Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности»

Бұйрық · № 340 · қабылданған 29.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2016-no-195-18-2016-no-323-ekb-126368/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 340 ·29.11.2018
29.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 340 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 195 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 июля 2016 года № 323 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан о лотереях и лотерейной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
340
Қабылданған күні
29.11.2018
Көрсетілген редакция
29.11.2018 126368_374092.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017832
ЭКБ идентификаторы
126368
Редакция идентификаторы
126368_374092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:21

0

«Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 195 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 323 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14142 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;
1-қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) қолданысқа енген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бірлескен бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті

9 Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 340 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 91 бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 195 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 18 шілдедегі
№ 323 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Лотерея операторына қатысты Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________
Бақылау субъектінің (объектінің) тексеру туралы акт ___________________________
________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ______________________________________
________________________________________________________________________
бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру
нөмірі
Орналасқан орнының мекенжайы __________________________________________
________________________________________________________________________
р/с

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы та­лап­тар­дың сақ­та­луын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат­ты ұсы­ну жағ­дай­ын қо­с­па­ған­да, ло­те­ре­я­ны ұтқан қа­ты­су­шы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, егер оның жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі алын­ба­са, жа­рия ет­пеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­та­уы
2
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ло­те­ре­я­лық ақ­па­рат­ты өң­деу ор­та­лы­ғы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ор­на­ла­суы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­та­уы
3
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ло­те­рея жабды­ғы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды сақ­та­уы:
1) тех­ни­ка­лық си­патта­ма­лар жүл­де қо­рын ұтыс ой­ы­ны­на са­лу ке­зін­де ұты­стар­ды бө­лу­дің кез­дей­соқ бо­луын қам­та­ма­сыз ете­ді;
2) мұн­дай ұтыс ой­ы­ны­ның ба­ста­луы­на дей­ін жүл­де­лі қор ұты­сын өт­кі­зу нәти­же­сін ал­дын ала ай­қын­да­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жа­сы­рын мүм­кін­дік­тер және (неме­се) рә­сім­дер мен ал­го­ритмдер­дің бол­мауы;
3) ло­те­рея мөл­шер­ле­ме­сін қа­был­да­уды және тір­ке­уді қам­та­ма­сыз ет­пе­у­ге ти­іс, сон­дай-ақ бай­ла­ныс же­лі­сі ар­қы­лы ло­те­рея тер­ми­нал­да­ры­мен қо­сыл­мау­ға ти­іс
4
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы заң­на­ма та­лап­та­рын сақ­тау, атап ай­тқан­да:
1) өз кли­ент­те­рі (олар­дың өкіл­де­рі) мен бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік­тер­ге дұ­рыс тек­се­ру жүр­гі­зу ке­зін­де мы­на ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру:
же­ке тұл­ға­ны сәй­кестен­ді­ру үшін қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді тір­кеу, оның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар де­ректе­рі, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, сон­дай-ақ заң­ды ме­кен­жайы;
кли­ент (оның өкі­лі) және бе­не­фи­ци­ар мен­ші­гі ту­ра­лы шы­най­ы­лық­ты тек­се­ру және мә­лі­мет­тер­ді жа­ңар­ту;
2) іш­кі ба­қы­лау қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес өз кли­ент­те­рін (олар­дың өкіл­де­рін) және бе­не­фи­ци­ар мен­шік­те­рін ти­іс­ті тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ру
5
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ло­те­ре­я­ны өт­кі­зу шар­тта­ры мы­на­дай мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын та­лап­тар­ды сақ­та­уы:
1) ло­те­ре­я­ның ата­уын;
2) ло­те­рея тү­рі­нің көр­се­ті­лу­ін;
3) ор­на­лас­қан же­рі, банк­тік де­ректе­ме­ле­рі, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ата­уын;
4) ло­те­рея өт­кі­зі­ле­тін мер­зім­дер­ді;
5) ло­те­рея тұ­жы­рым­да­ма­сы­ның си­патта­ма­сын;
6) ло­те­ре­я­ның ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-тех­но­ло­ги­я­лық си­патта­ма­сын;
7) ло­те­ре­я­ға қа­ты­су­шы­лар­дың құқық­та­ры мен мін­дет­те­рін;
8) ұт­ты деп та­ны­л­ған ло­те­ре­я­ға қа­ты­су­шы­ға ұты­сты тө­леу тәр­ті­бі мен мер­зім­де­рін, сон­дай-ақ ұтыс шық­қан ло­те­рея би­лет­те­ріне, тү­бір­тек­тер­ге неме­се өзге де құ­жат­тар­ға са­рап­та­ма жүр­гі­зу мер­зім­де­рін;
9) ло­те­ре­я­ға қа­ты­су­шы­лар­ды ло­те­ре­я­ға қа­ты­су қа­ғи­да­ла­ры және жүл­де қо­рын ұтыс­қа са­лу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­дар ету тәр­ті­бін;
10) ло­те­рея би­лет­те­рін, тү­бір­тіктер­ді неме­се өзге де құ­жат­тар­ды та­ра­ту (өт­кі­зу), ло­те­рея мөл­шер­ле­ме­ле­рін қа­был­дау мен тір­кеу тәр­ті­бін;
11) ло­те­рея би­ле­ті­нің, тү­бір­тек­тің неме­се өзге де құ­жат­тың (ло­те­рея мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің мөл­ше­рін) ба­ға­сын;
12) ұты­стың мөл­ше­рі мен ны­са­нын (ақ­ша­лай неме­се заттай);
13) жүл­де қо­ры­ның жос­пар­ла­нып отыр­ған мөл­ше­рін;
14) жүл­де қо­ры­ның ұтыс ой­ы­нын өт­кі­зу тәр­ті­бін, ұты­стар­ды ай­қын­дау ал­го­рит­мін, бас жүл­де­ні (болған жағ­дай­да) қа­лып­та­сты­ру мен ұтыс­қа са­лу қа­ғи­да­ла­рын
6
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның өт­кі­зі­л­ген ло­те­рея би­лет­те­рі­нен, тү­бір­тек­тер­ден неме­се өзге де құ­жат­тар­дан, нақ­ты ло­те­ре­я­ның тір­кел­ген ло­те­рея мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нен түс­кен тү­сім­нің ке­мін­де елу пай­ы­зы мөл­ше­рін­де жүл­де қо­рын қа­лып­та­сты­ру­ды қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша мін­дет­тер­ді сақ­та­уы
7
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ұты­стар­ды тө­ле­уді жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­та­уы
8
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ло­те­рея өт­кі­зу шар­тта­рын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­де та­лап етіл­ме­ген ұты­стар­ды ти­іс­ті ти­раж­дың нәти­же­сі (жүл­де қо­рын ұтыс­қа са­лу) жа­ри­я­лан­ған кез­ден ба­стап үш жыл бойы сақ­тау, сон­дай-ақ олар са­лық­тық емес тө­лем тү­рін­де бюд­жет кі­рі­сіне есеп­ке жат­қы­зу бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­та­уы
9
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ло­те­рея би­лет­те­рін­де, тү­бір­тек­тер­де неме­се өзге де құ­жат­тар­да мы­на­дай мін­дет­ті ақ­па­рат­ты қам­ту бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­та­уы:
1) ло­те­ре­я­ның ата­уы;
2) ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі, те­ле­фон нө­мір­ле­рі және ин­тер­нет-ре­сур­сы;
3) ти­раж­дың нө­мі­рі неме­се ата­уы (ти­раж­дық ло­те­ре­я­лар үшін);
4) ло­те­рея би­ле­ті­нің, тү­бір­тек­тің неме­се өзге де құ­жат­тың нө­мі­рі;
5) ло­те­рея би­ле­ті­нің, тү­бір­тек­тің неме­се өзге де құ­жат­тың ба­ға­сы;
6) жүл­де қо­ры­ның ұтыс ой­ы­нын өт­кі­зу кү­ні мен ор­ны (ти­раж­дық ло­те­рея үшін);
7) ұты­сты алу ор­ны мен мер­зім­де­рі ту­ра­лы де­ректер;
8) жүл­де қо­ры­ның мөл­ше­рі
10
Ти­раж­дық ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­мен хат­та­ма­ны және ти­раж­ды өт­кі­зу нәти­же­ле­рі­нің ре­сми кесте­сіне қол қою ар­қы­лы тір­ке­ле­тін ло­те­рея би­лет­те­рі, тү­бір­тек­те­рі неме­се өзге де құ­жат­та­ры және (неме­се) тір­кел­ген ло­те­рея ұты­сы ти­ра­жы­ның ой­ы­нын­да қа­ты­са­тын са­нын рас­тау бой­ын­ша ти­раж­дық ко­мис­си­я­сы­ның мін­дет­те­рін сақ­тау
11
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның жүл­де қо­ры­ның әр­бір ұтыс ой­ы­нын және ло­те­рея би­лет­те­рі, тү­бір­тек­тер неме­се өзге де құ­жат­тар, ти­раж­дық ло­те­ре­я­ның тір­кел­ген ло­те­рея мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша ұты­стар­дың нәти­же­ле­рін ло­те­рея опе­ра­то­ры көр­се­ті­л­ген ұтыс ой­ы­ны өт­кі­зі­л­ген кез­ден ба­стап үш жұ­мыс кү­ні ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бү­кіл ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын­да жа­ри­я­лай­ды неме­се он екі са­ғат ішін­де ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ру­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды сақ­та­уы
12
Ло­те­рея опе­ра­то­ры­ның өт­кі­зі­л­ген ло­те­рея би­лет­те­рі­нен, тү­бір­тек­тер­ден неме­се өзге де құ­жат­тар­дан, тір­кел­ген ло­те­рея мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нен түс­кен тү­сім мен жүл­де қо­ры ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­ның ке­мін­де он пай­ы­зын спорт­ты да­мы­ту­ға тоқ­сан сай­ын ба­ғыт­тау мін­де­тін сақ­та­уы
Лауазымды тұлға (тұлғалар) ________________________________________________
________________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Бақылау субъектінің басшысы ______________________________________________
________________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Қолданыстағы