Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бородулихинском районе

Өзге акт · № 53-9-VI · қабылданған 25.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-147150/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бородулихинском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 53-9-VI ·25.09.2020
29.03.2024 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бородулихинском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 53-9-VI · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бородулихинском районе
Атауы (қаз.)
Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53-9-VI
Қабылданған күні
25.09.2020
Көрсетілген редакция
29.03.2024 147150_716414.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VH007619
ЭКБ идентификаторы
147150
Редакция идентификаторы
147150_716414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:37

0

Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Айқындалсын:

осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындар, олардың шекті толтырылу нормалары;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындар, олардың шекті толтырылу нормалары

Бородулиха аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 53-9-VI шешіміне
1 қосымша
Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындар, олардың шекті толтырылу нормалары
№ р/н
Арнайы орындар
Шекті толу нормалары
1.
Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, № 217, «Абай облысы Бородулиха ауданының мәдениет үйі» КМҚК ғимаратының алдындағы алаң
30 адамнан
артық емес
2.
Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, № 25, «Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратының алдындағы алаң
30 адамнан
артық емес
3.
Шеру Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, № 152 бастап Достық көшесі, № 217 дейін
100 адамнан
артық емес

4 Бородулиха ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Бородулиха аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 53-9-VI шешіміне
2 қосымша
Бородулиха ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1 1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

2 2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

7 Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі

Бородулиха аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 53-9-VI шешіміне
3 қосымша
Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

8 Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Бородулиха аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 53-9-VI шешіміне
4 қосымша
Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

1 1) жаппай жерлеу орындары;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

4 4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

5 5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

Қолданыстағы