Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование и дополнительное образо

Бұйрық · № 16 · қабылданған 17.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-122-ekb-163895/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование и дополнительное образо Қолданыста Бұйрық ·№ 16 ·17.01.2022
17.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование и дополнительное образо

Қолданыста Бұйрық ·№ 16 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2016 года № 122 «Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним, высшим и послевузовским образованием с учетом потребностей рынка труда, на подготовительные отделения организаций высшего и (или) послевузовского образования, а также на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование и дополнительное образо
Атауы (қаз.)
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтард
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16
Қабылданған күні
17.01.2022
Көрсетілген редакция
17.01.2022 163895_559834.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026575
ЭКБ идентификаторы
163895
Редакция идентификаторы
163895_559834
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:43

0

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Экономиканың кадрларға болжамды қажеттілігін, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілігін, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (немесе) білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, қалыптастырылған және білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ арасында конкурстық негізде орналастырылады.
9. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранты түрінде орналастырылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша ЖЖОКБҰ орналастырылады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құжаттар қабылдау басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялайды.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. ЖЖОКБҰ оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатысады.
ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды.
Ерекшелік лицензияны алғаш алған кадрларды даярлаудың жаңа бағытын, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖЖОКБҰ құрайды. Бұл ретте ЖЖОКБҰ-дың тізбесін Комиссия айқындайды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мынадай жағдайларда:
1) білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және күшін жою туралы шешім қабылдағанда;
2) мемлекеттік бақылау нәтижелері және (немесе) оның қорытындылар бойынша сот процесі кезеңінде өрескел қате анықталғанда;
3) тиісті білім беру бағдарламаларының тобына білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламалары тізімінде білім беру бағдарламалар болмағанда немесе алынып тасталғанда жүзеге асырылмайды.»;
51-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өтініш берілген мамандықтар бойынша ЖЖОКБҰ ұйымын бітіргеннен кейін бітірушілердің бір жыл ішінде жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер;»;
52-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ-лармен (ғылыми ұйымдармен) бірлесіп, ғылыми-білім беру жобаларын орындау;»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. ЖЖОКБҰ үшін конкурс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлек-бөлек өткізіледі.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу туралы шешім тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің және оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.
Конкурс өткізу үшін құрамы тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен бекітілетін ЖАО-ның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы) құрылады.
ЖАО комиссиясының төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе және оның міндеттерін атқарушы адам болып табылады. ЖАО комиссиясы ЖАО-ның қызметкерлері, аталған аумақ бірлігінде орналасқан азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан құрылады. ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда, тақ болып табылады.
Егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ЖАО комиссиясының отырысы заңды деп есептеледі.
ЖАО комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ ЖАО-ларға электрондық форматта мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ өтінімін;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ сауалнамасын;
3) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.
ЖЖОКБҰ айқындау және мамандықтар бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде ЖАО комиссиясы осы Қағидаларға 51 және 52-тармақтарда көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады. ЖАО-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарамастан ЖЖОКБҰ орналастырылады. Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы белгіленген квотаны, сондай-ақ оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін нысаналы орындарды бөлуді ескере отырып, ЖЖОКБҰ орналастырылады.
ЖАО комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша интернет-ресурстарында тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітілген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесі жарияланады.
ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тиісті облыста немесе республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасалады.»;
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалардың 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 17-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
1-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға, орта
білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 5-қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы
____________________________________________________ (техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының толық атауы
_____________________________________________________(нақты
мекенжайы, телефоны, факс, электрондық поштасы)
_____________________________________________________(құрылтайшы)
____________________________________________________
(мамандықтардың, біліктіліктердің коды, атауы)
№ п/п
Та­лап­тар­дың ата­уы
Си­патта­ма­сы
1.
Кадр­лар­ды да­яр­лау бей­і­ні бой­ын­ша мә­лім­дел­ген ма­ман­дық­тар бой­ын­ша бі­лім бе­ру қыз­ме­тін жүр­гі­зу құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша (ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де, қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің тү­зеу ме­ке­ме­ле­рін­де ор­на­лас­қан Тж­КОББ ұй­ым­да­рын қо­с­па­ған­да)
№ , бе­рі­л­ген кү­ні
2.
Бі­лік­ті­лік­тер мен ма­ман­дық­тар бой­ын­ша (пе­да­го­ги­ка­лық кол­ле­дж­дер­ді қо­с­па­ған­да) оқу про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру үшін ти­іс­ті оқу-өн­ді­рі­стік ше­бер­ха­на­лар­дың, зерт­ха­на­лар­дың, оқу по­ли­гон­да­ры­ның, оқу-өн­ді­рі­стік ба­за­лар­дың бо­луы
Ма­ман­дық­тар бой­ын­ша оқу-өн­ді­рі­стік ше­бер­ха­на­лар­дың, зерт­ха­на­лар­дың са­ны
3.
Пе­да­гог­тер са­ны­нан жо­ға­ры және бі­рін­ші са­нат­ты пе­да­гог­тер­дің, са­рап­шы пе­да­гог­тер­дің, зерт­те­у­ші пе­да­гог­тер­дің, ше­бер пе­да­гог­тер­дің және ма­ги­стр­лер­дің үле­сі (30%-дан тө­мен емес)
Мә­лім­дел­ген ма­ман­дық­тар бө­лі­ні­сін­де бі­лік­ті­лік са­нат­та­ры бой­ын­ша пе­да­гог­тер са­ны
4.
70%-дан тө­мен емес штат­тық оқы­ту­шы­лар мен өн­ді­рі­стік ше­бер­лер­дің бо­луы (өнер мен мә­де­ни­ет са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын Тж­КОББ ұй­ым­да­рын­да 50%-дан кем емес)
Штат­тық пе­да­гог­тер са­ны
5.
Сту­дент­тер­ге ар­нал­ған әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­лар­дың бо­луы (мен­шік­ті неме­се жал­ға алын­ған жа­тақ­ха­на­ның және/неме­се хо­стел­дің, және/неме­се қо­нақ үй­дің, қо­ғам­дық та­мақ­та­ну және ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту пункт­те­рі­нің бо­луы)
№, кү­ні, шарт
6.
Ерекше бі­лім бе­рі­лу­іне қа­жет­ті­лі­гі бар адам­дар үшін жағ­дай­лар­дың бо­луы (мін­дет­ті та­лап­тар: пан­дустар, жа­рық сиг­нал­да­ры, ша­қы­ру түй­ме­сі, СН­жЕ сәй­кес са­ни­тар­лық то­рап)
Қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
7.
Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық және/неме­се ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­те­уден неме­се мем­ле­кет­тік ат­те­стат­та­удан өт­ке­ні ту­ра­лы құ­жат­тың бо­луы
құ­жат­тың№, бе­рі­л­ген кү­ні
8.
Өті­ніш бе­рі­л­ген ма­ман­дық­тар бой­ын­ша Тж­КОББ ұй­ы­мын бі­тір­ген соң бі­ті­ру­ші­лер­дің бі­рін­ші жы­лы жұ­мысқа ор­на­ла­суы және жұ­мыспен қам­ты­луы. Бұл та­лап жа­ңа ма­ман­дық­тар бой­ын­ша өті­нім бер­ген Тж­КОББ ұй­ым­да­ры­на, сон­дай-ақ шы­ға­ры­лым өт­кі­зіл­ме­ген ма­ман­дық­тар­ға қол­да­ныл­май­ды
Әле­умет­тік тө­лем­дер­ді ве­дом­ство­ара­лық есеп­теу ор­та­лы­ғы­ның (ЗТ­МО) де­ректе­рі негі­зін­де ма­ман­дық­тар бой­ын­ша жұ­мысқа ор­на­лас­қан бі­ті­ру­ші­лер­дің және ЖЖОК­БҰ-да оқу­ды жал­ға­сты­ру­ды, ӘК қа­та­рын­да қыз­мет ету­ді, ба­ла кү­ті­мі бой­ын­ша де­ма­лы­ста бо­лу­ды рас­тай­тын де­ректер негі­зін­де жұ­мыспен қам­ты­л­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің үле­сі
9.
Бі­лім алушы­лар­ды ду­аль­ді оқы­ту­мен қам­ту және/неме­се өн­ді­рі­сте­гі кә­сіп­тік прак­ти­ка­мен қам­ту
Ду­аль­ді оқы­ту­мен және/неме­се өн­ді­рі­сте­гі прак­ти­ка­мен қам­ты­л­ған бі­лім алушы­лар­дың са­ны
10.
ТЖ­КОБ ұй­ым­да­ры­ның мүм­кін­ді­гін ес­ке­ре оты­рып, бі­лім алушы­лар­ды қа­был­да­у­ға ар­нал­ған орын­дар са­ны
Орын­дар са­ны оқу про­це­сін жос­пар­лай оты­рып, жо­ба­лық қу­ат­ты­лық­ты (екі аусым­ды) ес­ке­ре оты­рып ай­қын­да­ла­ды
11.
Сайт­тың, әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі ак­ка­унт­тың бо­луы
Сайт де­ректе­рі, ак­ка­унт
Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын.
Ұйымның басшысы _________________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болған жағдайда))
Толтырылған күні
М.О.

2 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
2-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрлар
даярлауға, сондай-ақ жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 6-қосымша
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкестікті бағалау парағы
№ п/п
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Рас­тай­тын көз­дер
Мән­нің тұ­рі
1.
Кадр­лар­ды да­яр­лау бей­і­ні бой­ын­ша мә­лім­дел­ген ма­ман­дық­тар бой­ын­ша бі­лім бе­ру қыз­ме­тін жүр­гі­зу құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша (ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де, қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің тү­зеу ме­ке­ме­ле­рін­де ор­на­лас­қан Тж­КОББ ұй­ым­да­рын қо­с­па­ған­да)
«Е-ли­цен­зи­я­лау мем­ле­кет­тік ба­за­сы» АЖ
Жі­бе­ру/жі­бер­меу
2.
Бі­лік­ті­лік­тер мен ма­ман­дық­тар бой­ын­ша оқу про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру үшін ти­іс­ті оқу-өн­ді­рі­стік ше­бер­ха­на­лар­дың, зерт­ха­на­лар­дың, оқу по­ли­гон­да­ры­ның, оқу-өн­ді­рі­стік ба­за­лар­дың бо­луы
ҰБДҚ-дан алын­ған неме­се қа­ғаз тү­рін­де­гі рас­тай­тын құ­жат­тар
Бар – 1 бал
Жоқ – 0 бал
3.
Пе­да­гог­тер са­ны­нан жо­ға­ры және бі­рін­ші са­нат­ты пе­да­гог­тер­дің, са­рап­шы пе­да­гог­тер­дің, зерт­те­у­ші пе­да­гог­тер­дің, ше­бер пе­да­гог­тер­дің және ма­ги­стр­лер­дің үле­сі (30%-дан тө­мен емес)
ҰБДҚ-дан
тү­сі­ру
51% және жо­ға­ры - 3 бал
35% -50% - 2 бал
30%-35% - 1 бал
30% - дан тө­мен – 0 балл
4.
70%-дан тө­мен емес штат­тық оқы­ту­шы­лар мен өн­ді­рі­стік ше­бер­лер­дің бо­луы (өнер мен мә­де­ни­ет са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын Тж­КОББ ұй­ым­да­рын­да 50%-дан кем емес)
ҰБДҚ
тү­сі­ру
81% және одан жо­ға­ры – 3 балл;
76% - 80% - 2 балл;
70% - 75% - 1 балл;
70% - дан тө­мен – 0 балл.
Ду­аль­ді оқы­ту ке­зін­де:
60% және одан жо­ға­ры - 5 бал;
65% және одан жо­ға­ры - 4 балл;
50% және одан жо­ға­ры – 3 балл;
45% және одан жо­ға­ры - 2 балл;
40% және одан жо­ға­ры - 1 балл.
5.
Сту­дент­тер­ге ар­нал­ған әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­лар­дың бо­луы (мен­шік­ті неме­се жал­ға алын­ған жа­тақ­ха­на­ның және/неме­се хо­стел­дің, және/неме­се қо­нақ үй­дің), қо­ғам­дық та­мақ­та­ну және ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту пункт­те­рі­нің бо­луы
ҰБДҚ-дан алын­ған неме­се қа­ғаз тү­рін­де­гі рас­тай­тын құ­жат­тар
Бар – әр­қай­сысы үшін 1 бал
Жоқ – 0 бал
6.
Ерекше бі­лім бе­рі­лу­іне қа­жет­ті­лі­гі бар адам­дар үшін жағ­дай­лар­дың бо­луы (мін­дет­ті та­лап­тар: пан­дустар, жа­рық сиг­нал­да­ры, ша­қы­ру түй­ме­сі, СН­жЕ сәй­кес са­ни­тар­лық то­рап)
ҰБДҚ-дан алын­ған неме­се қа­ғаз тү­рін­де­гі рас­тай­тын құ­жат­тар
Бар – әр­қай­сысы үшін 1 бал
Жоқ – 0 бал
7.
Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық және/неме­се ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­те­уден неме­се мем­ле­кет­тік ат­те­стат­та­удан өт­ке­ні ту­ра­лы құ­жат­тың бо­луы
ҰБДҚ-дан алын­ған неме­се қа­ғаз тү­рін­де­гі рас­тай­тын құ­жат­тар
Ма­ман­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­теу – 1 бал; Ин­сти­ту­ци­о­наль­ді ак­кре­дит­теу - 1 бал; Мем­ле­кет­тік ат­те­сттау – 1 бал Жоқ – 0 бал
8.
