Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции

Бұйрық · № 82 · қабылданған 21.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112429/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Күшін жойған Бұйрық ·№ 82 ·21.04.2017
05.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции

Күшін жойған Бұйрық ·№ 82 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
82
Қабылданған күні
21.04.2017
Көрсетілген редакция
05.04.2018 112429_315456.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015177
ЭКБ идентификаторы
112429
Редакция идентификаторы
112429_315456
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:19

0 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы  5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 116 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13885 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Персоналды басқару қызметі:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа
қарсыіс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 сәуірдегі № 82 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, оның ведомствосының және олардың аумақтық органдарының (бұдан әрі – Агенттік) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

2 2. Агенттіктің «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

3 3. Бағалау Агенттіктің «Б» корпусы қызметшісінің (бұдан әрі – қызметші) атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

1 1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

2 2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі қызметшілерді бағалау жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

4 4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

Қызметшінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға оның тікелей басшысы болып табылады.

5 5. Жылдық бағалау:

1 1) қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

2 2) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметшінің жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрі – жеке жұмыс жоспары) орындау бағасынан құралады.

6 6. Бағалауды өткізу үшін қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Бағалау жөніндегі комиссияны құрады, Агенттіктің персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.

7 7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

8 8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

9 9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2 2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

10 10. Қызметші жұмысының жеке жоспары оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей құрастырылады.

11 11. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

12 12. Қызметші жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

13 13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана қызметшінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3 3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық

14 14. Персоналды басқару қызметі Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы мерзімінде хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4 4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

15 15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

16 16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

17 17. Көтермелеу баллдары осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес көтермеленетін қызмет түрлеріне балл шәкілдері бойынша (бұдан әрі – балл шәкілдері) көрсетілген қызмет түрлері үшін қойылады.

18

18. Көтермеленетін қызмет түрлері «+1»-ден «+5»-ке дейінгі бес деңгейлік шәкіл бойынша бөлінеді. Бұл ретте, көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлерінің санына Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интеранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіруі мүмкін.
Қызметшіге әр көтермеленетін қызмет түрі үшін оның тікелей басшысымен балл шәкілдері бойынша балл береді.

19 19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

20 20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, Агенттік басшылығының, қызметшінің тікелей басшының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу жатады.

Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжат айналымы қызметі және қызметшінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

21 21. Еңбек тәртібін бұзуға:

1 1) дәлелсіз себеппен жұмысқа кешігу;

2 2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде персоналды басқару қызметі және қызметшінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

22 22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.

Әр еңбек тәртібін бұзу фактісі үшін қызметшіге:

1 1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешіккені үшін «-1»;

2 2) қызметтік әдепті бұзғаны үшін «-1»;

3 3) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «-2» мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.

23 23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

24

24. Қызметшінің тікелей басшысы қызметшінің орындау және еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметінің, әдеп бойынша уәкілдің және құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау қызметінің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарап, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және оған келісім береді.

25 25. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағына қызметшінің қолы қойылады.

Қызметшінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

26 26. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.

27 27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз», 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – «қанағаттанарлық», 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – «тиімді», 130 балдан астам – «өте жақсы».

5 5-тарау. Жылдық бағалау

28 28. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші өзінің тікелей басшысына келісу үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

29 29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

30 30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:

Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

31 31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.

Қызметшінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері мен қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады.

32 32. Персоналды басқару қызметі қызметшінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 балға (қоса алғанда) дейін) – 3 балл,
«тиімді» мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
«өте жақсы» мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

33 33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз», 3 балдан бастап 3,9 балға (қоса алғанда) дейін – «қанағаттанарлық, 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – «тиімді», 5 балл – «өте жақсы».

6 6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

34 34. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

1 1) толтырылған бағалау парақтарын;

2 2) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

3 3) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

35 35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1 1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

36 36. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметші бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырады.

