Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства общественного развития Республики Казахстан

Бұйрық · № 22 · қабылданған 12.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119822/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства общественного развития Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 22 ·12.03.2018
26.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства общественного развития Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 22 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства общественного развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
12.03.2018
Көрсетілген редакция
26.08.2019 119822_419328.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016640
ЭКБ идентификаторы
119822
Редакция идентификаторы
119822_419328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:26

0 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 1 ақпандағы № 16299 болып тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 19 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14912 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрінің
2018 жылғы 12 наурыздағы
№ 22 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істер комитетінің және Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің (бұдан әрі – Комитеттер) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне нысаналы мақсатты индикаторлар қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшы бекітіетін құжат;

2 2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты адам;

3 3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

4 4) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық сипаттамасы және құзыреттер көрінісінің деңгейі;

5

5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына «А» корпусы қызметшісінің келісіміне немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

6 6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты адам.

3 3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

4 4. Егер оның нақты лауазымға келу мерзімі, оның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан кейін немесе оқуды аяқтағаннан кейін үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

5 5. Бағалауды өткізу үшін Министрліктің жауапты хатшысы (Комитет төрағасымен) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, ол жұмыс органы Персоналды басқару қызметі болып табылады.

Комиссия құрамын Министрліктің Жауапты хатшысымен (Комитет төрағасымен) айқындайды, Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.

6 6. Бағалау екі бағыт бойынша жүргізіледі:

1 1) НМИ қол жеткізуді бағалау;

2 2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

7 7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

8 8. Бағалауға байланысты құжаттар Персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2 2-тарау. НМИ айқындау тәртібі

9 9. НМИ тікелей басшы бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда айқындайды.

10 10. Тиісті НМИ жеке жұмыс жоспарды қалыптастырғаннан кейін, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

11 11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Министр (Комитет төрағасы) болған жағдайда жеке жұмыс жоспарын сол лауазымды адам бекітеді.

12 12. НМИ осы Әдістемеге 13-тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

13 13. НМИ:

1 1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып, қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

2 2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді);

3 3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

4 4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі бағаланатын жыл ағымында белгіленеді);

5 5) Министрліктің стратегиялық мақсатын, Министрдің меморандумын немесе «А» корпусы қызметшісінің – Комитет төрағаларының келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

14 14. НМИ саны 5 құрайды.

15 15. Жеке жұмыс жоспары Персоналды басқару қызметінде сақталады.

3 3-тарау. НМИ қол жеткізуді бағалау тәртібі

16 16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ қол жеткізуді бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторингті жүзеге асырады.

Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

17 17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

18 18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

барлық НМИ қол жеткізген жағдайда «өте жақсы» деген баға қойылады.
НМИ 5-еуінің 4-еуіне қол жеткізген жағдайда «тиімді» баға қойылады.
НМИ 5-еуінің 3-еуіне қол жеткізген жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
қол жеткізу НМИ 5-еуінің 3-еуінен кем болған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
НМИ қол жеткізу жеке жоспарда көзделген барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

19 19. Бағалау парағын тікелей басшы толтырғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

20 20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Министр (Комитет төрағасы) болған жағдайда, бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

21 21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшы келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) бағалаумен келісу;

2 2) түзетуге жіберу.

22 22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуді дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

23 23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

24 24. Жоғары тұрған басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін Персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

25 25. Құзыреттерді бағалауды тікелей басшы жүргізеді және оның нәтижесі бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

26 26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.

27 27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте айқындалады:

1 1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.

2 2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының кемінде 3/4 сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.

28 28. Тікелей басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін Персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссияның қарауы және бағалау нәтижесіне шағымдану

29 29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін адамдарды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

30 30. Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

31 31. Комиссияның мүшесін немесе төрағасын алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы Министрліктің Жауапты хатшысының (Комитет төрағасының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.

