Қолданыстағы ред. 18.03.2002 (Редакция 12000_295382.kaz)

«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы от 18.03.2002 г. № 190 («Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы)

0

«Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тәртібі мен мөлшерін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан
Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңының
23-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға көрсетілетін материалдық көмектің" тәртібі бекітілсін.

2

2. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін материалдық көмектің тоқсандық төлем мөлшері 9685 теңге болып бекітілсін.

3

Облыс әкімиятының
2002 жылғы 18 наурыздағы
N 190 қаулысымен
бекітілді
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын
мүгедек балаларға көрсетілетін материалдық көмектің
тәртібі
Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектептерде тәрбиелеу және оқыту мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасының мүмкіншілігі мен тілегіне қарай оларды тәрбиелеу және оқыту үйінде жүргізіледі.
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға арналған материалдық көмекті ата-аналарының бірінің немесе олардың орнындағы адамның өтініші бойынша мүгедек баланың тұратын жеріне қарайқалалық (аудандық) еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімдері тағайындайды.
Материалдық көмектағайындау үшін төмендегідей құжаттар тапсырады:

1

1. Өтініші;

2

2. Облыстық білім беру басқармасы жанындағы ведомстволық психикалық-медициналық-педагогикалық консультативтік комиссия беретін мүгедек баланы оқыту қажеттілігі туралы анықтама;

3

3. Тұрғылықты жері туралы анықтама;

4

4. Тууы туралы куәліктің көшірмесі.
Материалдық көмек тоқсан сайын тағайындалып төленеді. Материалдық көмекті көрсететін қаржы көздері аудандық және Қызылорда қалалық бюджеттері болып табылады.