43-бап. Провизиялар (резервтер)
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылаудың тиiстi деңгейін және оның сенімдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға міндетті.
3. Уәкілетті орган банк құрған провизиялардың (резервтердің) жеткіліктілігін бағалауды, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып бағалауды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігі, олардың сақталуы және қолданылуы тұрғысынан жүзеге асырады.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-43/