Об утверждении Правил и условий выплаты доплат работникам организаций культуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и условий выплаты доплат работникам организаций культуры
- Атауы (қаз.)
- Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 193
- Қабылданған күні
- 29.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2020 105164_504496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014057
- ЭКБ идентификаторы
- 105164
- Редакция идентификаторы
- 105164_504496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:33
0 Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шартын бекіту туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты бекітілсін.
2
2. «Мәдениет ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9017 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде № 4 (27625) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (А.Б. Досходжаева):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5 5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 193 бұйрығымен бекітілген
Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты (бұдан әрі - Қағида) мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің тәртібін айқындайды.
2
2. Басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындағаны, ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылғаны үшін, басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындауды және ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылуды қоспағанда театр, опера (оперетта), балет, музыкалық комедия, цирк, концерттік ұйымдар әртістеріне техникалық шеберлігі үшін мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақыны (бұдан әрі – қосымша ақы) төлеу жүзеге асырылады.
3
3. «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақыны белгілеу мемлекеттік кәсіпорынның тиісті қаржы жылына бекітілген даму жоспарындағы еңбекке ақы төлеу қоры есебінен және қор шегінде жүзеге асырылады.
2 2-тарау. Қосымша ақыны төлеудің қағидалары мен шарты
4
4. Қосымша ақыны «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес мынадай критерийлерге белгіленеді: