Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 681 · қабылданған 28.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125803/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 681 ·28.09.2018
28.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 681 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
681
Қабылданған күні
28.09.2018
Көрсетілген редакция
28.09.2018 125803_369360.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017721
ЭКБ идентификаторы
125803
Редакция идентификаторы
125803_369360
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:03

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы
№ 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9860 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын одан әрі субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайды қоспағанда, субсидиялау туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтату немесе субсидиялау туралы шарттан әлеуметтік маңызы бар маршрутты алып тастау;»;
22-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тендерге мәлімделген лоттар бойынша меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын тасымалдаушының вагондарын теміржол жолаушылар паркімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс:
әлеуетті тасымалдаушылар үшін – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
шарттық міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде жолаушылар вагондары паркін жаңартуға байланысты осы әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша субсидиялау туралы шартпен бұзған тасымалдаушы үшін және оның еншілес ұйымдарына жолаушылар вагондарының пайдалану мерзімі 3 жылдан аспайтын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
Бұл ретте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа мемлекеттің темір жолдары учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қаларалық, облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша тендер өткізген жағдайда осы Қағидаларға
8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;»;
39-тармақтағы бірінші бөлімде мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Тасымалдаушылардың тендерлік өтінімдерін және осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарды қарастыру кезінде, қажет болған жағдайда комиссия тендерлік өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, оның ішінде осы Қағидалардың 42-тармағының
8) тармақшасында көрсетілген фактілерді алып тастау мақсатында, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратады.»;
42-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ұсынған тендерлік өтінімде жалған мәліметтерді беру, оның ішінде жалға алу шарттарының мерзіміне өтіп кетуін және вагондарды жалға алушы ауысқанды ескермегенде теміржол жолаушылар паркінің вагондарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әлеуетті тасымалдаушы ұсынған вагондардың басқа маршруттар бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты, тасымалдаушылардың шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялауға бұрын жасалған қолданыстағы шарттарда болу фактісі анықталса, тендерлік өтінімді қайтарады.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Екі немесе одан да көп қатысушы бірдей сомалық бал жинаса, тасымалдаушыға мынадай басымдылық беріледі:
1) Қағидалардың 30-тармағына сәйкес ең көп жаңартылатын (жаңа) вагондардың саны;
2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы вагондарын пайдаланудың ең аз мерзімі;
3) тасымалдаушыда әрбір құрамға отырғызу және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары және мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы орындармен, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен вагондардың едәуір көп саны бар;
4) вагондардың көп бөлігі тасымалдаушының меншігіне жатады;
5) осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген бағаның (тарифтің) шекті деңгейі шеңберінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы орындалатындығына сәйкес қызмет көрсетудің алғашқы үш жылында жүріп тұруға бағаларды жоғарылатудың орташа деңгейін ұсынған тасымалдаушы;
6) тасымалдаушының Қазақстан Республикасы аумағында теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда тәжірибесі көп.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Тендердің жеңімпазымен субсидиялау туралы шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда жаңа тасымалдаушыны анықтағанға дейін қазіргі жолаушылар тасымалдаушыларымен конкурсты өткізу кезеңінде субсидиялау туралы уақытша шарт тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде жасалады.»;
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«62. Субсидиялау туралы шарттың заңнамасына сәйкес бұзылған немесе субсидиялау туралы шарттан әлеуметтік маңызы бар маршрутты алып тастаған жағдайда уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және кредиттік қаражатты қайтару мен жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындай алады.»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Жаңа тасымалдаушыны анықтағанға дейін субсидиялау туралы уақытша шарт тиісті жылға бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде қазіргі жолаушылар тасымалдаушыларымен конкурсты өткізу кезеңінде жасалады.»;
65-тармақтағы екінші бөлімде мынадай редакцияда жазылсын:
«Вагондарды сатып алуға кредиттік қаражатты қайтару немесе қаржылық лизингті төлеу бойынша міндеттемелер болған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелерді орындаудың негізгі шарттарын (бұдан әрі – міндеттемелерді сатып алуға негізгі шарттары) әзірлеп, оларды және конкурстық құжаттаманы тасымалдаушыға осы кредиттік қаражатты берген немесе шартты бұзған тасымалдаушының алдындағы лизинг беруші болып табылатын қаржы институтымен (бұдан әрі – қаржы институты) келіседі.»;

2 2) «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы

22 тамыздағы № 623 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14276 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тапсырыс беруші:
1) аудио-бейне тіркеу құралдарын пайдалана отырып, сәйкестік нысанасында тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарды зерттеп-қарауды:
осы Шарттың 6-1-тарауына сәйкес осы Шартқа және жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне;
«Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкестігіне жүргізуге;
2) Орындаушының тасымалдаудың негізгі талаптарында көрсетілген поездарында «Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартын сақтау нысанасына тапсырыс берушінің атына келіп түскен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде орналастырылған шағымдар мен өтініштерге мониторинг жүргізуге және олар расталған жағдайда осы Шартқа 8-қосымшаға немесе осы Шарттың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шаралар қабылдауға;
3) осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға, егер:
Орындаушы күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін, дамудың негізгі талаптарын, бағаларды (тарифтерді) көтерудің негізгі талаптарын, тасымалдаудың негізгі талаптарын және/немесе осы Шарттың 7-тармағының
6) және 10) тармақшаларын орындамаған жағдайда;
жыл бойы жүргізілген зерттеп-қараудың қорытындылары бойынша «Халыққа қызмет көрсету. Жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына 30 және одан да көп сәйкессіздіктер қайталанып анықталғанда;
осы Шарттың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізілген мониторингтің қорытындылары бойынша тиісті жыл ішінде поезд бойынша 10-нан астам сәйкессіздіктер анықталған жағдайда құқылы.»;
26-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26-3. Осы Шартқа сәйкестікке зерттеп-қарауды (бұдан әрі – зерттеп-қарау) Комиссия мүшелері жолаушыларды отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етудің негізгі талаптарының, жолаушылар тасымалдарын дамытудың негізгі талаптарының, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін жолаушылар вагондарына қойылатын негізгі талаптарының және жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда орналастырылған ақпараттың өзектілігінің орындалуын айқындау жолымен жүргізеді.»;
26-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26-6. Зерттеп-қарау жолаушылар поездарының барлық құрамы бойынша қалыптастыру/айналым пункттерінде, станцияларда және жүру жолында жүргізіледі. Зерттеп-қаралатын жолаушылар поездары құрамдарының саны Тапсырыс беруші зерттеп-қарауды жүргізу мерзімдерін ескере отырып дербес айқындайды.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Шарттың ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіпте өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін, атап айтқанда тараптардың қосымша келісімі бойынша осы Шарттың
1-7 қосымшаларында көрсетілген талаптарды, оның ішінде қалыптастыру/айналым пунктін, әлеуметтік маңызы бар қатынастар атауларын,
арақашықтығын және маршруттың қатынау кезеңділігін өзгерту, жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік беретін вагондардың типін, техникалық сипаттамаларын және шығарылған жылын жақсарту бойынша қайта қарауға жол беріледі.
Егер Шартта 2 және одан да көп әлеуметтік маңызы бар маршрут (-тар) көрсетілсе, Тапсырыс беруші міндеттемелері орындалмаған тиісті маршрутты Шарттан алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізеді, бұл тиісті маршрут бойынша Шартты бұзумен теңбе-тең.»;
8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 681 бұйрығына
1-қосымша
20 __ жылғы __ ________ №____
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушының шығыстарын ұзақ
мерзімді субсидиялау
шартына
8-қосымша

Тұ­рақ­сыздық ай­ып­пұлы­ның туын­да­уы­ның негіз­де­рі
Тұ­рақ­сыздық ай­ып­пұлы­ның кө­ле­мі
1.
Орын­да­у­шы­ның бел­гі­лен­ген мер­зім­де Шар­ттың 9-тар­ма­ғы­ның бар­лық та­лап­та­рын орын­да­мауы
Әр­бір мер­зі­мі­нен өт­кен күн үшін ке­лі­сі­л­ген және бе­кі­ті­л­ген тө­лем бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры­на сәй­кес суб­си­ди­я­ла­удың жал­пы ай­лық со­ма­сы­нан 0,1 % кө­ле­мін­де
2.
Орын­да­у­шы­ның тө­лем бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру жос­па­рын орын­да­мауы
Әр­бір мер­зі­мі­нен өт­кен ай үшін ке­лі­сі­л­ген және бе­кі­ті­л­ген тө­лем бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры­на сәй­кес суб­си­ди­я­ла­удың жал­пы ай­лық со­ма­сы­нан 0,1 % кө­ле­мін­де

Қай­та­ру туын­да­уы­ның негіз­де­рі
Қай­та­ру кө­ле­мі
1.
Та­сы­мал­да­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ва­гон ай­на­лы­мы кө­ле­мі және қа­ты­нау жи­і­лі­гі бө­лі­гін­де Шарт та­лап­та­рын орын­да­мауы
жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша орын­дал­ма­ған та­сы­мал кө­ле­міне про­пор­ци­о­нал
2.
По­ез­дар, тір­кел­ме­лі және ті­ке­лей қа­ты­най­тын ва­гон­дар бой­ын­ша та­сы­мал­да­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тө­мен­де­мей­тін ай­лық ва­гон ай­на­ла­мы­ның кө­ле­мі бө­лі­гін­де Орын­да­у­шы­ның Шарт та­лап­та­рын орын­да­мауы
есеп­тік ай­дың қо­ры­тындысы бой­ын­ша орын­дал­ма­ған та­сы­мал кө­ле­міне про­пор­ци­о­нал
3.
Орын­да­у­шы­ның әр­бір жыл­дың қо­ры­тындысы бой­ын­ша по­ез­дар, тір­кел­ме­лі және ті­ке­лей қа­ты­най­тын ва­гон­дар бой­ын­ша та­сы­мал­да­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген жо­ла­у­шы­лар ай­на­лы­мы бө­лі­гін­де ти­іс­ті жы­л­ға ва­гон ай­на­ла­мы кө­ле­мін орын­дау шар­ты ке­зін­де 3% ар­тық Шарт та­лап­та­рын орын­да­мауы
Суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 1%
4.
Орын­да­у­шы­ның әр­бір тоқ­сан­ның ре­зерв­тік қо­ры­тындысы бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар ва­гон­да­ры­на қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­ды, ке­ле­сі жағ­дай­лар­дан орын­да­мауы:
1) 2 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 10 ва­гон­ға дей­ін;
2) 4 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 20 ва­гон­ға дей­ін;
3) 6 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 30 ва­гон­ға дей­ін;
4) 8 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 40 ва­гон­ға дей­ін;
5) 10 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 50 ва­гон­ға дей­ін;
6) 12 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 60 ва­гон­ға дей­ін;
7) 14 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 70 ва­гон­ға дей­ін;
8) 16 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 80 ва­гон­ға дей­ін;
9) 18 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 90 ва­гон­ға дей­ін;
10) 20 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 100 ва­гон­ға дей­ін;
11) 22 ва­гон­нан аса – жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 100 ва­гон­ға дей­ін;.
Суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 1%
Бұл рет­те, есеп­теу мы­на­дай фор­му­ла­мен ай­қын­да­ла­ды:
мұн­да­ғы: N s – жо­ла­у­шы­лар ва­гон­да­ры­на қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­тін ва­гон­дар­дың са­ны;
N v– Шарт жо­ла­у­шы­лар ва­гон­да­ры­на қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­ға сәй­кес ва­гон­дар­дың жал­пы са­ны;
N 1,2,3,4... қа­ты­на­удың ти­іс­ті мер­зім­ді­лі­гіне әр құ­рам бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар ва­гон­да­ры­на негіз­гі шар­тта­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ва­гон­дар­дың са­ны;
у – қа­ты­нау күн­де­рі­нің са­ны;
5.
Орын­да­у­шы­мен өт­кіз­ген зерт­теп қа­ра­удың қо­ры­тындысы бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар ва­гон­да­ры­на негіз­гі жағ­дай­лар­ды орын­да­мау
Тех­ни­ка­лық па­ра­метр­лер бой­ын­ша ұқсас жы­лы шы­ға­ры­луы бой­ын­ша жа­ңа ва­гон­ға (-дар­ға) ауы­сты­ру­ды есеп­ке ал­ма­ған­да, нақ­ты ва­гон­ның (-дар­дың) нақ­ты сәй­кес еме­сті­гіне суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 1%;
ауа­ны бап­тау жүй­е­сін­де­гі және мү­ге­дек ар­ба­ла­ры­мен жү­ре­тін адам­дар­ды отыр­ғы­зу және тү­сі­ру­ге ар­нал­ған кө­тер­гіш құ­ры­л­ғы­ла­рын­да­ғы ақа­улық­тар­ды қо­са ал­ған­да тех­ни­ка­лық па­ра­метр­лер­дің сәй­кес кел­ме­уі фак­ті­ле­рі­нің әр­қай­сысы суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 0,1%
6.
Есеп­тер­ді ұсы­ну қо­ры­тындысы бой­ын­ша да­му­дың негіз­гі та­лап­та­рын­да­ғы әр­бір тар­мақ бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды орын­да­мауы, он­да көр­се­ті­л­ген мер­зім­дер­ді ес­ке­ре оты­рып, күн­тіз­бе­лік 30 күн ішін­де әр тар­мақ бой­ын­ша орын­да­луы
Әр пункт­қа суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 0,1% және
1. Те­мір­жол жо­ла­у­шы­лар пар­кі ва­гон­да­ры­ның жа­ңа­руы ба­бы­ның 1,2 тар­мақ­та­ры бой­ын­ша 5%
7.
Орын­да­у­шы­ның ай­ы­на ти­іс­ті марш­рут бой­ын­ша, сон­дай-ақ зерт­теп-қа­рау жүр­гі­зу қо­ры­тындысы бой­ын­ша отыр­ғы­зу мен тү­сі­ру­ді қам­та­ма­сыз ету­дің негіз­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­да­мауы
Әр­бір стан­ция үшін суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар және жыл­дар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 0,1%
8.
Зерт­теп-қа­ра­уды жүр­гі­зу қо­ры­тындысы бой­ын­ша жол жү­ру құ­жат­та­рын (би­лет­тер­ді) са­ту бой­ын­ша ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған ақ­па­рат­тар­дың өзек­ті­лі­гіне қой­ы­ла­тын та­лап­та­рын орын­да­ма­ған фак­ті­сін(ле­рін) анық­тау
Суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар және жыл­дар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 0,1%
9.
Мем­ле­кет­тік кө­лік­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры та­сы­мал­да­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген по­ез­дар­да би­лет­сіз тір­кел­ме­ген адам­дар­ды (бұ­дан әрі - адам) та­сы­мал­дау фак­ті­сін анық­та­ған жағ­дай­да
Суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен:
1) Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 10 адам­ға дей­ін – 0,1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,01%;
2) Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 20 адам­ға дей­ін – 0,2%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,02%;
3) Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 30 адам­ға дей­ін – 0,3%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,03%;
4) Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 40 адам­ға дей­ін – 0,4%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,04%;
5) Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 40 адам­нан астам – 1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,5%
10.
Мем­ле­кет­тік кө­лік­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры Орын­да­у­шы­ның Шарт бой­ын­ша мін­дет­тер­ді ти­ісін­ше орын­да­ма­ға­ны үшін Тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге тө­лен­ген суб­си­ди­я­лар­дың қай­та­ру­дың та­лап­та­ры­ның 7-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар­дан бас­қа та­сы­мал­да­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген по­ез­дар­да қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гіне Жо­ла­у­шы­лар­ды, ба­гаж­ды және жүк-ба­гаж­ды та­сы­мал­дау қа­уіп төн­дір­мей­тін қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу (бұ­дан әрі – бұ­зу­шы­лық) фак­ті­ле­рін анық­та­ған жағ­дай­да
Суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен:
1) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 10-нан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,01%;
2) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 20-дан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,2%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,02%;
3) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 30-дан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,3%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,03%;
4) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 40-тан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,4%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,04%;
5) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 50-ден астам бұ­зу­шы­лық – 1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,5%
11.
Шар­ттың 4-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­ның екін­ші бө­лі­гіне сәй­кес Тап­сы­рыс бе­ру­ші­мен жүр­гі­зі­л­ген зерт­теп-қа­рау қо­ры­тындысы бой­ын­ша сәй­кес кел­меу фак­ті­сін анық­та­ған жағ­дай­да
Суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген сәй­кес ке­ле­тін жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен:
1) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 10-нан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,01%;
2) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 20-дан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,2%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,02%;
3) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 30-дан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,3%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,03%;
4) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 40-тан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,4%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,04%;
5) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 50-ден астам бұ­зу­шы­лық – 1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,5%
12.
