Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 359 "Об утверждении Инструкции о требованиях к наличию систем управления рисками и внутреннего контроля в банках второго уровня и внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 116 "О внесе

Қаулы · № 229 · қабылданған 02.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2005-no-359-26-2005-no-116-ekb-49027/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 359 "Об утверждении Инструкции о требованиях к наличию систем управления рисками и внутреннего контроля в банках второго уровня и внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 116 "О внесе Күшін жойған Қаулы ·№ 229 ·02.11.2009
01.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 359 "Об утверждении Инструкции о требованиях к наличию систем управления рисками и внутреннего контроля в банках второго уровня и внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 116 "О внесе

Күшін жойған Қаулы ·№ 229 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 359 "Об утверждении Инструкции о требованиях к наличию систем управления рисками и внутреннего контроля в банках второго уровня и внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 116 "О внесе
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
229
Қабылданған күні
02.11.2009
Көрсетілген редакция
01.01.2015 AI49027_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005888_
ЭКБ идентификаторы
49027
Редакция идентификаторы
AI49027_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:06

0

"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3925 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Сценарийлер, стресс-тестілеудің қорытындылары, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспары уәкілетті органға есепті айдан кейін келетін айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынылады.";
7-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы абзацы "қабылдауына" деген сөзден кейін ", алаяқтыққа" деген сөзбен толықтырылсын;
10-1–тармақта:
"төтенше жағдайлар болған жағдайда" деген сөздер "кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қаржыландыру" деген сөз алынып тасталсын;
1-қосымша мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші жолмен толықтырылсын:
"
Бас­қар­ма банк­тің және оның ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­ның қар­жы­лық тұ­рақ­ты­лы­ғы­на әсе­рін тигі­зуі мүм­кін кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды, оның ішін­де мы­на­лар бой­ын­ша ша­ра­лар­ды қам­ты­ған іш­кі құ­жат­ты әзір­лей­ді:
банк­тің өзіне қа­был­да­ған мін­дет­те­ме­лер­ге сәй­кес есеп ай­ы­ры­су­ды жү­зе­ге асы­ру мүм­кін­ді­гін уақ­ты­лы қам­та­ма­сыз ету бө­лі­гін­де де­по­зи­тор­лар мен кре­ди­тор­лар ал­дын­да­ғы өзіне қа­был­да­ған мін­дет­те­ме­ле­рін орын­дау қа­бі­лет­ті­лі­гін қол­дау;
банк­тің күн­де­лік­ті жұ­мыс іс­теу ре­жи­мі­нің ық­ти­мал бұ­зы­луын ал­дын алу және бол­дыр­мау;
банк­тің күн­де­лік­ті жұ­мыс іс­теу ре­жи­мі бұ­зы­луы­ның сал­да­рын (оның ішін­де қар­жы шы­ғын­да­рын, іс­кер­лік бе­де­лін жо­ғал­ту­ды) тө­мен­де­ту;
ба­ра­бар ше­шім­дер­ді қа­был­дау үшін жағ­дай­лар­ды қам­та­ма­сыз ету­ге, олар­ды уақ­ты­лы және то­лық іс­ке асы­ру­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін банк­тің бас­қа­ру дең­гей­ін сақ­тау
Кез­дей­соқ жағ­дай туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды әзір­ле­ген кез­де банк мы­на­дай фак­тор­лар­ды ес­ке­ре­ді:
ық­ти­мал кез­дей­соқ жағ­дай­лар­дың түр­ле­рі мен си­па­тын, олар­мен бай­ла­ны­сты банк­тің күн­де­лік­ті жұ­мыс іс­теу ре­жи­міне және оның өзіне қа­был­да­ған мін­дет­те­рін орын­дау қа­бі­ле­тіне жа­ғым­сыз әсе­рін тигі­зуі мүм­кін тәу­е­кел­де­рін, сон­дай-ақ қар­жы­лық шы­ғын­дар мөл­ше­рі­нің сан­дық ба­ға­ла­у­ын;
кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­па­рын іс­ке асы­ру үшін ре­сур­стар қа­жет­ті­лі­гін, яғ­ни банк­те дағ­да­ры­стық бас­қа­ру (дағ­да­рыс туын­дау жағ­дай­ла­ры­ның ба­ста­лу сәтіне дей­ін­гі) рә­сім­де­рін әзір­леу және ен­гі­зу про­це­сі бо­лып та­бы­ла­тын іс-ша­ра­лар­ды жос­пар­ла­уды;
тө­тен­ше жағ­дай­да­ғы банк ак­тив­те­рі­нің жет­кі­лік­ті­лі­гін;
банк­тің есеп­те­уі бой­ын­ша осы көз­дер­ден алу­ға бо­ла­тын қа­ра­жат­тың мөл­ше­рін, сон­дай-ақ көз­дер­ден қа­ра­жат­ты мо­би­ли­за­ци­я­лау үшін қа­жет­ті уа­қыт­тың бо­луын;
тәу­е­кел­дер­ді бо­лжау, олар­дың ық­ти­мал мөл­ше­рі мен сал­да­рын анық­тау рә­сім­де­рі­нің бо­луы­мен, олар­мен бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар­ды бол­дыр­мау неме­се ба­рын­ша тө­мен­де­ту жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру­мен ба­ға­ла­на­тын банк­те­гі тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру рә­сім­де­рі­нің ти­ім­ді­лі­гі;
банк­тің іш­кі про­цес­сте­рі­нің қал­пы­на кел­ті­ру көр­сет­кіш­те­рін, оның ішін­де: қал­пы­на кел­ті­ру мер­зі­мі, қар­жы шы­ғын­да­ры­ның шек­ті мөл­ше­рі, ак­тив­тер шы­ғын­да­ры­ның шек­ті мөл­ше­рі си­яқ­ты­лар­ды.
Кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­лар­ға ар­нал­ған жос­пар кез­дей­соқ жағ­дай­лар­дың банк­тің қар­жы­лық тұ­рақ­ты­лы­ғы­на және жал­пы оның қыз­ме­тіне ық­па­лын тө­мен­де­ту­ге ба­ғыт­тал­ған ал­дын алу және шұ­ғыл іс-ша­ра­ла­рын, сон­дай-ақ жа­у­ап­кер­ші­лік мат­ри­ца­сын қам­ти­ды.
Ал­дын алу іс-ша­ра­ла­ры стрес­стік жағ­дай­лар­да кө­рі­ніс ала­тын жағ­дай­лар­дың туын­да­уы­на жол бер­меу үшін кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­дау жағ­дай­ы­на ар­нал­ған жос­пар­ға ен­гі­зі­ле­ді және олар мы­на­лар­ға ба­ғыт­тал­ған:
банк­тің үзі­ліс­сіз жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған іш­кі са­я­сат­та­рын және рә­сім­де­рін бел­гі­ле­у­ге;
кез­дей­соқ жағ­дай туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды іс­ке асы­ру және банк­ті тө­тен­ше ре­жим­ге ауы­сты­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау тәр­ті­бін анық­тау;
банк ұшы­ра­уы ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді анық­тау және мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу стра­те­ги­я­сын ай­қын­дау;
банк­тің тәу­е­кел­дер­ге (тәу­е­кел түр­ле­рі бой­ын­ша)  ұшы­ра­ғы­штығы өс­кен жағ­дай­да уақ­ты­лы және ти­ім­ді ша­ра­лар­ды анық­тау;
еле­улі шы­ғын­дар­ға және өтім­ді­лік жет­кі­лік­сіз­ді­гіне, оның ішін­де ба­лан­стық және ба­лан­стан тыс та­лап­тар бой­ын­ша әке­луі мүм­кін ық­ти­мал оқи­ға­лар­ды және эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ла­ры­ның ке­ле­шек­те­гі өзге­рі­сте­рін ес­ке­ре­тін ық­ти­мал стресс сце­на­рий­лер­ді анық­тау;
хеджир­леу құ­рал­да­рын неме­се банк ұшы­ра­ғыш бар тәу­е­кел­дер­дің тө­мен­де­уіне ба­ғыт­тал­ған өзге әді­сте­ме­лер­ді анық­тау;
банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген өзге іс-ша­ра­лар.
Әр­бір тәу­е­кел тү­рі бой­ын­ша банк­тің ал­дын алу ша­ра­ла­ры мы­на­дай фак­ті­лер­ді анық­та­уды қам­ти­ды:
1) кре­дит­тік тәу­е­кел:
жүй­е­лі үш ай­дың ішін­де кре­дит­тік порт­фель са­па­сы­ның бір­т­ін­деп на­шар­ла­уы, оның ішін­де негіз­гі бо­рыш және (неме­се) пай­ы­здық сый­а­қы бой­ын­ша өтеу мер­зі­мі 90 (тоқ­сан) күн­нен аста­мы­на өт­кен бе­рі­л­ген за­ем­дар кө­ле­мі­нің жүй­е­лі үш ай ішін­де ай­ы­на үш және одан көп пай­ыз­ға өсу үр­ді­сі­нің бо­луы;
жүй­е­лі үш ай ішін­де жұ­мыс іс­те­мей­тін кре­дит­тер үле­сі­нің ай­ы­на үш және одан көп пай­ыз­ға өсу үр­ді­сі­нің бо­луы;
про­ви­зи­я­лар кө­ле­мі­нің 5 (бе­сін­ші) са­нат­та­ғы күм­ән­ді және се­нім­сіз кре­дит­тер ре­т­ін­де жік­тел­ген кре­дит­тер со­ма­сы­на ара­қа­ты­на­сы­ның және бі­рың­ғай кре­дит­тер бой­ын­ша про­ви­зи­я­лар­дың 0,05 пай­ы­здық тар­м­ақ­қа жүй­е­лі тө­мен­де­уі;
құ­ры­лы­сқа және жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті са­тып алу­ға бе­рі­л­ген за­ем­дар кө­ле­мі­нің неси­е­лік порт­фе­ліне ара­қа­ты­на­сы­ның жүй­е­лі үш ай ішін­де ай­ы­на үш және одан көп пай­ыз­ға өсуі;
порт­фел­де тәу­е­кел­дің шо­ғыр­ла­нуы­ның (эко­но­ми­ка сек­тор­ла­ры бой­ын­ша, бір гео­гра­фи­я­лық ай­ма­ғы бой­ын­ша, за­ем­шы­лар то­бы бой­ын­ша және бір за­ем­шы (қар­сы агент) бой­ын­ша) өсу үр­ді­сі­нің бо­луы;
кре­дит бой­ын­ша ке­піл­дік­тің неме­се ке­піл­де­ме­нің кре­дит­тің (ке­піл­де­ме­нің) құ­ны­ның отыз пай­ы­зы­нан аста­мы­на жет­кі­лік­сіз­ді­гі және олар­дың әр­түр­лі стресс-сце­на­рий­ле­рі ба­стал­ған кез­де­гі са­ты­луы;
және банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген өзге фак­тор­лар;
2) на­рық­тық тәу­е­кел:
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың ин­ве­сти­ци­я­лық порт­фе­лі са­па­сы­ның бір­т­ін­деп, олар­дың эми­тент­те­рі­нің жағ­дай­ы­на және қар­жы құ­рал­да­ры на­рық­тық ба­ға­ла­ры­ның жал­пы құ­бы­луы­на бай­ла­ны­сты фак­тор­лар­дың ық­па­лы­мен жүй­е­лі үш ай ішін­де ай­ы­на екі пай­ы­здан аста­мы­на на­шар­лау үр­ді­сі­нің бо­луы;
ак­тив­тер мен пай­ы­здық став­ка­лар­ға се­зім­тал (пай­ы­здық гэп­ті тал­дау) мін­дет­те­ме­ле­рі­нің ара­сын­да­ғы ал­шақ­тығ­ы­ның өсуі;
пай­ы­здық став­ка­ла­ры­ның өзге­ру­іне се­зім­тал мін­дет­те­ме­лер­дің мен­шік­ті ка­пи­тал­ға қа­ты­на­сы­ның (пай­ы­здық по­зи­ция) өсуі;
ак­тив­тер мен ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы мін­дет­те­ме­ле­рі­нің мөл­шер­ле­рі сәй­кес­сіз­дік­те­рі­нің өсуі;
жа­ғым­сыз үр­ді­стер неме­се қар­жы құ­рал­да­ры­ның то­бы бой­ын­ша кө­те­рің­кі тәу­е­кел (мы­са­лы, бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар, бан­ка­ра­лық кре­дит­тер бой­ын­ша тө­лем­дер­дің өтеу мер­зі­мін өт­кі­зу кө­ле­мі­нің өсуі);
на­рық­тық тәу­е­кел көр­сет­кі­ші­нің рұқ­сат еті­ле­тін шек­ті дең­гей­і­нен асуы;
және банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген өзге фак­тор­лар;
3) өтім­ді­лік­ті жо­ғал­ту тәу­е­ке­лі:
жүй­е­лі үш ай ішін­де жүй­е­лі түр­де мен­шік­ті ка­пи­тал жет­кі­лік­ті­лі­гі ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің 0,03 неме­се одан көп тар­м­ақ­қа тө­мен­де­уі;
жүй­е­лі үш ай ішін­де жүй­е­лі түр­де өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ент­те­рі­нің 0,03 неме­се одан көп тар­м­ақ­қа тө­мен­де­уі;
жүй­е­лі үш ай ішін­де жүй­е­лі түр­де ак­тив­тер со­ма­сын­да­ғы өтім­ді ак­тив­тер үле­сі­нің бес және одан көп пай­ыз­ға аза­юы;
банк­тің мін­дет­те­ме­ле­рі со­ма­сын­да­ғы ен­ші­лес ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­лар­дың са­лым­да­рын қо­с­па­ған­да­ғы заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың тар­ты­л­ған мер­зім­ді са­лым­да­ры үле­сі­нің бес және одан көп пай­ыз­ға аза­юы;
жүй­е­лі үш ай ішін­де жал­пы бе­рі­л­ген за­ем­дар кө­ле­мі­нің ен­ші­лес ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­лар­дың са­лым­да­рын қо­с­па­ған­да­ғы заң­ды және же­ке тұ­лға­лар­дың тар­ты­л­ған де­по­зит­те­ріне ара қа­ты­на­сы­ның же­ті және одан көп пай­ыз­ға өсуі;
банк­тің өтеу мер­зі­мі бір жы­л­ға дей­ін­гі мін­дет­те­ме­ле­рі мен ак­тив­те­рі­нің ара­қа­ты­на­сы­ның (банк­тің те­ріс гэп по­зи­ци­я­сы) он бес және одан көп пай­ы­зы мөл­ше­ріне асуы;
қар­жы­лан­ды­ру­дың қол же­тім­ді ва­ри­ант­та­рын еле­улі (елу және одан көп пай­ы­зын) неме­се то­лы­ғы­мен жо­ғал­ту;
банк­тің ак­тив­тер­ді са­ту неме­се се­кью­ри­ти­лен­ді­ру қа­бі­ле­тіне ық­па­лын тигі­зе ала­тын стрес­стік жағ­дай­лар ба­стал­ған кез­де­гі ак­тив­тер мен мін­дет­те­ме­лер жағ­дай­ы­ның жа­ғым­сыз өзге­руі;
өтім­ді­лік шо­ғыр­ла­нуы­ның (бір неме­се бір­не­ше қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі бой­ын­ша) бір­т­ін­деп өсу үр­ді­сі­нің бо­луы;
және банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген өзге фак­тор­лар;
4) опе­ра­ци­я­лық тәу­е­кел:
ақ­па­рат­тық жүй­е­лер мен тех­но­ло­ги­я­лар­дың (бағ­дар­ла­ма­лар­дың неме­се де­ректер ба­за­сы­ның, ақ­па­рат­ты бе­ру жүй­е­ле­рі­нің, сон­дай-ақ банк­тің күн­де­лік­ті жұ­мыс іс­те­уі үшін қа­жет­ті өзге жүй­е­лер­дің) жұ­мыс іс­те­уін­де­гі ір­кі­лі­сте­рі мен тоқ­тап қа­луы сал­да­ры­нан болған шы­ғын­дар­дың мөл­ше­рін анық­тау және ба­ға­лау;
банк бас­шы­лы­ғы­ның және қыз­мет­кер­ле­рі­нің кли­ент­тік ба­за­ның аза­юы­на, кли­ент­тер­дің және қар­сы агент­тер­дің банк­ті се­нім­сіз­дік­пен неме­се те­ріс қа­был­да­уы­на әкел­ген те­ріс әре­кет­те­рі сал­да­ры­нан болған шы­ғын­дар­дың мөл­ше­рін анық­тау және ба­ға­лау;
банк­тің опе­ра­ци­я­ла­ры­на сырт­қы күт­пе­ген неме­се ба­қы­лан­бай­тын ық­пал ету фак­тор­ла­ры­ның сал­да­ры­нан болған шы­ғын­дар­дың мөл­ше­рін анық­тау және ба­ға­лау;
банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген өзге фак­тор­лар.
Кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­дың шұ­ғыл іс-ша­ра­ла­ры стрес­стік жағ­дай­лар­дың сал­да­рын жо­ю­ға ба­ғыт­та­ла­ды және оның ішін­де осы­лар­мен шек­тел­мей мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
бас­қа банк­тер­ден күт­пе­ген жағ­дай­лар­да олар үшін қол же­тім­ді бо­ла­тын кре­дит­тік қар­жы­лан­ды­ру же­лі­сін алу мүм­кін­ді­гін, сон­дай-ақ ұсы­ны­ла­тын ре­сур­стар түр­ле­рін, қа­был­да­у­ға бо­ла­тын ке­піл­дік­ті;
банк­тің қа­ра­уын­да­ғы тө­тен­ше жағ­дай­да әле­ует­ті қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі­нің тіз­бе­сін, сон­дай-ақ банк­тің есеп­те­уі бой­ын­ша осы көз­дер­ден алу­ға бо­ла­тын қа­ра­жат мөл­ше­рін анық­тау;
күн­де­лік­ті тө­лем­дер­ді жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша ық­ти­мал ша­ра­ла­ры. Ма­ңы­зды ір­кі­лі­стер болған жағ­дай­да банк­тің күн­де­лік­ті өтім­ді­лік­тің қо­сым­ша көз­де­рін алу­ға, оның ішін­де ке­піл ре­т­ін­де пай­да­ла­ну­ға бо­ла­тын қо­сым­ша ак­тив­тер­ді анық­тау және мо­би­ли­за­ци­я­лау ар­қы­лы алу мүм­кін­дік­те­рі бар;
жұ­мыс іс­те­уі тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың сал­да­ры­нан бұ­зы­л­ған банк­тің дұ­рыс жұ­мыс іс­те­уін қал­пы­на кел­ті­ру үшін қа­жет­ті іс-ша­ра­лар­дың тіз­бе­сі;
қыз­мет көр­се­ту­ле­рін тез ара­да қал­пы­на кел­ті­руі қа­жет бө­лім­ше­лер­ді (тәу­ел­ді, оның ішін­де сырт­қы қыз­мет көр­се­ту­лер­ді жет­кі­зу­ші­лер­ден неме­се өзге үшін­ші тұ­лға­лар­дан) анық­тау;
банк­тің іш­кі про­цес­сте­рін қал­пы­на кел­ті­ру ба­сым­ды­лы­ғы­ның тіз­бе­сін анық­тау.
Кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар биз­нес про­цесс жұ­мысын­да­ғы ір­кі­ліс болған жағ­дай­да қыз­мет көр­се­ту­лер­ді қай­та ба­ста­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін ба­ла­ма ме­ха­низмде­рін ай­қын­дай­ды:
қам­та­ма­сыз еті­ле­тін қор­ғау дә­ре­же­сі (бел­гі­лі уа­қыт ішін­де қа­лып­ты жұ­мыс іс­те­уін қол­дау, жұ­мысты бел­гі­лі уа­қыт ішін­де ба­рын­ша тө­мен­гі қа­был­да­у­ға бо­ла­тын дең­гей­де ұстау, жұ­мысты тоқ­та­ту неме­се кей­ін­нен үзі­л­ген про­цес­стің қа­лып­ты жұ­мыс ре­жи­мін қал­пы­на кел­ті­ру);
банк қыз­ме­ті­нің ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша өзде­ріне жүк­тел­ген мін­дет­те­рі мен функ­ци­я­лар­ды іс­ке асы­ру үшін бө­лім­ше­лер жү­зе­ге асы­ра­тын рә­сім­дер­дің жұ­мысын­да­ғы ір­кі­ліс болған жағ­дай­да қа­жет­ті ре­сур­стар (бі­лік­ті пер­со­нал, үй-жай­лар, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету, жаб­дық­тар және өзге ре­сур­стар, егер олар банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­се);
рә­сім­дер мен стрес­стік жағ­дай­лар ба­стал­ған кез­де тәу­е­кел­дер­ді шек­теу бой­ын­ша қа­жет­ті іс-ша­ра­лар, оның ішін­де тәу­е­ке­лі бар опе­ра­ци­я­лар­ды шек­теу мүм­кін­ді­гі, қа­был­да­на­тын тәу­е­кел дең­гей­іне ба­ра­бар мен­шік­ті ка­пи­тал мөл­ше­рі­нің өсуі, тәу­е­кел­дер­ге қар­сы құ­ры­ла­тын ре­зерв­тер­дің жет­кі­лік­ті­лі­гі;
ша­ра қа­был­дау тәр­ті­бін нақ­ты­лай­тын ба­сым­дық­тар­ды бел­гі­леу рә­сім­де­рі, сон­дай-ақ ша­ра­лар­дың әр қай­сысы орын­да­луы ти­іс бо­ла­тын жағ­дай­лар;
банк­ке де­ген жал­пы се­нім­ді­лік­ті қол­дау үшін дағ­да­рыс ке­зең­де­рін­де на­рық­тың іш­кі, сон­дай-ақ сырт­қы субъ­ек­ті­ле­рі­мен (уәкі­лет­ті ор­ган­мен, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі­мен) уақ­ты­лы, жүй­е­лі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ете­тін іс-ша­ра­лар ке­ше­ні;
банк­тің бө­лім­ше­ле­рі мен қыз­мет­кер­ле­ріне ар­нал­ған, қыз­мет үшін ма­ңы­зды банк­тің іш­кі про­цес­сте­рі­нің жұ­мыс іс­те­уін қол­дау неме­се уақ­ты­лы қай­та ба­стау үшін қа­жет­ті әре­кет­тер­дің си­патта­ма­сы бар ег­жей-тег­жей­лі нұс­қа­улық­тар;
тө­тен­ше жағ­дай­да­ғы жұ­мыс іс­теу рә­сім­де­рі, оның ішін­де бұ­зы­л­ған биз­нес про­цес­сте­рі­нің жұ­мыста­рын қал­пы­на кел­ті­ру, сон­дай-ақ тө­тен­ше жағ­дай­да жұ­мысты аяқ­тау және күн­де­лік­ті жұ­мыс іс­теу ре­жи­міне қай­та кө­шу тәр­ті­бі;
және банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген өзге іс-ша­ра­лар.
Кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­дың жа­у­ап­кер­ші­лік мат­ри­ца­сы кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­дың әр­бір нақ­ты­лан­ған іс-ша­ра­сы, олар­ды іс­ке асы­ру үшін жа­у­ап­ты нақ­ты тұ­лға­лар­мен бай­ла­ны­сты бо­ла­тын мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­ды.
Жа­у­ап­кер­ші­лік мат­ри­ца­ның мақ­са­ты кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­да қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің банк бас­шы­лы­ғы­ның және оның қыз­мет­кер­ле­рі­нің ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­рын­да жа­у­ап­кер­ші­лік­ті бел­гі­леу ар­қы­лы әр­бір жос­пар­лан­ған әре­ке­ті­нен кү­ті­ле­тін нәти­же­сіне жет­кі­зі­л­ге­ні. Жа­у­ап­кер­ші­лік мат­ри­ца­сы, оның ішін­де мы­на­дай мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­ды, бі­рақ олар­мен шек­тел­мей­ді:
тө­тен­ше жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­да­ғы банк қыз­мет­кер­ле­рі­нің функ­ци­я­ла­рын, өкі­лет­тікте­рі мен мін­дет­те­ме­ле­рін, оның ішін­де кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды қол­ға алу (қол­да­ну) құқы­ғын қай­та бө­лу тәр­ті­бін;
кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты адам­ның те­гін, атын, бар бол­са әке­сі­нің аты мен бай­ла­ныс жа­сай­тын ақ­па­рат­ты;
банк­тің әр­түр­лі қыз­мет­кер­ле­рі мен биз­нес бө­лім­ше­ле­рі ара­сын­да ти­ім­ді іш­кі үй­ле­сті­ру және бай­ла­ны­сты құ­ру рә­сім­де­рін, Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сіне кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды және банк қа­был­да­ған іс-ша­ра­лар­ды орын­дау ба­ры­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жет­кі­зу тәр­ті­бін;
және банк­тің іш­кі құ­жат­та­рын­да көз­дел­ген өзге ақ­па­рат­ты.
Ен­ші­лес ұй­ым­да­ры қыз­ме­ті­нің күр­де­лі­лі­гіне және ауқы­мы­на сәй­кес ке­ле­тін кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар банк­тің ен­ші­лес ұй­ым­да­рын ес­ке­ре оты­рып, шо­ғыр­лан­ды­ры­л­ған негіз­де қа­был­да­на­тын тәу­е­кел­дер­ді есеп­ке ала оты­рып жа­са­ла­ды.
Шо­ғыр­лан­ды­ры­л­ған негіз­де қа­был­да­на­тын тәу­е­кел­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды жа­са­ған кез­де банк оның ішін­де:
тө­тен­ше жағ­дай ре­т­ін­де ен­ші­лес ұй­ы­мы­ның қар­жы­лық тұ­рақ­сызды­ғы мен ор­нық­сызды­ғы ке­зе­ңін қа­рай­ды;
ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­ның, оның ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де ор­на­лас­қан ен­ші­лес ұй­ым­да­ры­ның бо­луы­нан туын­да­ған өза­ра тәу­ел­ді­лі­гін, про­бле­ма­лар­ды ше­шу үшін заң­ды тұ­лға­лар­дың ұй­ым­дық-құқық­тық оқ­ша­у­ла­ну­шы­лы­ғы­ның сал­да­рын ес­ке­ре­ді;
ен­ші­лес ұй­ы­мы­ның негіз­гі функ­ци­я­ла­рын тез ара­да қал­пы­на кел­ті­ру­ді және про­бле­ма­лар­дың ше­ші­лу­ін қам­та­ма­сыз ету­ге және қа­жет болған жағ­дай­да ен­ші­лес ұй­ым­ның қыз­ме­тін кон­гло­ме­рат қа­ты­су­шы­ла­ры­ның қыз­ме­тіне зи­ян кел­тір­мей ке­зе­ңі­мен тоқ­та­ту­ға ба­ғыт­тал­ған іс-ша­ра­лар.
Банк Бас­қар­ма­сы:
кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­дың ба­ра­бар­лы­ғын қа­рау ке­зін­де­гі стресс-те­сті­ле­уде қол­да­ны­ла­тын тәу­е­кел­дер­ді (тәу­е­кел­дер­дің түр­ле­рі бой­ын­ша), сце­на­рий­лер­ді және жо­ра­мал­дар­ды тал­дау қо­ры­тын­ды­ла­рын ке­зең-ке­зе­ңі­мен пай­да­ла­на­ды;
банк­тің ағым­да­ғы қыз­ме­ті­нің стра­те­ги­я­ла­ры­на сәй­кес ке­лу­ін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды қай­та қа­рай­ды;
ке­зең-ке­зе­ңі­мен, бі­рақ ай­ы­на кем де­ген­де бір рет кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­ды оның ти­ім­ді­лі­гін және опе­ра­ци­я­лық орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету үшін те­сті­лей­ді;
ба­стап­қы шар­ттар­дың өзге­ру­іне әке­ле­тін әр­бір іс-ша­ра­дан кей­ін кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­па­рын бар­лық ас­пек­ті­ле­рін қай­та қа­рай­ды және кей­ін­гі іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу бой­ын­ша бар­лық ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі Бас­қар­ма­ның кез­дей­соқ жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­ға ар­нал­ған жос­пар­да көз­дел­ген ти­іс­ті ша­ра­лар­ды орын­да­уы­на ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ете­ді.
";
4-1-қосымшада:
"Өтімділік тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар" кестесінде:
"Талап критерийлері" бағанының екінші жолының он бесінші абзацтағы "кездейсоқ жағдайларда жүргізілетін стресс-тестілердің, қаржыландыру жоспарының" деген сөздер "жүргізілетін стресс-тестердің, кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайларға арналаған жоспардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші жолы алынып тасталсын;
"Талап критерийлері" бағанының жиырма алтыншы жолында:
бірінші абзацтағы "төтенше жағдайлар болған жағдайда банкті қаржыландыру жоспарында" деген сөздер "кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "төтенше жағдайлар болған жағдайда банкті қаржыландыру жоспарын" деген сөздерді "кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма сегізінші жолы алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Екінші деңгейдегі банктер 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

4 4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А.Әбдірахманов):

1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.

5 5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Қолданыстағы