Өті­ніш бе­рі­л­ген ма­ман­дық­тар бой­ын­ша Тж­КОББ ұй­ы­мын бі­тір­ген бі­ті­ру­ші­лер­дің бі­рін­ші жы­лы жұ­мысқа ор­на­ла­суы және жұ­мыспен қам­ты­луы. Бұл та­лап жа­ңа ма­ман­дық­тар бой­ын­ша өті­нім бер­ген Тж­КОББ ұй­ым­да­ры­на, сон­дай-ақ шы­ға­ры­лым өт­кі­зіл­ме­ген ма­ман­дық­тар­ға қол­да­ныл­май­ды
Әле­умет­тік тө­лем­дер­дің ве­дом­ство­ара­лық есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы­мен (ЗТ­МО) рас­тал­ған де­ректер, Тж­КОББ ұй­ым­да­рын­да, ЖЖОК­БҰ-да оқуын жал­ға­стыр­ған тү­лек­те­рі, ба­ла кү­ті­мі бой­ын­ша де­ма­лы­ста жүр­ген ҚР ҚК қа­та­рын­да­ғы қыз­мет­ші­лер ту­ра­лы неме­се қа­ғаз тү­рін­де­гі рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы ҰБДҚ-дан алын­ған мә­лі­мет­тер
81%-90% - 3 бал 75%-80% - 1 бал
75%-дан тө­мен - 0 бал
Қыз­мет көр­се­ті ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша
61%-70% - 3 бал
50%-60% - 1 бал
50%-дан тө­мен - 0 бал
9.
Бі­лім алушы­лар­ды ду­аль­ді оқы­ту­мен қам­ту және/неме­се өн­ді­рі­сте­гі кә­сіп­тік прак­ти­ка­мен қам­ту
ҰБДҚ тү­сі­ру
Ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) бой­ын­ша 60% бі­лім алушы­лар­ды қам­ту– 2 бал
Ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) бой­ын­ша 50%-60% бі­лім алушы­лар­ды қам­ту– 1 бал
50%-дан кем - 0 бал­лов
10.
ТЖ­КОБ ұй­ым­да­сты­ру мүм­кін­ді­гін ес­ке­ре оты­рып, бі­лім алушы­лар­ды қа­был­да­у­ға ар­нал­ған орын­дар
ТЖ­КОБ ұй­ы­мы­ның қа­ғаз тү­рін­де­гі есеп­те­улер
G=(F-B)*2, мұн­да­ғы
G – жо­ба­лау мүм­кін­ді­гі;
F – кон­тин­гент;
B – шы­ға­ру
11.
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы сай­ты­ның, ак­ка­ун­ты­ның бо­луы
Сайт, әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі ак­ка­унт
Күн­де­лік­ті бел­сен­ді­лік ке­зін­де – 1,5 балл;
Ап­та­лық бел­сен­ді­лік ке­зін­де-1 балл
Ай сай­ын­ғы бел­сен­ді­лік ке­зін­де-0,5 балл;
Бел­сен­ді емес кез­де-0 балл
Бар –1 бал
Жоқ – 0 бал
Мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы ор­на­ла­сты­ру үшін Тж­КОББ ұй­ым­да­ры­ның тіз­бе­сіне ен­гі­зу үшін қа­жет­ті бал­дар са­ны
9 бал­дан 19,5 бал­ға дей­ін

3 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
3-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру ұйымдарында дайындық
бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 8-қосымша
ЖЖОКБҰ өтінімінің нысаны (ЖЖОКБҰ-ның бланкісінде толтырылады)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Конкурс қатысушыларына
қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын зерделей отырып,
_________________________________________
__________________________________________________________________
(ЖЖОКБҰ-ның атауы)
__________________________________________________________________
(білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)
білім беру бағдарламаларының тобы бойынша өтінімге енетін құжаттарға,
сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін конкурсқа қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйымның басшысы ________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
20_____ жылғы "_____" _________
М.О.

4 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
4-қосымша
Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына 9-қосымша
ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасы
ЖЖОК­БҰ -ның то­лық ата­уы
ЖЖОК­БҰ -ның құ­ры­л­ған жы­лы
ЖЖОК­БҰ -ның құ­ры­л­тай­шы­сы
ЖЖОК­БҰ -ның заң­ды ме­кен жайы
ЖЖОК­БҰ -ның нақ­ты ме­кен жайы, те­ле­фо­ны, факс, элек­трон­ды ме­кен жайы
ЖЖОК­БҰ рек­то­ры­ның Т.А.Ә.
Кон­кур­сқа қа­ты­су үшін жа­у­ап­ты тұл­ға­ның Т.А.Ә., қыз­ме­ті, бай­ла­ныс мә­лі­мет­те­рі
Ұйымның басшысы ________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.

5 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
5-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 10-қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы
________________________________________________
📌 Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.07.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының) атауы ________________________________________________
(білім беру бағдарламасы тобының коды, атауы)
№ п/п
Жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер
Мән тү­рі
1.
Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық және (неме­се) ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­теу
бар/жоқ
2.
Бі­лім бе­ру пор­та­лы­ның бо­луы
бар/жоқ
3.
Ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг:
-Times higher education
-- QS World University Rankings
-
По­зи­ци­я­сы:
(100+)=15 балл;
(200+)=13 балл; (300+) = 11 балл; (400+) = 9 балл; (500+)=7 балл; (700+)=5 балл.
4.
Оқу про­це­сі үшін пай­да­ла­ны­ла­тын оқу-зерт­ха­на­лық ба­за­ны жа­ңар­ту­ға бө­лі­не­тін жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бюд­же­ті­нен бө­лі­не­тін қа­ра­жат­тың үле­сі
Әр­бір 1% үшін - ЖЖОК­БҰ бюд­же­ті­нен +1 балл.
5.
Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің, оның ішін­де ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар адам­дар­ға қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лық са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін мен­шік­ті неме­се жал­ға алын­ған жа­тақ­ха­на­ның, хо­стел­дің, қо­нақ үй­дің бо­луы
Әр­бір 500 орын үшін - 1 балл;
1000 орын-2 балл.
6.
Жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бол­мауы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік са­тып алу пор­та­лы­ның мем­ле­кет­тік са­тып алу­ға жо­сық­сыз қа­ты­су­шы­лар ті­зі­лі­мін­де кон­кур­сқа қа­ты­су­ға құ­жат­тар бе­ру сәт­ін­де
бар/жоқ
7.
ЖЖОК­БҰ-да ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар адам­дар үшін жағ­дай­лар­дың бо­луы (кі­ру жол­да­ры, ақ­па­рат­тық-на­ви­га­ци­я­лық қол­дау құ­рал­да­ры, бас­пал­дақ­тар­ды пан­дустар­мен неме­се кө­тер­гіш құ­ры­л­ғы­лар­мен қай­та­лау, бас­пал­дақ­тар мен пан­дустар­ды тұт­қа­лар­мен жаб­дық­тау, есік­тер мен бас­пал­дақ­тар­ды қа­ра­ма-қар­сы бо­я­у­мен бо­яу, мү­ге­дек­тер­дің ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қою үшін орын­дар бө­лу).
бар/жоқ
8.
Бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен та­лап­тар­ға сәй­кес сту­дент­тер мен ОПҚ кон­тин­ген­ті ту­ра­лы өзек­ті де­ректер ба­за­сы­мен жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің бо­луы және нақ­ты де­ректер­дің ұлт­тық бі­лім бе­ру де­ректер ба­за­сы­мен сәй­кест­і­гі
бар/жоқ
I.
Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның топ­та­ры бой­ын­ша жал­пы мә­лі­мет­тер
1.
Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лі­мі бар да­яр­лау ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша бі­лім бе­ру қыз­ме­тін жүр­гі­зу құқы­ғы­на ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша (жі­бе­ру/жі­бер­меу)
жі­бе­ру/жі­бер­меу
2.
Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық және (неме­се) ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­теу
Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық және (неме­се) ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­те­удің бо­луы +2 балл
3.
"Ата­ме­кен" ҰКП рей­тин­гі­сін­де жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның по­зи­ци­я­сы"
Ор­та­дан жо­ға­ры-50 балл;
Ор­та­ша – 30 балл;
Ор­та­дан тө­мен-10 балл;
4.
Тү­лек­тер­ді жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру, бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның топ­та­ры бой­ын­ша жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ры­л­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің %
80 % - дан астам-3 балл;
70% - 2 балл;
60 % - дан ар­тық-1 балл;
50% - дан кем- 0 балл.
5.
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ті­зі­лі­мін­де тір­кел­ген Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ти­іс­ті топ­та­ры бой­ын­ша Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бо­луы
жоқ/бар
6.
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ті­зі­лі­мін­де тір­кел­ген ағы­л­шын ті­лін­де­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бо­луы
жоқ/бар
ІІ.
Пе­да­гог кадр­лық қам­та­ма­сыз еті­луі және бі­лік­ті­лік дең­гейі
1.1.
Штат­тық оқы­ту­шы­лар­дың жал­пы са­ны:
са­ны, бү­тін.
ғы­лым док­тор­ла­ры
са­ны, бү­тін.
PhD док­тор­ла­ры
са­ны, бү­тін.
ғы­лым кан­ди­дат­та­ры
са­ны, бү­тін.
1.2.
/ оның ішін­де бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның топ­та­ры бой­ын­ша)
са­ны, бү­тін.
ғы­лым док­тор­ла­ры
са­ны, бү­тін.
PhD док­тор­ла­ры
са­ны, бү­тін.
ғы­лым кан­ди­дат­та­ры
са­ны, бү­тін.
1.3.
Ағы­л­шын ті­лін мең­гер­ген бей­ін­дік пән­дер бой­ын­ша ОПҚ са­ны: IELTS (АЙ­ЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT – 166-ден кем емес; TOEFL IBT-58-ден кем емес); CEFR-В1; APTIS-38-ден кем емес.
5 ОПҚ – 1 балл.
2.
Бір ака­де­ми­я­лық ке­зең­нен кем емес мер­зім­ге ке­лі­сім-шарт бой­ын­ша ЖЖОК­БҰ-да жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік оқы­ту­шы­лар­дың са­ны
1 ОПҚ – 0,3 бал­ла.
3.
жал­пы ЖЖОК­БҰ бой­ын­ша ОПҚ дә­ре­же­лі­лі­гі %
10 % -1 балл.
4.
бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ОПҚ дә­ре­же­лі­лі­гі %
10 % -1 балл.
III.
ОПҚ ғы­лы­ми-зерт­теу қыз­ме­ті
1.
Грант­тық және бағ­дар­ла­ма­лық-ны­са­на­лы қар­жы­лан­ды­ру негі­зін­де ір­ге­лі зерт­те­улер/қол­дан­ба­лы зерт­те­улер бой­ын­ша орын­да­ла­тын ғы­лы­ми және ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар/ жо­ба­лар са­ны
Әр­бір бағ­дар­ла­ма (жо­ба) үшін-1 балл.
2.
ОПҚ орын­да­ған ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры­ның жал­пы кө­ле­мі (тең­ге­мен)
50 млн.тең­ге­ден кем - 0,5 балл;
50 млн.тең­ге­ден астам. – 1 балл;
100 млн.тең­ге­ден астам - 2 балл;
300 млн.тең­ге­ден астам. - 3 балл;
500 млн.тең­ге­ден астам - 4 балл;
1000 млн.тең­ге­ден астам – 5 балл;
50 000 млн.тең­ге­ден астам - 10 балл.
3.
ОПҚ орын­да­ған ха­лы­қа­ра­лық ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры­ның жал­пы кө­ле­мі (тең­ге­мен)
50 млн.тең­ге­ден кем - 0,5 балл;
50 млн.тең­ге­ден астам. – 1 балл;
100 млн.тең­ге­ден астам - 3 балл;
150 млн тең­ге­ден астам. - 3,5 балл;
300 млн.тең­ге­ден астам. – 5 балл.
3.1
/оның ішін­де 1 штат­тық оқы­ту­шы­ға (тең­ге­мен)
са­ны
4.
ОПҚ ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­да­ры­ның са­ны:
- Clarivate Analytics де­ректер ба­за­сы­на бел­гі­лі бір тоқ­сан­дар­ға (Q1-Q4) ен­гі­зі­л­ген ше­тел­дік рей­тинг­тік жур­нал­дар­да неме­се Scopus де­ректер ба­за­сын­да­ғы citescore бой­ын­ша про­цен­тиль көр­сет­кі­ші
Q1-Q2 жур­нал­да­рын­да 10 ма­қа­ла және / неме­се citescore бой­ын­ша про­цен­тиль­ден 90-5 балл­дан жо­ға­ры;
Q3-Q4 жур­нал­да­рын­да 10 ма­қа­ла және / неме­се citescore бой­ын­ша пай­ыз 50-2 балл­дан жо­ға­ры;
Citescore бой­ын­ша пай­ы­здық жур­нал­дар­да 10 ма­қа­ла 35 – 1 балл­дан жо­ға­ры.
5.
Мен­шік­ті ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­дың са­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі­нің Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті ұсын­ған жур­нал­дар ті­зі­міне кі­ре­тін ғы­лы­ми ба­сы­лым­да­ры­ның бо­луы – 5 балл 1 жур­нал;
Ха­лы­қа­ра­лық де­ректер ба­за­сы­на кі­ре­тін Web of Science, Scopus, -15 балл 1 жур­нал
IV.
Кор­по­ра­тив­тік се­рік­те­стік және ха­лы­қа­ра­лық қыз­мет
1.
QS ТОП 700+рей­тин­гіне кі­ре­тін ЖЖОК­БҰ-мен бір­лес­кен (қос ди­плом­ды) бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның са­ны
1 бағ­дар­ла­ма – 1 балл.
2.
Ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­мен бір­лес­кен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын зерт­теу жо­ба­ла­ры­ның са­ны
1 бағ­дар­ла­ма – 1 балл.
3.
Бір­лес­кен ха­лы­қа­ра­лық бі­лім бе­ру жо­ба­ла­ры­ның са­ны
1 бағ­дар­ла­ма - 1 балл.
Ескертпе:
- егер кадрларды даярлау екі жыл ішінде жүзеге асырылмаған жоғары білімнің білім беру бағдарламасының тобына өтінім берілген жағдайда, білім беру бағдарламасының тиісті тобы конкурсқа жіберілмейді;
- шындыққа сәйкес келмейтін дұрыс емес деректер ұсынылған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары комиссия шешімі бойынша конкурсқа жіберілмейді.
- ақпараттық картада ұсынылған деректердің дұрыстығына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысының қолы қойылады.

6 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
6-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 11-қосымша
___________ оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы _________________________________________________________ (ЖЖОКБҰ-ның атауы)
Жоғары білім бойынша
Ко­ды
Топ­тың ата­уы
Грант­тың жал­пы са­ны
Күн­діз­гі оқу ны­са­ны
1
2
3
4
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша
Ко­ды
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ата­уы
орын са­ны
1
2
3
PhD философия докторларын мақсатты даярлау бойынша
Ко­ды
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры то­бы­ның ата­уы
Да­яр­лау жос­пар­лан­ған ЖЖОК­БҰ -ның ата­уы
орын са­ны
1
2
3
4
Ұйымның басшысы ________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.

7 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
7-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 12-қосымша
Ақпараттық карталар бойынша ЖЖОКБҰ ранжирлеу әдістемесі
📌 Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 08.07.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ЖЖОК­БҰ ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер
Шар­тты бел­гі­лер
Мән­нің тү­рі
1
Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық және (неме­се) ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­теу (бар/жоқ)
А1
бар/жоқ
2
Бі­лім бе­ру пор­та­лы­ның бо­луы
А2
бар/жоқ
3
ЖЖОК­БҰ-ның ха­лы­қа­ра­лық рей­тин­гі:
-Times higher education
-- QS World University Rankings
А3
сан, бү­тін, 0-1000
4
Оқу про­це­сі үшін пай­да­ла­ны­ла­тын оқу-зерт­ха­на­лық ба­за­ны жа­ңар­ту­ға бө­лі­не­тін жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бюд­же­ті­нен бө­лі­не­тін қа­ра­жат­тың үле­сі
А4
сан
5
Бі­лім бе­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің, оның ішін­де ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар адам­дар­ға қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лық са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін мен­шік­ті неме­се жал­ға алын­ған жа­тақ­ха­на­ның, хо­стел­дің, қо­нақ үй­дің бо­луы
А5
сан, бү­тін
6
Жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бол­мауы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік са­тып алу пор­та­лы­ның мем­ле­кет­тік са­тып алу­ға жо­сық­сыз қа­ты­су­шы­лар ті­зі­лі­мін­де кон­кур­сқа қа­ты­су­ға құ­жат­тар бе­ру сәт­ін­де
А6
бар/жоқ
7
ЖЖОК­БҰ-да ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар адам­дар үшін жағ­дай­лар­дың бо­луы (кі­ру жол­да­ры, ақ­па­рат­тық-на­ви­га­ци­я­лық қол­дау құ­рал­да­ры, бас­пал­дақ­тар­ды пан­дустар­мен неме­се кө­тер­гіш құ­ры­л­ғы­лар­мен қай­та­лау, бас­пал­дақ­тар мен пан­дустар­ды тұт­қа­лар­мен жаб­дық­тау, есік­тер мен бас­пал­дақ­тар­ды қа­ра­ма-қар­сы бо­я­у­мен бо­яу, мү­ге­дек­тер­дің ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қою үшін орын­дар бө­лу).
А7
бар/жоқ
8
Бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен та­лап­тар­ға сәй­кес сту­дент­тер мен ОПҚ кон­тин­ген­ті ту­ра­лы өзек­ті де­ректер ба­за­сы­мен жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нің бо­луы және нақ­ты де­ректер­дің ұлт­тық бі­лім бе­ру де­ректер ба­за­сы­мен сәй­кест­і­гі
А8
бар/жоқ
І
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның то­бы бой­ын­ша жал­пы мә­лі­мет­тер
1
Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі да­яр­ла­удың ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша бі­лім бе­ру қыз­ме­тін жүр­гізу­ге құқық бе­ре­тін ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша (жі­бе­ру/жі­бер­меу)
B1
жі­бе­ру/ жі­бер­меу
2
Ин­сти­ту­ци­о­нал­дық және (неме­се) ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­теу
В2
бар/жоқ
3
"Ата­ме­кен" ҰКП рей­тин­гі­сін­де жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның по­зи­ци­я­сы"
В3
сан, бү­тін
4
Тү­лек­тер­ді жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру, бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның топ­та­ры бой­ын­ша жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ры­л­ған бі­ті­ру­ші­лер­дің %
В4
сан
5
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ті­зі­лі­мін­де тір­кел­ген Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ти­іс­ті топ­та­ры бой­ын­ша Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бо­луы
В5
бар/жоқ
6
Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның ті­зі­лі­мін­де тір­кел­ген ағы­л­шын ті­лін­де­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бо­луы
В6
бар/жоқ
II
Кадр­лық қам­ты­луы және пе­да­гог­тер­дің бі­лік­ті­лік дең­гейі
1.1.
Штат­тық оқы­ту­шы­лар­дың жал­пы са­ны:
C1.1.
сан, бү­тін
ғы­лым док­тор­ла­ры
C1.1.1.
сан, бү­тін
PhD док­тор­лар
C1.1.2.
