Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания платных услуг государственными учреждениями, не являющимися государственными органами

Бұйрық · № 185-ОД · қабылданған 10.09.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13384/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания платных услуг государственными учреждениями, не являющимися государственными органами Күшін жойған Бұйрық ·№ 185-ОД ·10.09.2002
14.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания платных услуг государственными учреждениями, не являющимися государственными органами

Күшін жойған Бұйрық ·№ 185-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания платных услуг государственными учреждениями, не являющимися государственными органами
Атауы (қаз.)
Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
185-ОД
Қабылданған күні
10.09.2002
Көрсетілген редакция
14.03.2013 AI13384_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020002014_
ЭКБ идентификаторы
13384
Редакция идентификаторы
AI13384_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:50

0 Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.03.2013 № 82-нқ бұйрығымен.
Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету тәртiбiн белгiлеу, олар көрсететiн қызметтерге бағаны реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Бәсекелестiктi дамыту департаментi (Н.Х.Жұмабаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оны кейiннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

3 3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) осы бұйрықты Агенттiктiң аумақтық департаменттерiнiң назарына жеткiзсiн.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

6 Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 185-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн бекiту туралы

1 1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсетуiнiң, олар көрсететiн ақылы қызметтерге бағаларды қалыптастырудың, қараудың және бекiтудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында енгiзiлiп отыр.
2. Осы Ереже мемлекеттiк органдар болып табылмайтын, тiзбесi заңнамаға сәйкес қалыптастырылатын және бекiтiлетiн мемлекеттiк мекемелерге қолданылады.
3. Ақылы қызметтердi көрсетуден түсетiн түсiмдердi мекеменiң ағымдағы "Ақылы қызметтерден түсiмдер" шотына есептеуге рұқсат етiлетiн, мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңымен айқындалады.
4. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
уәкiлеттi органдар - басқаруында мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер бар орталық немесе жергілiктi атқарушы органдар;
тұтынушылар - мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк органдардан қызметтердi алатын заңды тұлғалар мен азаматтар.
2. Ақылы қызметтердi ұсыну тәртiбi
5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер тұтынушыларға ақылы қызметтердi көрсету орындарында мынадай көрнекi ұсынылған ақпаратқа ие болуға тиiс:
1) толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған осы Ереже;
2) осы мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтердің, өтiнiштердi қарау мерзiмдерi көрсетiлген тiзбесi;
3) уәкiлеттi органдар бекiткен, ұсынылатын қызметтер бағаларының прейскуранты.
6. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер ақылы қызметтердi тұтынушының ауызша немесе жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде көрсетедi.
7. Прейскурантта көзделмеген төлемдi өндiрiп алуға тыйым салынады.
3. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер мен тұтынушылардың ақылы қызметтердi көрсету (алу) кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
8. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер:
1) тұтынушыларға көрнекi және қол жетер нысанда қажеттi және сенiмдi ақпарат ұсынуға;
2) тұтынушыларға көрсетiлiп отырған ақылы қызметтерге қатысты мәселелер бойынша түпкiліктi тегiн консультациялар беруге;
3) қызметтердi толық көлемде, прейскурантта көзделген баға бойынша және мерзiмдерде ұсынуға мiндеттi.
9. Тұтынушылар:
1) мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер үшiн төлем жасауға;
2) мекемелерге өзiнiң деректемелерiн:
заңды тұлғалар - ұйымның атауын, орналасқан орнын, төлем деректемелерiн, СТН;
жеке тұлғалар - аты-жөнiн, тұрғылықты орнын, төлем деректемелерiн, СТН хабарлауға мiндеттi.
10. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер ақылы қызметтердi ұсыну кезiнде қызметтерге алдын ала ақы төлеудi талап етуге құқылы.
11. Ақылы қызметтi ұсынбаған немесе тиiсiнше ұсынбаған жағдайда тұтынушы заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекеменің іс-қимылдарына шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiне баға белгiлеу тәртiбi
12. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды осы Ережеге сәйкес өздерi дербес белгiлейдi және басқаруында осы мекемелер бар Уәкілеттi органдар бекiтедi.
13. Мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды бекiту немесе оларды өзгерту тоқсанына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.
Бекiтiлген бағалар алдағы тоқсан басының 1 күнiнен бастап енгiзiледi.
14. Уәкілеттi органдар қосымша материалдарды сұратуға құқылы, мекемелер оларды сұрау алынған сәттен бастап, үш күндiк мерзiмде ұсынуға мiндеттi.
Бағаларды бекiту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер баға жобаларын Уәкілеттi органдарға тоқсан басталғанға дейiн 45 күн бұрын ұсынады;
2) уәкілеттi органдар бағаларды бекiтуге қажеттi барлық материалдарды алған күннен бастап 20 күндiк мерзiмде ұсынылған жобаларды қарайды және тиiстi шешiмдер қабылдайды.
15. Бағалардың жобалары титул парағы, "Жалпы ереже" бөлiмi, бағалардың кестесi бар прейскуранттардың жобалары нысанында ұсынылады.
16. Прейскуранттардың жобаларына:
1) көрсетiлетiн қызметтер үшiн төлемдер өндiрiп алу негiзiнде бағаларды бекiту немесе қайта қарау қажеттiгi негiзделетiн түсiндiрме жазба, төлем өндiру негiздемесi;
2) қызметтердi көрсету жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама;
3) өткен кезеңдегi (жыл, тоқсан) қаржыландыру жоспары;
4) 1-нысан бойынша баға жобасын есептеуге арналған жиынтық деректер (1-қосымша);
5) 2-нысан бойынша қызметтердiң әрбiр түрi бойынша шығындар құрамының калькуляциясы (2-қосымша);
6) шығындардың баптары бойынша таратып жазу (3, 4-қосымшалар);
7) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiлеген тәртiппен Уәкiлеттi органдар бекiткен уақыт нормалары қоса берiледi.
17. Есеп айырысу және негiздеушi материалдардың әрбiр парағына мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қояды.
5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды қалыптастыру тәртiбi
18. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтерге бағаларды қалыптастыру кезiнде Бухгалтерлiк есептiң стандарттарына, салық заңдарына сәйкес келетiн шығындар, осы Ережеде көзделген шектеулердi ескере отырып,
ескерiледi.
Ұсынылатын материалдардағы есептiк деректер Бухгалтерлiк есеп стандарттарының тиiстi нысандары көрсеткiштерiнiң негiзiнде толтырылады.
19. Бағаларды қалыптастыру кезiнде шығындардың құрамында көрсетiлетiн қызметтердiң өзiндiк құнына тура және тiкелей енгiзiлуi мүмкiн қызметтердi көрсетумен байланысты шығыстар ескерiледi:
1) материалдық шығындар (шикiзат және материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай дайын бұйымдар, көмекшi материалдар) кiредi.
Бағаларға енгiзiлетiн материалдық шығындар, егер заңдарда оларды бекiтудiң басқа тәртiбi көзделмесе, Уәкiлеттi орган бекiткен немесе сараптық бағалаудан өткiзген өнiм бiрлiгiн шығаруға жұмсалатын шикiзаттың, материалдардың, электр энергиясының шығыс
нopмaларына сүйене отырып, айқындалады.
Материалдық шығындардың құны қосылған құн салығынсыз бағалардың калькуляциясында ескерiледi;
2) мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiне сәйкес, заңдарда белгiленген тәртiппен қолданылады;
3) ақылы қызметтердi көрсету кезiнде тiкелей iске қосылған өзге де шығындар енгiзiледi.
20. Еңбекақы төлеуге шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтiктен аспайтын саны ескерiледi.
Қызметкерлердiң нормативтiк саны мен мекемелерi ақылы қызметтерiне жұмсалатын уақыт нормативтерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi
министрлiгi белгiлеген тәртiппен Уәкілетті орган бекiтедi.
21. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды қалыптастыру кезiнде ақылы қызметтердi көрсетумен тiкелей байланысы жоқ шығыстар (жалпы және әкiмшiлiк шығыстар) мен пайда нормасы ескерiлмейдi.
22. Мекемелердiң ақылы қызметтерiне баға теңгемен белгiленедi.
6. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету тәртiбiн бақылау
23. Уәкiлеттi органдар мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiне ақылы қызметтердi көрсету мен құнын есептеу бөлiгiнде жыл сайын тексерулердi жүзеге асыруға құқылы. Тексеру нәтижелерi бойынша бағаларды негiздеу үшiн берiлген деректердiң нақты деректерден елеулi ауытқуы анықталған кезде уәкiлеттi органдар өз шешiмiн жоюға немесе прейскурантқа өзгерiстер енгiзуге құқылы.
24. Осы Ереженiң орындалуын бақылауды бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы агенттiгi жүзеге асырады.
7. Осы Ереженiң талаптарын сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк
25. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғалары осы Ереженiң талаптарын орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшiн, сондай-ақ сенiмсiз және жалған мәлiметтердi ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.

8 200__ жылғы "___"______________ жағдай бойынша бағалар жобасын есептеуге арналған деректер

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы
қызметтердi көрсету ережесiне
1-қосымша
1-нысан
Мекен-жай (факс, тел.)
Мекеменiң атауы __________________________
1-нысан
Құрылтайшы _______________________________
200__ жылғы "___"______________ жағдай бойынша бағалар жобасын есептеуге арналған деректер
N !Шы­ғын­дар бап­та­ры мен бас­қа!Өт­кен ке­зең.!Ақы­лы қыз­мет­тер­дi көр.
  !да көр­сет­кi­ш­терiң ата­у­ла­ры!де­гi (жы­л­ғы)!се­ту жө­нін­де­гi шы­ғы­стар
  !                          !ақы­лы қыз.  !-----------------------
  !                          !мет­тер жө.  !Қол­да­ныс.!Бiр   !Ба­ға
  !                          !нiн­де­гi нақ.!та­ғы ба. !жы­л­ға !есеп.
  !                          !ты көр­сет.  !ға­да қа. !ба­ға  !теу
  !                          !кi­ш­тер      !был­дан­ды !есеп. !үшін
  !                          !------------!   жыл   !теу   !уәкі.
  !                          !Бар.!Оның   ! (тоқ­сан)!үшін  !лет­ті
  !                          !лы­ғы!iшiн­де !         !ме­ке­ме!ор­ган
  !                          !    !тоқ­сан.!         !жо­ба. !бір
  !                          !    !дар бо.!         !лай­тын!жы­л­ға
  !                          !    !йын­ша  !         !көр.  !(тоқ.
  !                          !    !бө­ле   !         !сет.  !сан­ға)
  !                          !    !оты­рып !         !кіш­тер!қа­был.
  !                          !    !       !         !      !да­ды
------------------------------------------------------------------
1!             2            !  3 !   4   !     5   !   6  !  7
------------------------------------------------------------------
1. Ақы­лы қыз­мет­тер­ді көр­се­ту.
   ден түс­кен қа­ра­жат тү­сім.
   дерi
   (млн. тең­ге)            -
   бар­лы­ғы
2. Ақы­лы қыз­мет­тер­дi көр­се­ту
   жө­нін­де­гi шы­ғын­дар
   (млн. тең­ге)            -
   бар­лы­ғы
1) Ши­кi­зат пен ма­те­ри­ал­дар
2) Са­тып алын­ған бұй­ым­дар,
   жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар,
   кө­мек­шi ма­те­ри­ал­дар
3) Отын
4) Энер­гия
5) Бас­қа шы­ғын­дар
6) Негiз­гi құ­рал­дар­дың то­зуы
7) Ма­те­ри­ал­дық емес
   ак­тив­тер­дiң өтелi­мi
8) Ең­бе­ка­қы шы­ғы­ста­ры
   бар­лы­ғы -
   Оның iшiн­де:
   үсте­ме­а­қы­лар, тө­лем­дер,
   өте­ма­қы­лар
9) Ең­бе­ка­қы тө­ле­уден
   ауда­рым­дар
   АНЫҚ­ТА­МА:
1  Са­ны - бар­лы­ғы
   (мың адам)
   оның iшін­де:
   Ақы­лы қыз­мет­тер­ді
   жү­зе­ге асы­ра­тын:
   нор­ма­тив бой­ын­ша
   нақ­ты
Басшы
Бас бухгалтер

9 КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы
қызметтердi көрсету ережесiне
2-қосымша
2-нысан
________________________________
(қызмет, жұмыс атауы)
________________________________
(мекеме атауы)
КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫ
Қолданыстағы баға: _____ теңге _____ тиын
Бекiтiлген күнi: 200__ жылғы ____________
Калькуляциялық бiрлiк: 1 қызмет
N !Шы­ғын­дар бап­та­ры мен бас­қа да!Өт­кен ке­зең.!Ба­ға   !Ба­ға есеп­теу
  !   көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы     !де­гі нақ­ты  !есеп­теу!үшін Уәкі.
  !                             !көр­сет­кi­ш­тер!үшiн   !лет­ті ор­ган
  !                             !            !Ме­ке­ме !қа­был­да­ды
  !                             !            !жос­пар.!
  !                             !            !лай­тын !
  !                             !            !көр­сет.!
  !                             !            !кi­ш­тер !
-------------------------------------------------------------------
1 !              2              !      3     !   4   !      5
-------------------------------------------------------------------
1  Ши­кi­зат пен ма­те­ри­ал­дар
2  Са­тып алын­ған бұй­ым­дар,
   жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар, кө­мек­шi
   ма­те­ри­ал­дар
3  Отын
4  Энер­гия
5  Негiз­гi құ­рал­дар­дың то­зуы
6  Ең­бе­ка­қы тө­леу шы­ғы­ста­ры
   бар­лы­ғы -
   Қо­сым­ша ең­бе­ка­қы
   (үсте­ме­а­қы­лар, тө­лем­дер,
   өте­ма­қы­лар)
   Ең­бе­ка­қы тө­ле­уден ауда­рым­дар
7  Бас­қа шы­ғын­дар
8  Қыз­мет­тер­дi ұсы­ну жөнiн­де­гi
   бар­лық шы­ғын
9  Қыз­мет­тiң қо­сы­л­ған құн
   са­лы­ғын­сыз ба­ға­сы
10 Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы
   Қыз­мет­тiң ҚҚС-мен бiр­ге
   ба­ға­сы
Басшы
Бас бухгалтер

10 Материалдық шығындарды таратып жазу

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы
қызметтердi көрсету ережесiне
3-қосымша
(2-нысанға)
Материалдық шығындарды таратып жазу
Ма­те­ри­ал­дық   !Өл­шем бiр­лі­гі! Ба­ға есеп­теу кезiн­де ес­керiл­ген
шы­ғын­дар­дың ата­уы!             !  нор­ма­лар бой­ын­ша бiр қыз­мет­ке
                 !             !       жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар
                 !             !-----------------------------------
                 !             !   шы­ғыс    !    ба­ға    ! со­ма
                 !             ! нор­ма­ла­ры  !            !
-------------------------------------------------------------------
        1        !       2     !      3     !      4     !   5
-------------------------------------------------------------------
Ши­кi­зат пен
ма­те­ри­ал­дар
Кө­мек­шi
ма­те­ри­ал­дар
Энер­гия
Отын
Басшы
Бас бухгалтер

11 "Еңбекақы" бабы бойынша таратып жазу

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы
қызметтердi көрсету ережесiне
4-қосымша
(2-нысанға)
"Еңбекақы" бабы бойынша таратып жазу
Жұ­мыс түр­лерi     !      Ба­ға есеп­теу кезiн­де ес­керiл­дi
                      !--------------------------------------------
                      !Ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы ! 1 са­ғат­тың !  Ең­бе­ка­қы
                      !   нор­ма­тив­те­рі   !    құ­ны    !   со­ма­сы
-------------------------------------------------------------------
Ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы
Үсте­ме­а­қы­лар, тө­лем­дер
Өте­ма­қы­лар
Бар­лы­ғы:
Басшы
Бас бухгалтер

Қолданыстағы