О внесении изменений и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 апреля 2020 года № С-42/7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 апреля 2020 года № С-42/7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- C-2/12
- Қабылданған күні
- 14.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2024 180096_701926.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BA854303
- ЭКБ идентификаторы
- 180096
- Редакция идентификаторы
- 180096_701926
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:51
0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7801 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
4 «4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 5% (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
13 «13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган келесі тәртіппен жүзеге асырады:
коммуналдық қызметтердің тұтыну өтемақысы коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жүргізіледі;
телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.»;
14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Тұрғын үй көмегі сомасы коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға өтемақы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге өтемақы), ол өтініш берушіге қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында бөлінеді.».