сан, бү­тін
ғы­лым кан­ди­дат­та­ры
C1.1.3.
сан, бү­тін
1.2.
/оның ішін­де ма­манды­ғы бой­ын­ша (са­ны)
C1.2.
сан, бү­тін
ғы­лым док­тор­ла­ры
C1.2.1.
сан, бү­тін
PhD док­тор­лар
C1.2.2.
сан, бү­тін
ғы­лым кан­ди­дат­та­ры
C1.2.3.
сан, бү­тін
ма­ги­стр­лер
C1.2.4.
сан, бү­тін
1.3
Ағы­л­шын ті­лін мең­гер­ген бей­ін­дік пән­дер бой­ын­ша ОПҚ са­ны: IELTS (АЙ­ЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT – 166-ден кем емес; TOEFL IBT-58-ден кем емес); CEFR-В1; APTIS-38-ден кем емес.
C1.3.
сан, бү­тін
2
Бір ака­де­ми­я­лық ке­зең­нен кем емес мер­зім­ге ке­лі­сім-шарт бой­ын­ша ЖЖОК­БҰ-да жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік оқы­ту­шы­лар­дың са­ны
C2
сан, бү­тін
3
жал­пы ЖЖОК­БҰ бой­ын­ша ОПҚ дә­ре­же­лі­лі­гі %
C3
сан
4
бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ОПҚ дә­ре­же­лі­лі­гі %
C4
сан
ІІІ
ОПҚ ғы­лы­ми-зерт­теу қыз­ме­ті
1
Грант­тық және бағ­дар­ла­ма­лық-ны­са­на­лы қар­жы­лан­ды­ру негі­зін­де ір­ге­лі зерт­те­улер/қол­дан­ба­лы зерт­те­улер бой­ын­ша орын­да­ла­тын ғы­лы­ми және ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар/ жо­ба­лар са­ны
D1
сан, бү­тін
2
ОПҚ орын­да­ған ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры­ның жал­пы кө­ле­мі (тең­ге­мен)
D2
сан
3
ОПҚ орын­да­ған ха­лы­қа­ра­лық ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры­ның жал­пы кө­ле­мі (тең­ге­мен)
D3
сан
3.1
/оның ішін­де 1 штат­тық оқы­ту­шы­ға (тең­ге­мен)
D3.1
сан
4
ОПҚ ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­да­ры­ның са­ны:
- Clarivate Analytics де­ректер ба­за­сы­на бел­гі­лі бір тоқ­сан­дар­ға (Q1-Q4) ен­гі­зі­л­ген ше­тел­дік рей­тинг­тік жур­нал­дар­да неме­се Scopus де­ректер ба­за­сын­да­ғы citescore бой­ын­ша про­цен­тиль көр­сет­кі­ші
D4
сан, бү­тін
5
Мен­шік­ті ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­дың са­ны
D5
сан, бү­тін
ІV
Кор­по­ра­тив­тік әріп­те­стік және ха­лы­қа­ра­лық қыз­мет
1
QS ТОП 700+рей­тин­гіне кі­ре­тін ЖЖОК­БҰ-мен бір­лес­кен (қос ди­плом­ды) бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның са­ны
E1
сан, бү­тін
2
Ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­мен бір­лес­кен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын зерт­теу жо­ба­ла­ры­ның са­ны
E2
сан, бү­тін
3
Бір­лес­кен ха­лы­қа­ра­лық бі­лім бе­ру жо­ба­ла­ры­ның са­ны
E3
сан, бү­тін
Ескертпе:
** – ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;
*** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.

8 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
8-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 13-қосымша
ЖЖОКБҰ өтінімінің нысаны (ЖЖОКБҰ-ның бланкісінде толтырылады)
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты
өткізу шарттарын зерделей отырып,
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(ЖЖОКБҰ-ның аталуы)
өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына
сәйкес дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
өткізетін конкурсқа қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйымның басшысы ________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.

9 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
9-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 14-қосымша
___________ оқу жылына дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы
___________________________________________________________
(ЖЖОКБҰ-ның атауы)
ЖЖОКБҰ-ның атауы
Орын саны
1
2
Ұйымның басшысы ________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.

10 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 17 қаңтардағы
№ 16 бұйрығына
10-қосымша
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 17-қосымша
ЖЖОКБҰ өтінімінің нысаны (ЖЖОКБҰ-ның бланкісінде толтырылады)
Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу
шарттарын зерделей отырып, _________________________________________
__________________________________________________________________
(ЖЖОКБҰ-ның атауы)
өтінімге кіретін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен
талаптарына сәйкес _________________________________________________
__________________________________________________________________
(білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)
білім беру бағдарламасының тобы бойынша тиісті облыс әкімдігі өткізетін конкурсқа
қатысады.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.
Ұйымның басшысы ______________________________
(қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))
Толтырылған күні
М.О.

Қолданыстағы