Қолданыстағы ред. 13.05.2001 (Редакция 10775_302767.kaz)

«Ел ырысы» ЖШС мемлекеттік үлесі туралы от 13.05.2001 г. № 23 («Ел ырысы» ЖШС мемлекеттік үлесі туралы)

0

«Ел ырысы» ЖШС мемлекеттік үлесі туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188 бабының 3 тармағының негізінде Қызылорда облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қызылорда қаласының әкімиятына «Ел ырысы» ЖШС жарғылық қорының 90 пайызы мөлшеріндегі, барлығы 1709235 теңге құрайтын, мемлекеттік үлесі билік ету құқығынсыз иелену, пайдалану және бақылау құқығымен берілсін.

2

2. Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (С.Қалиев) мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, мемлекеттік үлесі қатысуымен шаруашылық серіктестіктердің тізімдемесіне сәйкес өзгерістер енгізсін.