Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года

Заң · № 215-V · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2010-ekb-81006/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года Қолданыста Заң ·№ 215-V ·30.06.2014
30.06.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года

Қолданыста Заң ·№ 215-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о торгово-экономическом сотрудничестве в области поставок нефти и нефтепродуктов в Республику Казахстан от 9 декабря 2010 года
Атауы (қаз.)
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
215-V
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
30.06.2014 AI81006_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1400000215
ЭКБ идентификаторы
81006
Редакция идентификаторы
AI81006_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:14

0 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар)
2007 ж. 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабына сәйкес,
Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын өзге халықаралық шарттарын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) Келісімнің 3-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 27-тобында сыныпталатын, 2014 ж. 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында, егер олар Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетіндей түрде кедендік декларациялануға жатады.»;

2 2) Келісімнің 6-бабының екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұндағы мәтінмен ауыстырылсын:

«Қазақстан Тарапы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.
2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу тәртібі осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу әдістемесімен белгіленеді.
2014 ж. 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына жеткізілген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жүзеге асырылмайды.»;

3 3) Келісім мынадай мазмұндағы 61-баппен толықтырылсын:

«61-бап
Қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында 2014 ж. 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 2-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынады. Көрсетілген тізбеге Тараптардың құзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан тарапы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 3-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салуды қамтамасыз етеді. Көрсетілген тізбеге Тараптардың кұзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан тарапы 2014 ж. 31 желтоқсанға дейін осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген мұнай өнімдеріне кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін көрсетілген мұнай өнімдеріне Ресей Федерациясында белгіленген кедендік әкету мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгілеуді қамтамасыз етеді.»;

4 4) 8-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Келісім 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады. Осы Келісімнің қолданысын ұзарту туралы шешім осы Келісімге хаттамалармен ресімделеді.»;

5 5) Келісімге қосымшаға «1» реттік нөмірі берілсін;

6 6) Келісім мынадай мазмұндағы 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын:

2 Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің ТІЗБЕСІ

«2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге
2-ҚОСЫМША
Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ
КО СЭҚ ТН* ко­ды
По­зи­ци­я­ның ата­уы
2710 19 480-2710 19 680
ауыр ди­стил­лят­тар
2710 20 310-2710 20 390
2710 19 510 1
ма­зут­тар
2710 19 550 1
2710 19 620 1
2710 19 640 1
2710 19 660 1
2710 19 680 1
2710 20 310 1
2710 20 350 1
2710 20 370 1
2710 20 390 1
2710 91 000 0
өң­дел­ген мұ­най өнім­де­рі
2710 99 000 0
2712
ва­зе­лин және па­ра­фин­дер
2710 19 710 0
жа­ғар май­лар, өзге май­лар
2710 19 750 0
2710 19 920 0
2710 19 980 0
2902 20 000 0
бен­зол
2902 30 000 0
то­лу­ол
2902 41 000 0 - 2902 44 000 0
кси­лол­дар
2713 20 000 0
мұ­най­лық би­тум
2713 90 900 0
мұ­най неме­се мұ­най өнім­де­рін қай­та өң­де­уден қал­ған, би­ту­ми­ноз­ды жы­ны­стар­дан алын­ған (жы­лы­на 280 мың тон­на­ға дей­ін­гі кө­лем­де­гі мұ­най­лық гуд­рон­нан бас­қа) өзге қал­дық­тар
____________________
*Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.

3 Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің ТІЗБЕСІ

«2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ
КО СЭҚ ТН* ко­ды
По­зи­ци­я­ның ата­уы
2710 12 110 0 - 2710 12 250
ту­ра ай­да­ла­тын бен­зин­дер
2710 12 900 9
2710 20 900 0-ден
2710 12 900 1
про­пи­лен­нің три­мер­ле­рі мен тет­ра­мер­ле­рі
2710 12 310 0
же­ңіл ди­стил­лят­тар;
2710 12 700 0
ор­та­ша ди­стил­лят­тар;
2710 19 110 0 - 2710 19 460 0
ди­зель оты­ны;
2710 20 110 0 - 2710 20 190 0,
га­зойл­дар
2710 20 900 0-ден
2710 12 410 0 - 2710 12 590 0,
та­у­ар­лық бен­зин­дер
2710 20 900 0-ден
2710 19 820 0
мо­тор май­ла­ры
2710 19 860 0
ақ­шы­рай­лы май­лар
2710 19 880 0
те­гер­шік үшін май­лар
2710 19 840 0
гид­рав­ли­ка­лық мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған сұй­ық­тар
2710 19 940 0
электр изо­ля­ци­я­лық май­лар
___________________________
*Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.».

2 2-бап

Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Келісімнің осы Хаттама арқылы өзгертілетін ережелері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады.
2013 жылғы "24" желтоқсанда Мәскеу қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тілдерінде екі данада жасалды.

Қолданыстағы