Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 30 октября 2020 года № 529 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Темирского районного маслихата»

Өзге акт · № 168 · қабылданған 18.03.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-529/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменении в решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 30 октября 2020 года № 529 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Темирского районного маслихата» Күшін жойған 11.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменении в решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 30 октября 2020 года № 529 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Темирского районного маслихата»

Күшін жойған Өзге акт № 168 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 30 октября 2020 года № 529 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Темирского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 529 «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168
Қабылданған күні
18.03.2022
Көрсетілген редакция
11.05.2023 166058_635868.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22CJ00168M
ЭКБ идентификаторы
166058
Редакция идентификаторы
166058_635868
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:03
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 529 «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № 529 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7578 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
«Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде көрсетілген шешіммен бекітілген:
5–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет–порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40–тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42–тармақ алынып тасталсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.