О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 49 «Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 49 «Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств»
- Атауы (қаз.)
- «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 20.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 13.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2025 213667_780903.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036702
- ЭКБ идентификаторы
- 213667
- Редакция идентификаторы
- 213667_780903
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:42
0 «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларында:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Коллекторлық қызмет туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеуден өту және тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және (немесе) басшы қызметкерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3 және 5-тармақтары бойынша, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелермен байланысты борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен, және (немесе) үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы, сондай-ақ филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.
Коллекторлық агенттіктің орналасқан жері не атауы және (немесе) борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасы және 6-тармағы бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органды жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.».
2 2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі