Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

42-1-бап. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары міндетті түрде сақтауы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің құрамына мыналар кіреді:
1) контрциклдік капитал буфері;
2) секторлық контрциклдік капитал буфері;
3) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті;
4) қарыз алушының кірісіне борыш коэффициенті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары сақтауға міндетті, халықаралық банк практикасында пайдаланылатын қосымша макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уәкілетті орган банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді бұзғаны үшін банктерді және (немесе) банк холдингтерін не олардың лауазымды адамдарын және (немесе) банктердің ірі қатысушыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
4. Банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне макропруденциялық нормативтер мен лимиттердің орындалғаны туралы есептілікті ұсынады. Ескерту. 42-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.