37 37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7 7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

38 38. Бағалау жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті тұлғаға шағымдану шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

39 39. Қызметшінің шағымы оның түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және осы Әдістеменің талаптарын бұзу анықталған жағдайда, уәкілетті тұлға бағалау жөніндегі комиссияның шешімін жоюды ұсынады.

40 40. Қызметші бағалау нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

8 8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

41 41. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша (біліктілігін арттыру) шешім қабылдауға негіз болып табылады.

42 42. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар қызметшілерге төленеді.

43 43. Қызметшіні оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

Қызметші Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде оқуға (біліктілігін арттыруға) жіберіледі.

44 44. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

45 45. Қызметшінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі, оны біліктілік талаптарына сәйкес келген және төмен бос мемлекеттік лауазым болған жағдайда оны төмендету туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметшіге басқа бос мемлекеттік лауазым ұсынылады.
Бос мемлекеттік лауазым болмағанда немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымынан бас тарқтанда, атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан шығарылады.

46 46. Қызметшілерді бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б»
корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________
Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________________
___________________________________________________________________________
№ р/с
Мақ­сат­тық көр­сет­кіш­тер*
Кү­ті­ле­тін нәти­же­лер
1
Мақ­сат­тық көр­сет­кіш 1
2
Мақ­сат­тық көр­сет­кіш 2
3
Мақ­сат­тық көр­сет­кіш 3
4

Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуы тиіс.
Қызметші
____________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы _______________________
Тікелей басшы
____________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы _______________________

2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін қызмет
түрлеріне балл шәкілдері
Бал­да­ры
Кө­тер­ме­ле­не­тін қыз­мет түр­ле­рі
Агент­тіктің ор­та­лық ап­па­ра­ты мен оның ве­дом­ст­во­сы үшін (бұ­дан әрі -Агент­тік)
5 балл
заң­дар­дың жо­ба­ла­ры­на тұ­жы­рым­да­ма­лар­ды, мем­ле­кет­тің стра­те­ги­я­лық және бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат­та­рын, заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің жо­ба­ла­рын, ме­мо­ран­дум­дар­ды, ке­лі­сім­дер­ді әзір­леу, сон­дай-ақ олар­ға өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу*
заң­дар­дың жо­ба­ла­ры­на тұ­жы­рым­дар­ға, заң­дар­дың жо­ба­ла­ры­на, мем­ле­кет­тің стра­те­ги­я­лық және бағ­дар­ла­ма­лық құ­жат­та­ры­на, заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге, сон­дай-ақ ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар мен ке­лі­сім­дер жо­ба­ла­ры­на құқық­тық са­рап­та­ма­ны мем­ле­кет­тік ор­ган­дар (Агент­тіктің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі) ес­кер­ген нақ­ты ұсы­ны­стар­ды әзір­лей оты­рып орын­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Әкім­ші­лі­гі­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің және оның орын­ба­сар­ла­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-Ми­ни­стрі Кең­се­сі­нің тап­сыр­ма­ла­рын әзір­ле­уді және тал­да­уды та­лап ете­тін бір күн мер­зі­мін­де нақ­ты ұста­ным­ды әзiр­лей оты­рып орын­дау
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Әкім­ші­лі­гіне және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­тіне ба­ян­да­ма (оның ішін­де Ұлт­тық) дай­ын­дау және жи­нақ­тау
Агент­тіктің бе­де­лін арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру (ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар, фо­рум­дар, дөң­ге­лек үстел­дер және бас­қа­лар)
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың функ­ци­я­ла­рын тал­даү жүр­гі­зу ба­ры­сын­да ай­қын­дал­ған мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ті­зі­лі­міне қо­су бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды ен­гі­зу
ЭЫ­ДҰ-ның сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы кү­рес бой­ын­ша іс-қи­мы­лы­ның Стам­бул­дық жос­па­ры­ның ұсы­ны­ста­рын орын­дау жө­нін­де ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ве­дом­ство­ара­лық үй­ле­сті­ру­ін жү­зе­ге асы­ру
Қа­зақ­стан­ның ха­лы­қа­ра­лық ими­джіне әсе­рін тигі­зе­тін ел­дік зерт­те­улер жүр­гі­зе­тін ха­лы­қа­ра­лық са­рап­шы­лар­дың сұ­ра­ны­ста­ры бой­ын­ша ақ­па­рат­тар дай­ын­дау
4 балл
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың, ұй­ым­дар­дың, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­т­ін­де­гі сы­бай­лас жем­қор­лық қа­тер­ле­ріне жа­сал­ған сырт­қы тал­дау нәти­же­сі бой­ын­ша бе­рі­л­ген ұсы­ны­стар­дың үле­сі­нің ке­мін­де 71%-ның орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да, ұй­ым­дар­да, со­ны­мен қа­тар Агент­тіктің және ве­дом­ст­во­сы­ның қыз­мет­ші­ле­ріне оқы­ту се­ми­нар­ла­рын, дә­рі­стер­ді, тү­сін­дір­ме жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
мем­ле­кет­тік қыз­мет, сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы заң­на­ма­лар­дың ере­же­ле­ріне тү­сі­нік­те­ме бе­ру­де БАҚ-та шы­ғу
ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рін ті­ке­лей орын­да­уда шет ті­лін қол­да­ну
3 балл
оқы­ту­ға жа­та­тын Агент­тіктің мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рін оқы­ту­ды то­лық қам­ту­ды қам­та­ма­сыз ету
іш­кі аудит бой­ын­ша тоқ­сан­дық есеп­ті уәкі­лет­ті ор­ган­ның ес­кер­ту­сіз қа­был­да­уы
нәти­же­сін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар жө­нін­де ба­қы­лау іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу
Агент­тіктің ал­қа­ла­ры, ке­ңе­сте­рі мен ко­мис­си­я­ла­ры­ның оты­ры­ста­рын өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру және ма­те­ри­ал­да­рын дай­ын­дау
Агент­тіктің, ве­дом­ство­ның қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін құқық­тық ак­ті­лер­ге ұсы­ны­стар ен­гі­зу*
бей­не­жа­з­ба және тың­да­лым сце­на­рий­ле­рін әзір­леу, Агент­тіктің қыз­ме­ті ту­ра­лы ав­тор­лық ма­қа­ла­лар және шы­ға­ры­лым­дар дай­ын­дау
Агент­тіктің жо­ба­ла­рын іс­ке асы­ру үшін ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар­дың және қар­жы­лық ин­сти­тут­тар­дың қа­ра­жат­та­рын тар­ту
қо­сым­ша зер­де­ле­уді және тек­се­ру­ді та­лап ет­пей­тін өті­ніш­тер­ді қа­рау**
сот ак­ті­ле­рін шы­ға­ру ба­ры­сын­да та­лап-арыз қыз­ме­тін Агент­тіктің пай­да­сы­на қа­рай жү­зе­ге асы­ру
Агент­тіктің, ве­дом­ст­во­сы­ның 3 жыл­дық ке­зе­ңі­нің бюд­жет­тік өті­нім­де­рін уәкі­лет­ті ор­ган­ның ес­кер­ту­сіз қа­был­да­уы
қар­жы және жос­пар­ла­на­тын жы­л­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті қа­лып­та­сты­ру мен бе­кі­ту ба­ры­сын­да Агент­тіктің бюд­жет қа­ра­жат­та­рын ұл­ғай­ту
Агент­тіктің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі және (неме­се) аумақ­тық ор­ган­да­ры, бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ұй­ым­да­стыр­ған және жүр­гіз­ген тек­се­ру іс-ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су
2 балл
тә­лім­гер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
Агент­тіктің, ве­дом­ство­ның мем­ле­кет­тік са­тып алу шар­тта­ры­на тех­ни­ка­лық ерекше­лік­тер­дің жо­ба­сын әзір­леу
нор­ма шы­ғар­ма­шы­лық са­ла­сын­да жұ­мыс топ­та­ры құ­ра­мын­да жұ­мыс жа­сау
Агент­тіктің ве­дом­ст­во­сы­ның және аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның же­ке қар­жы­лан­ды­ру жос­пар­ла­ры­на өзгер­стер ен­гі­зу ба­ры­сын­да бюд­жет­тік қа­ра­жат­тар­дың қал­дық­та­ры­на са­лы­сты­ру жүр­гі­зу
Агент­тіктің ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы ұй­ым­да­ры­ның да­му жос­пар­ла­ры­на және олар­дың орын­да­луы ту­ра­лы есеп­те­ріне қор­тын­ды­лар дай­ын­дау
ал­дын ала жос­пар­лан­ба­ған және шұ­ғыл жұ­мыстар­ды орын­дау (Агент­тік, ве­дом­ство бас­шы­лы­ғы­ның тап­сыр­ма­ла­ры)
жұ­мыста уа­қыт­ша жоқ мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің мін­дет­те­рін ат­қа­ру және ла­у­а­зым­дар­ды қо­са ат­қа­ру (10 жұ­мыс кү­ні­нен кем емес)
1 балл
ұжым­ның қо­ғам­дық өмі­ріне (ұжым­ның спорт­тық және мә­де­ни іс-ша­ра­лар­ға) ті­ке­лей қа­ты­су
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс бе­ру­ші­нің ак­ті­сі негі­зін­де және пер­со­нал­ды бас­қа­ру қыз­ме­ті ұсын­ған ба­қы­лау және кі­ру­ді есеп­ке алу жүй­е­сі­нің де­ректе­рі (КБЕА) бой­ын­ша жұ­мыстан тыс уа­қыт­та (де­ма­лыс, ме­ре­ке күн­де­рі) жұ­мысқа шы­ғу (ке­зек­ші­лік)
мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­дан тұ­ра­тын мә­лі­мет­те­рі бар құ­жат­тар­мен жұ­мыс жа­сау
Агент­тіктің аумақ­тық ор­ган­да­ры үшін
4 балл
Агент­тіктің бе­де­лін арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған іс-ша­ра­лар­ды (ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар, фо­рум­дар, дөң­ге­лек үстел­дер және бас­қа­лар) ұй­ым­да­сты­ру
мем­ле­кет­тік қыз­мет, сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы заң­на­ма­лар­дың ере­же­ле­ріне тү­сі­нік­те­ме бе­ре оты­рып, БАҚ-та шы­ғу
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың функ­ци­я­ла­рын тал­даү жүр­гі­зу ба­ры­сын­да ай­қын­дал­ған мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ті­зі­лі­міне қо­су бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды ен­гі­зу
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да, ұй­ым­дар­да, со­ны­мен қа­тар Агент­тіктің, ве­дом­ство­ның аумақ­тақ ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­ші­ле­ріне оқы­ту се­ми­нар­ла­рын, дә­рі­стер, тү­сі­нік­те­ме жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
3 балл
бейне жа­з­ба және тың­да­лым сце­на­рий­ле­рін әзір­леу, аумақ­тық ор­ган­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ав­тор­лық ма­қа­ла­лар және шы­ға­ры­лым­дар дай­ын­дау
оқы­ту­ға жа­та­тын аумақ­тық ор­ган­дар­дың мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рін оқы­ту­ды то­лық қам­ту­ды қам­та­ма­сыз ету
Агент­тіктің, ве­дом­ство­ның қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін нор­ма­тив­тік және құқық­тық ак­ті­лер­ге ұсы­ны­стар ен­гі­зу*
қо­сым­ша зер­де­ле­уді және тек­се­ру­ді та­лап ете­тін өті­ніш­тер­ді қа­рау**
бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ұй­ым­да­сты­ра­тын және өт­кі­зе­тін тек­се­ру іс-ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су
сот ак­ті­ле­рін шы­ға­ру ба­ры­сын­да та­лап-арыз қыз­ме­тін аумақ­тық ор­ган­ның, ве­дом­ство­ның пай­да­сы­на қа­рай жү­зе­ге асы­ру
ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рін орын­дау ба­ры­сын­да шет ті­лін қол­да­ну
2 балл
аумақ­тық ор­ган­ның мә­жі­лі­сте­рін, ке­ңес және ко­мис­си­я­ла­ры­ның оты­ры­ста­рын өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру және ма­те­ри­ал­да­рын дай­ын­дау
тә­лім­гер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
қо­сым­ша зер­де­ле­уді және тек­се­ру­ді та­лап ете­тін өті­ніш­тер­ді қа­рау**
ла­у­а­зым­дар­ды қо­са ат­қа­ру және уа­қыт­ша жұ­мыста бол­ма­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің мін­дет­те­рін орын­дау (10 жұ­мыс кү­ні­нен ар­тық)
1 балл
ал­дын ала жос­пар­лан­ба­ған және шұ­ғыл жұ­мыстар­ды орын­дау (Агент­тік, ве­дом­ство бас­шы­лы­ғы­ның тап­сыр­ма­ла­ры)
пер­со­нал­ды бас­қа­ру қыз­ме­ті ұсын­ған ба­қы­лау және кі­ру­ді есеп­ке алу жүй­е­сі­нің де­ректе­рі (КБЕА) бой­ын­ша жұ­мыстан тыс уа­қыт­та (де­ма­лыс, ме­ре­ке күн­де­рі) жұ­мысқа шы­ғу (ке­зек­ші­лік)
ұжым­ның қо­ғам­дық өмі­ріне (ұжым­ның спорт­тық және мә­де­ни іс-ша­ра­лар­ға) ті­ке­лей қа­ты­су
Ескерту:
*- осы көрсеткіш үшін балдар, енгізілген ұсыныстар қабылданған және нормативтік құқықтық актілерде айқындалған жағдайда қойылады;
**- осы көрсеткіш үшін балдар, қызметші бағаланатын кезеңде құрылымдық бөлімше бойынша қаралған өтініштер санының орта көлемінен артық қаралған жағдайда қойылады.

