Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 59 · қабылданған 21.01.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-152600/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған 30.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы № 59 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
21.01.2021
Көрсетілген редакция
30.12.2022 152600_695063.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VF008381
ЭКБ идентификаторы
152600
Редакция идентификаторы
152600_695063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектерге жұмыс орындарын белгілеу ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгіленсін:

1) 50 (елуден) 100 (жүз) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 (екі) пайыз мөлшерін;

2) 101 (жүз бір) адамнан 250 (екі жүз елу) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 (үш) пайыз мөлшерін;

3) 251 (екі жүз елу бір) адамнан астам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 (төрт) пайыз мөлшерін құрайды.

2. «Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Аягөз ауданының әкімінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы № 591 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-177 тіркелген, 2018 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының және Аягөз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 470 «Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы № 591 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6261 тіркелген, 2019 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінң орынбасары М. Мырзыкешовке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.