Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2010 года № 385 "Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость"

Бұйрық · № 350 · қабылданған 25.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2010-no-385/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2010 года № 385 "Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость" Күшін жойған Бұйрық ·№ 350 ·25.07.2012
15.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2010 года № 385 "Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 350 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2010 года № 385 "Об утверждении Инструкции по применению Системы управления рисками в целях возврата превышения налога на добавленную стоимость"
Атауы (қаз.)
"Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
350
Қабылданған күні
25.07.2012
Көрсетілген редакция
15.04.2013 AI67169_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007849
ЭКБ идентификаторы
67169
Редакция идентификаторы
AI67169_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:45

0 "Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тетігін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 6398 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 234 (26295) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
Осы аталған бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы (бұдан әрі - Нұсқаулық):
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Талдамалық есептің нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда, ҚҚС артық сомасын қайтару тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарының анықталуына байланысты, қайтаруға жатпайтын ҚҚС артық сомасына азайтылған, қайтаруға қойылған сомалардың шегінде жүргізіледі.
Бұл ретте, қайтаруға жататын ҚҚС артық сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
1) салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді;
2) мына сомалардың ең азы белгіленеді:
осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы
және
тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы;
3) қайтаруға ұсынылған ҚҚС артық сомасынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіпте айқындалған ҚҚС сомасы шегеріледі.
Қайтаруға жатқызылған ҚҚС артық сомасын айқындау мысалдары осы Нұсқаулықтың 5, 6-қосымшаларында келтірілген.»;
«12. ҚҚС артықшылығының қалған сомасын қайтару Салық кодексінің 635-бабының 10-тармағында және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің осы соманы келесі салық кезеңіндегі ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген қайтару туралы талабына енгізу және (немесе) бұзушылықтары жойылған тиісті салық кезеңіндегі ҚҚС артықшылығын қайтару туралы салық өтінішін ұсыну жолымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарын жоюына қарай жүргізіледі. Бұл ретте, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тексеруді жүргізуге жауапты салық органының лауазымды тұлғасы міндетті түрде осындай жеткізушілер бойынша талдамалық есептің нәтижелерін талдайды.»;
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулық, осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық, бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Қосылған құн салығының артуын қайтару туралы талаптарды (салықтық өтініштерді) қарау кезінде салық қызметі органдары қолдануы тиіс тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 25 шілдедегі
№ 350 бұйрығына
1-қосымша
Қосылған құн салығының
артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Қосылған құн салығының артуын қайтару туралы талаптарды (салықтық өтініштерді) қарау кезінде салық қызметі органдары қолдануы тиіс тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері
№№
р.с.
Өл­шем­дер­дің ата­уы
Балл са­ны
1.
Соң­ғы күн­тіз­бе­лік жы­л­ға Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша қа­лып­тас­қан са­лық жүк­те­ме­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің (бұ­дан әрі - СЖК) ор­та­ша са­ла­лық мәні­нен тө­мен са­лық тө­ле­у­ші­нің СЖК
10
2.
Ке­зек­ті үш жыл бой­ы­на са­лық тө­ле­у­ші көр­сет­кен за­лал
10
3.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең үшін екі есе­ден аса азай­ту­ға ҚҚС бой­ын­ша қо­сым­ша есеп­ті­лік та­быс ету
10
4.
Соң­ғы 3 жыл­да ҚҚС бой­ын­ша есеп­ке жат­қы­зу­дың тұ­рақ­ты асып ке­туі
5
5.
Са­лық тө­ле­у­ші­ге ұзақ уа­қыт бойы (үш жыл­дан аса) ке­шен­ді са­лық тек­се­руі жүр­гі­зіл­ме­ген
5
6.
Соң­ғы 3 жыл­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ай­қын­да­ла­тын өза­ра бай­ла­ны­сты та­рап­тар­дың өза­ра есеп ай­ы­ры­су­ла­ры­ның бо­луы
5
7.
Соң­ғы 5 жыл­да күм­ән­ді мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру (жал­ған кә­сі­по­рын­дар­мен, са­лық есеп­ті­лі­гін та­быс ет­пей­тін неме­се нөл­ді са­лық есеп­ті­лі­гін та­быс ете­тін, сон­дай-ақ әре­кет­сіз, ҚҚС бой­ын­ша есеп­тен шы­ға­ры­л­ған, та­ра­ты­л­ған және банк­рот са­лық тө­ле­у­ші­лер­мен)
35
8.
Тір­кеу есе­бі­нің көр­сет­кіш­те­ріне сәй­кес са­лық мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­мау және (неме­се) то­лық орын­да­мау ық­ти­мал­ды­ғы бар са­ла­лар­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру (құ­ры­лыс, са­уда)
10
9.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең­де ка­ме­рал­ды ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­тал­ған рас­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
5
10.
Соң­ғы 5 жыл­да та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, қыз­мет көр­се­ту­лер­ді са­тып алу ба­ға­сы­нан тө­мен ба­ға­да өт­кі­зу (қол­да бар ақ­па­рат­тар бой­ын­ша, оның ішін­де ал­дың­ғы са­лық тек­се­ру­ле­рі бой­ын­ша)
10
11.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең­де шы­ға­рып бе­рі­л­ген № 10 ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
5
12.
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап (са­лық­тық өті­ніш) та­быс еті­л­ген күн­нің ал­дын­да­ғы он екі ай­лық ке­зең­де мы­на­дай фак­ті­лер­дің бі­рі­нің неме­се бір­не­ше­уі­нің бо­луы:
ҚҚС ар­туын қай­та­ру ту­ра­лы та­лап қам­ты­л­ған ҚҚС бой­ын­ша ба­стап­қы де­кла­ра­ци­я­ны та­быс ету;
Са­лық тө­ле­у­ші­нің қай­та тір­ке­луі;
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ор­на­лас­қан ор­нын ауы­сты­руы
10

2 Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 25 шілдедегі
№ 350 бұйрығына
2-қосымша
Қосылған құн салығының
артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы
Салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді – 150 м.т.

3 Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 25 шілдедегі
№ 350 бұйрығына
3-қосымша
Қосылған құн салығының
артуын қайтару мақсатында
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы
Қайтаруға ұсынылған ҚҚС артуының сомасынан мына сомалардың ең азы алынып тасталады: осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы және тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы - 1 000 м.т.

Қолданыстағы