Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация детей дошкольного возраста (до 7 лет) для направления в детские дошкольные учреждения"

Қаулы · № 22-221п · қабылданған 18.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-ekb-38613/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация детей дошкольного возраста (до 7 лет) для направления в детские дошкольные учреждения" Күшін жойған Қаулы ·№ 22-221п ·18.02.2008
26.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация детей дошкольного возраста (до 7 лет) для направления в детские дошкольные учреждения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 22-221п · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Регистрация детей дошкольного возраста (до 7 лет) для направления в детские дошкольные учреждения"
Атауы (қаз.)
"Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-221п
Қабылданған күні
18.02.2008
Көрсетілген редакция
26.03.2009 AI38613_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08A000503_
ЭКБ идентификаторы
38613
Редакция идентификаторы
AI38613_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:59

0 "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.

2 2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілетін көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

5 Мемлекеттік қызметі көрсетудің стандарты

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім                                   А. Мамин
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 ақпандағы
N 22-221қ қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметі көрсетудің стандарты
"Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу"

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы мемлекеттік қызмет балабақшаларға жолдау үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу.

2 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1353 "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы" қаулысының , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Мемлекеттік қызметті Департаменттің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру мазмұны бөлімі көрсетеді.

Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 706 кабинет, телефон 75-26-81.
Ресми сайт: www.astana.kz.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып балабақшаларға жолдау үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу туралы хабарлама беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7 7. Құжаттарды қарастыру мерзімі екі жұмыс күні ішінде:

1 1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі, тіркеу туралы хабарлама рәсімдеу бір жұмыс күні ішінде рәсімделіп, одан кейін өтініш берушіге беріледі.

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейін;

3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

9 9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесіндегі қабырғаларда, сондай-ақ www.astana.kz. веб-сайтында орналасқан.

10 10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін, жұма күні 10.00-ден 12.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және қызмет көрсетуді жеделдету жүзеге асырылмайды.

11 11. Мемлекеттік қызмет Департаменттің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру мазмұны бөлімінде көрсетіледі, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 706 кабинет.

Департамент ғимаратына кіре берісте жеке басын куәландыратын құжат бойынша өткізу пункті орналасқан.
Фойеде және кабинетте толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық қабырға бар.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мектепке дейінгі балаларды тіркеу туралы хабарлама алу үшін ұсынылады:

осы стандарттың N 3 қосымшасына сәйкес балабақшаға жолдама алу үшін баланы тіркеуге арналған Департаменті директорының атына жазылған ата-ананың өтініші;
баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың N 2, 3 қосымшаларына сәйкес бланкісін Департаменттің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру мазмұны бөлімінің мамандары береді.

14 14. Мемлекеттік қызмет кабинеттерде Департаменттің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру мазмұны бөлімі қызметкерлері тарапынан көрсетіледі.

15 15. Осы стандарттың N 2 қосымшасына сәйкес тұтынушыға тіркеу туралы хабарлама беріледі.

16 16. Тіркеу туралы хабарлама беруді Департаменттің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру мазмұны бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттар негізінде белгіленген жұмыс кестесіне сай жүзеге асырады.

Тіркеу туралы хабарлама беру электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
Тіркеу туралы хабарлама жеке барғанда беріледі.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Департамент берілетін хабарламалармен қаралған құжаттардың мерзімсіз сақталуын жүзеге асырады.

17 17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда, Департамент мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Департамент бас тарту себебін алған соң тұтынушыға оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және бас тарту себептерінің жазбаша негіздері беріледі.

3 3. Жұмысымыздың қағидаттары

18 18. Департамент қызметі:

1 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

2 2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

3 3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;

4 4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

5 5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;

6 6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;

7 7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;

8 8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;

9 9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

10 10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде талап етуші Департамент басшысына шағымдана алады (телефон: 8 (7172) 75-26-33, электрондық почта: astana_do@mail.ru.)

Талап етуші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым хат жолдауына болады.

22 22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе Департаменттің кеңсесі арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндері қабылданады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 718 кабинет.

23 23. Тікелей жазбаша өтініш жасаған тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген екінші данасы қайтарылады.

Білім департаментіне келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады.
Берілген шағымға жауапты не шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты Департамент орналасқан мекен-жай бойынша 723-ші кабинеттен, не канцеляриядан алуға болады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6 6. Байланыс ақпараты

24 24. Тұтынушыларды қабылдау Департамент жұмысының белгіленген тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

1 1) Департамент директоры:

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 709 кабинет, телефон 8 (7172) 75-26-33;
Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.

2 2) Департамент директорының орынбасары:

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 716 кабинет, телефон 8 (7172) 75-27-20;
Электрондық почта мекен-жайы: astana_do@mail.ru.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, сәрсенбі күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін.

3 3) Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 225 кабинет, телефон 8 (7172) 75-21-47;
Электрондық почта мекен-жайы: akimat 225@mail.ru.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбі күні сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

25 Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәндері

25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 1 қосымша
Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәндері
Са­па және қол
же­тім­ді­лік
көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш-
тің нор-
ма­тив­тік
мәні
Көр­сет­кіш-
тің ке­ле­сі
жыл­да­ғы
ны­са­на­лы
мәні
Көр­сет­кіш­тің
есіп­тің жыл-
да­ғы ағым­да-
ғы мәні
1. Уа­қы­ты­лы­ғы
1.1. Қыз­мет­тер құ­жат­тар тап­сы­рыл-
ған сәт­тен ба­стап
бел­гі­лен­ген мер­зім-
де көр­се­ті­л­ген
жағ­дай­лар % (үле­сі)
70
40
36
1.2. Қыз­мет көр­се-
ту­ді ке­зек­те 40
ми­нут­тан ас­пай­тын
уа­қыт күт­кен тұ­ты-
ну­шы­лар % (үле­сі)
80
50
32
2. Са­па
2.1. Қыз­мет көр­се­ту
ба­ры­сы­ның са­па­сы
қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған
тұ­ты­ну­шы­лар %
(үле­сі)
70
40
30
2.2. Құ­жат­тар (жүр-
гі­зі­л­ген есеп­теу-
лер, есеп ай­ы­ры­су-
лар және т.б.)
дұ­рыс ре­сім­дел­ген
жағ­дай­лар % (үле­сі)
95
80
76
3. Қол же­тім­ді­лік
3.1. Қыз­мет көр­се-
ту­дің тәр­ті­бі ту­ра-
лы ақ­па­рат­тың са­па-
сы қа­на­ғат­тан­ды­рыл-
ған тұ­ты­ну­шы­лар %
(үле­сі)
90
50
40
3.2. Құ­жат­тар дұ­рыс
тол­ты­ры­л­ған және
бір­ден тап­сы­ры­л­ған
жағ­дай­лар % (үле­сі)
95
90
84
3.3. Ин­тер­нет ар­қы-
лы қол­же­тім­ді көр-
се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
ту­ра­лы ақ­па­рат­тың
то­лық­тығы % (үле­сі)
100
100
100
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Осы қыз­мет
бой­ын­ша қыз­мет көр-
се­ті­л­ген тұ­ты­ну­шы-
лар­дың жал­пы са­ны-
нан шақ­қан­да­ғы
негіз­дел­ген ша­ғым-
дар % (үле­сі)
2
5
8
4.2. Бел­гі­лен­ген
мер­зім­де қа­рал­ған
және қа­на­ғат­тан­ды-
ры­л­ған негіз­дел­ген
ша­ғым­дар % (үле­сі)
80
70
50
4.3. Ша­ғым­да­ну­дың
қа­зір­гі тәр­ті­бі
қа­на­ғат­тан­дыр­ған
тұ­ты­ну­шы­лар %
(үле­сі)
-
-
50
4.4. Ша­ғым­да­ну­дың
қа­зір­гі мер­зі­мі
қа­на­ғат­тан­дыр­ған
тұ­ты­ну­шы­лар %
(үле­сі)
-
-
-
5. Әдеп­ті­лі­гі
5.1. Қыз­мет­кер­лер-
дің әдеп­ті­лі­гі
қа­на­ғат­тан­дыр­ған
тұ­ты­ну­шы­лар %
(үле­сі)
90
60
52
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 2 қосымша
Үлгі
"Мемлекеттік балалар мекемесі болашақтағы
тәрбиеленушілерді есепке алу кітабын" баланың
тіркелгені туралы хабарлама
Осы хабарлама ________________________________(200__туған жыл)
(баланың тегі, аты)
"Мемлекеттік балалар мекемесі болашақтағы тәрбиеленушілерді есепке
алу кітабына" жазылғаны туралы берілді, тіркеу нөмірі N ____________
тіркелген күні 200___ жылғы "____"___________.
Баланы жолдау туралы мәселесінің шешімі мерзімдерін нақтылау
үшін Білім департаментіне 200__жылғы 2-нен 15-ші маусым аралығында
келіп жолығуы қажет.
Мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
N 3 қосымша
Жеке тұлға үшін үлгі
Астана қаласының Білім департаменті
___________________________________________
________мекенжайы бойынша тұратын, телефон
Өтінуші (аты-жөні, толық, қысқартусыз,
төлқұжат бойынша)__________________________
___________________________________________
Өтініш
Менің _____________________________(баланың тегі, аты, туған

жыл жыл) баламды балабақшаға кезекке қоюыңызды сұраймын.

Туу туралы куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
Күні "____"____________жыл
______________________қолы

Қолданыстағы