Орын­да­у­шы­мен Шар­ттың
7-тар­ма­ғы­ның 2), 3), 5), 6), 8), 9),10) тар­мақ­ша­ла­рын орын­да­мауы
Жой­ған­ға дей­ін әр­бір күн­тіз­бе­лік 10 күн үшін суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген жыл және ти­іс­ті әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 0,001%
13.
Мо­ни­то­ринг қо­ры­тындысы бой­ын­ша Тап­сы­рыс бе­ру­ші­мен анық­тал­ған сәй­кес­сіз­дік фак­ті­сін анық­та­ған жағ­дай­да
Суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген сәй­кес ке­ле­тін жыл және әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен:
1) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 20-ға дей­ін бұ­зу­шы­лық – 0,1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,01%;
2) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 20-дан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,2%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,02%;
3) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 30-дан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,3%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,03%;
4) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 40-тан ба­стап бұ­зу­шы­лық – 0,4%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,04%;
5) жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын­да 50-ден астам бұ­зу­шы­лық – 1%, элек­тр­лік сек­ци­я­лар мен ди­зель­дік по­ез­дар­да – 0,5%
14.
Орын­да­у­шы­ның Шар­ттың 7-тар­ма­ғы­ның 4) тар­мақ­ша­сын орын­да­мауы
Орын­да­у­шы­ның кінә­сі бой­ын­ша жыл қо­ры­тындысы бой­ын­ша екін­ші са­ғат­тың бі­рін­ші ми­ну­ты­нан ба­стап по­ез­дар­дың әр­бір 1 са­ғат сай­ын ке­ші­гу­іне суб­си­ди­я­ла­удың негіз­гі та­лап­та­рын­да көр­се­ті­л­ген әле­умет­тік ма­ңы­зы бар қа­ты­на­стар және жыл­дар бой­ын­ша суб­си­дия кө­ле­мі­нен 0,001%
Осы қосымша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы 20___жылғы «__» _______№_____ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
«Тапсырыс беруші»
«Орындаушы»

2 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 681 бұйрығына
2-қосымша
20 _____ жылғы ___ ___________ №______
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша жолаушылар
тасымалын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушының
шығыстарын ұзақ мерзімді
субсидиялау
шартына
9-қосымша
нұсқа
_____________________________ жататын ___________________________________
қатынасындағы № ___ жолаушылар поезын 20__ жылғы ____ __________________
№ _____ шарт сәйкестігіне зерттеп қарау актісі
(20___ жылғы/_____/_______________)
Станциялар тізбесінің сәйкестігі:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша интернет-ресурстарда
орналастырылған ақпараттардың өзектілігіне сәйкестігі:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Негізгі дамыту шарттарының іс-шараларын орындау:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру үшін жолаушылар вагондарына (электро-, дизель поездарына) негізгі талаптарды орындау:

р/б
Ва­гон­ның №
Ва­гон­ның тү­рі
Құ­ра­с­ты­ру жы­лы
Ауа жел­дет­кіш жүй­е­сі­нің бо­луы: жоқ – за­уыт­тық құ­ры­лы­сы­мен көз­дел­ме­ген, иә – за­уыт­тық құ­ры­лы­сы­мен көз­дел­ген
Мү­ге­дек­тер­ге ар­нал­ған крес­ло-ар­ба­лар­мен қоз­ға­ла­тын адам­дар үшін ма­ман­дан­ды­ры­л­ған орын­дар­дың және мін­гі­зу мен тү­сі­ру үшін кө­те­ре­тін құ­ры­л­ғы­лар­дың бо­луы, иә/жоқ
По­ез­дың құ­ра­мын­да нақ­ты жү­руі, иә/жоқ
1
2
3
4
5
6
7
Шар­тқа сәй­кес, иә/жоқ
Нақ­ты сәй­кест­ік,
иә/жоқ
Шар­тқа сәй­кес, иә/жоқ
Нақ­ты сәй­кест­ік
иә/жоқ
Ва­гон­дар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мі­нің ор­та­ша жиын­тығы, жыл­мен:
Қосымша:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
Осы тексеріс актісімен келісеміз және таныстық:

Қолданыстағы