О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 марта 2017 года № 134 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей гражданских служащих местных органов военного управления Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 марта 2017 года № 134 «Об утверждении Типовых квалификационных характеристик должностей гражданских служащих местных органов военного управления Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 668
- Қабылданған күні
- 30.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2021 159183_540556.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024617
- ЭКБ идентификаторы
- 159183
- Редакция идентификаторы
- 159183_540556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:30
0 «Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15125 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында, көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жұмылдыра даярлау және оларды жұмылдыра өрістету іс-шараларын жүргізуге қатысады;
қызмет көрсетілетін әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында адам және көлік ресурстарына жұмылдыру жүргізу жоспарын әзірлеуге және нақтылауға қатысады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жұмылдыру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсетілетін әкімшілік-аумақтық бірліктің әскери-экономикалық мүмкіндіктерін зерделейді;
жұмылдыру даярлығы жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіру жоспарын, әскерлер қызметін жақсарту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын, жеке құрамды арнайы даярлау бойынша сабақтар кестелерін әзірлеуді ұйымдастырады және оған қатысады;
қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімі, қызметі басшысының жалпы басшылық етуімен өз міндеттерін жүзеге асырады;
қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімінің, қызметінің істерімен байланысты жоспарларды әзірлеуге қатысады, оларды орындау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
аттестаттауды жүргізу және жұмыс орындарын ұтымды ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тиісті қызмет саласы бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді қамтамасыз етеді, бағынысты ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
тиісті бөлімнің, қызметтің құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімінің, қызметінің басшысына ұсынады;
қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімі, қызметі басшысының бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы орындауды қамтамасыз етеді;
қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлімі, қызметі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын және жұмыс режимін сақтауды қамтамасыз етеді;
ақпаратты, техникалық деректерді, жұмыс көрсеткіштері мен нәтижелерін зерделейді және талдайды, оларды жинақтайды және жүйелендіреді, қажетті есептерді жүргізеді;
қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін шығармашылық бастаманы, рационализаторлықты, өнертабыстылықты дамытуға, отандық және шетелдік ғылымның, техниканың жетістіктерін енгізуге, озық тәжірибені пайдалануға ықпал етеді;
лауазымдық міндеттер ауқымында және бір сатыға жоғары басшылық құжаттардың талаптарын зерделейді және орындайды.»;
12 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«12. Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты: жоғары білімі(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: жоғары білімі(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: жоғары білімі(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары білімі;
2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.»
15 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты: жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: жоғары білімі (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі;
2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.»;
18 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«18. Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.»;
21 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі;
2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.
24 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі және санаты жоқ инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай жоғары(немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)білімі;
2) біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне бірінші санатты инспектор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне екінші санатты инспектор лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліміжәне инспектор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: жұмыс өтіліне талап қоймай техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрықты лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі