О некоторых вопросах акционерного общества «Финансовая академия»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества «Финансовая академия»
- Атауы (қаз.)
- «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 890
- Қабылданған күні
- 28.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 136994_592531.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000890
- ЭКБ идентификаторы
- 136994
- Редакция идентификаторы
- 136994_592531
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:03
0 «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамының кейбір
мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) акцияларының 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегi мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қоғамға қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 217-13-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-18-жолмен толықтырылсын:
«222-33-18. «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы.».
2
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.
4. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 60.11-жолмен толықтырылсын:
«60.11. «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы.»;
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 66.1-жол алып тасталсын.