3 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда): _________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ р/п
Қыз­мет­ші­нің өзін-өзі ба­ға­ла­уы
Ті­ке­лей бас­шы­ның ба­ға­ла­уы
Ес­кер­ту
Кө­тер­ме­ле­не­тін көр­сет­кіш­тер мен қыз­мет түр­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Орын­дау тәр­ті­бін бұ­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ең­бек тәр­ті­бін бұ­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Кө­тер­ме­ле­не­тін көр­сет­кіш­тер мен қыз­мет түр­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Орын­дау тәр­ті­бін бұ­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ең­бек тәр­ті­бін бұ­зу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
2
3
Өзін-өзі ба­ға­лау нәти­же­сі:
Ба­ға­лау нәти­же­сі:
Қызметші ___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________________
қолы _______________________________
Тікелей басшы
______________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _________________________
қолы _________________________

4 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі «Б» корпусының
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
Бағалау парағы
_________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
____________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы
№ р/с
Мақ­сат­тық көр­сет­кіш­тің нәти­же­сі
Ма­ңы­зы
Қыз­мет­ші­нің өзін-өзі ба­ға­лау нәти­же­ле­рі
Бас­шы­ның ба­ға­лау нәти­же­ле­рі
Ес­кер­ту
1
1 мақ­сат­тық көр­сет­кіш­тің нәти­же­сі
2-ден 5 ке дей­ін
2
2 мақ­сат­тық көр­сет­кіш­тің нәти­же­сі
2-ден 5 ке дей­ін
3
3 мақ­сат­тық көр­сет­кіш­тің нәти­же­сі
2-ден 5 ке дей­ін
4

Қызметші ___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________________
қолы _______________________________
Тікелей басшы
____________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы _______________________

5 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері
№р/с
Қыз­мет­ші­лер­дің (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет
Ко­мис­си­я­ның ұсы­ны­ста­ры
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Тексерген: Комиссия хатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)
Комиссия төрағасы: ____________________________ Күні: ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)

Қолданыстағы