Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения оценки рационального использования лекарственных средств

Бұйрық · № ҚР ДСМ-179/2020 · қабылданған 03.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-148184/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения оценки рационального использования лекарственных средств Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-179/2020 ·03.11.2020
03.11.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения оценки рационального использования лекарственных средств

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-179/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения оценки рационального использования лекарственных средств
Атауы (қаз.)
Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-179/2020
Қабылданған күні
03.11.2020
Көрсетілген редакция
03.11.2020 148184_492005.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021586
ЭКБ идентификаторы
148184
Редакция идентификаторы
148184_492005
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:56

0 Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 48-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

2

2. «Дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-67 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18636 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 3 қарашасы
№ ҚР ДСМ-179/2020
бұйрығына қосымша
Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидалары

10 1 - тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 48) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры - Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымының басшысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
3) дәрілік зат - затты не заттардың комбинациясын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;
4) дәрілік заттарды ұтымды пайдалану - жеткілікті уақыт кезеңі ішінде және неғұрлым аз шығындармен пациенттің жеке қажеттіліктеріне сай келетін дозаларда клиникалық көрсетілімге сәйкес келетін дәрі-дәрмекпен емдеу;
5) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
6) дәрілік заттың саудалық атауы - дәрілік заттың тіркелетін атауы;
7) жағымсыз реакция - организмнің дәрілік (зерттелетін) препаратты қолданумен байланысты және осы дәрілік (зерттелетін) препараттың қолданылуымен ықтимал өзара байланыстың болуы болжанатын, байқаусызда болған қолайсыз реакциясы;
8) клиникалық фармаколог – «емдеу ісі», «педиатрия», «жалпы медицина» бейіндері бойынша жоғары медициналық білімі бар, клиникалық фармакология бойынша резидентура немесе қайта даярлау бағдарламасын меңгерген және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар маман;
9) клиникалық хаттама - пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
10) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын тізбесі;
11) дәрілік препарат-дәрілік түр түріндегі дәрілік зат;
12) формулярлық жүйе - дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға бағытталған, дәрілік формулярлар үшін дәрілік заттарды мерзімдік бағалау және іріктеу, дәрілік формулярларды қолдау және тиісті нұсқау мен тізбе түрінде ақпарат беру жүйесі;
13) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды пайдалануын бағалау Кодекстің 25-бабына сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында медициналық ұйымдарды аккредиттеу шеңберінде жүргізілетін дәрілік заттарды ұтымдың пайдалануына ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

11 2 - тарау. Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу тәртібі

4. Денсаулық сақтау ұйымдары Кодекстің 264–бабына сәйкес дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын және дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын ішкі бағалауды (бұдан әрі - ішкі бағалау) жыл сайынғы негізде жүргізуді қамтамасыз етеді.
5. Ішкі бағалауды клиникалық фармакологтың қатысуымен денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жүргізеді. Клиникалық фармаколог денсаулық сақтау ұйымында болмаған жағдайда сырттан тартылады.
6. Құрылымдық бөлімше және клиникалық фармаколог денсаулық сақтау ұйымының медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі.
7. Денсаулық сақтау ұйымын ішкі бағалау Кодекстің 25-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін аккредиттеу стандарттарына сәйкес айқындалған индикаторларға, сондай-ақ Кодекстің 264-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленетін формулярлық жүйе қызметінің тәртібіне, Кодекстің 138-бабына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасында клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына және Кодекстің 7-бабының 47-тармағына сәйкес әзірленген денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі:
1) денсаулық сақтау ұйымында дәрілік заттар айналысынаң тәртібін сипаттайтын құжаттың болуы;
2) медициналық ұйымның Формулярлық комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
3) Формулярлық комиссия құрамында клиникалық фармакологтың болуы;
4) медициналық ұйымның Дәрілік формулярының сәйкестігі;
5) медицина персоналы үшін дәрілік формулярдың және медицина қызметкерлері мен пациенттер үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөніндегі қажетті ақпараттың қолжетімділігі;
6) медицина персоналының дәрілік заттар туралы тәуелсіз және дәйекті ақпаратқа қол жеткізуінің болуы;
7) медицина персоналын дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға оқытудың болуы;
8) пациенттердің дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі;
9) ағымдағы режимде пациент туралы деректерге (оның ішінде дәрі-дәрмектік тағайындауларға) қолжетімділікті қамтамасыз ететін медициналық ақпараттық жүйенің (МАЖ) болуы;
10) дәрі-дәрмектік қателерді жинау және мониторингтеу жүйесінің болуы;
11) жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
12) дәрілік заттарды енгізудің парентеральді жолдарына және жоғары қауіпті дәрі-дәрмектерді қолдануға пациенттердің хабардар етілген келісімін қамтамасыз ету;
13) дәрілік заттардың жағымсыз реакцияларын тіркеу;
14) денсаулық сақтау ұйымы медицина персоналының дәрілік заттарды ұтымды пайдалану туралы білімін бағалау;
15) клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттарды тағайындау үлесі;
16) инъекциялық дәрілік препараттарды тағайындаудың ұтымдылығы;
17) микробқа қарсы дәрілік препараттарды тағайындаудың ұтымдылығы;
18) дәрілік заттардың пайдалануына бағалау жүргізу (АВС (эй би си) және VEN (вен) талдаулар).
8. Ішкі бағалау жүргізу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың ұтымды пайдалануын ішкі бағалау бойынша есеп жасалады.
9. Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануын ішкі бағалау жөніндегі есеп денсаулық сақтау ұйымының формулярлық комиссиясының отырысында қаралады.
10. Денсаулық сақтау ұйымының формулярлық комиссиясының шешімі бойынша үш ай ішінде сәйкессіздіктерді жою және дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын одан әрі жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.
11. Ішкі бағалау шеңберінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін дәрілік заттарды ұтымды пайдалану жөнінде оқыту іс-шараларын жүргізу;
2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярындағы өзгерістер;
3) кейбір дәрілік заттарды пайдалануға шектеулер енгізу;
4) емдеуге жаңа тәсілдерді қайта қарау және енгізу;
5) медициналық жабдықты сатып алу;
6) жаңа зертханалық әдістерді енгізу;
7) штат кестесіндегі өзгерістер.
12. Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды пайдалануын сырттай бағалау Кодекстің 8-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленіп жатқан денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

1.1 Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануын ішкі бағалау жөніндегі есеп нысаны

Дәрілік заттардың
ұтымды пайдалануына бағалау
жүргізу қағидаларына
қосымша
Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануын ішкі бағалау жөніндегі есеп нысаны
Медициналық ұйым ____________ Кезең _______________

Ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы
Рас­тай­тын құ­жат­тар
Ба­ға­лау
(бал­дар)
Тү­зе­ту іс ша­ра­ла­ры
Жа­у­ап­ты­лар
Орын­дау мер­зім­де­рі
1
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да дә­рі­лік заттар ай­на­лы­сы­ның тәр­ті­бін си­паттай­тын құ­жат­тың бо­луы
Са­я­сат неме­се дә­рі­лік заттар­дың пай­да­ла­нуын бас­қа­ру­ды ре­гла­мент­тей­тін өзге де құ­жат (бұ­дан әрі-Са­я­сат)
Бас дә­рі­гер неме­се Ди­рек­тор
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
2
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның қыз­ме­ті
Фор­му­ляр­лық ко­мис­сия құ­ру ту­ра­лы бұй­рық;
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның ере­же­сі мен жұ­мыс жос­па­ры;
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның құ­ра­мы неме­се құ­ры­лы­мы ту­ра­лы бұй­рық
Фор­му­ляр­лық ко­мис­сия оты­ры­ста­ры­ның хат­та­ма­ла­ры (тоқ­са­ны­на 1 рет)
Бас дә­рі­гер неме­се Ди­рек­тор
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
3
Фор­му­ляр­лық ко­мис­сия құ­ра­мын­да кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог­тың бо­луы
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог ла­у­а­зы­мы­на та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық
Бас дә­рі­гер неме­се Ди­рек­тор
4
Дә­рі­лік фор­му­ляр
Ден­са­улық сақ­та­уды мем­ле­кет­тік бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­га­ны­мен неме­се уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген және ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен ағым­да­ғы жы­л­ға ар­нал­ған дә­рі­лік фор­му­ляр
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның дә­рі­лік фор­му­ляры­ның Қа­зақ­стан­дық ұлт­тық дә­рі­лік фор­му­ляр­ға сәй­кест­і­гі
Дә­рі­лік заттар­ды дә­рі­лік фор­му­ляр­да ха­лы­қа­ра­лық па­тент­тел­ме­ген ата­у­лар бой­ын­ша ауда­ру
Бас дә­рі­гер неме­се Ди­рек­тор
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
5
Ме­ди­ци­на пер­со­на­лы үшін дә­рі­лік фор­му­ляр­дың және ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі мен па­ци­ент­тер үшін дә­рі­лік заттар­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі қа­жет­ті ақ­па­рат­тың қол­же­тім­ді­лі­гі
Дә­рі­лік фор­му­ляр ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің жұ­мыс орын­да­рын­да қол­же­тім­ді
Дә­рі­лік қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша па­ци­ент­тер үшін ақ­па­рат қол­же­тім­ді жер­лер­де (ақ­па­рат­тық стен­ді­лер, ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның сай­ты) ор­на­ла­сты­ры­л­ған
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
Бө­лім мең­ге­ру­ші­ле­рі
6
Ме­ди­ци­на­лық пер­со­на­лы­ның дә­рі­лік заттар ту­ра­лы тәу­ел­сіз және дәй­ек­ті ақ­па­рат­қа қол жет­кі­зу­і­нің бо­луы
Ем­деу хат­та­ма­ла­ры
Қа­зақ­стан­дық ұлт­тық фор­му­ляр
Қа­зақ­стан­да тір­кел­ген ДЗ қол­да­ну нұс­қа­улық­та­ры
Бас дә­рі­гер неме­се Ди­рек­тор
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
7
Ме­ди­ци­на пер­со­на­лын дә­рі­лік заттар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну­ға оқы­ту
Ме­ди­ци­на пер­со­на­лын дә­рі­лік заттар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну мә­се­ле­ле­ріне оқы­ту жос­па­ры
Ме­ди­ци­на пер­со­на­лын дә­рі­лік заттар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну мә­се­ле­ле­ріне оқы­ту жө­нін­де­гі есеп
Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­ры­ның, кон­фе­рен­ци­я­лар­ға қа­ты­су­дың сер­ти­фи­кат­та­ры
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
8
Дә­рі-дәр­мек­пен қам­та­ма­сыз ету
ТМККК және МӘМС шең­бе­рін­де па­ци­ент­тер­ді ДЗ -мен қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша есеп­тер
Дә­рі­лік заттар­ды пай­да­ла­ну­ға ба­ға­лау жүр­гі­зу (АВС (эй би си) және VEN (вен) тал­да­у­лар)
Әр­бір пре­па­рат­қа са­ны мен со­ма­сын көр­се­те оты­рып, дә­рі­лік заттар­ға бе­кі­ті­л­ген қа­жет­ті­лік (өті­нім­дер)
Ти­іс­ті сақ­тау
Жа­рам­ды­лық мер­зі­мі өт­кен дә­рі­лік заттар
Бас дә­рі­гер неме­се Ди­рек­тор
Дә­рі­ха­на
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
9
Ағым­да­ғы ре­жим­де па­ци­ент ту­ра­лы де­ректер­ге (оның ішін­де дә­рі-дәр­мек­тік та­ғай­ын­да­у­лар­ға) қол­же­тім­ді­лік­ті қам­та­ма­сыз ете­тін ме­ди­ци­на­лық ақ­па­рат­тық жүй­е­нің (МАЖ) бо­луы
Ағым­да­ғы ре­жим­де па­ци­ент ту­ра­лы де­ректер­ге (оның ішін­де дә­рі-дәр­мек­тік та­ғай­ын­да­у­лар­ға) қол­же­тім­ді­лік­ті қам­та­ма­сыз ете­тін ме­ди­ци­на­лық ақ­па­рат­тық жүйе (МАЖ)
Бас дә­рі­гер неме­се Ди­рек­тор
10
Дә­рі-дәр­мек­тік қа­те­лер­ді жи­нау және мо­ни­то­ринг­теу жүй­е­сі
Ин­ци­дент тү­рі, оның ішін­де дә­рі-дәр­мек­тік қа­те­лік­тер
Дә­рі-дәр­мек­тік та­ғай­ын­да­у­лар­дың кли­ни­ка­лық-фар­ма­ко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­сы
Іш­кі аудит хат­та­ма­ла­ры неме­се Фор­му­ляр­лық ко­мис­сия оты­ры­ста­ры­ның хат­та­ма­ла­ры
Дә­рі-дәр­мек­тік қа­те­лер (СОР) анық­тал­ған жағ­дай­да­ғы іс-ша­ра­лар
Па­ци­ент­тер­ді қол­дау және іш­кі аудит қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
11
Жо­ға­ры қа­уіп­ті дә­рі-дәр­мек­тер
Жо­ға­ры қа­уіп­ті дә­рі-дәр­мек­тер­дің ті­зі­мін ай­қын­дай­тын СОР
Тәу­е­кел дә­ре­же­сі жо­ға­ры дә­рі-дәр­мек­тер­ді сақ­тау және таң­ба­лау қа­ғи­да­ла­ры (қы­зыл бел­гі)
Дә­рі­ха­на
12
Па­ци­ент­тер­дің дә­рі­лік заттар­ды ен­гі­зу­дің па­рен­те­раль­ді жол­да­ры­на және жо­ға­ры қа­уіп­ті дә­рі-дәр­мек­тер­ді қол­да­ну­ға ха­бар­дар еті­л­ген ке­лі­сі­мі
Па­ци­ент­тер­дің дә­рі­лік заттар­ды ен­гі­зу­дің па­рен­те­раль­ді жол­да­ры­на және жо­ға­ры қа­уіп­ті дә­рі-дәр­мек­тер­ді қол­да­ну­ға ха­бар­дар еті­л­ген ке­лі­сім ны­са­ны
Па­ци­ент­тер­ді қол­дау және іш­кі аудит қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы
13
Дә­рі­лік заттар­дың жа­ғым­сыз ре­ак­ци­я­ла­рын тір­кеу
Фар­ма­ко­ло­ги­я­лық қа­да­ға­ла­у­ға жа­у­ап­ты адам­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да дә­рі­лік заттар­дың жа­ғым­сыз ре­ак­ци­я­ла­рын тір­кеу тәр­ті­бін ре­гла­мент­тей­тін СОР
Фор­му­ляр­лық ко­мис­сия оты­ры­ста­ры­ның хат­та­ма­ла­ры
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
Бө­лім мең­ге­ру­ші­ле­рі
Дә­рі­ха­на
14
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы ме­ди­ци­на пер­со­на­лы­ның дә­рі­лік заттар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну ту­ра­лы бі­лі­мін ба­ға­лау
Бі­лім дең­гей­іне са­у­ал­на­ма жүр­гі­зу (олар­ды жүр­гіз­ген жағ­дай­да)
Са­у­ал­на­ма­лар, зерт­те­улер (олар­ды жүр­гіз­ген жағ­дай­да)
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
15
Кли­ни­ка­лық ти­ім­ді­лі­гі дәлел­ден­ген дә­рі­лік заттар­ды та­ғай­ын­дау үле­сі
Кли­ни­ка­лық-фар­ма­ко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма
Са­у­ал­на­ма­лар, зерт­те­улер (олар­ды жүр­гіз­ген жағ­дай­да)
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
16
Инъ­ек­ци­я­лық дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды та­ғай­ын­дау
Инъ­ек­ци­я­лық дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды та­ғай­ын­да­удың негіз­ді­лі­гін ба­ға­лау
Та­ғай­ын­да­у­лар­дың жал­пы са­ны­на инъ­ек­ци­я­лық дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды та­ғай­ын­дау пай­ы­зы
Са­у­ал­на­ма­лар, зерт­те­улер (олар­ды жүр­гіз­ген жағ­дай­да)
Ме­ди­ци­на пер­со­на­лы мен па­ци­ент­тер үшін оқы­ту іс-ша­ра­ла­ры
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның хат­та­ма­ла­ры
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
Бө­лім мең­ге­ру­ші­ле­рі
17
Ан­ти­био­тиктер­ді та­ғай­ын­дау
Ан­ти­био­тиктер­ді пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық
Мик­роб­қа қар­сы пре­па­рат­тар­ды та­ғай­ын­да­удың негіз­ді­лі­гін ба­ға­лау
Та­ғай­ын­да­у­лар­дың жал­пы са­ны­на мик­роб­қа қар­сы пре­па­рат­тар­ды та­ғай­ын­дау пай­ы­зы
Са­у­ал­на­ма­лар, зерт­те­улер (олар­ды жүр­гіз­ген жағ­дай­да)
Ме­ди­ци­на пер­со­на­лы мен па­ци­ент­тер үшін оқы­ту іс-ша­ра­ла­ры
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның хат­та­ма­ла­ры
Ан­ти­био­тиктер­ді пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі муль­ти­п­ән­дік
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы
Кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог
Эпи­де­мио­лог
Бө­лім мең­ге­ру­ші­ле­рі
Дә­рі­ха­на
18
Дә­рі­лік заттар­ды пай­да­ла­нуы­на ба­ға­лау жүр­гі­зу (АВС (эй би си) және VEN (вен) тал­да­у­лар)
Дә­рі­лік заттар­дың пай­да­ла­нуы­на жүр­гі­зі­л­ген ба­ға­лау нәти­же­ле­рі (АВС (эй би си) және VEN (вен) тал­да­у­лар)
Фор­му­ляр­лық ко­мис­си­я­ның тө­ра­ға­сы, кли­ни­ка­лық фар­ма­ко­лог, дә­рі­ха­на мең­ге­ру­ші­сі
ЖИЫ­НЫ
Балл са­ны:
Сәй­кест­ік пай­ы­зы:
Ескертпе: 0 балл – болмауы немесе толық сәйкес келмеуі, 5 балл – ішінара сәйкестігі, 10 балл – толық сәйкестігі. Нәтижелерді сапалы бағалау бағалау баламаларының шәкілі бойынша жүргізіледі, бұл ретте ең жоғары балл саны 100% – ға теңестіріледі: 90-100%– «өте жақсы»; 75-89%– «жақсы»; 50-74%– «қанағаттанарлық»; <50% - «қанағаттанарлықсыз».
Қорытынды:
Комиссия:

1 1. Формулярлық комиссияның төрағасы

2 2. клиникалық фармаколог

3 3. пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің басшысы

4 4. бас мейіргер

5 5. дәріхана меңгерушісі

Қолданыстағы