Жаңалық ауылындағы Жеңістің 40 жылдық көшесінің атауын Шатырбай Бәтенов көшесі атауына өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жаңалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жаңалық ауылындағы Жеңістің 40 жылдық көшесінің атауын Шатырбай Бәтенов көшесі атауына өзгерту туралы от 30.04.2008 г. № 1 (Жаңалық ауылындағы Жеңістің 40 жылдық көшесінің атауын Шатырбай Бәтенов көшесі атауына өзгерту туралы)
0
1
1. Жаңалық ауылындағы Жеңістің 40 жылдық көшесінің атауы Шатырбай Бәтенов атындағы көшеге қайта аталсын.
2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жаңалық ауылдық округінің бас маман – іс жүргізушісі Г.Ыдырышбаеваға жүктелсін.
3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.