Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 420 «Об утверждении Правил обеспечения аэронавигационной информацией в гражданской авиации»

Бұйрық · № 107 · қабылданған 21.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-420-ekb-178797/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 420 «Об утверждении Правил обеспечения аэронавигационной информацией в гражданской авиации» Қолданыста Бұйрық ·№ 107 ·21.02.2023
21.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 420 «Об утверждении Правил обеспечения аэронавигационной информацией в гражданской авиации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 107 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 420 «Об утверждении Правил обеспечения аэронавигационной информацией в гражданской авиации»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
21.02.2023
Көрсетілген редакция
21.02.2023 178797_621562.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031953
ЭКБ идентификаторы
178797
Редакция идентификаторы
178797_621562
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:21

0 «Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларда:
8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына, сондай-ақ «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару» ИКАО PANS-AIM (Doc 10066) құжатына сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.»;
10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«10. Аэронавигациялық ақпаратты ұсынуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АНҚ берушісінің аэронавигациялық ақпарат қызметі қамтамасыз етеді.
ААҚ басқа мемлекеттер ұсынатын аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің барлық элементтері жіберілетін орган болып табылады. Қажет болған кезде ААҚ басқа мемлекеттер ұсынатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты алуға сұрау салуды жүзеге асыра алады.»;
13-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«13. ААҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігі, онда Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын, аэронавигациялық ақпаратты мен деректерді алады немесе жасайды, тексереді, жинақтайды, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.»;
мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3 және 13-4-тармақтарымен толықтырылсын:
«13-1. Аэронавигациялық деректермен және аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ААҚ қызметтің жеделдігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін автоматтандыру құралдарын пайдаланады.
13-2. ААҚ қызметі автоматтандыру құралдарын енгізу кезінде аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың тұтастығына назар аударады және олар анықталған кезінде тәуекел факторларын жою бойынша шаралар қабылдайды.
13-3. Аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптарды сақтау үшін автоматтандыру құралдары:
1) деректерді өңдеуге тартылған тараптар арасында аэронавигациялық деректермен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
2) аэронавигациялық ақпарат алмасу модельдерін және жаһандық функционалдық үйлесімділікке есептелген деректер алмасу модельдерін пайдаланады.
13-4. Автоматтандыру құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда ААҚ аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат ағынының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
ААҚ персоналының күтпеген жағдайлар және автоматтандыру құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайдағы іс-әрекеттері сай-дың тиісті рәсімдерінде сипатталады.»;
14-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«14-1. Аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпарат әртүрлі форматта ұсынылған жағдайларда деректер мен ақпараттың әртүрлі форматта келісілуін қамтамасыз ету процестері енгізіледі.
ААҚ қызметі ұсынатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың форматы «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару» ИКАО PANS-AIM (Doc 10066) құжатының ережелеріне сәйкес келеді және оларды болжамды пайдалану үшін қолайлы болып табылады.»;
18-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«18-1. ААҚ ақпаратты басқару процестерін айқындайды, ал азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісі ӘҚҰ жүйесінің шеңберінде кепілдік берілген сападағы аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты уақтылы жинауды, өңдеуді, сақтауды, біріктіруді, алмасуды және жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ААҚ-ны ресурстармен (персонал, жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржыландыру) қамтамасыз етеді.»;
19-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«19. Әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін ұсынылатын аэронавигациялық ақпарат (аэронавигациялық деректер) өнімдеріне цифрлық деректер массивтері түрінде немесе стандартталған форматта баспа түрінде немесе электрондық жеткізгіштерде, немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің сайтында жарияланатын, мыналар жатады:
1) AIP, оның ішінде оған енгізілген түзетулер мен толықтырулар;
2) Әуеайлақ схемалар және аэронавигациялық карталар;
3) AIC;
4) PIB, оның ішінде ұшқаннан кейінгі ақпараты;
5) NOTAM хабарламалары, оның ішінде бақылау тізбелері мен қолданыстағы NОТАМ тізбелері;
6) сандық деректер массиві.»;
22-тармақ алып тасталсын;
26, 27 және 28-тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«26. Бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен тікелей және тұрақты байланысты ұстап тұру мақсатында ААҚ-ға мынадай деректерді жібереді:
1) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты құрастырушылардың атауы;
2) аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылардың заңды және нақты мекенжайы;
3) байланысатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы, телефоны, факс, AFTN (болған кезде) нөмірі және электрондық поштасы.
27. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен тікелей және тұрақты байланысты ұстап тұруға жауапты лауазымды адамдар туралы деректер өзгерген кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты жаңа ұйым немесе қызмет құрылған;
2) бұрын ААҚ-мен келісім жасасқан ұйым немесе қызмет таратқан;
3) бұрын ААҚ-мен келісім жасасқан ұйым немесе қызмет туралы ақпарат өзгерген жағдайда ААҚ-ны хабардар етеді.
28. Бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді құрастырушылар ААҚ-мен келісім жасасады, онда аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсыну мерзімдері, алу және алмасу әдістері, ААҚ-ға беру үшін жауапты тұлғалар, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректердің көлемі және сапасына қойылатын талаптар айқындалады.
Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушылар мыналарды ұсынады:
1) егер аэронавигациялық ақпарат AIP-те жариялауға арналған болса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес AIP-ке өзгеріс енгізуге өтінімді;
2) егер аэронавигациялық ақпарат NOTAM басып шығаруға арналған болса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес NOTAM басып шығаруға өтінімді.
Қателер немесе сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ААҚ бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) құрастырушы бола алады және аэронавигациялық ақпараттың біріктірілген топтамасына түзетулер енгізе алады.»;
29-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«29-1. Сертификатталмаған әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), уақытша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) және қону алаңдарының пайдаланушылары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсында одан әрі жариялау үшін олар бойынша ААҚ-ға аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсынады.
Аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректерді ұсыну форматы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.»;
33-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«33. ААҚ жыл сайын төртінші тоқсанда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің ресми интернет-ресурсында AIP-қа түзетулердің күшіне ену күндерінің тізбесін жариялайды.»;
38-тармақ алып тасталсын;
67-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«67. Осы Қағидалардың 66-тармағында санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Аэронавигациялық карталар» деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылатын аэронавигациялық карталардың осы Қағидаларға 4-қосымшаның белгіленген талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ тиісті өзгерістер енгізу жолымен жаңартудың дәлдігі мен уақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.»:
69-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«69. Мекендердің атаулары олардың айтылуына сәйкес латын әліпбиінің әріптерімен жазылады.»;
мынадай мазмұндағы 77-1-тармағымен толықтырылсын:
«77-1. Қолданыстағы AIC-тегі аэронавигациялық ақпараттың немесе аэронавигациялық деректердің өзектілігін ААҚ қызметі жылына кемінде бір рет қайта қарайды.»;
108-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«108. NОТАМ-мен халықаралық алмасу, сондай-ақ халықаралық таратуға жататындардан өзгеше NOTAM серияларын тарату, тиісті халықаралық NОТАМ органдары арасында өзара келісім бойынша жүзеге асырылады.»;
7-параграфтың атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7-параграф. Сандық деректер массиві»;
110-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«110. Мүдделі пайдаланушыларына, сондай-ақ басқа мемлекеттердің ААҚ, цифрлық деректер массиві түріндегі аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) ұсынған кезде ААҚ мен мүдделі пайдаланушылары немесе басқа мемлекеттердің ААҚ арасында жасалған келісімдер ұсынудың негізі болып табылады.
ААҚ ұсынған тараптың келісімінсіз кез келген үшінші тарапқа басқа мемлекеттің ААҚ-нан алынған цифрлық деректер массивін ұсынбайды.
Осындай цифрлық деректер мынадай цифрлық деректер массиві түрінде ұсынылуы мүмкін:
1) AIP деректер массиві;
2) жергілікті жер туралы деректер массиві;
3) кедергілер туралы деректердің массиві;
4) әуеайлақтың картографиялық деректерінің массиві;
5) аспаптар бойынша ұшу схемалары туралы деректердің массиві .
Мүдделі пайдаланушыға берілетін әрбір деректер жиынтығы метадеректер жиынтығымен бірге қамтамасыз етіледі, ол бақылауды қамтамасыз етеді және кем дегенде мыналарды қамтиды:
1) деректерді жасау, беру немесе өңдеу жөніндегі кез келген іс-әрекетті орындайтын ұйымдардың немесе органдардың атауы;
2) қабылданған әрекеттердің сипаттамасы;
3) қабылданған іс-қимылдардың күні мен уақыты көрсетіледі.»;
111-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«111. Жергілікті жер туралы деректер массиві кедергілерді қоспағанда, тау, төбе, жота, алқап, судың жиналуы, мәңгілік мұз бен қар сияқты табиғи элементтері бар Жер бетінің кеңістіктік (орналасу жері және асып түсуі), мәндік және уақытша аспектілерді сипаттайды.»;
112-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«112. Аэронавиагациялық деректермен бірге тиісті жағдайларда қолданылатын жергілікті жер мен кедергілер туралы деректер массиві ұшуларды орындау мен ӘҚК қатысты мынадай қолданыс түрлерін қамтамасыз етеді:
1) ұшу бағытындағы жер бедерін бағалау функциясы бар, жердің жақын екені туралы ескерту жүйесі және ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктік туралы ескерту жүйесі (МSАW);
2) екінші айналымға кететін немесе ұшып шығатын кезде авариялық жағдайда қолданылатын қосалқы схемаларды анықтау;
3) әуе кемесінің пайдалану шектеулерін талдау;
4) аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы (айналып ұшу схемасын қоса);
5) бағыт бойынша ұшу кезінде төмендету рәсімдерін және авариялық жағдайда қону орнын анықтау;
6) жерүсті қозғалысын басқару және оны бақылаудың жетілдірілген жүйесі (А-SМGСS);
7) аэронавигациялық карталарды және борттық деректер базасын жасау;
8) ұшу тренажеры;
9) әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) кедергілерді шектеу және жою.»:
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«116. Қамтылатын тиісті аудандарға арналған жергілікті жер туралы деректер массиві осы Қағидаларға 6-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес келеді, ал кедергілер туралы деректер осы Қағидаларға 6-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес келеді.»;
125-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«125. ААҚ ұшу қауіпсіздігін, аэронавигацияның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында шетел мемлекеттердің ААҚ сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігіне қатысты, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты дереу береді.»;
128-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«128. Басқа ИКАО Уағдаласушы мемлекеттерінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа ұйымдар сұратқан төменде санамаланған аэронавигациялық ақпарат өнімдерінің әрқайсысының бір данасы (бар болса) өзара келісілген нысанда немесе форматта өтеусіз негізде ұсынылады:
1) AIP, оның ішінде оған түзетулер мен толықтырулар;
2) әуеайлақ схемалары және аэронавигациялық карталар;
3) AIC;
4) NOTAM хабарламалары, оның ішінде бақылау тізбелері және қолданыстағы NOTAM тізбелері.»;
132-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«132. AIRAC жүйесі арқылы таратылатын аэронавигациялық ақпаратты ААҚ, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің интернет-ресурсында күшіне енген күнге дейін кем дегенде күнтізбелік 42 күн бұрын орналастырады.»;
133-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«133-1. AIP-тың бөлімдеріне (кіші бөлімдеріне, тармақтарына) сәйкес осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген ұйымдар аэронавигациялық ақпарат өнімдерін жариялау үшін ААҚ талап ететін бастапқы аэронавигациялық ақпарат пен аэронавигациялық деректердің құрастырушылары болып табылады.»;
138-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«138. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау оларды құрастыру сәтінен бастап келесі болжамды пайдаланушыға жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық процес бойы қамтамасыз етіледі.»;
140-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«140. Болжамды пайдаланушыға аэронавигациялық ақпарат және (немесе) аэронавигациялық деректерімен тарату немесе алмасу төмендегі тәсілмен жүзеге асырылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын АҚК берушісінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы;
2) курьерлік қызмет (пошта қызметі) арқылы жеткізумен электрондық тасығыштарда тарату арқылы;
3) ААҚ мен болжамды пайдаланушы арасындағы тікелей электрондық байланыс, мысалы электрондық пошта немесе AFTN байланыс арналары бойынша аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) автоматты таратуды қамтамасыз ететін тікелей электрондық тарату арқылы;
4) электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымшада:
2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Карталардың атауы.
Осы Қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес құрастырылған және картаның мақсатына сәйкестендіруге арналған картаның атауы немесе карталардың сериясы тиісті параграфтың тақырыбына ұқсас болып табылады және осы параграфта қамтылған өзге талаптарды қолдануға байланысты өзгереді. Егер карта осы параграфта баяндалған барлық талаптарға, және нақты картаға қатысты кез келген талаптарға сәйкес келмесе, оның атауына «ИКАО» деген сөз енгізілмейді»;
14-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«14. Аэронавигациялық деректер.
Аэронавигациялық деректер осы Қағидалардың 2-тарауының 11-параграфы 134-тармағының ережелеріне сәйкес беріледі.
Картадағы географиялық координаттардың, асып кету мәндерінің және геоид толқынының рұқсат ету қабілетінің дәрежесі нақты карта үшін белгіленген талаптарға сәйкес келеді.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармағымен толықтырылсын:
«14-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым карталардағы аэронавигациялық деректердің рұқсат ету дәрежесінің нақты карта үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.»;
8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Аэронавигациялық деректердің сапасы

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 21 ақпандағы
№ 107 Бұйрыққа
1-қосымша
Азаматтық аваицияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша
Аэронавигациялық деректердің сапасы
1-кесте. Ені мен ұзындығы
Ені мен ұзынды­ғы
Дәл­дік/де­ректер­дің тү­рі, ки­ло­метр / метр (те­ңіз миль)
Жа­ри­я­ла­на­тын де­ректер­дің дәл­ді­гі, ми­нут­та / се­кунд­та
Кар­та­ның дәл­ді­гі, се­кунд­та
Бү­т­ін­ді­гі­нің сы­нып­та­ма­сы
Ұшу ақ­па­ра­ты­ның ауда­ны ше­ка­ра­ла­ры­ның нүк­те­ле­рі
2 км (1 м. миль), жа­ри­я­лан­ған
1 мин
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты
Р, R, D аудан­да­ры ше­ка­ра­ла­ры­ның нүк­те­ле­рі (CTA/CTR ше­ка­ра­ла­ры­нан тыс)
2 км (1 м. миль), жа­ри­я­лан­ған
1 мин
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты
Р, R, D аудан­да­ры ше­ка­ра­ла­ры­ның нүк­те­ле­рі (CTA/CTR ше­ка­ра­ла­ры ішін­де)
100 м, есеп­тел­ген
1 с
Са­лын­ған­ға сәй­кес
ма­ңы­зды
CTA/CTR ше­ка­ра­ла­ры­ның нүк­те­ле­рі
100 м, есеп­тел­ген
1 с
Са­лын­ған­ға сәй­кес
ма­ңы­зды
NAVAID ба­ғыт­та­ры мен ба­қы­лау нүк­те­ле­рі, кү­ту пунк­ті, STAR/SID нүк­те­ле­рі
100 м, тү­сі­ру нәти­же­ле­рі/ есеп­тел­ген
1 с
1 с
ма­ңы­зды
1-аудан­да­ғы ке­дер­гі­ле­рі (мем­ле­кет­тің бү­кіл ау­ма­ғы)
50 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 с
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты
Әу­е­ай­лақ­тың/ті­кұ­шақ ай­ла­ғы­ның ба­қы­лау нүк­те­сі
30 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 с
1 с
қа­лып­ты
Әе­уай­лақ­та/ті­кұ­шақ ай­ла­ғын­да ор­на­лас­қан NAVAID
3 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/10 с
Са­лын­ған­ға сәй­кес
ма­ңы­зды
2-аудан­да­ғы ке­дер­гі­ле­рі
5 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/10 с
1/10 с
ма­ңы­зды
3-аудан­да­ғы ке­дер­гі­ле­рі
0.5 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/10 с
1/10 с
ма­ңы­зды
Қо­ну­ға соң­ғы кі­ру­дің ба­қы­лау нүк­те­ле­рі/пункт­те­рі және ас­пап­тар бой­ын­ша қо­ну сұл­ба­сын жа­сай­тын бас­қа да ма­ны­зды ба­қы­лау нүк­те­ле­рі/пункт­те­рі
З м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі/ есеп­тел­ген
1/10 с
1 с
ма­ңы­зды
ҰҚЖ-ның ше­гі
1 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100 с
1 с
кри­ти­ка­лық
4-аудан­да­ғы ке­дер­гі­ле­рі
0.5 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/10 с
1/10 с
ма­ңы­зды
ҰҚЖ-ның со­ңы
1 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100 с
-
кри­ти­ка­лық
ҰҚЖ-ның бі­лік сызығ­ы­ның нүк­те­ле­рі
1 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100 с
1/100 с
кри­ти­ка­лық
РЖ бі­лік сызығ­ы­ның нүк­те­ле­рі
0,5 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100 с
1/100 с
ма­ңы­зды
Жер­де­гі РЖ бі­лік сызығ­ы­ның нүк­те­ле­рі; әу­еде руль­деу үшін және тран­зит­тік ба­ғыт­тар­дың РЖ нүк­те­ле­рі
0,5 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі/ есеп­тел­ген
1/100 с
1/100 с
ма­ңы­зды
Әуе ке­ме­ле­рі/ті­кұ­шақ тұ­рақ­та­ры­ның нүк­те­ле­рі/ INS тек­се­ру пункт­те­рі
0,5 м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100 с
1/100 с
қа­лып­ты
TLOF гео­мет­ри­я­лық ор­та­лы­ғы неме­се FATO ше­гі (ті­кұ­шақ ай­лақ­та­ры)
1м, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100 с
1 с
кри­ти­ка­лық
2-кесте. Асып кету, абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік
Асып ке­ту/аб­со­лют­ті би­ік­тік/са­лы­стыр­ма­лы би­ік­тік
Дәл­дік/ де­ректер­дің тү­рі, метр / фут
Жа­ри­я­ла­на­тын де­ректер­дің дәл­ді­гі, метр / фут
Кар­та­ның дәл­ді­гі, метр / фут
Бү­т­ін­ді­гі­нің сы­нып­та­ма­сы
Әу­е­ай­лақ­тан/ті­кұ­шақ ай­ла­ғы­нан асу
0,5 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 миль неме­се 1 фут
1 м неме­се 1 фут
ма­ңы­зды
Әу­е­ай­лақ­тан/ті­кұ­шақ ай­ла­ғы­нан асу же­рін­де­гі WGS-84 гео­ид тол­қы­ны
0,5 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 миль неме­се 1 фут
1 м неме­се 1 фут
ма­ңы­зды
ҰҚЖ-ның ше­гі неме­се FATO (қо­ну­ға нақ­ты емес кі­ру)
0,5 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 миль неме­се 1 фут
1 м неме­се 1 фут
ма­ңы­зды
ҰҚЖ-ның ше­гін­де­гі WGS-84 гео­ид­тік тол­қы­ны неме­се TLOF-тың гео­мет­ри­я­лық ор­та­лы­ғын­да­ғы FATO (қо­ну­ға нақ­ты емес кі­ру)
0,5 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 миль неме­се 1 фут
1 м неме­се 1 фут
ма­ңы­зды
ҰҚЖ-ның ше­гі неме­се FATO (қо­ну­ға нақ­ты кі­ру)
0,25 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
0,1 м неме­се 0,1 фут
0,5 м неме­се 1 фут
кри­ти­ка­лық
ҰҚЖ-ның ше­гін­де­гі WGS-84 гео­ид­тік тол­қы­ны неме­се TLOF-тың гео­мет­ри­я­лық ор­та­лы­ғын­да­ғы FATO (қо­ну­ға нақ­ты кі­ру)
0,25 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
0,5 м неме­се 1 фут
0,5 м неме­се 1 фут
кри­ти­ка­лық
Ке­дер­гі­лер­ді ұшып өту­дің аб­со­лют­ті/са­лы­стыр­ма­лы би­ік­ті­гі (ОСА/Н)
PANS-OPS
(Doc 8168) құ­жа­тын­да көр­се­ті­л­ген­дей
-
PANS-OPS
(Doc 8168) көр­се­ті­л­ген­дей
ма­ңы­зды
ҰҚЖ ше­гі қиы­лы­суы­ның са­лы­стыр­ма­лы би­ік­ті­гі (ті­рек нүк­те­нің са­лы­стыр­ма­лы би­ік­ті­гі), қо­ну­ға дәл кі­ру
0,5 м неме­се 1 фут, есеп­тел­ген
0,5 м неме­се 1 фут
0,5 м неме­се 1 фут
кри­ти­ка­лық
Қо­ну­ға кі­ру және ұшып кө­те­рі­лу ай­мақ­та­рын­да­ғы ке­дір­гі­лер
1 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 миль неме­се 1 фут
1 м неме­се 1 фут
ма­ңы­зды
Шең­бер бой­ын­ша және әу­е­ай­лақ­та/ ті­кұ­шақ ай­ла­ғын­да ұшу ай­мақ­та­рын­да­ғы ке­дер­гі­лер
1 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 миль неме­се 1 фут
1 м неме­се 1 фут
ма­ңы­зды
Ба­ғыт­та­ғы ке­дер­гі­лер­ден асып өтуі
З м (10 фут), тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
3 м (10 фут)
3 м (10 фут)
қа­лып­ты
Қа­шық­тық өл­ше­гіш жабды­ғы/ дәл­ді­гі (DME/P)
3 м (10 фут), тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
3 м (10 фут)
ма­ңы­зды
Қа­шық­тық өл­ше­гіш жаб­дық­тың ар­туы (DME)
3 м (100 фут), тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
30 м (100 фут)
30 м (100 фут)
ма­ңы­зды
Ас­пап­тар бой­ын­ша қо­ну­ға кі­ру схе­ма­сы­ның аб­со­лют­тік би­ік­ті­гі
PANS-OPS
(Doc 8168) құ­жа­тын­да көр­се­ті­л­ген­дей
PANS-OPS
(Doc 8168) көр­се­ті­л­ген­дей
ма­ңы­зды
Ең тө­мен­гі аб­со­лют­ті би­ік­тіктер
50 м неме­се 100 фут, есеп­тел­ген
50 м неме­се 100 фут
50 м неме­се 100 фут
қа­лып­ты
3-кесте. Ауытқу және магниттік ауытқу
Тө­мен тү­сү/маг­нит­тік тө­мен тү­су
Дәл­дік/де­ректер­дің тү­рі, гра­дус
Жа­ри­я­ла­на­тын де­ректер­дің дәл­ді­гі, гра­дус
Кар­та­ның дәл­ді­гі, гра­дус
Бү­т­ін­ді­гі­нің сы­нып­та­ма­сы
Құ­рал­ды тех­ни­ка­лық күй­ге кел­ті­ру үшін қол­да­ны­ла­тын NAVAID ӨЖЖ стан­ци­я­сы­ның ауыт­қуы
1°, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі

-
ма­ңы­зды
NDB NAVAID құ­ра­лы­ның маг­нит­тік ауыт­қуы
1°, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі

-
қа­лып­ты
Әу­е­ай­лақ­тың/ ті­кұ­шақ ай­ла­ғы­ның маг­нит­тік ауыт­қуы
1°, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі


ма­ңы­зды
ILS кур­стік ра­дио­ма­як ан­тен­на­сы­ның маг­нит­тік ауыт­қуы
1°. тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі

-
ма­ңы­зды
MLS-тің ази­му­тал­ды ан­тен­на­сы­ның маг­нит­тік ауыт­қуы
1°, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі

-
ма­ңы­зды
4-кесте. Пеленг
Пе­ленг
Дәл­дік/де­ректер­дің тү­рі, гра­дус
Жа­ри­я­ла­на­тын де­ректер­дің дәл­ді­гі, гра­дус
Кар­та­ның дәл­ді­гі, гра­дус
Бү­т­ін­ді­гі­нің сы­нып­та­ма­сы
Әуе трас­са­ла­ры­ның учас­ке­ле­рі
1/10°, есеп­тел­ген


қа­лып­ты
Ба­ғыт­тар­да­ғы және әу­е­ай­лақ ауда­нын­да­ғы ба­қы­лау нүк­те­ле­рін бел­гі­леу үшін қол­да­ны­ла­тын пе­ленг
1/10°, есеп­тел­ген
1/10°
1/10°
қа­лып­ты
Әу­е­ай­лақ ауда­нын­да­ғы ке­лу/ұшып шы­ғу ба­ғыт­та­ры­ның учас­ке­ле­рі
1/10°, есеп­тел­ген


қа­лып­ты
Ас­пап­тар бой­ын­ша қо­ну­ға кі­ру схе­ма­ла­ры­ның ба­қы­лау нүк­те­ле­рін бел­гі­леу үшін қол­да­ны­ла­тын пе­ленг
1/100°, есеп­тел­ген
1/100°
1/10°
ма­ңы­зды
ILS-тың кур­стық ра­дио­ма­як­тың шы­ға­руы
1/100°, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100°, шын

ма­ңы­зды
MLS-тың нөл­дік ази­му­тын шы­ға­руы
1/100°, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100°, шын

ма­ңы­зды
ҰҚЖ және FATO пе­лен­гі
1/100°, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1/100°, шын

қа­лып­ты
5-кесте. Ұзындық, қашықтық, өлшем
Ұзын­дық/қа­шық­тық/өл­шем
Дәл­дік/де­ректер­дің тү­рі, ки­ло­метр / метр / те­ңіз миль
Жа­ри­я­ла­на­тын де­ректер­дің дәл­ді­гі, ки­ло­метр / метр / те­ңіз миль
Кар­та­ның дәл­ді­гі, ки­ло­метр / метр / те­ңіз миль
Бү­т­ін­ді­гі­нің сы­нып­та­ма­сы
Әуе трас­са­ла­ры учас­ке­ле­рі­нің ұзынды­ғы
1/10 км неме­се 1/10 м. миль, есеп­тел­ген
1/10 км неме­се 1/10 м. миль
1 км неме­се 1 м. миль
қа­лып­ты
Ба­ғыт­та және әу­е­ай­лақ ауда­нын­да­ғы ба­қы­лау нүк­те­ле­рін бел­гі­леу үшін қол­да­ны­ла­тын қа­шық­тық
1/10 км неме­се 1/10 м. миль, есеп­тел­ген
1/10 км неме­се 1/10 м. миль
2/10 км неме­се 1/10 м. миль
қа­лып­ты
Әу­е­ай­лақ ауда­нын­да­ғы ке­лу/ұшып шы­ғу ба­ғыт­та­ры учас­ке­ле­рі­нің ұзынды­ғы
1/100 км неме­се 1/100 м. миль, есеп­тел­ген
1/100 км неме­се 1/100 м. миль
1 км неме­се 1 м. миль
ма­ңы­зды
Ас­пап­тар бой­ын­ша қо­ну­ға кі­ру схе­ма­ла­ры­ның және әу­е­ай­лақ ауда­нын­да­ғы ба­қы­лау нүк­те­ле­рін бел­гі­леу үшін қол­да­ны­ла­тын қа­шық­тық
1/100 км неме­се 1/100 м. миль, есеп­тел­ген
1/100 км неме­се 1/100 м. миль
2/10 км неме­се 1/10 м. миль
ма­ңы­зды
FATO неме­се ҰҚЖ ұзынды­ғы, TLOF өл­шем­де­рі
1 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 м неме­се 1 фут
1 м (AD кар­та­сы) 0,5 м (АОС кар­та)
кри­ти­ка­лық
Те­же­удің шет­кі жо­ла­ғы­ның ұзынды­ғы
1 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 м неме­се 1 фут
0,5 м (АОС кар­та­сы)
кри­ти­ка­лық
Ор­на­ла­сты­ра­тын қо­ну ара­қа­шық­тығы
1 м неме­се 1 фут, тү­сі­ру­дің нәти­же­ле­рі
1 м неме­се 1 фут
1 м (AD кар­та­сы) 0,5 м (АОС кар­та­сы)
кри­ти­ка­лық
ILS-тың кур­стық ра­дио­ма­як ан­тен­на­сы мен ҰҚЖ-тың неме­се FATO-ның со­ңы ара­лы­ғын­да­ғы қа­шық­тық
3 м неме­се 10 фут, есеп­тел­ген
З м (10 фут)
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты
ILS глис­са­да­лық ра­дио­ма­я­гі­нің ан­тен­на­сы мен ҰҚЖ та­бал­ды­рық­тың ара­лы­ғын­да бі­лік­ті сызық бой­ын­ша қа­шық­тық
3 м неме­се 10 фут, есеп­тел­ген
3 м (10 фут)
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты
ILS таң­ба­ла­ғы­шта­ры мен ҰҚЖ ше­гі ара­сын­да­ғы қа­шық­тық
3 м неме­се 10 фут, есеп­тел­ген
3 м (10 фут)
2/10 км (1/10 м. миль)
ма­ңы­зды
DME ILS ан­тен­на­сы мен ҰҚЖ ше­гі ара­лы­ғын­да бі­лік­ті сызық бой­ын­ша қа­шық­тық
3 м неме­се 10 фут, есеп­тел­ген
3 м (10 фут)
Са­лын­ған­ға сәй­кес
ма­ңы­зды
MLS-тың ази­мут­тық ан­тен­на­сы мен ҰҚЖ мен FATO-ның со­ңы ара­лы­ғын­да­ғы қа­шық­тық
3 м неме­се 10 фут, есеп­тел­ген
3 м (10 фут)
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты
MLS бұ­ры­штық - өңір­лік ан­тен­на­сы мен ҰҚЖ та­бал­ды­ры­ғы ара­сын­да­ғы бі­лік­ті сызық бой­ын­ша қа­шық­тық
3 м неме­се 10 фут, есеп­тел­ген
3 м (10 фут)
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты
DME/P MLS-тың ан­тен­на­сы мен ҰҚЖ та­бал­ды­ры­ғы­ның ара­лы­ғын­да бі­лік­ті сызық бой­ын­ша қа­шық­тық
3 м неме­се 10 фут, есеп­тел­ген
3 м (10 фут)
Са­лын­ған­ға сәй­кес
қа­лып­ты

2 AIP-тың бөлімдеріне сәйкес бастапқы аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар

Бұйрыққа 2-қосымша
Азаматтық авиацияда
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша
AIP-тың бөлімдеріне сәйкес бастапқы аэронавигациялық ақпаратты
және аэронавигациялық деректерді құрастырушылар
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­тар жи­на­ғы­ның (бұ­дан әрі - АIP) бө­лім­де­рі мен тар­мақ­та­ры
Аза­мат­тық авиа­ция ұй­ы­мы неме­се аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі
1-бө­лім (GEN) – Жал­пы ере­же­лер
GEN 0
GEN 0.1 Ал­ғы­сөз
АҚК бе­ру­ші
GEN 0.2 AIP-қа ен­гі­зі­ле­тін тү­зе­ту­лер­ді тір­кеу
GEN 0.3 AIP-қа ен­гі­зі­ле­тін то­лық­ты­ру­лар­ды тір­кеу
GEN 0.4 AIP па­рақ­та­ры­ның ба­қы­лау тіз­бе­сі
GEN 0.5 AIP-қа қол­мен ен­гі­зі­л­ген тү­зе­ту­лер­дің тіз­бе­сі
GEN 0.6 1-бө­лім­нің маз­мұ­ны.
GEN 1. — Ұлт­тық қа­ғи­да­лар мен та­лап­тар
GEN 1.1 Та­ғай­ын­дал­ған өкі­лет­ті ор­ган­дар
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган
GEN 1.2 Әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшып ке­луі, тран­зи­ті және ұшып ке­туі
GEN 1.3 Жо­ла­у­шы­лар мен эки­паж­дың ке­луі, тран­зи­ті және ке­туі
GEN 1.4 Жүк­ті алып ке­лу, тран­зи­ті және алып ке­ту
GEN 1.5 Әуе ке­ме­сін­де­гі жаб­дық­тар, ас­пап­тар және ұшу құ­жат­та­ма­сы
GEN 1.6 Ұлт­тық қа­ғи­да­лар мен ха­лы­қа­ра­лық ке­лі­сім­дер­дің/кон­вен­ци­я­лар­дың қы­сқа­ша маз­мұ­ны
GEN 1.7 Прак­ти­ка мен ИКАО қа­ғи­да­ла­ры ұсы­на­тын Стан­дарт­тар­дан ай­ыр­ма­шы­лық­та­ры
GEN 2. — Кесте­лер мен код­тар
GEN 2.1 Өл­шеу жүй­е­сі, әуе ке­ме­ле­рі­нің таң­ба­лан­ған бел­гі­ле­рі, ме­ре­ке­лер
АҚК бе­ру­ші
GEN 2.2 AIP ба­сы­лым­да­рын­да қол­да­ны­ла­тын қы­сқар­ту­лар
GEN 2.3 Кар­та­лар­да­ғы шар­тты бел­гі­лер
GEN 2.4 Ор­на­лас­қан же­рі­нің ин­дек­с­те­рі
GEN 2.5 Ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар­дың тіз­бе­сі
GEN 2.6 Өл­шем бір­лік­те­рін ауда­ру
GEN 2.7 Күн­нің шы­ғу/ба­ту
GEN 3. — Қыз­мет көр­се­ту
GEN 3.1 Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту
АҚК бе­ру­ші
GEN 3.2 Аэро­на­ви­га­ци­я­лық кар­та­лар
GEN 3.3 Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту
GEN 3.4 Бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі және на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет­тер
GEN 3.5 Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қыз­мет көр­се­ту
GEN 3.6 Із­де­сті­ру және құт­қа­ру
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым
GEN 4. — Әу­е­ай­лақ­тар­дан / ті­кұ­шақ­тар­дан алы­на­тын алым­дар және аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту үшін алы­на­тын алым­дар
GEN 4.1 Әу­е­ай­лақ / ті­кұ­шақ ал­мы­да­ры
Әу­е­ай­лақ­ты пай­да­ла­ну­шы
GEN 4.2 Аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту үшін алы­на­тын алым­дар
АҚК бе­ру­ші
2-бө­лім. (ENR) - Ба­ғыт
ENR 0. 2-бө­лім­нің маз­мұ­ны
АҚК бе­ру­ші
ENR 1. — Жал­пы қа­ғи­да­лар мен рә­сім­дер
ENR 1.1 Жал­пы қа­ғи­да­лар
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым
ENR 1.2 Көз­бен шо­лып ұшу қа­ғи­да­ла­ры
ENR 1.3 Ас­пап­тар бой­ын­ша ұшу қа­ғи­да­ла­ры
ENR 1.4 ӘҚҚ әуе ке­ңі­сті­гі­нің сы­нып­та­ма­сы және си­патта­ма­сы
ENR 1.5 Кү­ту, қо­ну­ға кі­ру және ұшып шы­ғу ай­ма­ғын­да ұшу сыз­ба­ла­ры
ENR 1.6 ӘҚҰ-ға бай­қау негі­зін­де қыз­мет көр­се­ту және қа­ғи­да­лар
1, 2.1, 2.2, 2.3-кі­ші бө­лім - аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым
2.4, 3-кі­ші бө­лім - АҚК бе­ру­ші­сі
ENR 1.7 Би­ік­тік өл­шеу құ­ра­лын ор­на­ту тәр­ті­бі
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым
ENR 1.8 Өңір­де­гі қо­сым­ша қа­ғи­да­лар
ENR 1.9 Әуе қоз­ға­лы­сы ағын­да­рын бас­қа­ру және әуе ке­ңі­сті­гін ұй­ым­да­сты­ру
ENR 1.10 Ұшу­ды жос­пар­лау
ENR 1.11 Ұшу жос­пар­ла­ры ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­лар­ды жі­бе­ру
ENR 1.12 Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін ұстап алу
ENR 1.13 Заң­сыз ара­ла­су
ENR 1.14 Әуе қоз­ға­лы­сы­на бай­ла­ны­сты қақ­тығ­ы­стар
ENR 2. — ӘҚҚ әуе ке­ңі­сті­гі
ENR 2.1 ҰАА, жо­ғар­ғы әуе ке­ңі­сті­гі­нің ұшу ақ­па­ра­ты ауда­ны, то­рап­тық дис­пет­чер­лік аудан және дис­пет­чер­лік аудан
АҚК бе­ру­ші
ENR 2.2 Ба­қы­ла­на­тын әуе ке­ңі­сті­гі­нің өзге де түр­ле­рі
ENR 3. — ӘҚҚ ба­ғыт­та­ры
ENR 3.1 Кә­дім­гі на­ви­га­ция ба­ғыт­та­ры
АҚК бе­ру­ші
ENR 3.2 Ай­мақ­тық на­ви­га­ция ба­ғыт­та­ры
ENR 3.3 Өзге де ба­ғыт­тар
ENR 3.4 Ба­ғыт­та кү­ту
ENR 4. — Ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар /жүй­е­лер
ENR 4.1 Ба­ғыт­та­ғы ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар
АҚК бе­ру­ші
ENR 4.2 Ар­найы на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­лер
ENR 4.3 Жа­һандық на­ви­га­ци­я­лық спут­ник­тік жүйе (GNSS)
ENR 4.4 Негіз­гі нүк­те­лер­ге ар­нал­ған код­тық ата­у­лар­дың бел­гі­ле­рі
ENR 4.5 Ба­ғыт­та­ғы жер үсті аэро­на­ви­га­ци­я­лық от­та­ры
ENR 5. — Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ес­кер­ту­лер
ENR 5.1 Тый­ым са­лын­ған ай­мақ­тар, ұшу шек­тел­ген ай­мақ­тар және қа­уіп­ті ай­мақ­тар
1) тый­ым са­лын­ған ай­мақ­тар бө­лі­гін­де - мем­ле­кет­тік авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган;
2) ұшу­ды шек­теу ай­мақ­та­ры және қа­уіп­ті ай­мақ­тар бө­лі­гін­де - мем­ле­кет­тік авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың бас ор­та­лы­ғы бо­лып та­бы­ла­ды.
ENR 5.2 Әс­ке­ри жат­тығ­у­лар және жат­тығу ай­мақ­та­ры мен ӘШҚ та­ну ай­ма­ғы (ADIZ)
Мем­ле­кет­тік авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың бас ор­та­лы­ғы
ENR 5.3 Қа­уіп кел­ті­руі мүм­кін бас­қа да қыз­мет түр­ле­рі және ық­ти­мал қа­уіп­тің бас­қа да түр­ле­рі
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым
ENR 5.5 Авиа­ци­я­лық спорт­тық және ой­ын-са­уық іс-ша­ра­ла­ры
Мем­ле­кет­тік авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру­дың бас ор­та­лы­ғы
ENR 5.6 Құ­стар­дың бас­қа жақ­қа ұшып ке­туі және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ерекше ай­мақ­тар
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым
ENR 6. — Ба­ғыт кар­та­ла­ры
АҚК бе­ру­ші
3-бө­лім (AD) - Әу­е­ай­лақ­тар
AD 0.1 3-бө­лім­нің маз­мұ­ны
АҚК бе­ру­ші
AD 1. — Әу­е­ай­лақ­тар­ға/ті­кұ­шақ ай­лақ­та­ры­на кірі­спе
AD 1.1 Әу­е­ай­лақ­тар­ды/ті­кұ­шақ ай­лақ­та­рын бе­ру және олар­ды пай­да­ла­ну шар­тта­ры
Аза­мат­тық авиа­ция са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ұй­ым
AD 1.2 Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру және өрт­ке қар­сы қыз­мет және қар жа­у­ған кез­де­гі жос­пар
AD 1.3 Әу­е­ай­лақ­тар­дың/ті­кұ­шақ ай­лақ­та­ры­ның ин­дек­сі
AD 1.4 Әу­е­ай­лақ­тар­ды/ті­кұ­шақ ай­лақ­та­рын топ­та­сты­ру
AD 1.5 Әу­е­ай­лақ­тар­дың сер­ти­фи­кат­та­лу жай-күйі
AD 2. — Әу­е­ай­лақ­тар (ха­лы­қа­ра­лық және ұлт­тық)
AD 2.1 Әу­е­ай­лақ­тың ор­на­лас­қан же­рі­нің ин­дек­сі және ата­уы
Әу­е­ай­лақ­ты пай­да­ла­ну­шы
AD 2.2 Әу­е­ай­лақ бой­ын­ша гео­гра­фи­я­лық және әкім­ші­лік де­ректер
AD 2.3 Жұ­мыс са­ғат­та­ры
AD 2.4 Қыз­мет көр­се­ту қыз­мет­те­рі мен құ­рал­да­ры
AD 2.5 Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту құ­рал­да­ры
AD 2.6 Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру және өрт­ке қар­сы қыз­мет­тер
AD 2.7 Жаб­дық­тар­ды мау­сым­дық қол­да­ну:
ылғал­ды ке­ті­ру
AD 2.8 Пер­рон, РЖ және тек­се­ру орын­да­ры/пункт­те­рі жө­нін­де де­ректер
AD 2.9 Жер бе­т­ін­де қоз­ға­лу­ды бас­қа­ру­ды және ба­қы­лау жүй­е­сі, таң­ба­лан­ған ти­іс­ті бел­гі­лер
AD 2.10 Әу­е­ай­лақ­та­ғы ке­дер­гі­лер
AD 2.11 Ұсы­ны­ла­тын ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ақ­па­рат
АҚК бе­ру­ші
AD 2.12 ҰҚЖ-ның фи­зи­ка­лық си­патта­ма­сы
Әу­е­ай­лақ­ты пай­да­ла­ну­шы
AD 2.13 Жа­ри­я­лан­ған ара қа­шық­тық­тар
AD 2.14 Жа­қын­дау от­та­ры мен ҰҚЖ-да­ғы от­тар
AD 2.15 Өзге де от­тар, ре­зерв­те­гі электр­мен қо­рек­тен­ді­ру көз­де­рі
AD 2.16 Ті­кұ­шақ­тар қо­на­тын ай­мақ­тар
AD 2.17 ӘҚҚ әуе ке­ңі­сті­гі
АҚК бе­ру­ші
AD 2.18 ӘҚҚ бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
AD 2.19 Ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар мен қон­ды­ру құ­рал­да­ры
AD 2.20 Әу­е­ай­лақ­ты пай­да­ла­ну­дың жер­гі­лік­ті қа­ғи­да­ла­ры
Әу­е­ай­лақ­ты пай­да­ла­ну­шы
AD 2.21 Шуыл­ды ба­су­дың пай­да­ла­ну­шы­лық тә­сіл­де­рі
AD 2.22 Ұшу қа­ғи­да­ла­ры
АҚК бе­ру­ші
AD 2.23 Қо­сым­ша ақ­па­рат
Әу­е­ай­лақ­ты пай­да­ла­ну­шы
AD 2.24 Әу­е­ай­лақ­қа қа­ты­сты кар­та­лар
1) әу­е­ай­лақ/ті­кұ­шақ ай­ла­ғы кар­та­сы (ИКАО)
АҚК бе­ру­ші
2) әуе ке­ме­ле­рін тұ­р­ақ­қа қою/түй­і­сті­ру кар­та­сы (ИКАО)
3) әу­е­ай­лақ ішін­де қоз­ға­лу кар­та­сы (ИКАО)
4) әу­е­ай­лақ­та­ғы ке­дер­гі­лер кар­та­сы, А үл­гі­сін­де (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін)
5) қо­ну­ға дәл кі­ру­ге ар­нал­ған жер­гі­лік­ті жер кар­та­сы (ИКАО) (II және III са­нат­тар бой­ын­ша қо­ну­ға дәл кі­ру­ге ар­нал­ған ҰҚЖ)
6) аудан кар­та­сы (ИКАО) (ұшып шы­ғу ба­ғыт­та­ры және тран­зит­тік ба­ғыт­тар)
7) ас­пап­тар бой­ын­ша стан­дарт­ты ұшып шы­ғу кар­та­сы (ИКАО), ұшып шы­ғу ба­ғыт­та­ры­ның мәт­ін­дік си­патта­ма­сы
8) аудан кар­та­сы (ИКАО) (ұшып ке­лу ба­ғыт­та­ры және тран­зит­тік ба­ғыт­тар)
9) ас­пап­тар бой­ын­ша стан­дарт­ты ұшып ке­лу кар­та­сы (ИКАО), ұшып ке­лу ба­ғыт­та­ры­ның мәт­ін­дік си­патта­ма­сы
10) ӘҚК ең тө­мен аб­со­лют­тік би­ік­ті­гін шо­лу кар­та­сы (ИКАО)
11) ас­пап­тар бой­ын­ша қо­ну­ға кі­ру кар­та­сы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр схе­ма үшін)
12) көз­бен шо­лып қо­ну­ға кі­ру кар­та­сы (ИКАО)
13) мас­шта­бы 1:500 000 аэро­на­ви­га­ци­я­лық кар­та­сы (ИКАО)
14) ба­ғыт кар­та­сы (ИКАО)
15) әу­е­ай­лақ ма­ңай­ы­на жи­нал­ған құ­стар ту­ра­лы де­ректер
Әу­е­ай­лақ­ты пай­да­ла­ну­шы
AD 2.25 Көз­бен шо­лу учас­ке­нің (VSS) бе­ті­нен шы­ға­тын ке­дер­гі­ле­рі
АҚК бе­ру­ші

Қолданыстағы