Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и структурой Организации Объединенных Наций по вопросам гендерного равенства и расширения прав и возможностей женщин «ООН-Женщины» относительно правового статуса странового офиса «ООН-Женщины» в Республике Казахстан

Қаулы · № 257 · қабылданған 29.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-142343/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и структурой Организации Объединенных Наций по вопросам гендерного равенства и расширения прав и возможностей женщин «ООН-Женщины» относительно правового статуса странового офиса «ООН-Женщины» в Республике Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 257 ·29.04.2020
29.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и структурой Организации Объединенных Наций по вопросам гендерного равенства и расширения прав и возможностей женщин «ООН-Женщины» относительно правового статуса странового офиса «ООН-Женщины» в Республике Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 257 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и структурой Организации Объединенных Наций по вопросам гендерного равенства и расширения прав и возможностей женщин «ООН-Женщины» относительно правового статуса странового офиса «ООН-Женщины» в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ-Әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы «БҰҰ-Әйелдер» елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
257
Қабылданған күні
29.04.2020
Көрсетілген редакция
29.04.2020 142343_458538.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000257
ЭКБ идентификаторы
142343
Редакция идентификаторы
142343_458538
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:42

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының

«БҰҰ-Әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы
«БҰҰ-Әйелдер» елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы
келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2019 жылғы 27 тамызда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының

«БҰҰ-Әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы
«БҰҰ-Әйелдер» елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімінің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

3 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ-Әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы «БҰҰ-Әйелдер» елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы КЕЛІСІМ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « » ___________
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының
«БҰҰ-Әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен
мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы
«БҰҰ-Әйелдер» елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық
мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы
КЕЛІСІМ
Кімге: Жоғары мәртебелі,
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа
Нұр-Сұлтан қ.
2019 жылғы 12 шілде
Жоғары мәртебелі!
Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының
(бұдан әрі – «БҰҰ-Әйелдер») атынан Сізге мынадай мазмұндағы осы хатты жіберу құрметіне ие болып отырмын:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының «БҰҰ-Әйелдер» құруға негіз болған 2010 жылғы 2 шілдедегі «Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі реттілік» A/RES/64/289 қарарын назарға ала отырып,
«БҰҰ-Әйелдердің» Қазақстан Республикасындағы қызметі мен болуына қатысты қолданылатын нормативтік-құқықтық базаны қабылдаудағы өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің 18-бабының БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, УЖКБ, ЮНЕП және БҰҰ-ның басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар арқылы тиісті жобаларды жүзеге асыруы шартымен, осы Келісімнің құрамдас бөлігіне айналатын қосымша келісімдер жасаса алатын 1-тармағын басшылыққа ала отырып,
1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін «БҰҰ-Әйелдердің» Қазақстан Республикасындағы қызметі, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды мәртебе деп санаймын.
Мен осы хат пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «БҰҰ-Әйелдер» арасындағы «БҰҰ-Әйелдердің» елдік бөлімшесінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі туралы келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе деп санаймын, ол осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының жазбаша хабарламасын «БҰҰ-Әйелдер» дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және өзінің қолданысын БҰҰДБ-мен Келісімнің XIII бабына сәйкес тоқтатылады.
Жоғары мәртебелім, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.
«БҰҰ-Әйелдер» құрылымының
Атқарушы директоры
Фумзиле-Мламбо Нгкука
Кімге: Жоғары мәртебелі
«БҰҰ-Әйелдер» құрылымының
Атқарушы директоры
Фумзиле Мламбо Нгкука ханымға
Нью-Йорк қ.
2019 жылғы 27 тамыз
Жоғары мәртебелі!
Мен Сіздің 2019 жылғы 12 шілдедегі мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растауды құрмет санаймын.
«Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының
(бұдан әрі – «БҰҰ-Әйелдер») атынан Сізге мынадай мазмұндағы осы хатты жіберу құрметіне ие болып отырмын:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының «БҰҰ-Әйелдер» құруға негіз болған 2010 жылғы 2 шілдедегі «Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі реттілік» A/RES/64/289 қарарын назарға ала отырып,
«БҰҰ-Әйелдердің» Қазақстан Республикасындағы қызметі мен болуына қатысты қолданылатын нормативтік-құқықтық базаны қабылдаудағы өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің 18-бабының БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, УЖКБ, ЮНЕП және БҰҰ-ның басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар арқылы тиісті жобаларды жүзеге асыруы шартымен, осы Келісімнің құрамдас бөлігіне айналатын қосымша келісімдер жасаса алатын 1-тармағын басшылыққа ала отырып,
1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін «БҰҰ-Әйелдердің» Қазақстан Республикасындағы қызметі, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды мәртебе деп санаймын.
Мен осы хат пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «БҰҰ-Әйелдер» арасындағы «БҰҰ-Әйелдердің» елдік бөлімшесінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі туралы келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе деп санаймын, ол осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының жазбаша хабарламасын «БҰҰ-Әйелдер» дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және өзінің қолданысын БҰҰДБ-мен Келісімнің XIII бабына сәйкес тоқтатылады.
Жоғары мәртебелім, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.».
Мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда көрсетілген ұсыныспен және осы хат пен Сіздің хатыңыздың осы Келісімнің күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының жазбаша хабарламасын «БҰҰ-Әйелдер» дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «БҰҰ-Әйелдер» арасындағы «БҰҰ-Әйелдердің» елдік бөлімшесінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі туралы келісімді құрайтынымен келісетінімізді растауды мәртебе деп санаймын.
Жоғары мәртебелім, өзіңізге деген зор құрметімді қабыл алыңыз.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов

Қолданыстағы