Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 189 «Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих государственных организаций культуры»

Бұйрық · № 220 · қабылданған 28.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-189-ekb-114419/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 189 «Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих государственных организаций культуры» Қолданыста Бұйрық ·№ 220 ·28.07.2017
28.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 189 «Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих государственных организаций культуры»

Қолданыста Бұйрық ·№ 220 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 189 «Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих государственных организаций культуры»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
220
Қабылданған күні
28.07.2017
Көрсетілген редакция
28.07.2017 114419_222744.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015575
ЭКБ идентификаторы
114419
Редакция идентификаторы
114419_222744
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:18

0 «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының

азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан өткізудің қағидалары
мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрiнiң 2016 жылғы
29 маусымдағы № 189 бұйрығына
өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 14035 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 тамызында жарияланған) келесі өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметшілерді аттестаттау олардың атқарып отырған лауазымдарына немесе үміттеніп отырған біліктілік санаттарына олардың білім деңгейлерінің және/немесе біліктілік сипаттамаларына сәйкестіктерін анықтау үшін өткізіледі.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап бір жылдан бұрын емес мерзімде аттестаттауға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнің өтуіне дейінгі мерзімде қызметшілердің бастамасы бойынша біліктілік санатын жоғарылату мақсатындағы аттестаттауын өткізу үшін, тағайындауға құқығы бар тұлғаның атына ерікті нысандағы өтініш беріледі. Қызметшілер осы Ереженің 2–тарауында белгіленген тәртіппен және шарттар бойынша аттестаттаудан мерзімінен бұрын өтеді.»;
10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Кадр қызметі қызметшілерді әңгімелесу өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы жазбаша түрде хабардар етеді, сондай-ақ қызметтік мінездемелерді сұратады.
11. Аттестаттауға жататын қызметшілердің тікелей басшылары қызметтік мінездемелерді ресімдейді және оны кадр қызметіне сұрау түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Аттестаттауға жататын қызметшілердің дәлелді себептермен жұмыста уақытша болмауына байланысты (еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылған жағдайларда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарында, әлеуметтік демалыстарда немесе іссапарда болуы), аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оларды аттестаттау мәселесін қарастыру аттестаттау комиссиясымен айқындалатын басқа мерзімге ауыстырылады. Аттестаттау мерзімін бір рет қана ауыстыруға жол беріледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу қорытындысы бойынша келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) атқарып отырған лауазымының біліктілік сипаттамаларына және/немесе біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қайта аттестаттауға жатады;
3) атқарып отырған лауазымының біліктілік сипаттамаларына және/немесе біліктілік категориясына сәйкес келмейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы