"Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 12.06.2008 № 03-4/1932 хаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген, тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" облыс мәслихаты мен әкімиятының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 шешімін жүзеғе асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу туралы от 02.05.2002 г. № 57 ("Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу туралы)
1. Ақтөбе облысында 2002 жылдың мен - 30 қыркүйегі аралығында "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалі өткізілсін.
2. Қоса бершіп отырған:
1) "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы;
2) "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары;
3) "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалі жоспарына сәйкес өткізілетін байқаулардың қаржылық жоспары бекітілсін.
3. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, барлық деңгейдегі оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер басшылары "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөнінде өз жоспарларын жасап, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына (Ж. Қуанышәлі) тапсыратын болсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 03. 05. № 57 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
"Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Есіркепов Иманкелді Қабашұлы - комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары
Қуанышәлі Жасарал Мінәжадинұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Мүшелері
Ақдәулет Мейірхан Ақдәулетұлы - республикалық «Алтын Орда» газетінің редакторы
Әлжанова Құралай Әнуарқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Әбдірахманов Сырым Ізімғалиұлы - "Қазақстанның болашағы үшін" жастар қозғалысының төрағасы
Қалиев Еркеш Әдиетұлы - облыстық телерадикомпанияның төрағасы
Қуыс Ұзақбай Сағидоллаұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Құдайбергенов Аманғали Алхатұлы облыстық білім баскармасының бастығы
Құрманбеков Еркін Жолмырзаұлы облыстық мәдениет баскармасының бастығы
Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлы - Қ. Жүбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры
Кәрімов Төленді Кәрімұлы - Кадрлар біліктшігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры
Лябин Андрей Борисович - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары
Сарқұлова Хабиба Диярқызы - Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі
Төлеубай Кемейдолла - Халықаралық "Қазақ тілі" Қоғамы облыстық ұйымының
төрағасы
Тоқтаров Қайырбек Насырұлы - "Ана тіт" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Серғалин Әкімгерей Бексұлтанұлы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы
Облыс әкімиятының 2002 жылғы
3 мамырдағы № 57 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
"Тіл мұраты — ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары
1. Облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін өткізу барысын жан-жақты насихаттау ұсынылсын. Баспасөз беттерінде, телерадио бағдарламаларында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының орындалуы жөнінде мақалалар жариялау және хабарлар беру.
2. «Тіл мұраты - ел мұраты» облыстық тіл фестивалі кезінде телерадикомпаниялардың хабарларында белгілі ақын-жазушылармен, тарихшы-ғалымдармен, журналистермен, басшылармен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер, әңгімелер өткізу.
Мерзімі: мамыр, қыркүйек.
Орындаушылар: бұқаралық ақпарат құралдары.
3. Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарын ұлттық дәстүрлерді ескере отырып безендіру жұмысын жүргізу.
Мерзімі: мамыр- қыркүйек.
Орындаушылар: қала әкімшілігі, "Қалабезендіру" мемлекеттік мекемесі, облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы
4. "Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы" атты Ақтөбе облысы жастарынвщ ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізу
Мерзімі: мамыр.
Орындаушылар: облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық білім басқармасы
5. Облыс ұлт диаспораларының тіл фестивалін өткізу.
Мерзімі: мамыр, қыркүйек.
Орындаушылар: Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының атқарушы
хатшылығы.
6. Көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізу.
Мерзімі: қыркүйек.
Орындаушылар: облыстық мәдениет басқармасы.
7. "Тіл мұраты - ел мұраты" тақырыбында жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық лицейлерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында арнайы іс шаралар белгіленіп, ашық сабақтар өткізу мен шығармалар жазуды
ұйымдастыру.
Мерзімі: мамыр, қырқүйек.
Орындаушылар: орлыстық білім басқармасы оқу орындарының басшылары.
8. "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" ұранымен мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру байқауларын өткізу.
Мерзімі: қыркүйек.
Орындаушылар: мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, облыстық кадрлар біліктілігін жетілдіру институты.
9. 22 қыркүйек - Қазақстан халықтары тілдерінің күніне арналған тіл жанашырларымен, ардагерлермен, маман-дармен кездесу және оларды марапаттау.
Мерзімі: қыркүйек.
Орындаушылар: облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыс әкімінің аппараты.
Облыс әкімиятының
2002 жылдың 03.05 № 57 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
"Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалінің жоспарына сәйкес өткізілетін байқаулардың қаржылық жоспары:
1. "Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы" атты Ақтөбе облысы жастарының ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізу үшін:
Мемлекеттік тілді игеру, дамыту және қолдану мақсатында жаңашыл, тың ұсыныстар мен әдістемелер ұсынған баяндамаларға бәйге:
1 орын (біреу) - 30 мың теңге;
2 орын (екеу-15 мың теңгеден) - 30 мың теңге;
3 орын (үшеу - 7мың теңгеден) - 21 мың теңге.
_________________________________________________
Барлығы 81 мың теңге
Техникалық қажеттіліктерге, ұрандар жазуға - 10 мың теңге.
Шақыру билеттері мен бағдарламалар дайындауға баспа ақысы - 10 мың теңге.
Бейнетаспаға түсіру және оны көбейту - 7 мың теңге.
Баяндамаларды жинақтап, кітапша етіп шығаруға - 70 мың теңге.
Барлығы 178 мың теңге
Орындаушы: облыстық білім басқармасы
(А. Құдайбергенов)
2. Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізу үшін:
I орын (біреу) - 15 мың теңге
II орын (біреу) - 10 мың теңге
III орын (екеу) - 7 мың теңге = 14 мың теңге
Ынталандыру сыйы (үшеу) - 2 мың теңге = 6 мың теңге
Көтермелеу сыйы (бесеу) - 1 мың теңге = 5 мың теңге
Техникалық қажеттіліктер үшін:
Белгілерге, қағаздарға, дипломдарға - 10 мың теңге
Барлығы - 60 мың теңге:
Орындаушы: облыстық мәдениет басқармасы
(Е. Құрманбеков).
3. "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" ұраны мен мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру байқауын өткізу үшін:
1 орын - 50 мың теңге
2 орын - 30 мың теңге
3 орын - 15 мың теңге
4 орын - 7 мың теңге
Ынталандыру сыйы: 4x3 мың теңгеден =12 мың теңге
- ұйымдастыру шаралары және кеңесшілер тобы үшін - 50 мың теңге (тіл мамандары, сазгерлер, көркем безендірушілер, мемлекеттік қызметкерлер);
- техникалық қажеттіліктер үшін: белгілерге, қағаздарға, марапаттау қағаздарына, гүл шоқтарына - 36 мың теңге;
Барлығы: 200 мың теңге
Орындаушы: облыстық білім басқармасы
(А. Құдайбергенов)
Облыстық тілдер фестивалі кезінде тіл жанашырларын, ардагерлерді және мамандарды марапаттау үшін:
Тіл ардагерлеріне - 50 мың теңге;
ұстаздарға - 40 мың теңге;
өндіріс орындары мен.
мекемелерде тіл үйретушілерге — 30 мың теңге;
дипломдар даярлауға және гүл шоқтарын алуға - 10 мың теңге;
Барлығы: 130 мың теңге.
Орындаушы: облыстық білім басқармасы
(А. Құдайбергенов)
Жалпы фестивалі өткізу жұмыстарына барлығы: 568 мың теңге қаражат қажет етіледі.