О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 7 марта 2018 года № 16/185 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Каракиянского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 7 марта 2018 года № 16/185 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Каракиянского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/185 «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/135
- Қабылданған күні
- 12.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2023 166493_641189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22MD14135M
- ЭКБ идентификаторы
- 166493
- Редакция идентификаторы
- 166493_641189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:32
0 Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/185 «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қарақия аудандық мәслихатының «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3552 болып тіркелген) 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/185 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы Қарақия аудандық мәслихатының хатшысымен кадр қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы Қарақия аудандық мәслихатының хатшысымен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.