О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 марта 1999 года № 54 "Об утверждении Инструкции об обязательной продаже выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 марта 1999 года № 54 "Об утверждении Инструкции об обязательной продаже выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг)"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 23.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2008 AI22720_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003391_
- ЭКБ идентификаторы
- 22720
- Редакция идентификаторы
- AI22720_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:20
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 28 наурыздағы № 54 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 724 тіркелген, 1999 жылғы 6 сәуірде "Казахстанская правда" газетінде № 63 (22780), 1999 жылғы 15-28 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарының № 6 (150) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 63 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 728 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 сәуірдегі № 74 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 734 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 мамырдағы № 121 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 809 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықта:
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын;
№ 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
1 "Тауар (жұмыс, қызмет)
экспортынан шетел
валютасымен түскен
түсiмдi мiндеттi түрде
сату туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
Банкке __________________________________ Сіздің ұйымның пайдасына
(күні, айы, жылы)
________________________________________ сомасындағы қаражат түсті,
(валютамен: сандармен және жазумен)
ол біздің банктегі Сіздің № _____ шотқа есепке алынды. Банкке 2
жұмыс күні ішінде экспорттық валюта түсімін міндетті сатуды және
қалған соманы Сіздің ағымдағы валюта шотына есепке алуды жүзеге
асыруға тапсырма ұсынуды сұраймыз.
Сіздің ұйым валюта биржасында валюта сатуға тапсырма
ұсынбаған кезде банкке түскен күннен бастап 5 жұмыс күні өткеннен
кейін уәкілетті банк валюталық бақылау агенті ретінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы
№ 54 қаулысымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел
валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықтың
12-тармағына сәйкес валюта түсімінің бір бөлігін міндетті түрде
сатуды жүзеге асырады.
Уәкілетті банктің
жауапты орындаушысы
Мөрдің орны Қолы";
№ 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
2 Мәліметтер мың валюта бірлігімен
"Тауар (жұмыс, қызмет)
экспортынан шетел
валютасымен түскен
түсiмдi мiндеттi түрде
сату туралы нұсқаулыққа
2-қосымша есеп беру
нысаны - апта сайын
келесі аптаның 2-жұмыс
күнінен кешіктірмей
_____ жылғы "__" бастап "__" дейінгі _______________
есепті аптада түскен валюталық түсімнің сомалары туралы
Мәліметтер
мың валюта бірлігімен
№
Валюта түрі
Ағымдағы кезеңде
түскен шетел
валютасының сомасы
Міндетті түрде
сатылатын валюталық түсімнің
сомасы
бірегейлендірілмеген
соманы
Банктің
транзиттік
шотына
ұйымның
транзиттік
шотына
өткен
кезеңдерде
түскен,
бірақ
сатылмаған
есепті
кезеңде
түскен
I
II
III
IV
V
VI
1
Ағылшын фунт
стерлингі
2
АҚШ доллары
3
Еуро
4
Швейцар франкі
5
Жапон йенасы
6
Ресей рублі
7
Басқалары
8
Қазақстан Респу-
бликасы Ұлттық
Банкінің шетел
валюталарының
орташа бағамына
қайта есептеу
бойынша мың АҚШ
долларындағы
барлығы
кестенің жалғасы
Сатылған валюталық түсімнің сомасы
Ұйымның
ағымдағы
валюталық
шотына
есепке
алынған
валюта
сомасы
барлығы
валюта
биржасында
сатылғаны
биржадан тыс
сатылғаны
өткен
кезеңдерде
түскеннен,
бірақ
сатыл-
маған
есепті
кезеңде
түскеннен
оның
ішінде
Ұлттық
Банкке
басқа-
ларына
VII
VIII
IX
X
XI
XII
2-Қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
Бағанның
№
Мақсаты
I
Реті бойынша нөмірі
II
Валютаның атауы
III
Ұйымдар алатын шетел валютасындағы сомалар,
түскен төлемдерді бірегейлендіруге мүмкіндік
бермейтін, оның ішінде келісім-шарттар бойынша
түсімдерді қоспағанда мәміленің нақты паспорты
бойынша, төлем құжаттарының, басқа банктер ресім-
деген, тиісті банктерге аударылатын мәмілелердің
паспортының деректемелері көрсетіледі.
IV
Есепті кезеңде түскен бірегейлендірілген
валюта түсімінің сомалары.
V
Өткен кезеңдердің валюта түсімінің сатылмаған
бөлігінің осы есепті кезеңде сатылуға тиісті
сомасы көрсетіледі.
Мысалы:
Өткен кезеңде міндетті түрде сатылатын түсімнің
сомасы 50 000 USD құрады, бірақ тек 30 000 USD
ғана сатылды, осы бағанда осы сомалардың
арасындағы айырма - 20 000 USD қойылуы тиіс.
VI
Осы кезеңде түскен таза валюта түсімінің
50% құрайтын сома көрсетіледі.
Мысалы:
Валюта түсімінің толық көлемі - 100 000 USD;
Бағанға міндетті түрде сатылатын, 50% құрайтын
сома - 50 000 USD жазылады.
VII
Сатылған, өткен кезеңдерде түскен және сатылмаған
валюта түсімінің сомасы көрсетіледі.
VIII
Есепті кезеңде түскен, нақты сатылған түсімнің
сомасы көрсетіледі.
IX
Түскен уақытына қарамастан есепті кезеңде валюта
биржасында нақты сатылған түсімнің сомасы
көрсетіледі.
X
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған
бағам бойынша түскен уақытына қарамастан есепті
кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
нақты сатылған түсімнің сомасы көрсетіледі.
XI
Коммерциялық Банкке нақты сатылған түсімнің, оның
есепті кезеңде түскеніне қарамастан, уәкілетті
Банк дербес сатып алған, және т.с. сомасы
көрсетіледі.
XII
Валюталық түсімнің толық көлемінің 50% міндетті
түрде сатылғаннан кейін экспортер ұйымдардың
ағымдағы валюта шоттарына есепке алынған
валюталық түсімнің сомасы көрсетіледі.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн ішінде қолданысқа енеді.
3 3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.