пор­та­лын­да.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (неме­се оның се­нім­хат бой­ын­ша өкі­лі­нің) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш біл­дір­ген кез­де:
1) өті­ніш;
2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­ла­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі ар­найы мем­ле­кет­тік ар­хи­ві­нен және оның аумақ­тық бө­лі­ні­сте­рі­нің шы­ға­тын ре­сми құ­жат;
3) егер мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мүд­де­сін үшін­ші тұл­ға біл­дір­ген жағ­дай­да но­та­ри­ал­дық ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін);
4) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ге­ні үшін мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат («элек­трон­ды үкі­мет» пор­та­лы­ның шлю­зі ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да (бұ­дан әрі - ЭҮПШ).
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (ЭҮПШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­ды цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш;
2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі);
3) мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі) (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да).
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) құ­жат­тар­дың дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рін жой­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін қай­та жү­гіне ала­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­ді элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
Ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты­лы­ғы бұ­зы­л­ған, өзін-өзі қа­рап кү­ту, өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­лай алу қа­бі­ле­ті­нен неме­се мүм­кін­ді­гі­нен то­лық неме­се іші­на­ра ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы бой­ын­ша жү­гі­ну ар­қы­лы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі құ­жат­тар­ды қа­был­дау үшін тұр­ғы­лық­ты же­ріне шы­ға оты­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі ар­қы­лы, сон­дай-ақ қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

1.2 Өтініш

«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына
2-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті берушінің
атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) тұрғылықты жері
(жеке тұлға үшін)/заңды
мекенжайы (заңды тұлға үшін):
Байланыс телефоны:____________
ЖСН:________________________
Өтініш
Арнайы мемлекеттік архив берген
________________________________________________________________________________
(архивтік анықтамалардың және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелеріне) апостиль мөртаңбасын қоюды сұраймын.
Қосымша:

1 1) ________________________________________;

2 2) ________________________________________;

3 3) ________________________________________.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 __ жылғы «___»_______________ ___________ (қолы).

1.3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына
3-қосымша
Нысан
________________________
көрсетілетін қызметті
алушының (тегі, аты, әкесінің
аты
(ол болған кезде), не
көрсетілетін қызметті алушы
ұйымның атауы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:

1 1)________________________________;

2 2) ________________________________;

3 3) _________________________________.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Күні
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
________________________________________________
Тел._________________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __жылғы «__» ____________

Қолданыстағы