Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 444 и исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 сентября 2012 года № 373-ө-м "Об утверждении Национальной рамки квалификаций"

Бұйрық · № 665-ө-м · қабылданған 18.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2012-no-444-24-2012-no-373/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 444 и исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 сентября 2012 года № 373-ө-м "Об утверждении Национальной рамки квалификаций" Күшін жойған Бұйрық ·№ 665-ө-м ·18.12.2013
09.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 444 и исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 сентября 2012 года № 373-ө-м "Об утверждении Национальной рамки квалификаций"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 665-ө-м · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2012 года № 444 и исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 сентября 2012 года № 373-ө-м "Об утверждении Национальной рамки квалификаций"
Атауы (қаз.)
"Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
665-ө-м
Қабылданған күні
18.12.2013
Көрсетілген редакция
09.11.2015 AI78529_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009141
ЭКБ идентификаторы
78529
Редакция идентификаторы
AI78529_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:31

0

"Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8022 тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашадағы № 771-775 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңбері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (Оспанов А.А.) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Еңбек және халықты
министрі әлеуметтік қорғау министрі
_______________ А.Сәрінжіпов ______________ Т. Дүйсенова

0 Ұлттық біліктілік шеңбері

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 10 қаңтардағы
№ 6 және
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 665 ө-м бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 444 және Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін атқарушының
2013 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 373-ө-м бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық біліктілік шеңбері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған білім деңгейлеріне сәйкес келеді.

2

2. ҰБШ салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін жалпы кәсіби құзыреттердің біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шәкілін айқындайды. ҰБШ құзыреттердің және біліктіліктердің салааралық салыстырмалығын қамтамасыз ете отырып, мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.

3 3. ҰБШ-да нәтижелердің жиынтық сипаттамасы келтіріледі, нақтылау салалық біліктілік шеңберінде, кәсіби стандарттарда жүзеге асырылады.

4 4. ҰБШ пайдаланушылардың әртүрлі топтарына (азаматтарға, жұмыс берушілерге, білім беру органдарына) арналған және:

1 1) бірыңғай әдістемелік негізде кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеуге;

2 2) мамандардың және оқу орындарын бітірушілердің біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;

3 3) кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге мүмкіндік береді.

5 5. Осы ҰБШ-да қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1 1) біліктілік – қызметкердің нақты жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыс күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін білдіретін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;

4 4) дағды – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының жиынтығынан құралған және оларды орындауға қажетті құзыреттердің кәсіби қызмет саласының бөлігі;

6 6) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттерінің ұқсас жиынтығын қамтамасыз ететін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

7 7) еңбек функциясы – бизнес процесс айқындайтын еңбек іс-әрекеттерінің интеграцияланған және салыстырмалы түрде автономды жиынтықты білдіретін және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіліктің болуын қамтамасыз ететін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;

8 8) кәсіби міндет – еңбек функциясын іске асырумен және кәсіби қызметтің белгілі бір саласында қажетті нәтижеге қол жеткізумен байланысты әрекеттер туралы нормативтік түсінік;

9 9) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

10 10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;

11 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, біліктілігі мен дағдысын қолдану қабілеті;

12 12) ҰБШ – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

13 13) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

14 14) функционалдық карта – кәсіби қызметтің осы немесе өзге саласының шеңберінде қызметкер орындайтын белгілі бір қызмет түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2 2. Осы Ұлттық біліктілік шеңбері құрылымы

6 6. Ұлттық біліктілік шеңбері осы ҰБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық біліктілік шеңбері құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылымды білдіреді.

7 7. ҰБШ-ны әзірлеу кезінде үздіксіздік және сабақтастық қағидаттары, қызметкерлердің құзыреттеріне, білігіне, дағдылары мен біліміне (бірінші деңгейден сегізінші біліктілік деңгейіне дейін) қойылатын талаптарды жүйелі арттыру пайдаланылды.

8 8. Қызметкердің жеке және кәсіби құзыреттері, білігі, дағдылары мен білімі орындалатын қызмет сапасының деңгейін және нәтижелерін айқындайды.

Қызметкерлер кәсіби қызмет жүйесіндегі орнына байланысты өкілеттік пен жауапкершіліктің шеңбері әртүрлі. Қызметкерлердің қызметі жетекшілікте, өз бетінше (орындаушылық қызмет) жүзеге асырылады немесе басқа қызметкерлердің қызметін басқаруды болжайды.
Дағдылары мен білімі кәсіби қызметтегі өзара іс-әрекеттің белгілі жағдайларында қызметкердің осы немесе өзге де нақтылайтын құзыреттерінің жеке сипаттамаларына жатады.
Әрбір біліктілік деңгейінің құзыреттері мынадай негізгі критерийлер: дербестік, жауапкершілік және орындалатын жұмыстың күрделілігінің дәрежелері бойынша бағаланады.
Кәсіби қызметтің негізін жаңа құзыреттерді қалыптастыру немесе барын жаңартуды қамтамасыз етуді, қоғамда және еңбек нарығындағы өзгеріп тұратын ахуалға оның бейімделуін қамтамасыз ететін қызметкердің жеке және кәсіби құзыреттері құрайды. Қызметкерлердің бойында нарықтық қатынастары жағдайында өздігінше байқау, бақылау, тәртіп, түзету, бағалау, ұйымдастыру, басқару, қамтамасыз ету сияқты жалпы кәсіби құзыреттер болуға тиіс.

9

9. Біліктілік пен құзыреттер адамның белгілі бір білім бағдарламасын игеруі және/немесе кәсіби практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады. Біліктілікті арттыру немесе оның қызметінің бейінін (кәсібін) өзгерту үшін қызметкерлер қосымша білім бағдарламалары бойынша әртүрлі оқу орындарында оқуға мүмкіндіктері бар. Оқу орындарын, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру курстарын бітіргеннен кейін қызметкерлер біліктілікті растау және оны беретін тәуелсіз орталықтарда өзінің кәсіби деңгейін тәжірибелік тексеру рәсімдерінен өтеді.
Оқу, білім алу, жұмыстың практикалық тәжірибесімен байланысты біліктілік деңгейлеріне қол жеткізу жолдарының нұсқалары осы ҰБШ-ға 2-қосымшада ұсынылған.

1 Ұлттық біліктілік шеңберінің құрылымы

Ұлттық біліктілік шеңберіне
1-қосымша
Ұлттық біліктілік шеңберінің құрылымы
Бі­лік­ті­лік дең­гейі
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Бі­лік­тер мен дағ­ды­лар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Бі­лім­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
1
2
3
4
1
Бі­лік­ті­лі­гі ана­ғұр­лым жо­ға­ры дең­гей­де­гi ма­ман­ның (тә­лім­гер­дің) же­тек­ші­лі­гі­мен нор­ма­лар­ды іс­ке  асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық  іс-әре­кет
Қа­ра­пай­ым тә­жі­ри­бе­лік тап­сыр­ма­лар­ды тың­дай­ды, тү­сі­не­ді, орын­дай­ды, тә­лім­гер­дің жұ­мысын ба­қы­лай­ды, тә­лім­гер­ге қо­сым­ша жұ­мыс көр­се­те­ді
Ең­бек мәні, оны қай­та құ­ру про­це­сі және ти­іс­ті орын­да­у­шы­лық іс-әре­кет­тер топ­та­ма­сы ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім
2
Шек­тел­ген жа­у­ап­кер­ші­лiк пен дер­бес­тiк­тің бел­гiлi дә­ре­же­сін қам­та­ма­сыз ете­тін же­тек­ші­лік­те нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Жұ­мыс тә­сі­лін кар­та және нұс­қа­улық негі­зін­де таң­дай­ды, күр­де­лі емес үл­гі­лік тә­жі­ри­бе­лік тап­сыр­ма­лар­ды және жұ­мыстар­ды орын­дай­ды
Ең­бек мәні, оны өзгер­ту про­це­сте­рі қа­ра­пай­ым үл­гі­лік мін­дет­тер­ді орын­да­уда нәти­же­ге қол жет­кі­зу құ­рал­да­ры мен тә­сіл­де­рі ту­ра­лы, орын­да­у­шы­лық қыз­мет­тің ре­флек­си­я­сы ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім
3
Өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды көз­дей­тін, же­тек­ші­лік­тен ор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет, қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­да­у­ға жа­у­ап­ты­лық
Қой­ы­л­ған нор­ма­ны орын­дау тә­сіл­де­рін, ең­бек мәні мен құ­рал­да­рын өз бе­тін­ше ай­қын­дай­ды,қа­ра­пай­ым жұ­мыстар­ды орын­да­уда ше­шім қа­был­дай­ды
Ең­бек мәнін тех­но­ло­ги­я­лық өзгер­ту, жос­пар­лау және ұй­ым­да­сты­ру, кә­сі­би қыз­мет­тің үл­гі­лік жағ­дай­ла­рын­да­ғы мін­дет­тер­ді өз бе­тін­ше орын­дау ту­ра­лы бі­лім
4
Ба­ғы­ны­сты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз бе­тін­ше бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және олар­ды іс­ке асы­ру­ды көз­дей­тін, же­тек­ші­лік­те нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет, нәти­же­ге жа­у­ап­ты­лық
Алын­ған тап­сыр­ма­лар­ды нақ­ты­лай­ды, ба­ғы­ны­сты­лар­ға мін­дет­те­рін бел­гі­лей­ді, қыз­мет­те­рі­нің нәти­же­ле­рін ба­ға­лай­ды, же­тіс­пей­тін бі­лі­мі мен дағ­ды­ла­рын ай­қын­дай­ды, қол астын­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің кә­сі­би ше­бер­лі­гін арт­ты­ру­ға ын­та­лан­ды­ра­ды
Кә­сі­би мін­дет­тер­ді қою және ше­шу амал­да­ры, қа­ғи­да­ла­ры және тә­сіл­де­рі ту­ра­лы, қа­рым-қа­ты­нас эти­ка­сы мен пси­хо­ло­ги­я­сы, ой­лау және қыз­мет ре­флек­си­я­ла­ры, ең­бек уәж­де­ме­сі­нің және ең­бек­ті ын­та­лан­ды­ру тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
5
Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс учас­ке­сі және кә­сі­по­рын қыз­ме­ті­нің стра­те­ги­я­сы шең­бе­рін­де­гі, соң­ғы нәти­же­ге қол жет­кі­зу­ді бо­лжам­дай­тын бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Жағ­дай­ды дер­бес тал­дай­ды, ше­шім­дер қа­был­дай­ды және олар­дың іс­ке асы­ры­луы­на жағ­дай жа­сай­ды, бас­қа­ру­шы­лық және орын­да­у­шы­лық кә­сі­би ше­бер­лік­ті арт­ты­ра­тын ко­ман­да­лық жұ­мыс кон­текст­ін­де қыз­мет­ті ба­қы­лай­ды, бас­қа­ру­шы­лық және орын­да­у­шы­лық кә­сі­би­лік­ті іл­ге­рі­ле­тіп арт­ты­ру
Кә­сі­би жағ­дай­лар­ды жүй­е­лік тал­дау және жо­ба­лау әдіс­на­ма­сы, бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­дер­ді қа­был­дау тә­сіл­де­рі ту­ра­лы, ұжым және ко­ман­да құ­ру ту­ра­лы бі­лім
6
Жұ­мысты бас­қа учас­ке­лер­мен ке­лі­су­ді көз­дей­тін кә­сі­по­рын қыз­ме­ті­нің шең­бе­рін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет, қыз­мет­кер­лер­дің кә­сі­би ше­бер­лі­гін арт­ты­ру­ға және нәти­же­ге қол жет­кізу­ге жа­у­ап­ты­лық
Әле­умет­тік және кә­сі­би жо­ға­ры күр­де­лі жағ­дай­лар­да ше­шім­дер қа­был­дай­ды, өзін-өзі бас­қа­ру мә­де­ни­е­тін сақ­тай­ды, ком­му­ни­ка­ци­я­ны ұй­ым­да­сты­ра­ды және көз­қа­рас­тар­ға ке­лі­сім жа­сай­ды, нәти­же­лер­ді ре­сім­деу және та­ны­сты­ру, за­ма­на­уи бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер­ді және тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну
Күр­де­лі әле­умет­тік және кә­сі­би жағ­дай­лар­ды бір­ле­сіп тал­дау, жо­ба­лау және ше­шім­дер қа­был­дау әдіс­на­ма­сы, ком­му­ни­ка­ция және көз­қа­рас­тар­ға ке­лі­сім жа­сау, тал­дау және жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сын ре­сім­деу және та­ны­сты­ру тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
7
Өңір­лік және са­ла­лық ауқым­да­ғы құ­ры­лым­дар­дың жұ­мыс іс­теу және да­му стра­те­ги­я­ла­рын құ­ру­ды, оны іс­ке асы­ру жағ­дай­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­тін бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет, нәти­же­ге қол жет­кізу­ге жа­у­ап­ты­лық
Мін­дет­тер мен про­бле­ма­лар­ды жүй­е­лік ше­шу­де, қыз­мет тұ­жы­рым­да­ма­ла­ры мен стра­те­ги­я­ла­рын құ­ру­да ше­шім қа­был­дай­ды және ол үшін өзіне жа­у­ап­кер­ші­лік ала­ды
Қыз­мет пен қыз­мет­кер­лер­дің өза­ра әре­кет­те­су­і­нің тұ­жы­рым­да­ма­ла­рын, стра­те­ги­я­ла­рын, функ­ци­о­нал­дық мо­дель­де­рін құ­ру әдіс­на­ма­сы ту­ра­лы, ак­мео­ло­ги­я­лық амал­дар­ды қол­да­ну ар­қы­лы мін­дет­тер мен про­бле­ма­лар­ды қою және жүй­е­лік ше­шу тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
8
Мем­ле­кет­тік ауқым­да­ғы ірі ин­сти­ту­ци­о­нал­дық құ­ры­лым­дар­дың жұ­мыс іс­теу және да­му стра­те­ги­я­ла­рын құ­ру­ды, оны іс­ке асы­ру жағ­дай­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­тін бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет, нәти­же­ге қол жет­кізу­ге жа­у­ап­ты­лық
Эко­ло­ги­я­лық және стра­те­ги­я­лық ой­лау қа­бі­ле­тін, ло­ги­ка­лық әді­стер­ді қол­да­на оты­рып өза­ра ти­ім­ді ше­шім қа­был­дай­ды, кә­сі­би қыз­мет пен өза­ра әре­кет­те­су мо­дель­де­рін құ­ру және оның жұ­мыс іс­теу үл­гі­сі мен дағ­ды­ла­рын көр­се­те­ді және ол үшін өзіне жа­у­ап­кер­ші­лік ала­ды
Қыз­мет пен өза­ра әре­кет­те­су­дің ко­опе­ра­тив­тік жүй­е­сін құ­ру, мак­ро­әле­умет­тік және мак­ро­эко­но­ми­ка­лық жүй­е­лер­ді мо­дель­деу, бас­қа­ру және әдіс­на­ма­сы ту­ра­лы бі­лім

2 Тиісті біліктілік деңгейіне қол жеткізу жолдары

Ұлттық біліктілік шеңберіне
2-қосымша
Тиісті біліктілік деңгейіне қол жеткізу жолдары
Бі­лік­ті лік дең­гейі
Ти­іс­ті бі­лік­ті­лік дең­гей­іне қол жет­кі­зу жол­да­ры
1
Ба­ста­уы­штан кем емес негіз­гі ор­та бі­лі­мі бо­луы, қы­сқа мер­зім­ді кур­стар және/неме­се жұ­мыс ор­нын­да қы­сқа мер­зім­ді оқы­ту (нұс­қау).
2
Негіз­гі ор­та бі­лім­нен кем емес жал­пы ор­та бі­лі­мі болған кез­де прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би да­яр­лау (бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі негі­зін­де қы­сқа мер­зім­ді кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би да­яр­лау (бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рі­нің негі­зін­де бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
Жал­пы ор­та бі­лім неме­се негіз­гі ор­та бі­лім­нің негі­зін­де тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім неме­се прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз жал­пы ор­та бі­лім болған кез­де.
4
Негіз­гі ор­та бі­лім­нің негі­зін­де тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім болған кез­де және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­нің үш жыл­дан кем емес бо­луы
Жо­ға­ры дә­ре­же­лі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық неме­се ор­та­дан кей­ін­гі бі­лім) прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­нің бо­луы та­лап етіл­мей­ді.
5
Тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (неме­се ор­та­дан кей­ін­гі бі­лім) прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе неме­се жо­ға­ры бі­лім, қо­сым­ша кә­сі­би бі­лім бе­ре­тін бағ­дар­ла­ма­лар, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­нің бо­луы та­лап етіл­мей­ді.
6
Жо­ға­ры бі­лім. Ба­ка­лаври­ат, ре­зи­ден­ту­ра, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
7
Жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім. Ма­ги­стра­ту­ра (ба­ка­лаври­ат бағ­дар­ла­ма­сын иге­ру негі­зін­де), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. Ба­ка­лаври­ат және қо­сым­ша кә­сі­би бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
8
Жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім (ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ги­стр­дің ака­де­ми­я­лық дә­ре­же­сін алу­ға апа­ра­тын бағ­дар­ла­ма­лар, (PhD) фи­ло­со­фия док­тор­ла­ры және бей­і­ні жө­нін­де­гі док­тор­лар және/неме­се прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе). Ма­ги­стр­ді неме­се ма­ман­ды дай­ын­да­удың иге­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­сы, қо­сым­ша кә­сі­би бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және са­ла­лық, са­ла­ара­лық, ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де қо­ғам­дық кә­сі­би та­ны­лу. PhD док­то­ран­ту­ра­сы, PhD док­то­ры­ның ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лым кан­ди­да­ты, ғы­лым док­то­ры, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.

Қолданыстағы