40-5-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Банктер тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
3) банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) банк органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі
өлшемшарттарын;
6) қаржы өнімдерін әзірлеудің, мақұлдаудың және ендірудің ішкі рәсімдерін қамтуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауаптылықта болады.
3. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 40-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-40-5/