О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 28 марта 2018 года № 17-5 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Акжаикского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 28 марта 2018 года № 17-5 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Акжаикского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-2
- Қабылданған күні
- 18.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2024 185256_706429.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23ZB00052M
- ЭКБ идентификаторы
- 185256
- Редакция идентификаторы
- 185256_706429
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:16
0 «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақжайық аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
5
«5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 4 – тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.»;
8 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8 «8. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.»;
11 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын: