Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Жылыойского района» от 30 марта 2018 года № 19-2

Өзге акт · № 16-11 · қабылданған 25.03.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-19-2/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Жылыойского района» от 30 марта 2018 года № 19-2 Күшін жойған Өзге акт ·№ 16-11 ·25.03.2022
25.04.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Жылыойского района» от 30 марта 2018 года № 19-2

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16-11 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жылыойского районного маслихата «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Жылыойского района» от 30 марта 2018 года № 19-2
Атауы (қаз.)
«Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 19-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-11
Қабылданған күні
25.03.2022
Көрсетілген редакция
25.04.2023 165637_629230.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22TB01611M
ЭКБ идентификаторы
165637
Редакция идентификаторы
165637_629230
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:58

0 «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 19-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 19-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4126 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әдістемеде:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы