41-бап. Банктерге және олардың лауазымды адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:
күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
осы Заңның 1-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің қызметін реттеу саласында банктердің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы реттеудi жүзеге асырады. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
банкiлердiң қызметiн тексеру;
қадағалап ден қою шараларын қолдану;
санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк конгломератына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11. № 154; 1999.07.16. № 436; 2001.03.02. N 162; 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2005.07.08. N 69; 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-41/