Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мугалжарского районного маслихата»

Өзге акт · № 172 · қабылданған 02.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119850/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мугалжарского районного маслихата» Күшін жойған Өзге акт ·№ 172 ·02.03.2018
10.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мугалжарского районного маслихата»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 172 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Мугалжарского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
172
Қабылданған күні
02.03.2018
Көрсетілген редакция
10.03.2021 119850_705355.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CI000188
ЭКБ идентификаторы
119850
Редакция идентификаторы
119850_705355
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:31

0 «Мұғалжар аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2

2. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 69 «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5403 тіркелген, 2017 жылдың 20 сәуірінде аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Мұғалжар аудандық

мәслихатының 2018 жылғы
2 наурыздағы № 172 шешімімен
бекітілген
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – осы Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;

2 2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

3 3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) –«Б» корпусы қызметшісінің қызметінің функционалдық міндеттерінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

4 4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

5 5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

6 6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

3 3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

4 4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

5 5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

6 6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

1 1) НМИ жетістіктерін бағалау;

2 2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

7 7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

8 8. Бағалауға байланысты құжаттар мәслихат аппаратында бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі

9 9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.

10 10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

11 11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.

12 12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

13 13. НМИ:

1 1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

2 2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

3 3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

4 4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі бағалау кезеңі ішінде белгіленеді);

5 5) мемлекеттік органның функционалдық міндеттеріне бағытталған болуы тиіс.

14 14. НМИ саны 5 құрайды.

15 15. Жеке жұмыс жоспары мәслихат аппаратында сақталады.

3 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

16 16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

17 17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы ос Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

18 18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

19 19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

20 20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

21 21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

1 1) бағалаумен келісу;

2 2) түзетуге жіберу.

22 22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

23 23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

24 24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше басшысы) 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

25 25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

26 26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.

27 27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

1 1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.

2 2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.

28 28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін құрылымдық бөлімше басшысы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

29 29. Құрылымдық бөлімше басшысы Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

30 30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

31 31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

32 32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

33 33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

34 34. Комиссияның хатшысы құрылымдық бөлімше басшысы болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

35 35. Құрылымдық бөлімше басшысы Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

36 36. Құрылымдық бөлімше басшысы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) толтырылған бағалау парақтарын;

2 2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;

37 37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

38 38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.

39 39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.

40 40. Құрылымдық бөлімше басшысы «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

41 41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, құрылымдық бөлімше басшысымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

42 42. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда құрылымдық бөлімше басшысымен «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

43

43. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметістері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

2 2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

44 Бағалау нәтижелері

44. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
__________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))________________________
Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________
______________________________________________________________________________

п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Қол жеткізу мерзімдері
Түйінді нәтиже*
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне 2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ____________________________
қолы _________________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)

п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Өлшем
бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне 3-қосымша
Нысан
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) _________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
№ р/с
Құ­зы­рет­тер ата­уы
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі (кү­ті­ле­тін нәти­же­ге сәй­кес/кү­ті­ле­тін нәти­же­ге сәй­кес емес)
Қыз­мет­ші­де бай­қа­ма­ған мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор ата­уы (кү­ті­ле­тін нәти­же­ге сәй­кес емес ба­ға­сын ал­ған жағ­дай­да)
1
Қыз­мет­ті бас­қа­ру
2
Ын­ты­мақ­та­стық
3
Ше­шім қа­был­дау
4
Же­дел­ді­лік
5
Өзді­гі­нен да­му
6
Қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­ға бағ­дар­ла­ну *
7
Қыз­мет­ті тұ­ты­ну­шы­лар­ды ха­бар­лан­ды­ру *
8
Адал­дық
9
Жа­у­ап­кер­ші­лік
10
Ба­ста­ма­шыл­дық
11
Стрес­ске ор­нық­ты­лық
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне 4-қосымша
Нысан
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құ­зы­рет­тер ата­уы
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік
ла­у­а­зым­дар са­на­ты
Ти­ім­ді мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ти­ім­сіз мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
қызметтік басқару
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­лай­ды және ұй­ым­да­сты­ра­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ете­ді;
Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы ба­ры­сын­да­ғы қыз­ме­тіне ба­қы­лау жүр­гі­зе­ді;
Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді.
Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­ла­май­ды және ұй­ым­да­стыр­май­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ет­пей­ді;
Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гіз­бей­ді;
Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
E-4;
E-5.
Ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай тап­сыр­ма­лар­ды ма­ңы­зды­лы­ғы ре­ті­мен қо­яды;
Бас­шы­лық­қа са­па­лы құ­жат­тар дай­ын­дай­ды және ен­гі­зе­ді.;
Өл­ше­улі уа­қыт жағ­дай­ын­да жұ­мыс жа­сай ала­ды;
Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тай­ды.
Тап­сыр­ма­лар­ды жүй­е­сіз орын­дай­ды;
Са­па­сыз құ­жат­тар әзір­лей­ді;
Же­дел жұ­мыс жа­са­май­ды;
Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­та­май­ды.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Ұжым­да се­нім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
Бө­лім­ше­нің қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­сай­ды;
Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді;
Әр­қай­сысы­ның нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­тай­ды.
Ұжым­да өза­ра се­нім­сіз қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
Бө­лім­ше және қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­са­май­ды;
Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді;
Ба­ғы­ны­с­та­ғы тұ­лға­лар­дың нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­та­май­ды.
E-4;
E-5.
Ұжым­ның жұ­мысы­на үле­сін қо­са­ды және қа­жет болған жағ­дай­да тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гі­не­ді;
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұжым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­та­ды;
Тал­дау ба­ры­сын­да пі­кір ал­ма­са­ды және тал­қы­лау нәти­же­сін ес­ке­ре оты­рып, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды.
Жұ­мыста тұй­ық­тық ұста­ны­мын біл­ді­ре­ді және тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гін­бей­ді;
Әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен өза­ра әре­кет­тес­пей­ді;
Әріп­те­сте­рі­мен мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­май­ды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ала­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­лай­ды;
Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­дай­ды және бо­лжам­дай­ды;
Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, құ­зы­ре­ті ше­гін­де ше­шім қа­был­дай­ды.
Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ал­май­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды си­рек ұй­ым­да­сты­ра­ды;
Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­ла­удан бас тар­та­ды және бас­қа­лар­дың пі­кі­рін ес­кер­мей­ді;
Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­кер­мей­ді, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­да­май­ды және бо­лжа­май­ды;
Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­кер­мей­ді.
E-4;
E-5.
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ала­ды;
Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше жо­лын ұсы­на­ды;
Өзі­нің пі­кі­рін негіз­дей ала­ды.
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ал­май­ды;
Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­кер­мей­ді неме­се мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің аль­тер­на­ти­ва­сын ұсын­бай­ды;
Негіз­сіз пі­кір біл­ді­ре­ді.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­ше­ді;
Ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­сай­ды;
Қыз­мет көр­се­ту­дің са­па­сын ба­қы­лай­ды, сон­дай-ақ же­ке үл­гі бо­лу ар­қы­лы көр­се­те­ді.
Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­стыр­май­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­шпей­ді;
Ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­са­май­ды;
Са­па­сыз қыз­мет көр­се­ту­ге жол бе­ре­ді, қы­зық­па­у­шы­лық біл­ді­ре­ді.
E-4;
E-5.
Сы­пайы және ті­лек­те­стікпен қыз­мет көр­се­те­ді;
Қыз­мет көр­се­ту­ге қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дең­гей­ін тал­дай­ды және олар­ды же­тіл­ді­ру­дің жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
Қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс ен­гі­зе­ді.
Қыз­мет алушы­ға дө­ре­кі­лік және нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
Тұ­ты­ну­шы­ның сұ­рақ­та­ры мен мә­се­ле­ле­ріне мән бер­мей­ді;
Қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша бел­сен­ді­лік та­ныт­пай­ды.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАН ДЫРУ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­ды қыз­мет алушы­лар­ды қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру­ға бағ­дар­лай­ды;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды құр­мет­пен және игі­лік­пен жет­кі­зе­ді;
Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін құр­мет­тей­ді.
Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­мен қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гіз­бей­ді;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се нем­құ­рай­лы және жақ­тыр­май жет­кі­зе­ді;
Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін еле­мей­ді.
E-4;
E-5.
Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты қол­же­тім­ді ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кі­зе­ді;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ала­ды.
Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кіз­бей­ді неме­се тү­сі­нік­сіз жет­кі­зе­ді;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ал­май­ды.
ЖЕДЕЛДІЛІК
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша уақ­ты­лы ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
Өзге­рі­стер­ді дұ­рыс қа­был­да­уды өзі­нің үл­гі өне­ге­сі­мен көр­се­те­ді.
Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­ра­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­са­май­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­май­ды;
Бо­лып жа­тқан және кү­тіл­ме­ген өзге­рі­стер ке­зін­де өзін-өзі ба­қы­ла­май­ды.
E-4;
E-5.
Жұ­мысты жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
Олар­ды ен­гі­зу­дің жа­ңа ба­ғыт­та­ры мен әді­сте­рін үй­ре­не­ді;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін -өзі ба­қы­лай­ды;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да тез бей­ім­де­ле­ді.
Жұ­мыстың қол­да­ны­с­та­ғы рә­сім­де­рі мен әді­сте­рін ұста­на­ды;
Жа­ңа ба­ғыт­тар мен әді­стер­ді зерт­теп олар­ды ен­гіз­бей­ді;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін-өзі ба­қы­лай ал­май­ды;
Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да бей­ім­дел­мей­ді неме­се ба­яу бей­ім­де­ле­ді.
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ұсы­на­ды;
Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің құ­зы­рет­те­рін да­мы­та­ды және олар­ды ба­ғы­ны­сты­лар­да да­мы­ту үшін ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін, оның ішін­де да­му­ды қа­жет ете­тін құ­зы­рет­тер­ді тал­қы­лай­ды.
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­і­нің жо­ға­ры­ла­у­ы­на қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің және ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ның құ­зы­рет­те­рін да­мыт­пай­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін тал­қы­ла­май­ды.
E-4;
E-5.
Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды;
Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну­дың әді­сте­рін із­де­не­ді;
Тә­жі­ри­бе­де ти­ім­ді­лік­ті арт­ты­ра­тын жа­ңа дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды.
Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­тыл­май­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну әді­сте­рі­мен қы­зық­пай­ды;
Өзін­де бар дағ­ды­лар­мен шек­те­ле­ді.
АДАЛДЫҚ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың сақ­та­луын ба­қы­лай­ды;
Ұжым­ның мүд­де­сін өз мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ны­та­ды;
Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­сты­ра­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді;
Ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ны­та оты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры үшін әдеп­ті мі­нез-құлық­тың үл­гі­сі бо­ла­ды.
Ұжым­да бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың орын алуы­на жол бе­ре­ді;
Өз мүд­де­сін ұжым мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ныт­пай­ды;
Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­стыр­май­ды;
Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
E-4;
E-5.
Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сүй­е­не­ді;
Өзі­нің жұ­мысын адал орын­дай­ды;
Өзін адал, қа­ра­пай­ым, әділ ұстай­ды, бас­қа­лар­ға сы­пай­ы­лық және би­я­зы­лық та­ны­та­ды.
Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сай кел­мей­тін мі­нез-құлық­тар та­ны­та­ды;
Өзі­нің жұ­мысын орын­дау ба­ры­сын­да нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
Өзін адал­сыз, шам­дан­ған және бас­қа­лар­ға дө­ре­кі­лік және мен­сіз­бе­у­ші­лік қа­си­ет­те­рін та­ны­та­ды;
СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
E-4;
E-5.
Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
ЖАУАПКЕРШІ ЛІК
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­ды же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне ала­ды.
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды.
E-4;
E-5.
Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­та бо­ла­ды.
Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­ты бас­қа тұл­ға­ға ар­та­ды.
БАСТАМАШЫЛДЫҚ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы).
Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­дай­ды және ен­гі­зе­ді.
Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­да­май­ды және ен­гіз­бей­ді.
E-4;
E-5.
Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гі­зе­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дай­ды.
Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гіз­бей­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­да­май­ды.
«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың
әдістемесіне 5-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды тұлға
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _________________________
қолы _________________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері

р/с
Қыз­мет­ші­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет
Ба­ға­лау нәти­же­ле­рі ко­мис­си­я­мен тү­зе­ті­луі (бар болған жағ­дай­да)
Ко­мис­си­я­ның ұсы­ны­ста­ры
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)

Қолданыстағы