32 32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

33 33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

34 34. Комиссияның хатшысы Персоналды басқару қызметінің қызметшісі болады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

35 35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

36 36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) толтырылған бағалау парақтарын;

2 2) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес Комиссия отырысы хаттамасының жобасын;

37 37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

38 38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелерін комиссияның түзетілуі (бар болған жағдайда)» бағанында көрсетіледі.

39 39. Бағалаудың нәтижелерін уәкілетті адам бекітеді және осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.

40 40. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

41 41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметі және Министрліктің (Комитеттің) басқа екі қызметшісі қол қойған акті толтырылады.

42 42. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолдайды.

43

43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) Министрлікке (Комитетке) Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

2 2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

44 44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

1 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
______________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)______________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________
___________________________________________________________________________
р/с

Ны­са­на­лы мақ­сат­ты ин­ди­ка­тор
лар­дың ата­уы
Са­я­си мем­ле­кет
тік қыз­мет­ші
нің неме­се «А» кор­пу­сы қыз­мет­ші­сі ке­лі­сі­мі­нің қай көр­сет­кі­ші­нен неме­се мем­ле­кет
тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жа­ты­нан түй­ін­де­ле­ді
Өл­шем бір­лі­гі
Жос­пар­лы мәні
Қол жет­кі­зу мер­зім­де­рі
Түп­кі
лік­ті нәти­же*
* Нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші
___________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ______________________________
қолы ______________________________
Тікелей басшы
__________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _____________________________
қолы _____________________________

2 НМИ бойынша бағалау парағы

Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ____________________________
қолы ___________________________
НМИ бойынша бағалау парағы
_______________________________________________________
(Т.А.Ә (болған жағдайда), бағаланатын адамның лауазымы)
________________________________________
(бағаланатын кезең)
р/с

Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Өлшем
бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жеткізілді/көрсеткішке қол жеткілген жоқ
Бағалау нәтижесі ___________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні ______________________
қолы ______________________
Тікелей басшы
_____________________________
(тегі, аты-жөні)
күні ________________________
қолы ________________________

3 Құзыреттер бойынша бағалау парағы

Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
____________________________________________________________________
р/с №
Құзыреттер атауы
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)
Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)
1
Қызметті басқару
2
Ынтымақтастық
3
Шешім қабылдау
4
Жеделділік
5
Өзін-өзі дамыту
6
Қызметті тұтынушыға бағдарлану *
7
Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *
8
Адалдық
9
Жауапкершілік
10
Бастамашылдық
11
Стреске орнықтылық
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші
____________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы _______________________
Тікелей басшы
_____________________________
(тегі, аты-жөні)
күні ________________________
қолы ________________________

4 Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құ­зы­рет­тер ата­уы
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік
ла­у­а­зым­дар са­на­ты
Ти­ім­ді мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ти­ім­сіз мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
қыз­мет­тік бас­қа­ру
C-1
Стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қо­яды және тап­сыр­ма­лар бе­ре­ді;
бө­лім­ше­нің бе­рі­л­ген мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­тай­ды және жағ­дай жа­сай­ды;
бө­лім­ше жұ­мысын ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай ти­ім­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды.
Стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қоя ал­май­ды және тап­сыр­ма­лар бе­ре ал­май­ды;
бе­рі­л­ген мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­та­май­ды және жағ­дай жа­са­май­ды;
бө­лім­ше жұ­мысын ба­сым­ды­лы­ғы­на мән бер­мей ти­ім­сіз ұй­ым­да­сты­ра­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­лай­ды және ұй­ым­да­сты­ра­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ете­ді;
қыз­мет­кер­лер дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы ба­ры­сын­да­ғы қыз­ме­тіне ба­қы­лау жүр­гі­зе­ді;
бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді.
Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­ла­май­ды және ұй­ым­да­стыр­май­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ет­пей­ді;
қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гіз­бей­ді;
бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді.
C-4;
C-5
Ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай тап­сыр­ма­лар­ды ма­ңы­зды­лы­ғы ре­ті­мен қо­яды;
бас­шы­лық­қа са­па­лы құ­жат­тар дай­ын­дай­ды және ен­гі­зе­ді;
өл­ше­улі уа­қыт жағ­дай­ын­да жұ­мыс жа­сай ала­ды;
бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тай­ды.
Тап­сыр­ма­лар­ды жүй­е­сіз орын­дай­ды;
са­па­сыз құ­жат­тар әзір­лей­ді;
же­дел жұ­мыс жа­са­май­ды;
бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­та­май­ды.
ЫН­ТЫ­МАҚ­ТА­СТЫҚ
C-1
Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­на­сқа бағ­дар­лай­ды;
қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін әр­бір қыз­мет­кер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды;
бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­ды жү­зе­ге асы­ра­ды және ор­тақ нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді.
Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­на­сқа бағ­дар­ла­май­ды;
қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін кей­бір қыз­мет­кер­лер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды;
бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­ды жү­зе­ге асы­ра ал­май­ды және ор­тақ нәти­же­ге қол жет­кіз­бей­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Ұжым­да се­нім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
бө­лім­ше­нің қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­сай­ды;
бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді;
әр­қай­сысы­ның нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­тай­ды.
Ұжым­да өза­ра се­нім­сіз қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
бө­лім­ше және қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­са­май­ды;
бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді;
ба­ғы­ны­с­та­ғы адам­дар­дың нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­та­май­ды.
C-4;
C-5
Ұжым­ның жұ­мысы­на үле­сін қо­са­ды және қа­жет болған жағ­дай­да тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гі­не­ді;
мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұжым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­та­ды;
тал­дау ба­ры­сын­да пі­кір ал­ма­са­ды және тал­қы­лау нәти­же­сін ес­ке­ре оты­рып, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды.
Жұ­мыста тұй­ық­тық ұста­ны­мын біл­ді­ре­ді және тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гін­бей­ді;
әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен өза­ра әре­кет­тес­пей­ді;
әріп­те­сте­рі­мен мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­май­ды.
ШЕ­ШІМ ҚА­БЫЛ­ДАУ
C-1
Мін­дет­тер­ді дұ­рыс бө­ле ала­ды;
ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер ту­ра­лы ха­бар­лай­ды;
ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да аль­тер­на­тив­ті ұсы­ныс жа­сай­ды;
ти­ім­ді және жүй­е­лі ше­шім қа­был­дай­ды;
же­ке тә­жі­ри­бе­сіне, бас­қа да ма­ңы­зды бо­лып та­бы­ла­тын мә­лі­мет­тер­ге негіз­дел­ген ше­шім қа­был­дай­ды.
Бө­лім­ше­де мін­дет­тер­ді дұ­рыс бө­ле ал­май­ды;
орын алуы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы ха­бар­ла­май­ды;
ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да аль­тер­на­тив­ті ұсы­ныс жа­са­май­ды;
ти­ім­сіз және жүй­е­сіз ше­шім қа­был­дай­ды;
ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да тек өзі­нің же­ке тә­жі­ри­бе­сіне және көз­қа­ра­сы­на се­не­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ала­ды;
ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды;
ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­лай­ды;
әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­дай­ды және бо­лжам­дай­ды;
мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, құ­зы­ре­ті ше­гін­де ше­шім қа­был­дай­ды.
Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ал­май­ды;
ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды си­рек ұй­ым­да­сты­ра­ды;
ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­ла­удан бас тар­та­ды және бас­қа­лар­дың пі­кі­рін ес­кер­мей­ді;
әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­кер­мей­ді, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­да­май­ды және бо­лжа­май­ды;
ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­кер­мей­ді.
C-4;
C-5
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді
та­ба ала­ды;
мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше жо­лын ұсы­на­ды;
өзі­нің пі­кі­рін негіз­дей ала­ды.
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ал­май­ды;
мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­кер­мей­ді неме­се мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің аль­тер­на­ти­ва­сын ұсын­бай­ды;
негіз­сіз пі­кір біл­ді­ре­ді.
ҚЫЗ­МЕТ­ТІ ТҰ­ТЫ­НУ­ШЫ­ҒА БАҒ­ДАР­ЛА­НУ
C-1
Стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тар мен ба­сым­ды­лық­тар­ды ес­ке­ріп, нақ­ты мін­дет­тер қоя ала­ды;
қыз­мет көр­се­ту­дің ти­ім­ді әді­сте­рін бі­ле­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қол­же­тім­ді­лі­лі­гін қам­та­ма­сыз ете­ді;
қыз­мет тұ­ты­ну­шы­лар­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы­на тал­дау жүр­гі­зе­ді және қыз­мет көр­се­ту­ді же­тіл­ді­ру­дің жол­да­рын қа­рас­ты­ра­ды.
Стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тар мен ба­сым­ды­лық­тар­ды ес­кер­мей, анық емес мін­дет­тер қоя ала­ды;
қыз­мет көр­се­ту­дің әді­сте­рі ту­ра­лы ша­ла­шар­пы бі­ле­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қол­же­тім­ді­лі­лі­гін қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­лар­дың қа­на­ғат­та­ну­шы­лы ғы­на тал­дау жүр­гіз­бей­ді және қыз­мет көр­се­ту­ді же­тіл­ді­ру­дің жол­да­рын қа­рас­тыр­май­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­ше­ді;
ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­сай­ды;
қыз­мет көр­се­ту­дің са­па­сын ба­қы­лай­ды, сон­дай-ақ же­ке үл­гі бо­лу ар­қы­лы көр­се­те­ді.
Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­стыр­май­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­шпей­ді;
ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­са­май­ды;
са­па­сыз қыз­мет көр­се­ту­ге жол бе­ре­ді, қы­зық­па­у­шы­лық біл­ді­ре­ді.
C-4;
C-5
Сы­пайы және ті­лек­те­стікпен қыз­мет көр­се­те­ді;
қыз­мет көр­се­ту­ге қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дең­гей­ін тал­дай­ды және олар­ды же­тіл­ді­ру­дің жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс ен­гі­зе­ді.
Қыз­мет алушы­ға дө­ре­кі­лік және нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
тұ­ты­ну­шы­ның сұ­рақ­та­ры мен мә­се­ле­ле­ріне мән бер­мей­ді;
қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша бел­сен­ді­лік та­ныт­пай­ды.
ҚЫЗ­МЕТ­ТІ ТҰ­ТЫ­НУ­ШЫ­ҒА АҚ­ПА­РАТ­ТАН
ДЫ­РУ
C-1
Ұжым­ға қыз­мет алушы тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­ды жет­кі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы үне­мі тү­сін­ді­ре­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сі­лін құ­ра­с­ты­ра­ды.
Ұжым­ға қыз­мет алушы тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­ды жет­кі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы тү­сін­ді­ру жұ­мыста­рын жүр­гіз­бей­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сі­лін құ­ра­с­ты­ра­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­ды қыз­мет алушы­лар­ды қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру­ға бағ­дар­лай­ды;
тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды құр­мет­пен және игі­лік­пен жет­кі­зе­ді;
қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін құр­мет­тей­ді.
Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­мен қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гіз­бей­ді;
тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се нем­құ­рай­лы және жақ­тыр­май жет­кі­зе­ді;
қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін еле­мей­ді.
C-4;
C-5
Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты қол­же­тім­ді ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кі­зе­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ала­ды.
Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кіз­бей­ді неме­се тү­сі­нік­сіз жет­кі­зе­ді;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ал­май­ды.
ЖЕ­ДЕЛ­ДІ­ЛІК
C-1
Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды уа­қы­ты­лы жет­кі­зе­ді;
өзге­рі­стер­ді уақ­ты­лы елеу үшін ти­ім­ді ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
бө­лім­ше­ні ти­ім­ді бас­қа­ра­ды және іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді;
жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын қол­да­ну бой­ын­ша ұсы­ны­ста­рын тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді.
Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се мер­зім­нен кеш жет­кі­зе­ді;
өзге­рі­стер­ді уақ­ты­лы елеу үшін ша­ра­лар қа­был­да­май­ды неме­се ти­ім­сіз ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
бө­лім­ше­ні ти­ім­сіз бас­қа­ра­ды және іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кіз­бей­ді;
жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын қол­да­ну бой­ын­ша ұсы­ны­ста­рын тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша уақ­ты­лы ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
өзге­рі­стер­ді дұ­рыс қа­был­да­уды өзі­нің үл­гі өне­ге­сі­мен көр­се­те­ді.
Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­ра­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­са­май­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­май­ды;
бо­лып жа­тқан және кү­тіл­ме­ген өзге­рі­стер ке­зін­де өзін-өзі ба­қы­ла­май­ды.
C-4;
C-5
Жұ­мысты жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
олар­ды ен­гі­зу­дің жа­ңа ба­ғыт­та­ры мен әді­сте­рін үй­ре­не­ді;
өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да
өзін-өзі ба­қы­лай­ды;
өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да тез бей­ім­де­ле­ді.
Жұ­мыстың қол­да­ны­с­та­ғы рә­сім­де­рі мен әді­сте­рін ұста­на­ды;
жа­ңа ба­ғыт­тар мен әді­стер­ді зерт­теп олар­ды ен­гіз­бей­ді;
өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін-өзі ба­қы­лай ал­май­ды;
өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да бей­ім­дел­мей­ді неме­се ба­яу бей­ім­де­ле­ді.
ӨЗДІ­ГІ­НЕН ДА­МУ
C-1
Үл­гі­лі қыз­мет­кер­лер­ді жо­ға­ры­ла­ту ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды қа­рас­ты­рып, ен­гі­зе­ді;
қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар­ды қа­был­дай­ды;
әріп­те­сте­рі­мен жи­нақ­тал­ған тә­жі­ри­бе­сі­мен, бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді, сон­дай-ақ, олар­дың да­му дең­гей­ін анық­тай­ды;
өзді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­лы­сын өзі­нің же­ке үл­гі­сін­де көр­се­те­ді.
Үл­гі­лі қыз­мет­кер­лер­ді анық­та­май­ды және олар­ды жо­ға­ры­ла­ту ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды қа­рас­тыр­май­ды;
қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар­ды қа­был­да­май­ды неме­се жүй­е­сіз ша­ра­лар­ды қа­был­дай­ды;
әріп­те­сте­рі­мен жи­нақ­тал­ған тә­жі­ри­бе­сі­мен, бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді, сон­дай-ақ, олар­дың да­му дең­гей­ін анық­та­май­ды;
өзді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­лы­сын өзі­нің же­ке үл­гі­сін­де көр­се­ту­ге кө­ңіл бөл­мей­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ұсы­на­ды;
мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің құ­зы­рет­те­рін да­мы­та­ды және олар­ды ба­ғы­ны­сты­лар­да да­мы­ту үшін ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін, оның ішін­де да­му­ды қа­жет ете­тін құ­зы­рет­тер­ді тал­қы­лай­ды.
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­і­нің жо­ға­ры­ла­у­ы­на қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің және ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ның құ­зы­рет­те­рін да­мыт­пай­ды;
ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін тал­қы­ла­май­ды.
C-4;
C-5
Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды;
өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну­дың әді­сте­рін із­де­не­ді;
тә­жі­ри­бе­де ти­ім­ді­лік­ті арт­ты­ра­тын жа­ңа дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды.
Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­тыл­май­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну әді­сте­рі­мен қы­зық­пай­ды;
өзін­де бар дағ­ды­лар­мен шек­те­ле­ді.
АДАЛ­ДЫҚ
C-1
Жұ­мыс­кер­лер­мен әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­ның сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­ді;
ұжым­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на бе­рі­л­ген­дік дең­гей­ін да­мы­та­ды;
бас­қа­лар­дың же­ті­стікте­рін мой­ын­дай­ды, әріп­те­сте­рі­нің на­мысы мен абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­ті­ре­тін олар­дың же­ке және кә­сі­би қа­си­ет­те­рін тал­қы­ла­удан тар­ты­на­ды;
әдеп­ті­лік нор­ма­лар­дың бұ­зы­л­ғанды­ғын елеп ес­ке­ре­ді және анық­тай­ды;
ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ны­та оты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры үшін әдеп­ті мі­нез-құлық­тың үл­гі­сі бо­ла­ды;
өзі­нің бө­лім­ше жұ­мысы­ның тә­жі­ри­бе­сін­де ашық­тық, шы­най­ы­лық және әділ­дік­ке ба­ғыт­тал­ған әдеп нор­ма­ла­ры мен құн­ды­лық­тар­ды бі­рік­ті­ре­ді.
Жұ­мыс­кер­лер­мен әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­ның сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
мем­ле­кет­тік қыз­мет жо­лын ұста­у­шы­лық әр­кім­нің же­ке ісі деп есеп­тей­ді;
бас­қа­лар­дың же­ті­стікте­рін мой­ын­да­май­ды, әріп­те­сте­рі­нің на­мысы мен абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­ті­ре­тін олар­дың же­ке және кә­сі­би қа­си­ет­те­рін тал­қы­ла­у­ға жол бе­ре­ді;
әдеп­ті­лік нор­ма­лар­дың бұ­зы­л­ғанды­ғын елеп ес­кер­мей­ді;
ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ныт­пай­ды;
өзі­нің бө­лім­ше жұ­мысы­ның тә­жі­ри­бе­сін­де ашық­тық, шы­най­ы­лық және әділ­дік­ке ба­ғыт­тал­ған әдеп нор­ма­ла­ры мен құн­ды­лық­тар­ды бі­рік­тір­мей­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың сақ­та­луын ба­қы­лай­ды;
ұжым­ның мүд­де­сін өз мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ны­та­ды;
ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­сты­ра­ды;
ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді;
ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ны­та оты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры үшін әдеп­ті мі­нез-құлық­тың үл­гі­сі бо­ла­ды.
Ұжым­да бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың орын алуы­на жол бе­ре­ді;
өз мүд­де­сін ұжым мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ныт­пай­ды;
ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­стыр­май­ды;
ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
C-4;
C-5
Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сүй­е­не­ді;
өзі­нің жұ­мысын адал орын­дай­ды;
өзін адал, қа­ра­пай­ым, әділ ұстай­ды, бас­қа­лар­ға сы­пай­ы­лық және би­я­зы­лық та­ны­та­ды.
Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сай кел­мей­тін мі­нез-құлық­тар та­ны­та­ды;
өзі­нің жұ­мысын орын­дау ба­ры­сын­да нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
өзін адал­сыз, шам­дан­ған және бас­қа­лар­ға дө­ре­кі­лік және мен­сіз­бе­у­ші­лік қа­си­ет­те­рін та­ны­та­ды.
СТРЕС­СКЕ ОР­НЫҚ­ТЫ­ЛЫҚ
C-1
Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
C-4;
C-5
Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
ЖА­У­АП­КЕР­ШІ­ЛІК
C-1
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­ды же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне ала­ды.
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды адам­ға ар­та­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­ды же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне ала­ды.
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды адам­ға ар­та­ды.
C-4;
C-5
Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­та бо­ла­ды.
Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­ты бас­қа адам­ға ар­та­ды.
БА­СТА­МА­ШЫЛ­ДЫҚ
C-1
Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды тү­зе­ді және қа­рас­ты­ра­ды.
Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды әзір­ле­мей­ді және қа­рас­тыр­май­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы)
Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­дай­ды және ен­гі­зе­ді.
Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­да­май­ды және ен­гіз­бей­ді.
C-4;
C-5
Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гі­зе­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дай­ды.
Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гіз­бей­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­да­май­ды.

5 Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды адам
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ___________________________
қолы __________________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
р/с№
Қыз­мет­ші­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ко­мис­си­я­мен тү­зе­ті­луі (бар болған жағ­дай­да)
Ко­мис­си­я­ның ұсы­ны­ста­ры
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшелері: ____________________________ Күні: ___________
(тегі, аты-жөні, қолы)

Қолданыстағы